Дипломдық жұмыстың өзектілігі


Дипломдық жұмыстың ғылыми болжамы



бет2/11
Дата22.02.2024
өлшемі260.77 Kb.
#492911
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Акбаркызы ДИПЛОМ

Дипломдық жұмыстың ғылыми болжамы: Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқыту оқушының басқа тілді үйренуге деген ынтасын арттырады. Оқудың алғашқы кезінде оқушының тілдік материалдарды жеңіл меңгеріп кетуіне көмектеседі. Бұл оқушылардың ойлау аясын кеңейтуге, ағылшын тіліндегі түрлі ақпарат көздеріне қол жеткізуіне және педагогика арсеналында оқыту технологияларының артуына мүмкіндік береді.
Диплом жұмысының нысаны: бастауыш сынып оқушыларының ағылшын тілін ерте жастан жетік меңгеруінің жолдары болып табылады.
Диплом жұмысының пәні: балаларды ерте жастан ағылшын тіліне оқыту әдістемесі.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: оқушылaрдың шет тілін оқуғa деген тұрaқты қызығушылықтарын қaлыптaстыру, осының негізінде балaның интелектуалдық дaмуына жaғдай жaсау.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:

  • Дипломдық жұмыстың тақырыбына сай шет тілін оқытудың ерекшеліктерін зерттеу;

  • Орта мектептерде ағылшын тілін оқытудың әр түрлі әдістерін анықтау;

  • Бастауыш сынып оқушыларының ағылшын сабағында көрнекіліктер мен оқу-сөздік жағдаяттарды қолдануына анализ жасау;

  • Оқушылардың алған теориялық білімін практикалық жұмыспен ұштастыра білуді меңгерту;

Дипломдық жұмыстың әдістері: Ағылшын тілі әдістемелік нұсқаулықтарды зерттеу, бақылау, әдебиеттерді зерттеу, педагогикалық-психологиялық тәжірибе бойынша жұмыс жасау.
Дипломдық жұмыстың теориялық құндылығы: балаларды ерте жастан орта мектептерде көрнекілік құралдарын, оқу-сөздік жағдаяттарын пайдалана отырып, шет тілін оқытуды ұйымдастырудың теориялық негіздері қарастырылады, бұл шет тілін оқыту теориясына белгілі бір үлес қосады. Тыңдауға, жазуға, оқуға, естуге үйрететін жаттығуларды шетел тілін меңгеру барысында әр түрлі әдіст-тәсілдерді қолдану әдістемесінің теориялық негіздері қарастырылған. Белсенді шығармашылық қызметке тарту арқылы көрнекілік құралдарын пайдалана отырып, олардың өзге тілде сөйлеу қызметін меңгеру барысында оқу және шығармашылық қызметін жетілдіру жолдары белгіленіп отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет