Вакцинопрофилактиканың енгізу әдістері:
Пассивті иммунизация - тез әсер береді, сондықтан ол терапиялық жағдайда қолданылады. Сонымен қатар, эпидемии кезінде профилактика үшін жұқпалы агенттерге қарсы қорғаныс жоғары титрдегі спецификалық антиденелер бар гомологиялық сары су енгізу арқылы іске асырылады - бұл стрептококқа және стафилококқа қарсы антиденелер. Токсиндерің жоғары түзілуімен байланысты ауруларды (ботулизм, сіріспе) емдеу үшін гетерологиялық сары сулар қолданылады.
Белсенді иммунизация -бұл адамға агрессивті емес түрдегі және агрессивті емес иммуногенді мөлшердегі антигенді енгізу әдісі. Иммуногенді мөлшер жұқпалы аурулардың алдын алу үшін антигенге қарсы иммундық қорғаныс жауабы мен түрін ықпалдандыру мақсатында. Белсенді иммунизация мақсаты қоздырғышқа қарсы біріншілік иммундық реакцияны күшейту және иммундық есте сақтауды түзу.
Вакцинаның негізгі түрлері:
Вакцина ретіндегі өлі микроорганизмдер. Өмір сүру қабілеті жоқ микробтық жасушалар қолданылады. Бұл олардың патогенділігінің қарапайым әдісі, бірақ олардың антигендік құрамы сақталады. Бұл вакциналардың әсерін күшейту үшін оларға адъюванттар қосылады (қосымша күшейткіш). Өлі вакциналардың мысалы ретінде сүзекке, тырысқаққа, қызылшаға, полиомиелетке қарсы вакциналар болуы мүмкін.
Тірі әлсіз вакциналар -қоздырғыштарды ұзақ уақыт өсіру нәтижесінде вируленттілігін төмендету арқылы алынады. Әлсіз қоздырғыштар көбею және ұлпаларға жылжу мүмкіншілігі антигендерді ықпалдандырып, күшті иммундық жауап түзүі, бұл вакциналардың тиімділігі болып табылады. Басқа тиімділігі жергілікті иммунитет - қоздырғыштар көбейетін ұлпаларда дамиды. Мысалы: бұл тірі әлсіз вируспен ауыз арқылы иммунизация жасау. Бұл вакциналардың әсерінен аурулардың ағымы субклиникалық болып, дененің қорғанысын түзеді.
Поливалентті вакциналар- бұл бірнеше қоздырғыштан немесе бір қоздырғыштың әртүрлі серологиялық түрлерінен тұратын комплекті ионизациялаушы қоспа. Генетикалық вакциналар (жасанды) құрылым бойынша дәстүрлі вакциналардан айырмашылығы бар, олар көбінесе бактериялық плазмидтерден тұрады. Олар өздігінен ауру шақыра алмайды. Бұл плазмидтер мүшеге, бұлшық етке немесе теріге арнайы гендік пистолет көмегімен енгізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |