Дипломдық жоба ауыз әдебиетінің ҰСАҚ Үлгілері арқылы бастауыш сынып оқушыларының рухани қҰндылықтарын қалыптастыру



бет8/17
Дата04.06.2023
өлшемі152 Kb.
#474672
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
усак улгилер сонгы

Зерттеу әдістері. Зерттеу мәселелеріне қатысты фольклористикалық, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік еңбектерді зерделеу; оқу-тәрбие үрдісін бақылау; оқу бағдарламалары, оқулықтар мен әдістемелік еңбектерге талдау жасау; оқушылар арасында сауалнама жүргізу; эксперименттік тәжірибе нәтижелерін талдап қорыту.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- бастауыш сынып оқушыларын рухани құндылыққа тәрбиелеудің теориялық негіздері айқындалды.
- бастауыш сынып оқушыларын рухани құндылыққа тәрбиелеудегі қазақ халық ауыз әдебиеті шығармаларының тәлімдік мүмкіндіктері анықталды.
- бастауыш сынып оқушыларына қазақ халық ауыз әдебиеті шығармашылығы негізінде рухани құндылықтарын қалыптастырудың жүйесін тәрбие жұмыстарына ендіру жолдары тәжірибелік-эксперименттен өткізіліп, жұмыстың нәтижесі қорытындыланды.
Зерттеу жумысының базасы — Қызылорда қаласындағы Т.Жүргенов атындағы №136 орта мектебі.
Дипломдық жобаның құрылымы. Дипломдық жоба кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.



  1. АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ ҰСАҚ ҮЛГІЛЕРІ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Қазақ халық ауыз әдебиетін оқытудың теориялық негіздері

Фольклорлық шығармалардан халықтың дүниетанымы, өмірге көзқарасы көрінеді, халықтың ұғымы мен түсінігі байқалады. Бұны қалыптастыруға, әрине, жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сатысындағы ана тілі аясында мүмкіндік мол. Өйткені «Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында»: «Бастауыш мектептің өзінде баланың барлық танымдық және психологиялық мүмкіндіктерін жетілдіріп, адамның күнбе-күнгі өмірінде білім алудың қандай келешегі болатынына оның көзін жеткізу қажет. Бұл кезеңде гуманитарлық-эстетикалық бағыттағы пәндерді кеңінен енгізу керек, өйткені осы жастағы балалар әсершіл, әрі ұғымтал келеді. Бала бастауыш мектепті бітірген кезде төңірегіндегі оқиғалар жайындағы әсерін қисынды да жүйелі түрде баяндап, жанындағы адамдармен ешбір қиындықсыз, белсене қарым-қатынас жарауды үйренуге, алған білімін түйсініп, өмірде қолдана білуді талап ететін міндеттерді шешу дағдыларын толық игеруге тиіс», - деген талаптар қойылған [32].


Халық ауыз әдебиеті шығармашылығы халықтың ауызша шығарған, ауыз әдебиеті айту түрінде таратқан көркем шығармалары құрайды. Ауыз әдебиеті ғылыми термин ретінде «фольклор» деп аталады, мұны алғаш рет 1846 жылы ағылшын ғалымы Вильям Томс ұсынған. Халық фольклорының ішінде қазақ балалар фольклорының өзіндік орны мен маңызы зор. Фольклорлық туындылардың ішіндегі қазақ балалар фольклоры – тек балаларға ғана арналған халықтық шығармалар.
Қазақ әдебиеті энциклопедиясында: «Қазақ балалар фольклоры – ауыз әдебиетіндегі балалар тәрбиесіне арналған халықтық педагогиканың өмір тәжірибесінен алынған шығармалар жиынтығы. Қазақ балалар фольклоры балалардың психологиясына, олардың жас ерекшелігіне қарай қалыптасып, оларды Рухани құндылық, ізгілік қасиеттерге тәрбиелейтін ең сенімді құрал болып келді. Негізгі салалары – бесік жыры, жаңылтпаш, жұмбақ, өтірік өлең, мақал-мәтел, ертегі, аңыз-әңгіме, батырлық жырлар», - деген анықтама берілген [33,57]. Балалар фольклорына негізінен, үлкендердің балаларға арнап шығарған шығармалары, балаларға тән болып кеткен үлкендердің шығармалары және де балалардың өзінің шығармашылығынан туған халықтық шығармалар жатады. Мұндай шығармалардың басты ерекшелігінің өзі балалардың жас ерекшелігін есепке алуынан, баланың жан-дүниесін танытудан көрінеді.
Қазақ Совет энциклопедиясында: «...Ауыз әдебиеті шығармаларында халық өзінің өмірін, тұрмыс-тіршілігін, дүниетанымын, әлеуметтік-таптық көзқарасын, еңбек кәсібін, басынан кешірген тарихи жағдайларын, қуанышы мен күйінішін, арман-мүддесін, таптық-қоғамдық тілектерін т.б. бейнеленген. Ауыз әдебиетін тудырушы және оның иесі – халық...» делінсе [34,78], фольклортанушылардың зерттеулері бойынша да халық ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшеліктері бар екендігі дәлелденеді.
Бірінші ерекшелігі – халық ауыз әдебиеті шығармаларының белгілі авторының болмауы. Мұның себебін ауыз әдебиетін зерттеуші-ғалым М.Ғабдуллин былай түсіндіреді: «...ертегі, әңгіме жырлардың қайсысын болса да, әуел баста жеке авторлар шығарған. Бірақ ол кезде жазу-сызу өнері болмағандықтан, авторлардың өмірбаяны, аты-жөні сақталмаған. Ал, шығармалары ауызша айту ретімен тарап кеткен. Олардың авторлары халықтың өзі болған. Ауыз әдебиетін – халық әдебиеті деп танушылық, міне, осылай туған» [35].
Екінші ерекшелігі – ауыз әдебиеті шығармаларының көп нұсқалылығы. Бұған Алпамыс жырын, Қожанасыр әңгімелерін әр халықтың өз мұрасына балап, өзінше айтып келгендігі дәлел. Өйткені әр халықтың жадында бұларға қатысты сан түрлі нұсқадағы еңбектер сақталған.
Үшінші ерекшелігі – ауыз әдебиетінде қалыптасқан дағдылы сөздер мен сөйлемдер, сөз тіркестері, тұрақталған ұйқастардың жиі кездесетіндігі.
Төртінші ерекшелігі – ауыз әдебиеті шығармаларында өнердің бірқатар түрінің араласып келуі. Сол себепті халықтық шығармаларда сөз өнері, ән-күй, жыр, би, сахналау т.б. көркем өнер түрлері өзара ұштасып, кірігіп жатады. Небір дүлдүл жыршы-жырау, ертекшілердің бір басынан өнердің барша түрі табылып, олардың есте сақтау, шебер орындаушылық қабілеттілігі арқасында халықтық шығармалар ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырған.
Халық ауыз әдебиеті шығармаларын іздеп, жинап зерттеуге В.В.Радлов, Н.Березин, А.Алекторов, Г.Н.Потанин, П.М.Мелиоранский, Ш.Уәлиханов, Ә.Диваев, Ы.Алтынсарин, Ж.Көпеев, М.Қалтаев, т.б. үлкен үлес қосты.
М.Жұмабаев: «Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр», - деп қазақ сөз өнерінің туындылары туралы дәл пайымдаған [36]. Ал А.Байтұрсынов: «Адамға тіл, құлақ, қол қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетін білім де сондай керек», - деп көрсеткен [37,96].
Фольклорист-ғалым М.Ғабдуллин «Қазақ халқының ерте заманда жасаған мәдени мұрасының бір түрі – халықтың ауыз әдебиеті», - деп айтқан [38,67]. Қай халық болмасын ауыз әдебиетінде ең алғаш пайда болған шығармаларын балаларға арнаған. Қазақ балалар әдебиетін зерттеуші ғалым Ш.Ахметов: «Балалар ауыз әдебиетін жасаған – халық. Адамға баласынан жақын, баласынан артық еш нәрсе жоқ. Халық еш нәрсені де өзінің баласынан жоғары бағалаған емес. Сондықтан халық ең алғаш өзінің жақсы ойын, жақсы қиялын өлең етіп, ән етіп тұңғыш рет баласына арнаған. Жас нәрестенің дүниеге келуін қуаныш еткен. Баланы жұбату, ойнату, тәрбиелеу, оның алдына неше алуан тілек, мақсаттар қою өлеңмен, жырмен, көркем сөзбен айтылған» - деп, баланы өз өмірінің жалғасы ретінде ұққан қазақ халқы да асыл мұрасын әрқашан балаға арнаудан, айтып-дәріптеуден жалықпағандығын айтады [39].
Ш.Ахметов балалар фольклорын бірнеше сатыға бөліп көрсете отырып, «Балалар фольклоры тек балалардың психологиясымен, олардың жас ерекшелігімен санасудан туған және оларды тәрбиелеу ісінен шыққан игілік», -деп орынды баға берген [40].
Әсіресе, түркі халықтарының фольклорын жинап-зерттеуге, жариялауға айырықша еңбек сіңірген академик В.В.Радлов өзінің «Образцы народной литературы тюрксих племен» атты еңбегінің 3-томын қазақ фольклорының үлгілеріне арнаған. Зерттеуші өзінің осы еңбегін былайша түсіндіреді: «Қазақ тілінің мұндай тазалығы мен қолтумалығы, сондай-ақ, оның кең таралғандығы бұл бөлім бойынша мүмкіндігінше толық материал жинап, әдебиет үлгілерінің бүкіл бір томын арнауға мәжбүр етті. Мені бұған итермелеген тағы бір жай қазақтардың басқа тайпаластарынан суырып салуға ұста, тамаша шешендігімен ерекшеленетіндігі болды» [41,86]. В.В.Радловтың бұл еңбегіне фольклорист-ғалымдар Б.Уахатов, С.Қасқабасов, К.Матыжановтар: «В.В.Радловтың осы кітапқа негіз болып отырған айтулы еңбегі – тек көлемі жағынан ғана емес, ғылыми мәнділігі тұрғысынан да қазақ фольклорына арналған ең алғашқы толыққанды жинақ. Біріншіден, бұл қазақ ауыз әдебиетінің барлық дерлік жанрын толығырақ қамтыса, екіншіден, жинақта халық тілінің ерекшелігі толық сақталған. Аталған басылымның тағы бір құнды жағы қазақ фольклорын жанрларға бөліп орналастыруында», - деп баға береді [42,65] .
Халқымыздың ұлы тұлғалары Шоқан, Абайлардың балалық шақтарында халық ауыз әдебиетімен сусындап өскендері мәлім. Осы ұлы адамдардың сана сезімінің, арман-қиялының ерте оянуына ауыз әдебиеті түрткі болғаны анық.
Шоқан туралы еңбекте былай дейді: «Жасөспірім Шоқанның өз құралпастарына қарағанда сана-сезімінің ерте оянып, рухани әлемінің асқақ болып қалыптасуына айтулы ықпал еткендердің бірі – Айғаным. Ә.Марғұланның Айғанымды Шоқан үшін «халық даналығының сарқылмас бұлағы,» - деуі сондықтан [43,54].
Ал М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясында Абайдың Зере әжесінің әңгімелерін тыңдағысы келгенде; «Е-е, бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыдан кім өткен?» - деп, тағы да әңгіме тілегенін білдіруші еді. Әжесі әуелде көп-көп ертектер айтқан. «Еділ-Жайық», «Жұпар қорығы», «Қара мерген» – бәрі де айтылды. Оның әңгімелерін түсте де, кешке де, тіпті, көш бойы да Абай айтқыза беретін болды», - деп жазады [12]. Шоқан мен Абайдың ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншілігін оятқан Айғаным, Зере әжелерімен қатар, сол кездердегі Арыстан, Барлас сынды ақын-жыршылардың да әсері болды.
Қазақ халқының ойшыл ғалымы Ш.Уәлиханов ғылыми ізденісін осы ауыз әдебиеті ескерткіштерін жинап, қағазға түсіру жұмысынан бастаған. Атап айтқанда, бұл салада «Қозы-Көрпеш–Баян сұлу» жыры, «Едіге» жырының нұсқалары, «Шамандықтың қазақтардағы қалдығы», «XVIII ғасыр шығармашылығыны туралы аңыз-әңгімелер» және т.б. еңбектері бар.
Орта Азия мен Қазақстан халықтарының фольклорын зерттеуде Ә.Диваевтың еңбегін ерекше атауға болады. Ә.Диваев қазақтың «Қырық өтірік», «Тазша бала», «Алдар көсе», «Жиренше шешен» тәрізді ертегілері мен аңыз-әңімелерін жинап жариялады. «Балаларға тарту» деген еңбегінде бесік жыры, тақпақтар, ойындар, өтірік өлеңдер, төрт түлік туралы жырлар т.б. ауыз әдебиеті үлгілері көрініс тапты. «Ә.Диваев ауыз әдебиетінің үлкенді-кішілі қай жанрын болмасын, жинап алысымен ретке келтіріп, орысшаға аударып, түсініктемелерін жазып, жариялатуға асыққан. Және қай жанрды жинамасын, қазақтың тұрмыс халінен, әдет-салтынан, тарихы мен күнкөріс кәсібінен мағлұмат берердей үлгілерін баспа бетіне ұсынуды әдетке айналдырған [44].
Әрі ақын, әрі ғалым М.Ж.Көпеевтің қазақ фольклорын жинау, жүйелеу жөніндегі еңбегі ерекше. М.Ж.Көпеевтің ел аузынан жинаған «Мес» атты қолжазба мұралары «Тұрмыс салт жырлары», «Аңыздар», «Ақын-жыраулар туралы», «Айтыстар», «Ертегілер», «Шығармашылығын жыры туралы» деп топтарға бөліп шығарған ғалым С.Дәуітов «Мәшһүр Жүсіп Көпеев есімінің ел ішінде аңызға айналауына ақындығы ғана емес, халық ауыз әдебиетінің үлкен жанашыры болғандығы да себеп болса керек» - дейді [45,32].
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев халық ауыз әдебиетінен нәр алып, шығармашылық еңбегіне арқау еткен. «Абай» энциклопедиясында Абайдың баласы Тұрағұл әкесінің халық ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншілігі жайлы былай деген: «Түн болғанда әмсе біреуге ертегі айтқызып, иә өзі айтып отырғыш әдеті бар еді. Біреуге айтқызғанда бұрын есітпеген кісіше ынтасын сала тыңдап, әбден айтып болған соң айтушының адасқаны болса айтып береді. Қазақ ертегісінде есітпеген, білмеген ертегісі кем шығар, қазақтың ертегісінен бұрын қай жерлерде жүргені, көршілесі, күндес елдері кім екені, қаракеті не екенін, елдің арманы, білімнің қандайлық кезінде шығарғандығы көрінеді деуші еді» [12]. Абайдың мақал-мәтелдер мен нақыл сөздердің мән-мағынасын асқан шеберлікпен көрсете білгендігін «Қара сөздерінен» көруге болады. Ол өзінің «Жиырма тоғызыншы» сөзінде: «Қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар», - дей келіп, «Жарлы болсаң, арлы болма» дейді. Ардан кеткен соң, тірі болып жүргені құрысын. «Қалауын тапса, қар жанады», «Сұрауын тапса, адам баласының бермесі жоқ» деген ең барып тұрған құдай ұрған сөз осы. Сұрауын табамын, қалауын табамын деп қорлықпенен өмір өткізгенше малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой. «Ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың қылығы емес пе? Осындай білместікпен айтылған сөздеріне бек сақ болу керек», - деп ескертеді [46 126-127]. Бұл қағида бүгін өзектілігін жоғалтқан жоқ. Өйткені бастауыш сынып оқушыларына ұсынатын мақалдарды іріктеудің бір критерийі етіп, Абай тұжырымын алуымыз қажет деп есептейміз.
Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отырған халық ауыз әдебиетінің дүниетанымды кеңейту, ақыл-ойды өсіру, тіл дамыту, тәлім-тәрбие беру жолында қашан да таптырмас әрі өміршең құрал болғандығы сан ғасырлар бойы дәлелденіп келеді.
Қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерінің балаға тигізер әсерін, үлгі-өнегесі мен тәлім-тәрбиесін ғылыми тұрғыдан жан-жақты қарастырған бірден-бір зерттеуші ғалымның бірі – Ш.Ахметов. Ол қазақ халық ауыз әдебиетінің мән-мағынасын ашып, әрбір жанрға жеке-жеке тоқтала отырып, әрқайсысына анықтама беріп, өзіндік ерекшеліктерін сипаттап, баланың ақыл-ойын, қиялын, танымын, тілін дамытуда атқаратын қызметін дәлелді түрде көрсетіп берді.
Ш.Ахметов «Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі» атты еңбегінде: «Балалар әдебиетінің негізі ауыз әдебиетінде. Сондықтан балалар әдебиетін зерттегенде, халық ауыз әдебиетін аттап өтуге болмайды. Өйткені халық ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің алтын қоры, алтын бесігі», - деп айтқан [12].Ғалым балалар фольклорын мынадай кезеңдерге бөліп, түсіндірген: «Балалар фольклорындағы бірінші сатысы және ең бастысы бесік жырымен ашылады; балалар фольклорының екінші сатысы «Тұсау кесу» жырымен басталады; үшінші кезеңі балдырғандарды айналадағы өмірмен, жәндіктер тіршілігімен жөне өздеріне ең жақын мал шаруашылығымен таныстыруға бағытталады; төртінші кезеңі балдырғандарды енді жыл мезгілдерімен, соған байланысты өзін қоршаған ортамен таныстыруға бет бұрады; бесінші кезеңінде ойын-сауық көркіне байланыстыра отырып, балаларды дұрыс та анық сөйлеуге жаттықтыру үшін жаңылтпашты қолданады; алтыншы кезеңінде балалардың ақыл-ойын дамыту үшін жұмбақ жанрын пайдаланады» [47].
Ш.Ахметов үлкендер тарапынан балалардың дүниетанымын қалыптастыру, тіршілік қалпын таныстыру, тәлім-тәрбие беру, ақыл-ойын өсіру, тілін ұстарту «Ана сүті – бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді» - деген халық қағидасына сүйене отырып, кезеңдерге бөлген. Осы еңбекте халық өлеңдері, жаңылтпаш, өтірік өлеңдер, мақал-мәтел, жұмбақ, ертегілердің маңызы туралы жазған. Ғалым «Қазақ балалар әдебиеті» атты еңбегінде балалар ауыз әдебиетіндегі эстетикалық идеалға, оның ішінде бесік жыры, тұсау кесу жырындағы эстетикаға айырықша тоқталған. Сонымен қатар төрт түлік мал туралы өлеңдердегі халық даналығын, жаңылтпаш, мақал-мәтел, жұмбақ, ертегілердің тәрбиелік мәнін ашып берген.
Халықтық мұраларды жинап, зерттеуші ғалым Б.Адамбаев «Ауыз әдебиеті – халық оқулығы» - деп айтқан. Ғалым қазақ мақал-мәтелдері мен шешендік өнерінің қалыптасып, дамуына арналған еңбегінде «Ауыз әдебиетінде мақал-мәтелдің араласпайтын жанры жоқ. Ертегі, аңыз, әңгіме, дастан-жыр, халық өлеңдерінде, тіпті жұмбақтар мен тақпақтарда да сөзді әрлеу үшін мақал-мәтелдер дәлел, айшық ретінде қолданылады,» - деген [48]. Ғалымның осы айтқаны ауыз әдебиеті үлгілерін кешенді түрде ұсынуға болатынын дәлелдей түседі.
Ғалым: «Ең әуелі ата-аналар мен семья ересектері мектеппен тығыз байланыс жасай отырып, үй ішінде халықтық педагогиканы дамытып, баланың өзіне шығармашылығын жырын оқытып, пікірлесіп, аңыз әңгімелерден үзінділер айтқызып, жаңылтпаштар айтысып, ой-өрісін кеңейтіп, тілін ширатып, жұмбақ айтысып, жұмбақты көп айта алғанға ұпай жинатып, не сыйлық ұсынып, санамақтар айтып, оны шешуден мүдірмеген баланы мадақтап, мақал-мәтел жаттаудан озған балаға құрмет көрсетіп, шешендік сөздерді жаттатып, ұлттық дәстүрлерді талап ете білу керек», - дейді [49,76].
Ғалым Н.Оршыбековтың «Қазақ ауыз әдебиетіндегі Рухани құндылық тәрбиесінің идеялары» деген ғылыми-зерттеу еңбегінде «Рухани құндылық қасиеттің өзекті мәселелері ар-намыс, адалдық, әділдік және азаматтық борыш, достық сияқты түрлеріне баулудың әдіс-тәсілдеріне мән бере отырып, халықтық педагогиканы ізгілік тәрбиесінің құралы ету» дейді [50].
Ғалым С.Қалиев өзінің «Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі» атты еңбегінде «Рухани құндылық қасиеттерді бала бойына кішкентайынан дарытуда оларды ізгілікке, қайырылымдылыққа, адалдыққа тәрбиелеуде ертегі, мақал-мәтелдер, аңыз әңгіме, жұмбақ, жаңылтпаштардың тәлімдік мәні аса зор. Ауыз әдебиетінің асыл үлгілерімен әлдилеп, аялап өсіріп, ел қорғайтын азамат етіп шыңдап шығаруда ұлттық құндылықті тәрбиенің асыл арқауы ету бүгінгі күннің басты міндеті» - дейді [51].
Халық ертегілері мен аңыз-әңгімелерінде, мақал-мәтелдер мен жұмбақтарда, шығармашылығын жыры мен тұрмыс-салт, лиро-эпостық жырларда жауыздық атаулыны айыптап, оған қарсы әділдікті адам баласына жақсылық, қайырымдылық жасаушыларды дәріптеп келді. Халыққа қызмет етуші, жауыздықпен күресуші, әділдікті жақтаушы халық шығармашылығыны халықтық шығармалардың сүйікті кейіпкерлері ретінде суреттеледі. Ол әсіресе қиял-ғажайып ертегілері мен мысал өлеңдерде ерекше байқалады. Мысалы, Ер Төстіктегі мыстанды жауыздықтың иесі етіп көрсету арқылы жетпіс жеті айлалы мыстанды Ер Төстік батырлығымен, алғырлығымен жеңіп шығады. Немесе «Алтын сақа» ертегісіндегі жалмауыздан баланы құтқарып әкеткен тұлпардың жүйріктік қасиеті дәріптеледі. Сондай-ақ «Жақсылық пен жамандық» атты ертегіде жамандық пен жақсылықтың өмірде егіз екені, жамандыққа жамандық жасау әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық жасау ер кісінің ісі дегенді дәріптейді. Біреуге жауыздық жасаушының жолы болмайды. Ол бәрібір бір тұтылады. Ал адалдықты, әділдікті құптаушы бақытқа кенеледі, мақсатына жетеді деген идеяны қуаттайды. Тұрмыс-салт ертегілерінің бәрінде жауыздықты әділдік, зұлымдықты қайырымдылық, өзімшілдікті көпшілдік жеңіп отырады. Қоғамның дамуымен, экономиканың өркендеуімен байланысты адам санасы да біртіндеп өзгеріп, табиғаттың тылсым сырын біле бастады. Ғылым мен құндылықтің өсіп-өркендеуі адам санасында эволюциялық үлкен өзгеріс туғызды. Жаратылысты өзгертуші күш еңбек деген көзқарас берік орнады. Әлемдегі байлық тек адал еңбекпен орнайды. «Ғылым мен еңбек – бәрін де жеңбек» деген түсінік қалыптасты. Ата-бабамыздың саяси-әлеуметтік өмірі мен бастан кешкен тарихи жағдайлары тұрмыс-салт жырларында өзіндік із қалдырып отырған. Олардың қуанышы мен қайғысы, үміт арманы, сүйіспеншілігі, т.б. тұрмыс-салт жырларының өркендеуіне ықпал еткен. Сондықтан тұрмыс-салт жырларын қазақ халқының рухани байлығы мен халық даналығының қазынасы деп қарауға тура келеді. Тұрмыс-салт жырлары жанры жағынан да, түрі жағынан да аса бай мұра. Олар қазақи салтқа қатысты ұшан-теңіз өлең-жырларының бір бөлігі, отбасының айнымас серігі. Тұрмыс-салт жырларының алуан түрлі қасиеті оның көркемдік эстетикалық бітімінде ғана емес, халықтың тыныс-тіршілігімен, түсінігімен белгілі бір әдет-ғұрыпты атқару әрекетімен де етене жақын болуында.
Бұл жобада бастауыш сынып оқушыларын ауыз әдебиетінің ұсақ үлгілері негізінде рухани құндылықты қалыптастырудың Рухани құндылық тиімді әдіс-тәсілдері, пікірталас, сұрақ-жауап, лекция сабақ, әңгіме, т.б. түрлері кең қолданылды. Қазіргі кездегі оқу бағдарламаларына, оқулықтарға қарап тұрсақ, салт-дәстүр арқылы тәрбие беруге баса назар аударылып отырғанын байқаймыз. Адам бойындағы қасиеттерді психологтар сезім, сана, мінез-құлық, ес, дағды деп бөліп қарастырды. Рухани құндылықты қалыптастыру үрдісінде сана-сезімнің психологиялық мәні аса зор. Рухани құндылық нормаларының мазмұнын түсініп білу және оны күнделікті өмірде қоғамдық ортада қалыптастырып әдет, дағдыға айналдыру үшін оқушыны үнемі ізденіске түсіру, содан бойға жинақталған білім, білік, дағдыларды жаттықтырып қарым-қатынас арқылы мінез-құлықтың нормаларына айналдыру қажет. Ал ол өзінен-өзі туатын үрдіс емес. Ол үшін жеке тұлғаны тәрбиелеп, жетілдірудің психологиялық негіздерінің алғы шарттары мыналар :
– баланың бойында білімге деген құштарлықты туғызу;
– білімді меңгерту үшін ой мен сананы бағыттап басқаруды игерту;
– сананы сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсіру, ой-сананы сырттан берілетін басшылық бұйрыққа бағындыру. Яғни, ерікті тәрбиемен жетілдіру;
– ой-сана арқылы қабылданған білімді саралап талдауға, сөйтіп жақсы мен жаманды ажырата және бағалай білуге үйрету;
– оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу ісіне белсенді түрде қатынастыра отырып, оқу-іздену арқылы алған білім мен тәрбиені жаттықтыру, оны санада тұрақтандыру және мінез-құлық дағдысына айналдыру.
Тұрмыс-салт жырлары, айтыс өлеңдері, мақал мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштар сияқты халқымыздың асыл мұралары өз ұрпағын, елін жерін сүюге, адал еңбек етуге, қол өнері мен кәсіпті, білімді тіршіліктің тұтқасы ретінде пайдалануға, қайырымды, ізетті, кішіпейіл, адал, шыншыл болуға үндегені белгілі. Ауыз әдебиетінің тәлімдік мәні жөнінде В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, А.И.Герцен, Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, И.Г.Песталоцци, А.Дестерверг, К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, т.б. орыс пен батыстың ағартушы педагогтарының ұлағатты ой-толғаныстары бар. А.М.Горький ауыз әдебиетінің адам тәрбиесіндегі мәнін аша келіп, «Халықтың ауыз әдебиетін білмейінше, еңбекші халықтың нағыз тарихын білу мүмкін емес. Өткен заман тарихын неғұрлым жақсы білсек, қазіргі заман ісінің ұлы маңызын соғұрлым терең түсінетін боламыз» - деген болатын [52].
Қазақ ауыз әдебиетінің асыл үлгілері туралы көптеген құнды еңбектер жазған академик-жазушымыз М.Әуезов: «Біз ауыз әдебиетін зерттей отырып, халық санасындағы отаншылдық сезімді, халық ұғымындағы Рухани құндылық гуманизмді, халықтың қанатты үміті оптимизмді... сол халықтың өткендегі өмірін, аңсау арманын, әдет-ғұрпым, халықтың коллективтік тәрбиесінің жемісін көреміз» деп ауыз әдебиетінің тәрбиелік мәнін айқын ашып берген болатын. Сондай-ақ ғалым адамзат құндылықінің алтын қорына дүние жүзі халықтарының қосқан үлесін сөз ете келе, көшпелі қазақ елі аса бай өлең-жыр мұрасын қалдырды. Сондықтан қазақ даласын зерттеуші шетел ғалымдары «жыршы халық», «ақын халық» - деп текке айтпаған дейді [53].
Адамзатқа тән мейірім, Рухани құндылық сипаттары мен тәлімдік өнеге өрнектері сақталып, дамып, өркен жайып, белгілі деңгейде із соқпақтарын қалдырып отыратын заңды құбылыс. Ол жөнінде: Әбу-Насыр әл-Фараби бабамыз «Адамның бақытқа жетуі Рухани құндылықті сақтай білуімен сабақтас екендігін талдай келіп, феодалдық соғыстарға, қан төгістерге қарсы шығып, адамшылықты, адал еңбекті, адам құқығын қорғауды мейлінше жақтайды. Ол үшін елді бастайтын, басқаратын әкімдер, басшылар әділ, инабатты, мейірімді, білімді, жомарт, өнерлі болуы керек. Сонда оның көрегендігі мен өнегесі халыққа игі ықпал етеді, жұрт жақсылыққа еліктейді, білімділік пен Рухани құндылықті, терең сезінеді «сезім шапағатын тигізеді» - деп Рухани құндылықті ізгі жүректі имандылықты тәрбие арқылы адамның бойына дарытуды ұсынады [54].
Бұл пікірлер ұлы ақын Абайдың:
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызықтың бәрі өлеңмен
Ойласаңшы бос қақпай елең-селең – дегені өмірдің поэзиямен егіз екендігі жөніндегі, қуаныш пен қайғысы да өлең арқылы беріліп, өлеңнің тәлімдік мәнін ашып айтқан философиялық ой-түйінімен астарласып жатыр. Тәрбиенің алтын діңгегі саналған талаптылық, еңбек сүйгіштік, терең ойлылық, қанағатшылық, рақымшылдық сияқты игі Рухани құндылық қасиеттер Абай шығармаларының асыл арман арқауы болды. Ол қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін дәріптеу арқылы жастарды елді, жерді сүюге тәрбиелеуге, шынайы махаббат жолында жанын пида еткен жастарды үлгі-өнеге етуге шақырды. Абай ел дәстүрін дәріптеуде де өзіндік ой түйіндеген ойшыл .
Тұрмыс-салт жырларына байланысты зерттеу еңбектерінде ұлттық әдет-ғұрып, дәстүрлердің саяси әлеуметтік өмірдегі орны мен роліне, оның таптық сипатына, тәрбиелеудегі мәніне терең талдау жасаған. Әсіресе, профессор С.Қалиевтің «Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері» деген еңбегінде ұлттық психикалық құрылымның үш бөліктен тұратыны: олардың ұлттық сана-сезім, салт-дәстүр, ұлттық мінез болып бөлінетінін, осы үш бірлестіктің ұлттық мәдени ерекшеліктің шартты белгілері болып табылатыны айтылған [55].
Сонымен, қазақ халық ауыз әдебиетінің мәселелерін әр қырынан қарастырған ғылыми еңбектерге талдау жасай келгенде, бұл саладағы мәдени асыл мұраларымыздың ертеден-ақ отандық та, шетелдік те ғалымдардың назарына ілінгендігі байқалады. Ал алғашқы кезеңдегі зерттеулерде халық ауыз әдебиеті туралы тұжырымдар жинау, құрастыру, сипаттау бағытында болса, кейініректе олардың халық өміріндегі орны, тәрбие жүйесіндегі маңызы сөз болғанын көреміз. Кеңестік кезең саясаты тұсында да фольклортанушы ғалымдардың бұл жанрды тереңдей зерделуі жалғасын тауып отырған. Сондай-ақ олар қолда бар қазыналы мұралардың жанрлық, тағылымдық, тілдік мәселелерін жіктеп айтуға ұмтылған.
Біздің зерттеу жұмысымыздың бірінші міндетіне сәйкес халық ауыз әдебиеті үлгілерін бастауыш сатыда оқытудың теориялық негіздерін айқындау барысында фольклорист-ғалымдардың тұғырнамалық қағидалары сараланды деуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет