В гепатиті –бауырға әсер ететін вирустық инфекция.2019 жылдың соңына қарай емшек жасындағы балаларға арналған В гепатитіне қарсы вакцина 189 мүше мемлекетте жалпыұлттық деңгейде енгізілді.В гепатитіне қарсы вакцинаның үш дозасымен жаһандық қамту 85% деңгейінде бағаланды.Бқдан басқа.109 мүше мемлекет өмірінің алғашқы 24 сағаты ішінде жаңа туған нәрестелерді В гепатитіне қарсы вакцинаның бір дозасымен иммундауды енгізді. Иммундаудың осы түрімен қамту жалпы әлемдік ауқымда 43% деңгейінде және ДДҰ-ның Батыс Тынық мұхиты аймағында 84%-ға дейін,бірақ ДДҰ-ның Африка аймағында тек 6%-ды құрайды.
Адам папилломавирусы (HPV) - әйелдерде жатыр мойны обырын, сондай-ақ ерлер мен әйелдерде басқа да қатерлі ісік пен жыныс құрттарын тудыруы мүмкін ең көп таралған вирустық инфекция. 2019 жылдың соңына қарай АПВ-ға қарсы вакцина 106 мүше мемлекетте, оның ішінде ол жекелеген аудандарда қолданылатын үш елде енгізілді. Биылғы жылы HPV вакцинасының 2006 жылы нарыққа шыққаннан бергі қолданудың едәуір кеңеюі (15% - ға) байқалды. Сонымен қатар, бұл вакцина көптеген ірі елдерде әлі енгізілмегендіктен және көптеген елдерде ол халықтың жеткіліксіз үлесін қамтығандықтан, қазіргі уақытта НРѴ вакцинасының соңғы дозасын қамтудың жаһандық көрсеткіші 15% деңгейінде бағаланады. Вакцинацияны енгізген мүше мемлекеттердің үштен бірі ұлдарды да вакцинациялауға кірісті.
Қызылша - өлімге әкелетін өте қауіпті, жұқпалы вирустық ауру, ол әдетте жоғары қызба мен бөртпемен бірге жүреді және соқырлыққа, энцефалитке және өлімге әкелуі мүмкін. 2019 жылдың соңына қарай балалардың 85%-ы екінші туған күніне дейін қызылша вакцинасының бір дозасын алды, 178 мүше мемлекет екінші дозаны жоспарлы иммундау бағдарламаларына енгізді және балалардың 71% - ы ұлттық егу күнтізбелеріне сәйкес қызылша вакцинасының екі дозасымен қамтылды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикасы бойынша, Еуропада қызылша ауруының саны он жыл ішінде рекордтық деңгейге жетті. Ең көп жағдай Сербия мен Украинада. Ресейде, Роспотребнадзордың айтуынша, қызылша ауруы бір жылда 13 есе өсті. Еуропа аймағында шамамен 41 мың адам қызылша жұқтырды, нәтижесінде 37 адам қайтыс болды.
Мақсаты:Тұрғындардың вакцинопрофилактика туралы көзқарастары мен білімдерін зерттеу,вакцинациялау туралы ақпараттандырылудың барынша қол жетімді әдістерін анықтау,иммундау туралы ақпарат алудың барынша қолжетімді әдістерін қарастыру.
Міндеттері:
Вакцинапрофилактикаға көзқарасты және вакцинациядан бас тарту себептерін талдау.
Вакцинапрофилактика туралы ақпарат алудың ең танымал әдістерін анықтау.
Вакцинапрофилактика және иммундау туралы тұрғындардың білім деңгейіне көз жүгірту.
Вакцинапрофилактика жайлы тұрғындардың қате пікіріне талдау жүргізумен қатар вакцинопрофилактика жайлы тұрғындар арасында оң көзқарас қалыптасуына ықпал ету.
Достарыңызбен бөлісу: |