Дипломдық жоба ауыз әдебиетінің ҰСАҚ Үлгілері арқылы бастауыш сынып оқушыларының рухани қҰндылықтарын қалыптастыру



бет7/17
Дата04.06.2023
өлшемі152 Kb.
#474672
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
усак улгилер сонгы

Зерттеу нысаны: бастауыш сынып оқушыларының рухани құндылықтарын қалыптастыру жолдары
Зерттеу пәні: ауыз әдебиетінің ұсақ үлгілері арқылы бастауыш сынып оқушыларын рухани құндылыққа тәрбиелеу процесі.
Зерттеудің мақсаты: ауыз әдебиетінің ұсақ үлгілері арқылы бастауыш сынып оқушыларын рухани құндылыққа тәрбиелеуді теориялық тұрғыда негіздеу және практика жүзінде әдістемесін жасау.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер, ауыз әдебиетінің ұсақ үлгілері педагогикалық процестің мазмұнында, формалары мен әдістерінде көpiнic тапса және оқу мен тәрбиенің бipeгeй жүйесінің өзегі болса; оқу мазмұнына қазақ шығармашылығын жыры оқу бағдарламасымен келісімділікте ендірілсе; рухани құндылық тәрбиесінің мазмұнында ауыз әдебиетінің ұсақ үлгілері туралы білім жан-жақты орын алса; оқушылардың сабақ және сабақтан тыс тәрбие әрекеттерінің бірлігі мен өзара байланысы қазақ халқының ауыз әдебиеті шығармашылығын меңгерту арқылы жүзеге асырылса, бұл бастауыш сынып оқушыларының рухани құндылық тәрбиесінің тиімді жетілуіне көмектеседі, өйткені ол қaзipгi әлеуметтік-педагогиканың талаптарына сәйкес келеді.
Зерттеу міндеттері:

  1. Ауыз әдебиетінің ұсақ үлгілері арқылы бастауыш сынып оқушыларын рухани құндылыққа тәрбиелеудің теориялық негіздерін жасау;

  2. Ауыз әдебиетінің ұсақ үлгілері арқылы бастауыш сынып оқушыларын рухани құндылыққа тәрбиелеудегі ерекшеліктерін анықтау;

3. Ауыз әдебиетінің ұсақ үлгілері арқылы бастауыш сынып оқушыларын рухани құндылыққа тәрбиелеудің әдістемесін жасау және оның тиімділігі тәжірибелік-эксперимент арқылы тексерістен өткізу.
Зерттеудің теориялық негіздері болып болмыстағы құбылыстардың жалпыламалық байланысы туралы, адам психикасын дербес дамыту туралы, ic-әрекеттің тұлғаны қалыптастырудағы жетекші ролі туралы диалектикалық ілімнің негізгі қағидалары; халықтың рухани-материалдық мәдениетті жасаудағы ролі туралы философиялық идеясы; Рухани құндылық тәрбиесінің философиялық-этикалық негіздері; жалпы психологиялық теорияның дамуы; тәрбиенің объектісі мен субъектісі ретіндегі тұлға туралы ілім, білім мен тәрбиені демократиазциялау және гуманизациялау идеялары, үкіметін жалпы білім беретін мектептердің жұмысын жетілдіру мәселесіне байланысты бір қаттар саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет