Дипломдық жұмыс Тақырыбы: «Жүкті әйелдердегі темір тапшылығы анемиясының алдын алудағы мейірбикенің рөлі»



бет22/35
Дата17.07.2024
өлшемі401.44 Kb.
#502977
түріДиплом
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35
новый диплом бота (копия)

Ұйқышылдық пен шаршау
Қазір кімнің ұйқысы келіп, шаршамайды. Алайда бірер күн демалғаннан кейін, шаршағаныңыз басылады. Егер мұнан кейін де шаршап, түнде ғана емес, күндіз де ұйқыңыз келе беретінін сезінсеңіз, ойлана бастағаныңыз жөн. Егер осы белгілерден кейін етеккіріңіз уақытында келмесе, дәріханада жүктілікті анықтау тестін алғаныңыз жөн.
Кіші дәреттің жиілеуі

«Жүкті әйелдердің дені мұндай белгі жүктіліктің 3-інші кезеңінде болады деп ойлайды. Алайда жүктіліктің алғашқы апталарында жатыр үлкейе бастап, қуықтың артқы жағын тітіркендіреді. Соның салдарынан кіші дәрет жиілейді», - дейді акушер-гинеколог Маргарита Халимова.




Бас айналуы
Жүктіліктің бастапқы кезінде болашақ аналардың қан қысымы жиі төмендейді. Соның салдарынан басы айналуы мүмкін. Әдетте мұндай жағдай оқыс қозғалғанда немесе дене қалыбын өзгерткенде болып жатады.

Қан қысымының төмендеуі – алаңдауға себеп емес. Ал жүктіліктің бастапқы кезеңінде қан қысымының жоғарылуымен ойнауға болмайды. Егер қан қысымыңыз жоғарыласа, міндетті түрде дәрігерге айтыңыз. Себебі бұл денсаулығыңыздағы қиындықтардың белгісі болуы ықтимал.




Әлсіздік
Кейде жүкті әйелдер қан қысымы төмендеп, басы айналуымен қатар, әлсіздікті сезінеді. Болашақ аналарға күнделікті жасап жүрген жұмыстарын атқару қиындай түседі. Ал демалыс аз уақыт қана көмектеседі.
Дене температурасының өзгеруі
Болашақ ананың денесінің температурасы әдеттегі 36,6 градустан жоғары болуы мүмкін. Бұдан қорқудың қажеті жоқ. Әдетте дене температурасының өзгеруі 14-аптада қалпына келеді. Алайда дене қызуының жоғарылауы қандайда бір аурудың себебінен болса, міндетті түрде емделу керек.

Жүктіліктің бастапқы кезеңіндегі кез келген ауру балаға қатер төндіруі мүмкін.


Жүкті екеніңізді қалай анықтауға болады


Егер бойыңыздан жоғарыда аталған белгілердің бірін немесе бірнешеуін байқасаңыз, жүктілікті анықтау тестін сатып алғаныңыз дұрыс. Егер ол оң нәтиже көрсетсе, құттықтаймыз, сіз жүктісіз!


«Бұл ретте сақтық үшін, хорионды гонадотропинге анализ тапсырып көруге болады. Оны кез келген зертханада жасайды. Ал нәтижесін бірнеше сағат ішінде алуға болады», - дейді акушер-гинеколог Маргарита Халимова.


Жүктілікті анықтаудың үшінші әдісі – УДЗ. Гинекологтар жатырдан тыс жүктілікті анықтау үшін ультрадыбыстық зерттеуден өтуге кеңес береді. Егер ұрық жатырдан тыс бітсе, ота жасатуға тура келеді. Алайда оны ерте бастан анықтасаңыз, салдары ауыр болмайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет