Вакцинациялаудың бірнеше түрі бар:
Міндетті – балаларға (туберкулез, қызылша, күл, сіреспе, көкжөтел, гепатит, т.б. ауруларға қарсы), нәрестелі бола алатын әйелдер және қыздарға қызамыққа қарсы;
Жоспарлы-кәсіби егу – мал шаруашылығымен айналысатын немесе олардың өнімін өңдейтін адамдарға күйдіргіге қарсы;
Эпидемиялық көрсеткіш бойынша егу – нақты аймақтағы тұрғындар арасында індет қаупі төнген кезде жүргізіледі. Егу көбінесе инфекциялық тәсілмен (тері астына, бұлшық етке) атқарылады.
Қазіргі кезде алдын ала егудің нәтижесінде көптеген жұқпалы аурулар (мысалы, шешек) жойылды. Бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, жылына 500 млн. адам жұқпалы ауруға шалдықса, оның 400 млн-дайы егілмегендер екені анықталып отыр. Сондықтан әр түрлі жұқпалы ауруларға қарсы күресте егудің маңызы зор екеніне ешбір күмән келтірілмейді.
Вакцинопрофилактика (белсенді иммундау) — инфекцияға қарсы иммунитетті қалыптастыру мақсатында вакцинаны енгізу арқылы иммундық жауаптың жасанды көбеюі. Вакцинация жұқпалы аурулардың алдын алудың ең қауіпсіз және тиімді құралы болып табылады.
1796 жылдың 14 мамырынан бастап вакцинация көптеген жұқпалы және әсіресе вирустық аурулармен күресудің негізгі әдісі болды.
Мамандар вакцинациядан кейін қалыптасқан қорғаныстың сенімділігі көптеген факторларға, соның ішінде науқастың жасы мен денсаулық жағдайына, оның жеке ерекшеліктеріне байланысты дейді. Бірақ орта есеппен вакцинацияланған 100 адамның 70-тен 98-ге дейін жұқпалы ауруларға қарсы қорғалады.
Вакцинопрофилактиканың негізгі міндеттері:
Достарыңызбен бөлісу: |