2.2 Кенесары Қасымұлының әскери жорықтарды ұйымдастырудағы қабілеті мен әдіскерлігі.
Ал, қозғалыстың бүкіл халықтылығы, кең қанат жаюы, айқын, көрінген саяси сипаты, әрине, Кенесары бастаған көтерілістің өзіне тән ерекшелігі деп білеміз.
Сонымен қатар, көтеріліске ең ірі ақсүйек өкілдерінің қатысуы, бір жағынан, өз мүдделеріне деген ұмтылыс, соны пайдалану,өз артықшылығын көрсету болса,екінші жағынан, қазақтарың көшпенді дебес мемлекетінін негізін салу еді. Мысалы, көтеріліске қатысқандардың ішінен біз, Шыңғыс ұрпақтарына жататын Көкшетау өңірінен сұлтандар: Шеген Қанқожа Уәлиұлы, Тани Тортайұлы, Айғаным ханымды; Ақмола округінен: Күшік, Жадай, Жанай, Айшуақ ұлдарын кездестіреміз. Патша үкіметінің сот-жазалау мекемелерінің мәліеттеріне қарағанда, көтеріліске 80-нен астам сұлтан, би, старшындар қатысқан (Әрине, оларың көпшілігі ұлт-азаттық үеске прогресстік көзқараспен, болашақ тәуелсіз елдің үмітімен қараған деп білеміз).
Көтерілістің бірыңғай қарсы жаққа тойтарыс беретін күшінің ұйымдастырылуы қалай еді деген заңды сауал туатыны белгілі. Әрине, белгілі қолбасшылар басқарған бірнеше жауынгерлердің тобы болғандығы біздерге тарихтан мәлім. Негізінен Кенесары әскері арнайы дайындаған жасақтардан құралды. Сан жағынан кейде 20 мыңға жетіп отырған көтерілсшілер сол кездегі негізгі қарқынды күш болып танылады. Жасақтар жүздіктерге, мыңдықтарға бөлінді.
Кенесары әскери жасақтарының ішінде қазақтың барлық Үш жүзінен есімдері бүкіл қазақ жұртына әйгілі, неғұрлым беделді деген батырларының болғаны да біздерге тарихтан мәлім:
Табын руынан Жоламан Тіленшиев батыр (Кіші жүз, Сыр бойы),
Арғын руынан Жеке батыр (Орта жүз),
Дулат руынан Жәуке, Сұраншы Байсейіт батырлар (Ұлы жүз),
Шұбыртпалы руынан Ағыбай батыр (Орта жүз- Қарқаралы),
Қыпшақ руынан Торғай батыр (Орта жүз),
Иман Дулатов (Амангелді батырдың атасы),
Сүйіндік руынан Жанайдар батыр (Орта жүз-Баянауыл),
Қыпшақ руынан Басығара батыр (Орта жүз-Көкшетау),
Атығай руынан Аңғал батыр (Орта жүз-Ақмола),
Бетауыл руынан Баубек батыр (Орта жүз-Ақмола)
тағы да басқа көптеген хан Кененің серіктерімен тарихта белгісіз қалған жауынгер-батырлары болған. Олардың батырлық бейнесі мен көтіріліс барысында көрсеткен жауынгерлік жолдары туралы тарихта аз, айтылмаған. Көптеген тарихи жырлар мен аңыз-әңгімелердің жазылуына арқау болған. Осы күнге дейін шет ел архиві мен отандық архив қорларынан белгісіз болып келген деректерді зерттеп іздестіруге болады.
Кенесары әскерлері табиғи бекіністерді шебер пайдалана білді (қамыс, бұта, төбе т. б.). Патша отрядтары бәрінен де қазақтардың тұтқиылдан шабуылдауынан қорықты. Батыс Сібір генерал-губернаторы Горчаков Ақтау қамалына жақын Тіленші-Шет бекетіне Кенесарының шабуыл жасауына байланысты штаб бастығы генерал-майор Фондерсонға былай деп жазды. «Егер қамыстар мен бұта арасы және басқа да таса жерлер алдын ала толық тексерілгенде, олардың төтеннен шабуылы болмауы да мүмкін еді»/1.303/.
Жеке қамалдар мен бекіністерге шабуыл жасаған кезінде Кенесары жасағы шашыранды қатармен алға ұмтылып, артынша бәрі қосылып, қамалды жан-жағынан қоршаған. Бұл әдіс, әдетте, дұшпанды әбіржітіп, оның күштерін шашыратуға мәжбүр ететін еді. Мұндай тактиканы Кенесары 1838 жылы Ақмола приказы мен Ақтау қамалына шабуыл жасаған кезде-ақ кеңінен қолданған болатын. Осындай шайқастардың бесін Ақтау қамалының коменданты капитан Кастрюрин суреттеген еді. «Өткен маусым айының 22 күні сағат жетілерде бүлікші сұлтан Кенесары Қасымов бастаған 2 мыңға жуық қазақ бекініске шабуыл жасады және олар шашырай шабуылдап, сағат ширегіндей уақыт өткенде, бекіністі қоршады».
Кеңес Үкіметі орнағаннан кейінгі советтік тарихнамада Кенесарының жеке басына деген көз қарас бұрмаланып, оны “сұрқия қарақшы”, “зұлым бүлікші” және басқа да коммунистік өктем идеологияның жүйесінен туған лайықсыз ұғымдармен бағалағандығының себептерін түсіну қиын емес. Бұл арада әдетте Кремльдік орталықта дайындалған “терезесі тең одақтық республикалар” үшін міндетті нұсқаулары мен коммунистік партияның қарарларының қоғамдық сананы догматикалық сипатта қалыптастыруда қандай жетекші орын алғанын еске түсірудің өзі біраз мәселені аңғартады.
Таптық принципке негізделген сол нұсқауларда орыс мемлекетінің, Ресей отар империясының князьдері мен патшаларын дәріптеу – мемлекеттік саясат дәрежесінде іске асырылса, бұрынғы “бұратаналық” аймақтардағы халықтардың ұлттық батырларын, дарынды қайраткеріне дұрыс баға беру жаттанды “Ұлтшылдық” деген ұғыммен тең болғаны көпшілікке мәлім. Батыстың көрнекті тарихшысы А.Авторхановтың “…үлкен ағамызға берілген кеңшілік (князьдер Игорь мен Александр Невскийді, Дмитрий Донскойды, қолбасшылар Суворовты, Кутузовты, Нахимовты) жасы кіші бауырына рұқсат етілмеген (Түркістандықтарға Темірді, Бабырды, Кенесарыны, кавказдықтарға Шейх Мансурды, Имам Шәмілді, украйндарға Мазепа мен Грушевскийді, Балтық бойындағыларға өздерінің ұлттық батырларын мақтаныш етуге тиым салынды). Ал Түркістан мен Кавказды қан төгумен жаулап алған патша генералдарына олар бостандығынан айырған халықтар жерінде ескерткіштер тұр” /2.125/ – дегені бізде Абылайды, Жоламан, Көтібар, Сырым батырларды мақтан ете алмағанымыз түсінікті. Әсіресе көңіл аударатын жеке басын сипаттауда қара күйеден арыла алмаған хан, дипломат, саясатшы, сонымен қатар даңқы аспанға асқан батыр Кенесарының бейнесі. Иә, ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңдерде де Жамбыл ақын Кенесарының жеке басына тән өнегелі қасиеттерді жырлағаны барша жұртқа мәлім. Алайда соғыстан кейінгі жағдай қазір түбірімен өзгерді.
Кенесарының қолбасшылық өнері туралы сипаттамаларды орыс тарихшылырының зерттеуінен де байқаймыз. Орынбор әскери училищесінің тыңдаушыларының алдында оқылған арнайы лекциясында В.Потто көтерілістің көсемін “жеңімпаз хан, қырғыздың Шәмілі” деп баға берген. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Ресейде болған ұлт-азаттық қозғалыстардың ішінен Имам Шәміл мен Кенесары бастаған көтерілістің ерекше дараланып тұратынын еске алсақ, бұл бағаның орынды екенін пайымдаймыз. Далалық аудандарда Ресейдің үстемдік орнаған кезін еске алғанда барлық басты оқиғалар қазақ халқының мүддесін мейлінше өзіне сіңірген “бір ғана жан” Кенесарының маңайына топтасатындығын Л.Мейер де мойындаған.
Кенесарыны Сырым батырмен немесе сұлтан Арынғазымен салыстыруға келмейді. “Бұл айлалы, беделді өте ұнататын адам – белгілі тонаушы” деп те жағымсыз бағасын береді сол Л.Мейер. Автор Кенесарыны сирек кездесетін ер жүрек қайраткер болғандығын ашып көрсете келе, адамдарды маңайына топтастыруда “ұлы қасиеті” бар екенін де мойындайды/30.15/. Бұл жағынан қарағанда, әсіресе Л.Мейердің Кенесарыны Сырым батырмен теңестіре бағалауы американ тарихшысы Марта Брилл Олкоттың шығармасындағы талдауға жақын. Кенесары патшаға және оның губернаторларына жолдаған хаттарында өзінің күресін атасы Абылайдың ісінің тікелей жалғасы, яғни XVIII ғасырдың екінші жартысындағы біріккен, дербес қазақ мемлекетін қалпына келтіру екендігін сан рет, тіпті Петербург елшілерін қабылдағанда да ашық білдірген. Осыдан белгілі Кенесарыны ұлы Абылаймен салыстыруымыз да түсінікті. “Ақылы жағынан атасынан төмендеу тұрса де, мінезі және қимылының адуындылығы жағынан әкесі Қасымнан және Абылайдан алшақ тұрады, аз ғана уақытта Кенесары бүтін Сібір даласына белгілі болды”, бір жағынан, азаттық күрестің себебін ашып көрсетсе, екінші жағынан, жаңа саяси ахуалда тарихи сахнаға көтерілген ханның өзіне тән тамаша қасиеттерінің отандастарын төңірегіне жинауда белгілі роль атқарғандығын аңғартады /6.58/.
Көптеген шайқастарда көтерілісшілердің жеңісін ұйымдастыруда басты себеп, ханның жолынан қайтпайтын, ойлағанын іске асыруда мақсатынан таймайтын қайсар қасиеті, жауларына қарсы күресте қатыгездік көрсетсе де Кенесары әмбе қолбасшы, әмбе ұйымдастырушы ретінде өзінің табандылығымен көптеген ұрыстардың куәсі болған патша генералдарын да таңқалдырған. Қызу қимылымен, табандылығымен, кекшілдігімен, қатыгездігімен де басқалардан дараланып көрінген Кенесары қысқа мерзімде өзінің маңайына қалың бұқараның басын біріктірді. Ресейдің өктемдігіне қарсы Кенесарының жеке қасиеттерін мойындасақ та, “бүлікші” ретінде ханның күресін айыптаған патша сатраптарының қазақты ұнатуы мүмкін бе еді? Ол, — Орта жүзде хандық билікті қалпына келтіруді аңсады, осы мақсатына жету үшін, қырғыз даласында бекіністер тұрғызуға қарсы шығып, Ресейдің ашық жауы болды.
Кенесарының жеке басы туралы шынайы мәлімет пен әділ бағалауды әсіресе Н.А.Середаның еңбегінен көреміз. Жауларын кешірмейтін табанды, жасынан қиыншылыққа мойымауға дағдыланған шыдамдылығы “түйеге тең” деп бір жазып кетсе, екінші бір ойында кедергілерге ешқандай шайлықпай, өз мақсатына жетуде кейін шегінуді білмеуші еді деп те қорытындылайды.
Ұзақ жылдар бойы жақсы қаруланған патша әскерлерімен табан тіресе алысқан Кенесарының бір қасиеті – қиыншылықтарға төзімділігі. Үш жүздің кең даласының ой-шұңқырын алақанындағы қыртыстарындай білген, туған өлкесінің географиялық жағдайын көтеріліс кезінде мейлінше пайдалана білген Кенесарының жауынгерлерінің рухы, жеке басының табандылығы да халық жырларындағы теңеулерге сай. Оның сарбаздарының рухының беріктігіне кез келген Европа әскерінің қолбасшысы таңқалуы мүмкін. Жасынан даланың өміріне үйреншікті болған қазақтар әрбір тастың, ағаштың, төбенің аттарын жатқа білетін, ондаған шақырым қашықтыққа созылған тау-тас арасынан таспадай иректеліп өтетін, әзер көзге ілінетін соқпақтар қазақтар үшін дайын, көз алдындағы бадырайған географиялық картадай көрінетін.
Ал кейбір сәтте әр жерде орналасқан, көшкен қонысы бір-бірінен алшақ жүздеген шақырым жерге қазақтар тойға немесе өлген адамның асына құрмет көрсету үшін қиналмай-ақ баратынын еске алсақ, көтеріліс жылдарында туған жердің кеңдігін Кенесары мен оның батырларының, жасақтарының сан өлім тырнағынан құтылуда себепші болғанын ұмытпаған жөн. Осы жағдайларды есінен шығармаған хан Кенесары патшаның жазалау топтарымен айқастарды бұндай ахуалды ескергендігі оның көрген қолбасшы екенін танытты. Иә, бұл ғажайып тұлға еді, басқа бір жағдай да тәрбиеленсе Кенесарының керемет мемлекет қайраткері болатыны сөссіз.
Кенесары Қасымұлы, әрине, өз заманының ең белгілі саяси қайраткерін, оның сезімтал саясатшыл тұлға болғандығын жоғарғы тарауда да айтып өттік. Аңғаратын бір жай-қазақ ханының көптеген қасиеттерінің, әсірісе саясатшылдығы мен қолбасшылық дарының тәуелсіздік жолындағы ауыр күресте мейлінше шыңдалғаны. Бірде айлакер дипломат, бірде көрші мемлектермен тіл де табысқан, күш те керсетуден тайынбаған саясатшы, әсіресе, оның қолбасшылық дарыны басқа да табиғи, кейіннен өмір шындығына шыңдалған қолбасшылық өнері мейлінше айшықтанып тұрған сияқты.
Көрнекті жазушы I. Есенберлиннің де тарихи түлғаның қолбасшылық өнерін көркем тілмен өрнектеуіне қарағанда әскер ісін басқаруда, осыған сай реформаны жүзеге асырған Кенесары өз заманының белгілі қолбасшыларының бірі екеніне ешқандай күмән жоқ. Тегеурінді шабуылымен жауына бас салғанда, дала өңірінде ештеңе қалдырмайтын қүдіретті құйындай Кенесарының соғыс қимылдарының мол болғандығы мен толық келісуге болар.
Оңтүстік Қазақстаңды, өзбек хандықтарын жаулап алуда, Кенесарының балаларымен күресте қаталдығымен көзге түскен генерал И. М. Черняев 1889 жылы Е. Смирновтың өңдеуімен жарық көрген «Кенесары және Садық сүлтандар» деген сын мақаласында хан Кенесарының не қолбасшылығын, не басқа да ол кезде кең танылған қасиеттерін көрмеген білмеген болып, Ахмет сұлтанның кітабын «өзінің туыстарын мадақтауға тырысушылық деп» кітаппен, оның басты кейіпкері Кенесары туралы ләм демейді. Керісінше, осы кітап туралы жарық көрген екінші сын мақалада, орыс әскерлері қазақ даласына төне бастағанда «қырғыздар» арасында даңқымен аты жайылған батыр, сүлтан Кенесары Касымов қарсы шыққан еді,— деген жалпы қорытындыны түйіндей келе, «Кенесары ірі жеңістерге қолы жетпесе де, күтпеген жерден шабуыл жасап, өзін қуғындаушылардан жасырынып үлгеруші еді дейді.
Белгілі әскербасы Кенесары Ресей сияқты ірі елмен көп жылға созылған күреске бас бола отырып, өзінің туы астына жиналған қолды, заман талабына сай жағдайга бейімдеуде қажымай еңбектенді. Не Сырым Датұлы, не Исатай Тайманұлы, не Қаратай Нұралыұлының, басқа да XVIII ғасырдын, соңғы ширегінде — XIX ғасырдың бірінші жартысындағы көтерілістерде қазақ жауынгерлерінің зеңбіректі пайдаланбағандығы белгілі. Бұл жағдай саны аз ғана патша әскерлерінің жеңіске жетіп отыруына басты себептердің бірі болғаны рас. Әскерінің қатарына Ресейден қашқан солдаттарды, басқа, бұрын байырғы орыс қарулы күш қатарында болған қару-жарақ, әскери өнермен танымал ұсталарды тарту сарбаздардың соғысу қабілетін арттырды. Хиуадан, Бұхарадан жеткізілген зеңбіректер Кенесарының «артиллериясының» негізі болды, патша әскерлерімен, Қокан бектерімен күресте демеу болды, кейін Алатау қырғыздарымен алысқанда да Кененің зеңбіректері қүдіретті күшін байқатты.
Әскерді бұрынғы соғыс жүргізудің азиялық тәсілімен жүздерге, мыңдарға бөлу, сарбаздардың басына ержүректілігімен, азаттық күрес ісіне берілгендігімен көзге түскен батырларды тағайындау, олардың жан аямай күресі — Кенесарының қолбасшылық, ұйымдастырушылық қасиетінің шыңдалғандығының бір көрішсі.
Кенесарының туының астында топтасқан қарулы серіктерінің арасында, азаттық соғыстың мүддесіне аяғына дейін берілген, қанды шайқастарда ерлігімен көзге түскен үш жүздің де батырлары болды. Солардың қатарында Ағыбай, Аңғал, Байсейіт, Туғанас, Тобылды, Таймас, Жеке, Бұхарбай, Бұғыбай, Жоламан, Жауке, Сұраншы, Иман, Құрман, Төлебай, Наурызбай т. б.
Хан Кене өзінің киімін де әскери қолбасшыларға сай таңдайтын — жалтыраған эполеттері бар барқыттан тігілген шекпен киген Кенесарының артында ту ұстаған жауынгер тұратын. Ұзын найзаларын ұстаған сардарларының ортасында Кенесары өзінің серіктерінен алға қарай оқшауланып қаһарлы бейнесімен көз тартатын. 1844 жылдың тамыз айында Екатеринская станицасына көтерілісшілер шабуыл жасаған кездегі Кенесарының жеке сырт көрінісі төмендегідей: дүрбімен қарағанда ақбозатқа мінген көтеріліс басшысын көрдік. Алтын жіппен көмкерілген, орыстың полковник шеніндегі эполеттерін таққан Кенесарының басында офицердің бас киімі, иығынан қайтара күміс шарф ораған.
Төрт ай Кенесарының тұтқынында болған барон Услардың ханның сырт пішініне берген сипаттамасы кейіннен оның портретін жасауға басты дерек болды. «Бойы сонша сұңғақ та емес Кенесары арықша келген, бет пішіні қалмаққа ұқсайды, оның тегін байқатады. Сөйтсе де Кенесарының қиғаш көздері ақылдылықты көрсетеді. Бұлай қарағанда тіпті қатыгездіктің еш нышаны көрінбейді.»/6.63/.
Совет дәуірінде жарық көрген көпшілік зерттеулерде хан Кенесарының «қанды балақ қайраткер, аяуды білмейтін озбыр» деп жеккөрінішті бағалағаны белгілі. Көтеріліс жылдарында ханның қабылдауында болған судагерлер мен дипломаттар, тағы да тағдырдың талқысымен аты шулы қолбасшымен тілдескен жандар бірауыздан оның ілтипаттылығын, қонақжайлылығына көңіл аударады. Осындай қолбасшының бір аптадай қонағы болған приказщик Порфирии Глебович Уфимцевтың жазбасында ханның жеке басы мен тұрған жайы жөнінде тартымды мәліметтер келтірілген. Көтеріліс қамтыған өлкеден тауар алып өткені үшін ханның қазынасына баж салығын өткізуге мәжбүр болған керуенбасылар Кенесарының ауылын айналып өтуге батылдары бармайтын. Қазақ даласын арлы-берлі шарлап жүрген, ханның қонағы болған көпестердің айтуынша, егер Кенесары қабылдауында кімге қолын берсе, оның пиғылының ерекше жұмсарғанының белгісі екен. «Ханның киіз үйі, шындығында патшаның түратын жайындай бай көмкерілген: қайда кез жүгіртсең қымбат кілемдер, қабырғада алтын жіппен тігілген шәлілер. Кенесары жан-тайып отырған жастық та алтын жіппен өрнектелгені көз нүрын алады. Киген киім, жібек, алтын жіптермен безендірілген. Үйдің табалдырығынан аттап, үш мәртебе жерге дейін иілдім. Кенесарының киімін сүюге ишарат білдіріп едім, ол қолын көтеріп, басыма ернін тигізді. Одан соң отырғызып, әр жайды сұрастырды». Төрт ай Кенесарымен бірге көшіп жүруге мәжбүр болған барон Услардың жазбаларында, басқа да бірқатар деректерде қазақ ханының тұрғын жайы туралы мардымды ештеңе айтылмаған. Ханның қонақ-жайлылығы белгілі болса да оны сипаттайтын мәліметтер де сирек кездеседі. Өзінің жазбаларын қорытындылай келе Уфимцев бір апта бойы Кенесарының ауылында қонақта болып ешбір жәбірлеусіз керуенімен аман-есен қайтқанын зор қанағаттанғандықпен сипаттайды./2,145/.
Кенесарының ұлылық қасиеттері, қолбасшылық даңқы бүтін қазақ даласына сол көтеріліс жылдарында да кең таралып кетті. Ақын-жыраулар ханның ел үшін арпалысқан күресін бүтін қазақ даласына ән-жырмен жайды. А. Янушкевич Жетісуда болған кездегі мынандай жайды кітабында әңгімелейді. Бір кешкі думанда ақындық суырып- салма өнерімен жиналған жұртты таңқалдырған жас қызға, Кенесары туралы жырлап берсеңіз деп жалынады. «Мен ол жөнінде бірде бір ән шығарғаным жоқ. Алайда кешкі думанға қатысып отырған қырғыз таршындары біздің реңімізді аңдып орыстар жөнінде артық кетпе дегендей ишарат бідірді. Түнде Қожамсүгірдің музыкасымен әндер шалқыды. Кенесары, Кенесары — Саржан» деген саяси мәні бар үндер де еміс-еміс естіледі»— дейді Янушкевич ойын түйіндей келе.
Қолбасшы ретінде Кенесары Қасымүлы 10 жылдық күресінің барысында патша үкіметінің жақсы жасақталған, қаруланған, европалық елдермен соғыстарда мол тәжірибе жинаған әскерлеріне қарсы арпалыста шыңдалды, қазақ сарбаздарының күрес әдістерін жетілдіруде зор үлес қосты. Үш жүздің әр аудаңдарында шоғырланган Кенесары ең алдымен патша әскерлерінің қателіктерін әрдайым шебер пайдаланды. Мылтық жетіспеген, зеңбіректері тым аз Кенесарының сардарлары күтпеген жерден шабуыл жасау тактикасын жиі қолдаатын. Негізінде найза, садақпен қаруланған Кенесары сарбаздарына өкірейіп, менсінбей қараған жазалаушылар тобы сан рет көтерілісшілердің қоршауында қалғаны белгілі. В. Потто тек Кенесары ғана емес, Есет Көтібаров бастаған қозғалыс кезінде де патша әскерлерінің өркөкіректігі көтерілісшілердің кейбір жетістіктеріне себепші болғандығына көңіл аударған./14.45/.
Әрине, көшпенді өмірдің ауыр жағдайы да қазақ сарбаздарынан жасынан сыннан өтуіне жағдай жасайтынын да ұмытпасақ. Азғана сүрленген ет, бір дорба құрт, тары, атына шамалылап сұлы ғана алатын қазақ жауынгерлері бірнеше күн бойы тойып тамақтанбай, күніне ондаған шақырьм жерді жүріп өтетін. Тиіп-қашты әдісімен қимылдаған ауыл жауынгерлері, жоғарыда ескертіп кеткендей, туған жердің қыртысын жетік біліп, жазалаушы топтарды адастырып, қуғындаудан құтылып кетіп отырды. Мысалы, 1840 жылы шілде айының 6-ында Сібір корпусының командирі генерал-лейтенант Горчаковтың соғыс министріне жолдаған хатында Қарқаралы приказына шыққан жүзбасы Ребриковтың әскери тобы Балқаш көлінің солтүстік өңірінде Құр-Бақанас маңайында көтеріліске қатысы бар тобықты болысының қазақтарын, көшіп-қонып жүрген өңірінен таба алмай қалғанын өкіне хабарлаған. Әскерінің саны 20000-ға дейін жеткен Кенесары өзіне қарсы қазақ феодалдарымен шайқастарда мейлінше көбірек сарбаз шығарса, зеңбіректері бар жазалаушы топтармен күресте жеке-жеке топтармен жауын мазалап қалың қолын ұрысқа бірден кіргізбей, аңдап қимылдады. Қазақ халқының тарихы жөнінде көптеген еңбектердің авторы, полковник И. Венюков қазақтар, буруттар (қырғыздар), түрікмендер шайқас кезінде шашырап қимылдайды, ұрыс болып жатқан жерде «ержүректілері алдында, қорқақтары — артында тұрады» деп жазған.» Алайда,—деп жалғастырады И. М. Венюков,—қазақтармен қырғыздар ұрыс даласына барлық күштерін салмайды. Өздеріне жағдай қолайсыз қалыптасса, олар түкпірлі далалық өңірге шегініп кетеді». 40-шы жылдардағы Кенесары Қасымұлының жазалаушы әскермен соғысы осындай айлаға негізделген. «Біздің әскерлеріміз жан-жақтан қысымға алып», құр далаға қуып тықса да, өзінің қоршаудан құтылатынына сенімі мол Кенесары шегінуге әрдайым жол табатын/6.65/.
Кенесарының туы астындағы қазақтардың әскери тактикасының ерекшеліктеріне барон Услар да назар аударады. «Алдымызда жан-жаққа шашырай шауьш келе жатқан қырғыздардың тобын көзіміз шалды. Айғай, қаһарлы үн құлақты жаратын. Мылтықтың оғы жететін қашықтыққа жеткенде тоқтай қалып, Абылай-Кенесары деп өңештерін жырта айқайлады». «Кенесарының бізді шабуылдаған мақсаты кейін бүлікшілерді қуғындауға мүмкіңдік бермеу үшін, аттарымызды қолға түсіру мақсаты екендігі байқалды. Оң қанаттан бір зеңбіректі оқ жаудыруға дайындадық. Осыны көрген қырғыздар бір жерге шоғырланып, шегінуге ыңғайланды. Картечьтің қырғыздар арасында жарылғандағы шошындыратын әсерін көрсеңіз…»— деп жазады сол Услар./2.289/.
Азиялық халықтардың әскери өнерінде ғасырлар бойы сақталынған күштің саны мен қолбасшының тапқырлығына, тәртіпке негізделген соғысу тактикасы қару-жарақтың сапасының артуымен бірқатар өзгерді. Зеңбіректердің гүрсілдеген дауысы, найзағай отындай шашыраған оты бұрын суық қарумен соғысқа машықтанган атты қазақтарға қиын соқты. Негізінде хан Кенесарының дарынды қолбасшылық қасиеті, орыс әскерлерінің ашық үрыстағы соғысу әдісімен таныстығы, қазақ жасақтарының күшін ептілікпен пайдалануы азаттық күрестің тегеурінді болуына әсерін тигізгені анық. «Қырғыздар, сөз жоқ, ержүрек халық. Қалмақтармен және де басқа жауларымен ашық күресте сан жеңістерге жеткен. Әрине, біздің әскерімізге қарсы тұра алмайды. Олардың тегеуріні қайратты айғай-шумен дүрсе қоя бергенде, үрейленесің. Алайда мылтықтарымен төрт бұрыштанып бірыңғай тізіле қалған байырғы әскерді көргенде, олар кейін шегініп, жөңкіледі» . Завалишиннің осы сипаттамасы әртүрлі сөздермен берілсе де, жалпы мазмүны көптеген авторлардың еңбектерінде қайталанған.
Қолбасшы ретінде Кенесары Қасымұлы он жылдық күресінің барысында патша үкіметінің жақсы жасақталған, қаруланған, европалық елдермен соғыстарда мол тәжірибе жинаған әскерлеріне қарсы арпаласта шыңдалды, қазақ сарбаздарының күрес әдістерін жетілдіруге зор үлес қосты. Үш жүздің әр аудандарында шоғырланған Кенесары ең алдымен патша әскерлерімен қателіктерінің әр дайым шебер пайдаланды. Мылтық жетіспеген, зеңбіректері тым аз Кенесарының сардарлары күтпеген жерден шабуыл жасау тактикасын жиі қолданды. Негізінде найза, садақпен қаруланған Кенесары сарбаздарына өкірейіп, менсінбей қараған жазалаушылар тобы сан рет көтерілісшілердің қоршауына қалғанына белгілі.
Әскерінің саны 20 мыңға диін жеткен Кенесары өзіне қарсы қазақ феодаодарымен шайқастарда мейлінше көбірек сарбаз шығарса, зеңбіректері бар жазалаушы топтармен күресте жеке-жеке топтармен жауын мазалап қалың қолын ұрысқа бірден кіргізбей, аңдап қимылдады. Кенесарының қолбасшылық қасиеті, соңынан егер халықтың басын біріктіріп, күреске баулудағы нәтижелері орыс әскерімен ұзақ жылдарға күресте мейлінше айұын көрінді.
Кенесары Қасымұлының қазақтарды азат ету жолында тек Ресей империясымен ғана емес Қоқон хандығымен де күресті. 1841 жылы ақпан айында Кенесары Қоқан хандығына шабуыл жасады. Патша үкіметінің қарсылығын уақытша болса да бәсеңдету үшін Перовскийге хатында Кенесары Қоқан бекіністеріне жоғарығының себебі азапқа түскен қазақ руларын Қоқан билігінен бастап «патшаға қызмет ету» деп сендіруге тырысқан «Бізге жеткен мәліметтерге қарағанда, қоқандықтар сауда керуенін қазақтар тонады деп жала жапқысы келді. Бұл іске еш қатысымыз жоқ.Өзіміздің руларымызды босатып алдық. Ал керуеннің бір тиынына қол сұқпадық»,/5.211/-деп жазды Кенесары сол хатында.
1843 жылы Кенесарының Қоқан бекінісі, Ақмешітке, Созақ және басқа қоныстарына шабуылдары Кенесарының Сыр бойындағы қазақтарға бостандық алып беру саясатымен байланысты. Алайда, діні бір, тарихи тағдыры ортақтас жері жақын Қоқан мен қазақ ханы жақындасып кетеді деген қауіптен арыла алмаған Перовскийдің өзі Кенесарыға күдіктене қарады. Сібір әскери корпусының командирінің 1840 жылы наурыз айының 14-індегі хатында «Ташкент құсбегі Кенесарыға септік жасауда қолын тартқан жоқ» деп Қоқан хандығына кудіктенуінің қосалқы бір негізі бар сияқты.
Орта Азия хандықтары арасындағы қайшылықтарды Кенесары қазақ мемлекеттілігін мүддесіне сай шебер пайдаланады. Дербес мемлекеттің қайракері ретінде Бұқара мен Хиуа хандықтарына жиілетіп өкілдерін жіберу арқылы сол елдердің қазақ хандығының азат күресі туралы бағыттарын айқындап отырды. Қоқанға қарсы күресте Кенесары Бұқара әміршісі мен одақ жасады. Созақ бекінісін қоршауда көтерілісшілермен қатар Бұқара әскери күштері де қатысқан.
Кенесары айлакерлігімен Ресей ықпалындағы сұлтандарды да өз ығына көндіргенін жоғарыда айтып өттік. Абылайдың ұлдарының бірі -Әбділда сұлтан алғашында патша үкіметіне бас иген белгілі шонжарлардың бірі болды. Бірде мынандай оқиға болған. Полковник Қоңырқұлжа Құдаймендин ат тұяғын біріктірген Әбділда өзінің тобымен Кенесары сарбаздарының қоршауында қалды. Үкіметке өзін ұстап бермек болған Әбділданы Кенесары жазаламайды, арнайы үй тіктіріп екі күн қонақ етіп жібереді.Осыдан кейін Әбділда сұлтан көтерілісшілер жағына ойысты.
Сыр бойында патша үкіметіне қарсы күресте ерекше орын алған батыр Жанқожа Нұрмұхамедовтың Кенесары көтерілісі туралы көз-арасын анықтау қиын. 1846 жылы патша үкіметінің сыйлық ретінде кафтан, 1847 жылы 200 сом күміс ақшамен жалақы тағайындалған, 1848 жылы есаул әскери шеніне ие болған/6.43/, батыр Жанқожаның халық есінде тамаша естеліктерімен бірге солқылдақтық саясаты да Кенесары көтерілісінде көрініп-ақ қалды.
Кенесары армиясында әскери-далалық және агентуралық барлау біршама жақсы жолға қойылған. Ол сенімді адамдардан арнайы түрде барлаушылар тағайындаған. Олар дұшпан туралы қажетті мәліметтер жеткізіп отырған. Көп жағдайда барлаушылар жау тылында қимыл жасады. Ал кейде жау әскерлерінің арасына кіре алған. 1843 жылы Орынбор және Сібір әскерлерінің біріккен жорығы кезінде полковник Бизанов басқарған Орал қазақ отрядының құрамында барлаушы Төлебай болды. әскер саны, қару-жарағы және отряд бағдарлары туралы қажетті мәліметтерді жинап, Төлебай осының бәрін дер кезінде Кенесарыға жеткізіп отырды. Бұл Кенесарының тиісінше қорғаныш шараларын жасауына мүмкіндік берді.
Кенесары шегінген кезде де ерекше тактика қолданған, тосқауыл ретінде шекара Шебіне жақын жерлерде ұсақ партизан топтары қалдырылды. Олар бектерге, жол айырығындағы топтарға қарсы сәтті қимылдап, арбалы керуендерге шабуыл жасап отырған. Дұшпан әскерінің қозғалуын қиындату және бәсеңдету үшін Кенесары өзі шегінер кезде қырға өрт қойып, құдықтарды қиратуға бұйрық берген, бұл далалық соғыс жағдайында дұшпан үшін қосымша қиындықтар туғызған және оларды жем-шөпсіз, сусыз қалдырған. Мысалы, В. А. Потто осыны айта отырып, былай деп жазды: «Қырғыздар ауылдарында сирек қорғанады, әскер жақындаған кезде шөпсіз, сусыз далаға алдын ала шегініп кетуге тырысады. Қуғынды кідірту үшін олар құдықтарды бастырып кетеді немесе қырға өрт койып, жем-шөп пен суаттарды жояды».
Кенесары дұшпанды алдау әдісін де кеңінен пайдаланған. Ол әлдебір бағытқа бет алған болғансып, дұшпанды теріс жолға салып жіберіп отырған. Мысалы, генерал-майор Жемчужников басқарған Сібір және Орынбор отрядтарының бірлескен шабуылы кезінде оларды осылай алдады. Орыс чиновнигінің ресми бір хабарламасында былай деп айтылған: «Кенесары өзінің ауылдарымен тынымсыз көшіп-қонып және өз ізін жасыру үшін жалған көшіп отырды, күндіз бір жерге келіп тоқтаса, ал түнде сол жерден мүлде басқа жаққа көшіп кетеді».
Кенесарының әскери жорықтары кезінде қыс түсісімен қазақтар көтерілісі бәсеңдеп, қозғалысқа қатысқан барлық жігіттер қыстауларына қайтады. Олар тек көктем мен жазда, көк шөптің өсуімен аттар тез оңалып, қазақтар алғашқы қымызға тойып алып, делебесі қозған соң Кенесары маңына жиналып, келесі жорыққа дайындалады.
Кенесары қыс кезінде де жорыққа шыққан. Тек оған алдын ала дайындалатын еді.
Ханның қолбасшылық қасиеті, соңынан ерген халықтың басын біріктіріп, күреске баулудағы нәтижелері орыс әскерлерімен ұзақ жылдарғы күресте мейлінше айқын көрінді.
Достарыңызбен бөлісу: |