Дәрістер-бұл бала тәрбиесінің мәні мен маңызынажан-жақтытереңталдаужасау.Дәрістегіеңбастыкөңілбөлетінмәселе-олбелгіленгенжағдайғанемесеқұбылысқаталдаужасауболыптабылады.
Конференция-бұл бала тәрбиесітуралытереңжан-жақтықарастыружәне оны бекіту.
Ата-аналарға арналған конференциялар-балабақшаның тәрбиелеу мен білім беру жүйесіндеерекшемаңызды орын алады.Ата-аналарға арналған конференцияларда болашақ қоғамның азаматтарын тәрбиелеудің өзекті мәселелері қозғалып,оны тәжірибеде жүзеге асырудың жолдары нақты қарастырылады.Ата-ананыңрөлі,бала тәрбиесіндегі қиындықтар,отбасы тәрбиесінің маңызы,т.б. тақырыптар болуымүмкін.
Ата-аналар
конференцияларына өте мұқият дайындық қажет.Мұнда белгілі ғалымдар,психологтар мен педагогтар,әлеуметтік педагог, дәрігер,т.б. міндетті түрде қатысулары қажет.Олар өз іс-тәжірибелері тұрғысынан мәселеге талдаужасайды.Конференцияныңерекшелігі-белгілі бір мәселенің жай-жапсарын шешудің нақты жолдары қарастырылуында.
Тәрбиеші ата-аналарды өзінің кәсіби жұмыстарын төмендегідей маңызды мәліметтермен таныстыруы мүмкін:
-баланың денсаулығының ерекшеліктері;
-оның қызығушылығы мен іс-әреккетіндегі жетістіктері;
-отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті;
-мінез-құлқындағы эмоционалдық әсерленуі;
-мінез сипатының ерекшелігі;
-ойын іс-әрекетіндегібелсенділігі;
-құрбыластарымен қарым-қатынас ерекшеліктері, т.б.
Үйге бару-мұнда тәрбиешінің ата-аналарымен жеке жұмысы және баланың отбасындағы жағдайымен танысу.
Ата-аналар жиналысы-тәрбиелеу мен білім беру жұмыстарына талдау жасау және тәжірибені педагогика ғылымы негізінде ой елегінен өткізу.
Ата-аналар жиналысын өткізуге арналған нұсқау.
Балабақшада ата-аналарға арналған жиналыстарда өткізуде тәжірибе барысында бірқатар жетістіктер мен кемшіліктер кездеседі:
Нәтижелі жетістіктер:
1.Тәрбиешілер ата-аналар жиналыстарына дайындалу және өткізу барысында тәрбиеленушінің отбасындағы тәрбие жағдайында толық ақпараттар алып,олардың балабақша өміріне қарым-қатынасын анықтауға мүмкіндік болады.
2.Әр топтағы балалардың ата-аналарының ұжымын біріктіруге,ұйымшылдыққа,береке-бірлікке қол жеткізе алады.
3.Ата-аналардың мамандықтарына сәйкес ұйымдарға байланысты өзара қарым-қатынас жасауды қамтамасыз етеді.
4.Бала тәрбиесіндегі педагог пен ата-ананың бірлескен іс-әрекетінің нәтижесіне қол жеткізіп,оның жағымды әсері мен ықпалы айқындалады.
5.Ата-аналардың педагогикалық,психологиялық білімін арттыруды жүзеге асырудың мүмкіндіктері қарастырылады.
Кемшіліктеріміз:
1.Ата-аналардыңаталған жиналыстарға қатысу белсенділігінің төмендігі.
2.Ата-аналармен қарам-қатынас жасаудағы кездесетін қиындықтар.
3.Ата-аналар жиналыстарының өткізу формаларының біржақтылығы ( үнемі түрлендіріп,өзгертіп,жаңаша бағыт-бағдар ұстана алмауы).
4.Педагогикалық біліктілік пен іскерліктің жеткіліксіздігі.
5.Балабақша жайында жағымсыз мәліметтер мен дұрыс емес ақпараттардың таратылуы.
6.Қаржы мәселесі жайында дұрыс шешімдер қабылдану қажеттілігі.
Ата-аналар жиналыстарын дұрыс өткізу үшін педагогтар есіне:
1.Алға қоятын мақсатыңыз нақты,айқын болсын.
2.Жиналысқа арнайы мамандарды шақыру ең тиімді көмекші болмақ.Атап айтқанда психолог,әлеуметтік психолог,балалар дәрігері,ғалым-педагогтар.
3.Ата-аналар жиналысына тақырыбына сәйкес осы бағыттағы алуан түрлі әдебиеттермен танысу қажеттілігі.
4.Жиналысты өткізуге алдын-ала дайындық кезеңін жасау ( жиналысқа дейін талдауға ұсынылатын сұрақтармен таныстыру,пікірлесу,өз ойларын ортаға салуға ұсыныс жасау,сауалнама жүргізу,оны алдын-ала талдау).
5.Ұйымдастыру формасы ата-аналардың белсенділігін туғызатындай қызықты,тартымды болуы шарт:іскерлік ойындар,ата-аналар рингі,шағын топтармен жұмыс,тренинг,пікірсайыс,дөңгелек үстел,отбасылық кеңес,т.б.
6.Жұмыс барысында рефлексия жүргізуді ойластыру (сөз ойла,тез ойла,арт терапия,сұрақ-сауалдар,ойын-жаттығулар,т.б.).
7.Жиналыс өткізілетін орын таза,желдетілген болу керек,іс-әрекетке қажетті құрал-жабдықтар жеткілікті және оларды қалай орналастыру қажеттілігі алдын-ала ойластырылуы керек.
8.Ата-аналар жиналыстарында балабақшадағы кезеңде баланың іс-әрекеті немесе мінез-құлқындағы кемшіліктер жайында айтудың қажеті жоқ,оларға сенімділікпен қараңыз,кінә тағудан аулақ болыңыз.
9.Баланың жақсы жақтарын айту сіздің міндетіңіз екенін ұмытпаңыз.
10.Ата-аналар жиналысына қатысушыларды мадақтауды,ризашылық білдіруді естен шығармаңыз.
Жалпы ата-аналар жиналысы-жылына екі рет өткізіледі.Жиналыстың таныстыру,балабақша жұмысының негізгі бағыттары,міндеттері мен қорытындысын таныстыру.Жалпы жиналыстың тақырыбы негізінен жаңа оқу жылының барысы мен қорытынды есебі сипатында болады.Онда балабақша меңгерушісі,әдіскер,тәрбиешілер,дәрігер және ата-аналар комитеті төрағасы сөз сөйлейді,есебі тыңдалады.Еңбек нәтижелері мен жетістіктері,кемшіліктері айтылып,оны жоюдың жолдары қарастырылады.
Ата-аналар оқулары-бұл бала тәрбиесі жайында ата-аналармен өткізілетін өте қызықты жұмыс түрінің бірі.Мұнда олар тек қана педагог,психологтарды тыңдап қана қоймайды,өздері алуан түрлі әдебиеттермен танысып,оқып-үйреніп,оны талдауға қатысады.Оны ұйымдастырудың жолдары:біріншіден,оқу жылының басында,алғашқы ата-аналар жиналысында оларды толғандыратын педагогикалық-психологиялық проблемаларды анықтап алады.Ол туралы тәрбиеші арнайы ақпараттар жинайды және оған талдау жасайды.Әдіскердің көмегімен әдебиеттер таңдап,оны ата-аналарға оқу ұсынылады.Олар әдебиеттері бойынша алға қойған мәселелерінің шешу жолдарын айтып баяндайды,пікір бөліседі.Тәрбиешімен ой бөліседі.Таңдалатын тақырып қызықты әрі барлық ата-аналарға ортақ,толғандыратын,тартымды болғаны тиімдік болмақ.
Ата-аналар кештері-мұндай кештер ата-аналар ұжымын біріктіруге,береке бірлікке шақырады.Ол жылына бір-екі рет өткізілуі мүмкін,мұнда балалар қатыспайды.Ата-аналар кештерінің маңызы-ең бастысы,мұнда олар өз балаларының достарының ата-аналарымен пікірлеседі,балаларының өмірлік маңызды мәселелерін талқылайды.Ата-аналар ең негізгі мәселе ретінде бір-бірін тыңдауға,өзі тыңдай білуге ішкі жан-дүниесінмен бөлісе білуге үйренеді.
Ата-аналар кештерінің мүмкін болатын тақырыптары:
1.Баланың дүниеге келуі және алғашқы жылдағы дамуы.
2.Баланың ең алғашқы кітабы.
3.Менің баламның болашағы? Мен оны қалай көремін?
4.Менің баламның достары.
5.Менің отбасымның мерекесі.
6.Біздің отбасымыздағы "болады","болмайды" ұғымдары жайында.
7.Туған күнді қалай тойласыз?
8.Біздің балаларымыздың айтатын әндері.
Аталған кештен ата-аналар бір-біріне үлгі боларлықтай пікір бөлісіп,өз тәжірибелерін ортаға салып,тың,жаңа,қызықты мәселелерін өздері үйренетін болғаны абзал.
Ата-аналармен жүргізілетін тренингтер-бұл ата-аналардың өз балаларына деген мінез-құлқын,қарым-қатынасын өзгертуге ықпал ететін жұмыс түрі.Тренингке ата-аналардың екеуі де қатысқаны тиімді.Тренингке ата-аналар тұрақты түрде және белсенді қатынасқанда нәтижелі болады.Оның нәтижесінде жету үшін 5-8 рет өткізу тиімді.ол негізінен балабақша психологымен бірлескен жұмыс жоспары жағдайында өткізіледі.Тренингтердің төменгі тақырыптарда өткізілу ұсынылады:"менің сүйікті ойыншығым","балалар ойыны","балалықты еске алу","менің отбасым туралы бейне көрініс".
Достарыңызбен бөлісу: |