Жүкті әйелдер токсикоз кезінде не істеуі керек?
Апта бойынша жүктілік күнтізбесі: жүктілік қалай өтеді
Жүктіліктің алғашқы үш аптасында әйелдің организмінде айтарлықтай өзгерістер байқалмайды. Кейде бөлінетін сұйықтық қоңырлау болуы мүмкін. мұндай белгі бастапқы кезеңдерде байқалады және көп жағдайда оны етеккірдің басталуымен шатастырады.
Омыраудың сезімталдығы артып, ауыруы
Бұл да етеккір алдындағы белгілердің біріне ұқсағанымен, омыраудың сезімталдығының артуы жүктіліктің бастапқы кезеңінің белгісі бола алады.
Десе де гинекологтардың сөзінше, жүкті әйелдерде омыраудың ауыруы анағұрлым қатты байқалады. Артынша организмнің гормондық өзгерістерге үйренуіне байланысты, омыраудың ауыруы басылады.
Көңіл-күйдің жиі өзгеруі
Жүктілік кезінде әйелдің организмінде гормондық өзгерістер болып, көңіл-күйге әсер етеді. Болашақ аналардың көбі аяғы ауыр кезінде сезімтал бола түсіп, тез жылап қалатынын байқайды. Олар бірде бойы күш-қуатқа толып, бақыттан басы айналып жүрсе, енді бір уақытта қатты шаршап, болмашы нәрсеге алаңдайды.
Әдетте мұндай белгі жүктіліктің 6-аптасында байқала бастайды. Десе де кейбірінде мұнан ерте болуы мүмкін.
Етеккірдің келмеуі
Болашақ аналардың дені етеккірдің әдеткі уақытында келмегенінен-ақ жүкті екенін түсінеді.
«Етеккірдің 1-2 күнге бөгелуі жүктілік тестін жасау керектігінің алғашқы белгісі бола алады. Алайда әйелдердің кейбірі суық тигеннің әсерінен цикл 28-35, тіпті 40 күнге дейін ұзаруы мүмкін деп ойлайды. Соның салдарынан жүкті екенін тек 5-6 аптада біліп жатады», - дейді акушер-гинеколог Маргарита Халимова.
Омыраудың ісініп, ұшының қараюы
Егер денеңізге мұқият мән берсеңіз, жүктіліктің 4-6 апталарында омырауыңыздың ұшы қарая бастағанын байқауға болады. Сонымен қатар бұл уақытта төстарқыш та денеңізді қыса бастауы мүмкін.
Әйелдердің көбінде бұл белгілер жүктіліктің соңғы кезеңдерінде ғана байқалады.
Жүректің айнуы
Жүктіліктің 4-6 апталарында кейбір әйелдердің үнемі жүрегі айнуы мүмкін. Әдетте жүректің айнуы жүктіліктің алғашқы төрт айында басылады.
Гинекологтар жоспарлы тексеру кезінде бұл белгі туралы міндетті түрде айтуға кеңес береді. Себебі жүректің айнуы жүкті әйелдер үшін қалыпты жағдай болып табылмайды. Көбіне бұл басқа аурулардың белгісі болуы мүмкін.
Егер жиі жүрегіңіз айнып, құссаңыз, организміңіздегі суды қалпына келтіру үшін, су ішуді ұмытпаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |