Дипломдық жұмыстың өзектілігі



бет10/11
Дата22.02.2024
өлшемі260.77 Kb.
#492911
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Акбаркызы ДИПЛОМ

Қорытынды
Дипломдық жұмысымда орта мектепте ерте жастан ағылшын тілін оқытудың ерекшеліктері мен оны ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін, соның ішінде оқу-сөздік жағдаяттарын, көрнекілік құралдар, ойын, өлеңді пайдалану аясында зерттеу әрекеті қамтылып өтілді. Ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап оқытудың алатын орны, бүгінгі таңда оқытудың педагогика арсеналында бар әр түрлі әдістемелер мен технологияларға сипаттама берілді.
Шетел тілі қазіргі заман талабына сай көптеген мектептерде 1-сыныптан бастап жүргізілуде. Бұл оқушы бойында ертеден бастап ұлтаралық, мәдениетаралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына ықпал етеді. Шетел тілін бастауыш мектептен бастап оқытудың артықшылығы әрбір баланың психологиялық ойлауына, шет тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, сонан соң негізгі мектепте білімін берік нығайтып, білім сапасын арттырып, шетел тілінде қарым-қатынасқа түсіп ерте мәдениетаралық коммуникацияға мүмкіндік береді. Бұл жерде мәдениетаралық коммуникация ұлттар мен мәдениеттер арасындағы өзара байланысты балаларға ерте жастан түсіндіру ретінде қарастырылады.
Өз ана тілін әлі толық меңгермеген балаға шетел тілін үйрету оңайға соқпасы анық. Бұл кезде мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Сол үшін бастауыш сыныптарда-ақ оқушыларды түрлі тәсілдермен білім алуға үйрету керек.
Сонымен, шетел тілдерін оқытуда екі халықтың мәдениеті мен олардың тілдерінің ерекшеліктерін ескеру аса қажет. Шетел тілдерін оқыту мәселелерін қарастырғанда ең алдымен ана тілінің алар орны туралы мәселе сөз болады. Бұл жайында ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Оның бірі – шетел тілін оқытуда тек ана тіліне сүйене, ана тілімен салыстыра отырып оқыту қажет деп санаса, екіншісі – шетел тілі сабағын ана тілінің көмегінсіз тікелей меңгерту керек деп есептейді.
Ғалым Л. В. Ляховицский: «Шетел тілін меңгеруде ана тілінің ерекшеліктерін ескеру, үйренуші үшін жаңа тілде кездесетін қиындықтарды түсінуде өте қажет. Тек қана ана тіліне сүйене отырып, кездесетін осындай қиындықтарды жоюға болады. Шетел тілінде жаттығулар жасау арқылы сабақта ана тілін қолданбауға болады, бірақ ана тілі оқушылардың санасында сақталады. Ал егер сабақта ана тілінің ерекшеліктеріне көңіл бөлмесе, оқушылардың шетел тілін меңгеруіне кей жағдайда зиян келуі мүмкін.
Яғни, сабақ тек шет тілінде ғана болса, оқушылар үшін түсініксіз тілдік материалдардың саны көбейе түсіп, ол оқушының шетел тілін меңгеруіне қызығуын төмендетеді», - дейді. Ғалымның пікірін негізге ала отырып, ағылшын тілін оқытуда ана тілінің ролі жоғары, сондықтан ағылшын тілін қазақ тілімен салыстыра отырып оқыту жөн деп санаймыз.
Балаларды ерте жастан оқытуды бастағанда барлық әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, олардың қызығушылықтарын арттыру қажет. Балалардан жақсы нәтиже алу үшін дипломдық жұмыста біз әр түрлі идеялар мен формаларды қарастырдық. Соның ішінде ең маңыздысы көрнекілік құралдарын сабақ барысында колдану.
Ағылшын тілі сабағында көрнекіліктің тиімділігі мен орнын талдай отырып, біз шет тілдерін оқытуда ерекше рөл атқаратыны туралы қорытынды жасай аламыз. Сонымен қатар, көрнекілік оқушылардың психикалық белсенділігін жұмылдырады, ағылшын тіліне қызығушылық тудырады, меңгерілетін материалдың көлемін кеңейтеді, шаршауды төмендетеді, шығармашылық қиялды жаттықтырады, еркін жұмылдырады, ағылшын тілін үйренудің барлық процесін жеңілдетеді.
Ағылшын тілі сабақтарында бастауыш сынып балаларының қызығушылығы төмендеп кетпес үшін, тәжірибе барысында ойын түрлерінде пайдалану керек екендігін анықтадық. Ойын – лексикалық және грамматикалық материалды белсендіру, барлық қызмет түрлерінің дағдылары мен іскерліктерін дамыту құралы болып табылады. Ойын арқылы баланың сөйлеу қасиеті жақсы дамиды, лексикалық және грамматикалық материал белсендіріледі,тыңдау, ауызша сөйлеу дағдылары дамытылады. Сонымен қатар ойын барысында баланың шығармашылық ойлау қабілеті дамиды. Ойын барысында балада шешім қабылдау керек болады: не істеу керек, не айту керек, қалай жеңуге болады деген сұрақтар кездесуі мүмкін. Оқу ойындары шет тілін қызықты және көңілді үйренуге көмектеседі
Ағылшын тілін ерте жастан оқытуға байланысты зерттеулердің өзектілігі баланың тілдік кедергіні мүмкіндігінше ерте жеңуге және оған шет тіліне деген қызығушылығын арттыруға көмектесу болып табылады, өйткені, егер кейінірек бала шет тілін үйренуді бастаса, сол кезде оқыту процесі қиын болуы мүмкін, бірақ бұны ғалымдар бұл дәлелді әрбір баланың жеке қабілеттері тұрғысынан қарастыру қажет деп ойлайды.
Оқушының танымдық түсінігің жетілуі тілді меңгеруіне байланысты, ал оның нәтижелі болуы оқытудағы таңдалған әдісіне тәуелді. Сол себептен дипломдық жұмысымыздың екінші тарауында әдіс-тәсілдерді зерттеп жаздық. Сөздіктер шет тілін үйренушілерге арналған бай ақпарат көзі болып табылады. Олар жаңа сөздердің мағынасын, олардың грамматикалық ерекшеліктері мен оларды қолдану ерекшеліктерін терең түсінуге, сондай-ақ оқушылардың сөздік қорын кеңейтуге және олардың тілін байытуға көмектеседі.
Дипломдық жұмыста бастауыш мектепте ағылшын тілі лексикасын оқытудың ерекшеліктеріне тоқталып өттік. Лексика-сөздердің жиынтығы (белгілі бір тілдің сөздік қоры). Адам өз сөйлеу тәжірибесінде, ауызша және жазбаша түрде қолданатын сөздер оның белсенді сөздік қорын құрайды.
Лексиканы оқыту ағылшын тілін меңгерудің бастапқы кезеңінде ең негізгі орын алатынын ескере отырып, мұғалімдер өздерінің еңбектерінде лексикалық әдісті белсенді қолдану тиіс. Балаларды дұрыс айту және дұрыс қолдана білуге арналған жаттығулары шаршатпауы үшін және де сабақтың көңілді әрі қызықты өтуі үшін лексикалық жаттығулар ойын түрінде қолданылады
Оқушылармен бірге ұмытылған нәрселерді еске түсіру үшін жеке сөздіктерге ораламыз. Мысалы, кез келген зерттелген зат есім аламыз, ал оқушылар осы зат есімімен үйлескен сөздіктен сын есімдер немесе етістіктерді таңдайды. Тағы бір мысал: жад картасын құрастыру, онда оқушылар вокабулярдан сөздерді қолданып, зерделенген сөздер арасындағы схема-ассоциациялар құрайды.
Сөздіктермен жұмыс жасағанда әр түрлі ойын түрлерімен немесе жағдаяттар арқылы орындаймыз. Мысалы, сөздерге аударма жазу тапсырмасын кім жылдам орындайды ойыны деген сияқты.
Шет тілін оқыту әдістемесі саласындағы соңғы әзірлемелер оқушыларды әртүрлі тілдік дағдыларды дамытуға арналған тапсырмаларды орындау үшін қажетті стратегиялармен қамтамыз етуге баса назар аудардық. Мұндай стратегиялардың қатарына, әдетте, мұғалім немесе басқа да оқушылардың сөздің мәнін түсіндіру; мәтінде кездесетін жаңа сөздердің зерттеу барысында сюжеттік негізде ағылшын тілін бастапқы оқытуды ұйымдастыру мәселесін теориялық негіздеу және практикалық шешу әрекеті жасалды.
Әдебиеттерді талдау бастауыш оқытуды ұйымдастырудың теориялық моделін жасауға, көлемі жағынан үлкен түпнұсқалы әдеби туындыны бастауыш мектеп оқушыларын оқыту мазмұнына қосу мүмкіндігін негіздеуге, оқу материалын әдістемелік ұйымдастыру тәсілін анықтауға, әр түрлі әдістемелік ұғымдарға анықтама беруге, бастауыш мектеп оқушыларына арналған ағылшын тілі бойынша оқу құралдарындағы сюжеттік негізде оқыту мазмұнын ұйымдастырудың әдістемелік моделін іске асыруды талдауға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, дипломдық жұмыста ерте жастағы балаларға ағылшын тілін оқытудың түрлі формаларын және идеяларын пайдаланудың бүгінгі күнгі ерекшеліктері мен тәжірибе барысында көрнекілік құралдар, сөздік жағдаяттар және әр түрлі әдіс-тәсілдер қолдана отырып алынған нәтижелерге тоқталып өттік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет