Дипломдық жұмыс. Кенесары – қолбасшы, дипломат м а з


Тақырыптың зерттелу деңгейі



бет2/9
Дата19.12.2023
өлшемі130.03 Kb.
#486874
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Диплом Кенесары

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Кенесары көтерілісінің әлі де толық зерттелініп, айқындала қоймаған мәселелерінің бірі – ол Кенесары ханның жеке тарихи тұлғасына тән ерекше қасиеттері болса керек. Яғни, біз Отандық тарихымыздың қайтадан қалпына келіп, жаңарып отырған шағында, егемен елімізбен тәуелсіз мемлекетті армандап өткен, сол үшін бар өмірін күрес жолына жұмсап, сол жолға шыбын жанын құрбандыққа шалған, қазақтың ұлы перзентті Кенесары бабамыздың тарихи тұлғасына қандай баға бере аламыз. Міне мәселе осында.
Қазан төңкерісінен кейінгі кеңестік тарихнамада Кенесарының жеке басының аржақтылықпен саналы түрде бұрмаланып келгендігі, біздерге тарихтан белгілі (Мысалы, 5-томдық Қазақ ССР-і тарихының 3- томында Кенесары туралы бөлім жоқ). Алайда, таптық принципке негізделген сол кездегі басқа тарихи кітаптар болсын, оқулықтар болсын, ғылыми монографиялардың бәрінде де, мысалы: 1.Ресей Империясы бұрынғы тарих белестерінен өткен өз патшалары мен князьдерін өте жоғары дәрежеде дәріптеп те уағыздап та өтед; 2.Ал «бұратаналық» аймақтарда «бұратана» деген халықтың өкілдеріне «ұлтшыл», «ұлтшылдық», «ұлтшылдық қозғалыс» деген айдарлармен айшықтап келгені де мәлім.
1847 жыл Сібір шекаралық комиссиясының төрағасы, генерал Вишневскийдің экспедициясымен Кенсарыға қарсы күреске қатысқан , Орта және Ұлы жүз қазақ феодалдарымен тілдескен, 1833 жылғы Польшадағы азаттық күреске қатысқаны үшін қазақ өлкесіне жер аударылған Адольф Янушкевич Кенесары тұлғасына қайран қалып, оны XIX ғасырдың 80-ші жылдарағы Алжир халқының Француз отаршыларына қарсы күресінің көсемі, атақты Абд Эль Кадерманмен теңестіреді.
Кенесарыға қатысты мәліметтер Шоқан Уәлихановтың 1850 жылдардағы зерттеу еңбектерінде де көрініс береді. „Бүлікші сұлтан Кенесары – феодалдық монархиялық қозғалысқа бас болып, хандық билікті қалпына келтіруге тырысты”. Екінші бір еңбегінің түсіндірмесінде „осы кезеңде ескі мен жаңашылдық бір-бірімен тіресуде еді, ол мұсылмандық шығыс пен орыстық құбылыстар еді” деп Ш.Уәлихановтың Кенесарыны мадақтап кететін жерлері де кездеседі. Шоқан Уәлихановтың берген жалпы алғанда біржақты бағасының кейінгі орыс тарихшыларына сілтеме жасар мықты бір дерек болғанын да айту керек.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында жарық көрген еңбектердің ішінен М.Красовский мен И.Завалишиннің еңбектерін ерекше бөліп қараған жөн. М.Красовскийдің Кенесарыны ұлы Абылаймен салыстыруы түсінікті. „Ақылы жағынан атасынан төмендеу тұрса да, мінезі және қимылының адуындылығы жағынан әкесі Қасымнан және Абылайдан алшақ тұрады, азғана уақытта Кенесары бүтін Сібір даласына белгілі болды”, — деп жазуы, әрине, бір жағынан, жаңа саяси ахуалда тарихи сахнаға көтерілген ханның өзіне тән тамаша қасиеттерінің отандастарын төңірегіне жинауда белгілі роль атқарғандығын аңғартады.
Көтеріліс көсемінің ерекше қасиеттерінің айқындайтын тарихи деректерді осы арада келтіруді жөн көріп отырмыз: Орыстың белгілі зерттеуші ғалымы Н.Середаның ХІХ ғасырдың екінші жартысында жарық көрген еңбегінде Кенесарыға орынды баға береді. Біріншіден, өз заманының белгілі саяси қайраткері, өте сезімтал саясатшыл тұлға десе; екіншіден, Кенесарының саясатшылдығы мен қолбасшылық дарынының қатар байқалғандығы туралы ойын айтады. Кенесарының жеке басы туралы шынайы мәлімет пен әділ бағалауда әсіресе Н.А.Середа өз еңбегінде; Жауларын кешірмейтін табанды, жасынан қиыншылыққа мойымауға дағдыланған шыдамдылығы “түйеге тең” деп бір жазып кетсе, тағы бір ойында кедергілерге ешқандай шайлықпай, өз мақсатына жетуде кейін шегінуді білмеуші еді деп те қорытындылайды./2,55/.
Ресмидворяндық-буржуазиялық орыс тарихнамасының өкілдері Кенесарының Сырым және Исатай батырлар сияқты “бұзық”, “қарақшы”, деп жек көрінішті бағалармен сипаттасада, екіншіден, көтерілістің басты оқиғаларына мейлінше мән берген, Абылайдың немересін “айлакер, парасатты саясатшыл, қайраткер” ретінде де жоғары бағалайды. “ Өз халқына мәңгілік бостандық тілеген Кенесары, патриот бола тұра, орыс мемлекетінің ерте ме кешпе ордалықтарды басып алуға тырысатынын түсіне білді”,-деп жазды Н.Середа.
Кенесарының қолбасшылық шеберлігі оның терең де жан-жақты саясатшылдығымен ұштасып жатады. Алыстан болжап, қандай ғана мәселе болмасын алдын ала шешіп отыратын қасиетімен танылып отырған. Мысалы, Кенесарының асқан саясатшыл, дипломатиялық шеберлігін орыстың ғалым тарихшылары, ғалым-саясатшылары өз еңбектерінде көрсеткен: ХІХ ғасырдың 50-ші жылдарында Верный қаласында болған, Шоқан Уалихановқа қамқорлық жасаған, орыстың ұлы ғалым-саяхатшысы П.П.Семенов Тян-Шанскийдың Кенесарыны біздің эрамызға дейінгі екінші ғасырда Рим империясының отаршылдық саясатына қарсы өз халқын көтерген Митридат ІІ-ші Эвпатормен қатар бағалайды. Әрине, былай баға беру қазақ халқының саясатшыл-дипломатиялық шеберлігін шын мойындағаны еді.
Дегенмен, ғылымның әділдігі де сол болар, мысалы, Кенесарының қолбасшылық өнері туралы ақиқаттық негіздегі сипаттамаларды орыс тарихнамасының өзінен кездестіруге болады. 1872 жылы Орынбор әскери училищесінің тыңдаушыларының алдында оқылған арнайы дәрісінде белгілі тарихшы-ғалым В.Потто көтерілістің көсемін «жеңімпаз хан», қырғыздың «Шәмілі» деп өте жоғары баға берген; Атақты шетел ғалымы, тарихшысы Л.Мейер де өзінің зерттеу еңбегінде Кенесары көтерілісіне тиісті баға бере келе, «Қазақ халқының мүддесі Кенесары хан төңірегінде»-деп, өз ойын тұжырымдайды./30/.
Осындай әр қилы тарихи тұлғаға ғана тән қасиеттердің тәуелсіздік алу жолындағы ауыр күресте ғана шындала түсетіндігі (Кенесарының тарихи тұлғасын сомдауда) Ілияс Есенберлиннің «Жанталас» тарихи романында да көрініс табады. Шындығында, Кенесары осы 10 жылға созылған ұлы күрес жолында нағыз көтерілістің көсемі деңгейіне көтеріле алған еді. Осындай да, халқының алдындағы жауапты кезеңде,оның қолбасшылық тұлғасы қатар шыңдалды. Бір ғана оның күрес жолынан штрих келтірүге болады: Ол көтерілістің қандай кезеңі болмасын, бірінші қолбасшы ретінде әр уақытта ресми рәсімді жауынгердің алдында қатты сақтаған (Ту ұстаған жауынгердің артында тұруы, жауапты шайқастарда көтерілістің туын алға ұстап жүру рәсімі; тіпті өзінің қолбасшылық жасап, майдан даласында көрінгенде , ерекше әскери киім тіккізіп, оны сәнімен киіп шығып, жауынгердің алдынан өтуі т.б.).
Өз кезінде бірқатар талас тудырған ханның ұлы Ахмет Кенесарыұлының „ Кенесары және Садық сұлтандар” деген кітабы. Бұл кітапты терең, арнайы зерттеу деп қарастыру біржақтылық болар. Аталмыш еңбек естелік тұрғысынан жазылғандықтан көтеріліске қатысты мол мәліметтер назардан тыс қалған, алайда Кенесарының жеке тұлғасына қатысты мәселелерді кездестіруге болады./15/.
Тақырыптың мазмұнын ашу барысында Кенесары Қасымұлының саяси қызметімен қолбасшылық әрекеттері және біртұтас қазақ мемлекеттілігін қалыптастыру жөніндегі мәліметтер; Рязановтың А.Ф. „Кенесары” атты тарихи очеркінде /3/, кездестіруге болады, сондай-ақ осындай мәліметтер, Ұзақ жылдар бойы жақсы қаруланған патша әскерлерімен табан тіресе алысқан Кенесарының бір қасиеті – қиыншылықтарға төзімділігі. Үш жүздің кең даласының ой-шұңқырын алақанындағы қыртыстарындай білген, туған өлкесінің географиялық жағдайын көтеріліс кезінде мейлінше пайдалана білген Кенесарының жауынгерлерінің рухы, жеке басының табандылығы да халық жырларындағы теңеулерге сай. Оның сарбаздарының рухының беріктігіне кез келген Европа әскерінің қолбасшысы таңқалуы мүмкін екендігін таңқала атап көрсетеді сол Н.Середа./2/. Жасынан даланың өміріне үйреншікті болған қазақтар әрбір тастың, ағаштың, төбенің аттарын жатқа білетін, ондаған шақырым қашықтыққа созылған тау-тас арасынан таспадай иректеліп өтетін, әзер көзге ілінетін соқпақтар қазақтар үшін дайын, көз алдындағы бадырайған географиялық картадай көрінетін.
Қазақстанды отарлау кеулеп бара жатқанда, патшаның жазалаушы күштерінің алқымнан алуына қарамастан азаттық күрестің он жылға созылуын, халықтың дербестікті сақтап қалуға күш салуы, далалық өңірдің көтерілісшілердің соғыс қимылдары үшін қолайлылығы, Ресейдің сонымен қатар Кавказда имам Шәміл басқарған тау халықтарына қарсы күресуге алаңдауға да себепші болды .Алайда үш жүздің өңіріндеде атой салған сұлтан Кенесарының бодандыққа қарсы алысуының ұзақ уақытқа созылуы, басқада көптеген мәселелерімен қатар ұлы тұлғаның жеке басындағы тамаша дипломатиялық және саясатшыл қасиеттерінің биіктігінен деп түсінеміз.
Кенесары Қасымұлы, әрине, Н.Середаның анықтауынсыз-ақ өз заманының ең белгілі саяси қайраткерін, оның сезімтал саясатшыл тұлға болғандығын жоғарғы тарауда да айтып өттік. Аңғаратын бір жай-қазақ ханының көптеген қасиеттерінің, әсірісе саясатшылдығы мен қолбасшылық дарының тәуелсіздік жолындағы ауыр күресте мейлінше шыңдалғаны. Бірде айлакер дипломат, бірде көрші мемлектермен тіл де табысқан, күш те керсетуден тайынбаған саясатшы, әсіресе, оның қолбасшылық дарыны басқа да табиғи, кейіннен өмір шындығына шыңдалған қолбасшылық өнері мейлінше айшықтанып тұрған сияқты.
Көрнекті жазушы I. Есенберлиннің де тарихи тұлғаның қолбасшылық өнерін көркем тілмен өрнектеуіне қарағанда әскер ісін басқаруда, осыған сай реформаны жүзеге асырған Кенесары өз заманының белгілі қолбасшыларының бірі екеніне ешқандай күмән жоқ. «Тегеурінді шабуылымен жауына бас салғанда, дала өңірінде ештеңе қалдырмайтын қүдіретті құйындай Кенесарының соғыс қимылдарының мол күшін жоғары бағалаған Н. Середамен толық келісуге болар.
1837—1847 жылдарғы халық қозғалысы туралы орыс авторларының еңбектері негізінен XIX ғасырдың 70—90-шы жылдарында жарық көрді. Оңтүстік Қазақстаңды, өзбек хандықтарын жаулап алуда, Кенесарының балаларымен күресте қаталдығымен көзге түскен генерал И. М. Черняев 1889 жылы Е. Смирновтың өңдеуімен жарық көрген «Кенесары және Садық сұлтандар» деген сын мақаласында хан Кенесарының не қолбасшылығын, не басқа да ол кезде кең танылған қасиеттерін көрмеген білмеген болып, Ахмет сұлтанның кітабын «өзінің туыстарын мадақтауға тырысушылық деп» кітаппен, оның басты кейіпкері Кенесары туралы ләм демейді. Керісінше, осы кітап туралы жарық көрген екінші сын мақалада, орыс әскерлері қазақ даласына төне бастағанда «қырғыздар» арасында даңқымен аты жайылған батыр, сұлтан Кенесары Қасымов қарсы шыққан еді, — деген жалпы қорытындыны түйіндей келе, «Кенесары ірі жеңістерге қолы жетпесе де, күтпеген жерден шабуыл жасап, өзін қуғындаушылардан жасырынып үлгеруші еді,» — дейді.
Кеңес үкіметі тұсында, ғылымда үстемдігін жүргізген коммунистік идеологияға қарама қарсы пікірлерін жасырмаған ғалымдар арасынан А.Ф.Рязановтың Кенесарының саяси әрекеттері жайлы зерттеген еңбектері бір төбе. /3/.
Кенесары Қасымұлының қолбасшылық өнері, сондай-ақ біртұтас қазақ мемлекеттілігін қалыптастырудағы әрекеттерін зерттеуде елеулі оқиға 1947 жылы жарық көлген көрнекті тарихшы Е.Бекмахановтың атақты еңбегі./1/. Бұл монографияны сол жылдардағы айрықша құнды еңбек болғандығын қазіргі кезеңдегі тарих ғылымының даму барысы да дәлелдеп отыр.
Архив деректері және әртүрлі сипаттағы құжаттар негізінде жазылған бұл еңбек ғылыми қауымды бір сілкіндіріп тастағаны мәлім. Алайда, кітап баспадан шығып үлгермей жатып-ақ ғалымдардың бір бөлігі осы еңбекті табалап, ата жауын көргендей өршелене қарсы шықты. Айта кететін бір жағдай – 1948 жылы осы кітапқа жарияланған алғашқы сыни мақалада тарихшы Е.Ділмұхамедов, „архив деректерін мол пайдаланған” өте құнды кітап деп қорытындылайды.
Кейінен „ұлтшыл” деген түрлі айыптаулардың салдарынан Е.Бекмаханов қуғын-сүргіндерін бастан кешірді. Ғалымның аталмыш еңбегіне байланысты бастан кешкен тағдыры И.Қозыбаев, К.Нүрпейісов, Ә.Тәкенов сынды зерттеушілердің еңбектерінде көрсетілген.
Еліміз егемендік алғаннан кейінгі кезде Е.Бекмахановтың еңбегі қайта бастырылып шықты. Ә.Тәкенов басшылығымен қазақтіліне де аударылды.
1834-1847 жылдардағы Кенесары хан басқарған көтерілісіндегі күрделі мәселелерді көтеруде 1991 жылғы Ақмола қаласында академик М.Қозыбаевтың жалпы редакциямен жарияланған ұлттық қозғалысқа арналған арнайы жинағында, Кенсарының біршама саяси әрекеттерін де ашып көрсетеді.
Кенесары Қасымұлының сасатшы және қолбасшылығы жайлы тереңдете зерттеген ғалымдардың бірі профессор Ж.Қасымбаевтың 1993 жылғы „Кенесары хан” еңбегі архив деректері негізінде жазылған.
Алайда әліде болса Кенесарының қайшылығы мол күрделі тарихи тұлғасын толық зерттелді деп айтуға қиын. Тіпті көтерілістің әскери жағынын ұйымдастыру мәселелері, Орта Азия иеліктерімен саяси қатынастарының алмағайып өзгеріп отыруы, көтеріліске старшын, би-болыстардың қатысуы, сарбаздарды қару-жарақпен қамтамасыз ету, т.б. көптеген мәселелер түбегейлі, байыпты зерттеуді талап етеді. ХІХ ғасырдың ұлт-азаттық күрес тарихын толық аштық, оны ұйымдастырушы Кенесары хан туралы барлық мәселелерді қамтып бере алдық дей алмаймыз. Бұрын жарияланбаған архив құжаттар мен орыс тарихнамасында ХІХ ғасырдың баспа сөз беттерінде жарық көрген еңбектерге біршама сүйене отырып жазылған жұмысымды тарихшылар қауымына ұсына отырып, Кенесары хан тұлғасының тарихын зерттеуді тарихшылар енді шын мәнінде қолға ала бастағанын айта кеткім келеді.
Тарихшы қауым соңғы жылдары Кенесары Қасымұлының жеке тұлғасына арналған көптеген ғылыми еңбектер мен мақалалар жариялап, жаңа деректер мен тың пікірлерді ғылыми айналымға енгізді. Галиев В.З., Жанаев Б.Т. сынды ғалымдар 1996 жылы Кенесары Қасымұлының көтерілісіне қатысты құжаттар жинағын құрастырып жариялады./5/. Бұл құжаттар жинағына Ресей ,Қазақстан, Өзбекстан архивтерінің материалдары енген. Осы жинақ диплом жұмысын жазу барысында негізгі дереккөзінің бірі болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет