Дипломдық жұмыс Тақырыбы: «Жүкті әйелдердегі темір тапшылығы анемиясының алдын алудағы мейірбикенің рөлі»


D дәруменінің және магнийдің остеопороздың алдын алудағы рөлі



бет26/35
Дата17.07.2024
өлшемі401.44 Kb.
#502977
түріДиплом
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35
новый диплом бота (копия)

D дәруменінің және магнийдің остеопороздың алдын алудағы рөлі.

Кальцийдің сүйек және тіс тіндерін қалыптастыруға қажетті аса маңызды құрылыс блоктарының бірі екендігі баршамызға аян. Дегенмен, сүйек құрамына кальцийден басқа, көптеген басқа да құрауыштар кіреді. Олардың қатарына тапшылығы едәуір жиі кездесетін аса маңызды элемент магний кіреді. D дәрумені кальцийдің сүйекке жеткізілуін қамтамасыз ету үшін қажетті. Осы екі өмірлік маңызды элемент кальцийдің тағамнан сіңірілуі және оның сүйек тініне түсуіне жауап береді: оларсыз скелет-бұлшықет жүйесі тиісінше жұмысын жүргізе алмайды. Кальцийдің сіңірілуін жақсарту және сүйектер мен буындардың саулығын қамтамасыз ету үшін кальцийді мақсатты түрде магниймен және D дәруменімен үйлестіріп қабылдаған жөн. Осылайша, рационға В дәруменінен және магнийден тұратын өнімдерді, осы маңызды қоректік заттардың тапшылығын жою үшін қосқан жөн. Сонымен қатар, остеопороздың алдын алу және оның ауырлығын кеміту үшін көрсетілген D дәруменінің жоғары мөлшері бар дәрілік препараттар қолайлы әсер береді.




D дәрумені өнімдерде
Бақытымызға орай, D3 дәруменін шектеулі мөлшерде болса да, өнімдерден алуға болады. D3 дәрумені балықта, жұмыртқа мен сүт өнімдерінде бар. Егде жастағы адамдар остеопороздың аса жоғары қаупі кездесуі мүмкіндігінен, D дәруменінің көп мөлшерін қажет етеді. Олар аз қимылдайды, тиісінше, ашық ауада аз жүреді. Бұған қоса, терідегі синтез жас ұлғайған сайын баяулайды. D дәруменінің тапшылығын болдырмас үшін D дәруменін қосымша қабылдаған жөн.


ПРАКТИКА:

Практика мерзімі: 09.10.2023ж. - 18.01.2024ж.


Практика жері: Ойыл аудандық Ауруханасы.
Бас мейірбике: Бердешова Дархан Сағынғановна.
Орындалған жұмыстың мазмұны: Еңбек жағдайларымен таныстыру, қауіпсіздік техникасы бойынша оқуды аяқтау. Жеке бас гигиенасы ережелерімен, медбикенің кәсіби қызметінің этикалық негіздерімен таныстыру.
Мейірбике персоналының құжаттамасымен, кезекшілікті қабылдау және тапсыру ережелерімен, жұмыс кестесімен, бөлімшеге түскен науқастарды қабылдау және тасымалдау ережелерімен, дәрілік заттарды, стерильді ерітінділер мен медициналық техниканы сақтау ережелері мен шарттарымен, күшті әсер ететін заттар мен уларды есепке алу ережелерімен таныстыру, төтенше жағдайларда дәрігерге дейінгі көмек көрсету ережелері.
Науқастарға бұлшықет ішіне инъекция жасау.
Палаталардың гигиеналық жағдайын, сондай-ақ пациенттердің жеке бас гигиенасын сақтауын тексеру.

Медициналық қалдықтарды жинау және кәдеге жарату.


Студенттердің практикалық дайындығы олардың кәсіби даярлығының құрамдас бөлігі болып табылады және студенттердің мамандарды даярлау бағдарламаларына сәйкес медициналық немесе фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға қатысуы арқылы қамтамасыз етіледі.
Студенттердің практикалық дайындығы колледждегі оқу процесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Студенттердің практикалық сабақтарының мақсаты олардың кәсіптік қызметті жүзеге асыруға дайындығын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл мақсатқа жету студенттердің жалпы және кәсіптік құзыреттіліктерін дамыту, білімдері мен дағдыларын тереңдету және кеңейту, сондай-ақ таңдаған мамандығы бойынша практикалық тәжірибе алу арқылы жүзеге асырылады.

Колледждегі мамандықтар бойынша негізгі кәсіптік білім беру бағдарламалары практиканың келесі түрлерін қарастырады: оқу, өндірістік, клиникалық және кәсіптік болып бөлінетін кәсіптік практика.


Оқу тәжірибесі студенттердің таңдаған мамандығы бойынша жалпы және кәсіптік құзыреттіліктерін кейіннен дамыту үшін кәсіптік қызметтің негізгі түрлері бойынша бастапқы практикалық тәжірибені меңгеру, практикалық кәсіптік дағдыларды дамытуға бағытталған.
Оқу практикасы арнайы пәндер оқытушысының жетекшілігімен зертханаларда, оқу және клиникаға дейінгі кабинеттерде және симуляциялық орталықтарда жүргізіледі.
Бірінші кезең – практикалық дайындық.

Олар оқытылатын пәндер бойынша барлық әдістемелік қамтамасыз ету шоғырланған клиникаға дейінгі практика кабинеттерінде өткізіледі: пәндердің жұмыс бағдарламалары, тақырыптар мен сабақтардың оқу-әдістемелік кешендері, дидактикалық материал, студенттерге арналған үлестірме материалдар.


Бөлмелердің материалдық-техникалық жабдықталуы: аспаптар, фантомдар, науқастарды күтуге арналған заттардан тұрады. Студенттер әрқайсысы оқу құралдарымен, манипуляция алгоритмдерімен және жұмыс дәптерімен жабдықталған жеке жұмыс станцияларындағы кабинеттерде жұмыс істейді.









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет