Дипломдық ЖҰмыс мамандығы 5В090700-Кадастр



Pdf көрінісі
бет3/23
Дата10.10.2022
өлшемі2.71 Mb.
#462364
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Асылбек Толеcін

 
 
 


14 
КІРІСПЕ 
 
Жер мониторингі – болып жатқан өзгерістерді уақытқа сай анықтау
оларды бағалап, одан әрі дамуын болжау және кері әсері бар үдерістерді 
болдырмау мен оның зардаптарын жою жөнінде ұсыныстарды әзірлеу 
мақсатында жүргізілетін жер қорының сапалық және мөлшерлік жай – күйін 
базалық бастапқы, жедел мерзімді байқау жүйесін білдіреді. 
Жердің сапалық жағдайына әсер ететін үдерістерді дамытудың сандық 
сипаттамасын сенімді қол жетерлік алу үшін Республикамызда бақылаудың 
мемелекеттік территориялдық – зоналдық тармақ пунктері қалыптасты, ол 
стационарлық және жартылай стационарлық экологиялық алаңдардан тұрады. 
Стационарлық экологиялық алаңдарға бақылау жердің сапасына әсер 
ететін топырақ параметрлеріндегі өзгерістермен жүргізіледі. Сонымен бірге 
антропогендік және табиғи факторлар: онда дефляция, су эрозиясы
топырақтың тұздануы және сортаңдану, таксикологиялық заттармен ластануы, 
топырақтың қара шірік мөлшері, азот, азықтық қозғалыс элементтері
топырақтың су физикалық жане физико-химиялық қасиеттерінің дамуы 
үдерістерінің зертеулері. Бақылаудың мерзімділігі, бақыланатын көрсеткіштер 
динамикасына тәуелді. Тұрмыстық қатты қалдықтар полигонына жер 
мониторингі бойынша жұмыстар жалғастырылуда. Қоқыс тастайтын жер 
жақын маңындағы елді мекендер қоқыстарын тастауын азайтқан жоқ. 
Стационарлық экологиялық алаңдардағы байқау нәтижесі аудандағы 
табиғи ортаның ластануына көп көңіл бөлу керектігін көрсетеді. 
Жер мониторингін жүргізу ұйымдастыруды жер ресурстарын басқару 
жөніндегі орталық уәкілеті орган жүзеге асырады.
Дипломдық жұмыс мақсаты: жер мониторингінің теориялық және 
әдістемелік негіздерін зерттеумен стационарлық экологиялық алаңдарда 
жүргізілетін бақылау түрлерін зерделеу болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет