Дипломдық жұмыс. Кенесары – қолбасшы, дипломат м а з



бет3/9
Дата19.12.2023
өлшемі130.03 Kb.
#486874
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Диплом Кенесары

Деректік негізі. Бітіру жұмысының мазмұнына арқау етіп қолданылған дереккөздерін төмендегідей қарастырдық: Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Архиві. Аймақтық Кенесары қоры. „Кенесары Қасымов бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы. (құжаттар жинағы)”/5/, құжаттары қолданылды. Тақырыптың мазмұнын ашу барысында Кенесары Қасымұлының саяси қызметімен қолбасшылық әрекеттері және біртұтас қазақ мемлекеттілігін қалыптастыру жөніндегі мәліметтер; „Материалы по истории политического строя Казахстана”/28/, сияқты құжаттар кеңінен қолданылды. Сонымен осы тақырыпты іздену устінде „Казахско-русские отношения в ХVІІІ-ХІХ вв. Сб документов и материалов/29/, Янушкевич А. Дневники и письма из путешествия по казахским степям./26/, мәліметтері алынып, жұмыстың деректік базасын арттыруға және мазмұнын байытуға тырыстық.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Кенесары Қасымұлының жеке тарихи тұлғасына тән ерекше қасиеттерінің мәнін ашып көрсету, диплом жұмысымыздың басты мақсатымыз болып табылады. Бұл мақсаттарымды іске асыру үшін алдыма мынандай міндеттерді қойдым:

  • атақты отан тарихшылардың ғылыми еңбектері мен зерттеулерді қарастыру және меңгеру;

  • Кенесары Қасымұлының қолбасшылық және саясатшылдық қасиеттерінің ерекшеліктеріне тоқталу;

  • Кенесары Қасымұлының азаттық қозғалыстың мақсатына жету жолындағы дипломатиялық айла-амалдарды шебер пайдаланғандығын айқындайтын құжаттардың мазмұнын ашу;

  • Кенесары Қасымұлының талантты қолбасшы ретінде әскери өнерге үйретудегі, сондай-ақ әскери жорықтарды ұйымдастырудағы қызметін көрсету;

Жұмыстың хронологиялық шегі. Негізінен зерттеу нысанындағы тақырыптың ауқымы 1837-1847 жылдар аралығын қамтиды.
Құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, мазмұнына сай екі тараудан, әр тарау екі параграфтан құралған және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер реті берілген.
 

  1. КЕНЕСАРЫ ҚАСЫМҰЛЫ – САЯСАТШЫ

1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет