2.1 Кіші жастағы оқушылар ұжымын қалыптастырудың тиімді жолдары мен әдістері
Оқушылар ұжымы- бұл жалпы әлеуметтік маңызды мақсаттарымен, іс-әрекеттерімен, іс-әрекетті ұйымдастыруымен, жалпы міндеттерімен теңдік жағдайында ортақ мүдде бірлігі мен ұжымдасқан оқушылар тобын айтады. А.С. Макаренко ұжымның өмір сүру заңын былай түсіндіреді:
Қозғалыс- ұжымның өмір сүру түрі;
Тоқтау- оның жойылу түрі;
Ұжымның даму сатылары мен кезеңдері:
Бірінші деңгей– ұжымда педагог тәрбие жұмысының мақсаты ретінде көрінеді. Ұжым белсенділері анықталып, тәрбиеленушілер жалпы мақсатқа, іс-әрекетке және ұжымдық бірлікке келгенде бірінші кезең аяқталады.
Екінші деңгей - белсенділердің ықпалының арта түсуі, ұжым құрылымының тұрақтауы, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі ұйымдастыру, механизмдерінің іске қосылуын көрсетеді. Сондай-ақ ұжым өз мүшелерінен белгілі-бір қылықтар нормаларын талап ете бастайды, ол талаптар біртіндеп кеңейе береді.
Үшінші деңгей – ұжымның кемелденуі.
Алдыңғы даму сатыларында қол жеткен қасиеттер киелі тұлғалық ерекшеліктерді топтастырады: жолдастарына қарағанда өзіне жоғары талап қоюы, көзқарастарының, әдеттерінің, әрекет-қылықтарының тұрақтануы.
Ұжымның даму принципінің 4 түрі бар:
жариялылық принципі;
жауапкершілік, тәуелділік принципі;
болашақ мақсаттарға ұмтылу принципі;
қосарлы ықпал ету принципі.
А.С. Макаренко қалыптасқан ұжымның ерекше белгілерін көрсетті:
- үнемі сергектік, іс-әрекетке дайындық;
- өзіндік қадірін сөзіну;
- ұжым мүшелерінің достық бірлігі;
- әр мүшенің өз қауіпсіздігін сөзінуі;
- іс-қимыл, іс-әрекет белсенділігі;
- дер көзінде ұстамдылыққа әдеттенуі, көңіл шарпуларымен тілдесудегі өзіне шек қоя білуі[60].
Сынып ұжымын танып білу үшін анкетаны пайдалануға болады. Әдетте “мәлімет жинаушылар” ретінде сынып жетекшілер жүреді де, ал анкетаға жауап беретіндер, оқушылар , ата-аналар , пән мұғалімдері, класпен жұмыс істеушілер т.б болып келеді. Бұл байланыстың үлгісі мынадай болады: “ сынып жетекші-оқушылар”, “ сынып жетекші-ата-аналар”, “ сынып жетекші - пән мұғалімдері”. Бұлардың нақтылы өзара қарым-қатынасын анықтау, анкетаның мақсаты мен сәйкес келуі тиіс. Анкетаның нақтылығы- қойылған сұрақтарға қайтарылатын жауаптың дәлдігінде және оның себеп-салдарын айқын көрсетуінде.Анкетаға сенім қалыптасып тиімділігі арту үшін анкета сұрақтары бойынша алынған пікірлер мектептің күнделікті жұмысында асырылуы тиіс. Анкета оқушылар еш нәрсеге алаң болмай, үйреншікті қалыпты жағдайда жүргенде алынады.
Анкеталық зерттеу жұмысының маңызды кезеңі- алынған жауаптарға талдау жасау. Педагогикалық зерттеудің осы әдісі бойынша бірнеше маңызды мәселелер анықталды.
Әрбір сұраққа нақтылы санақ жүргізіледі.
Нақтылы жауаптар іріктеліп алынады.
Дәлелді жазылуына қарай таңдап алынған жауаптардың саны алынады.
Алынған жауаптарға талдау бұрынғы анкета жауаптарымен салыстыра жасалады.
Анкета арқылы алынған мағлұматтар осы тақырып бойынша өткізілген бақылау, әңгімелесу, педагогикалық эксперимент қортындыларымен толықтырылады.
Ең соңғы түйін жасалады.
Зерттелген тақырып бойынша алда жүргізілетін тәрбие жұмыстары анкета қортындысындағы пікірлерді және ұсыныстарды есепке ала толықтырылады.
Әрбір мектептің өзіне тән тыныс тіршілігі, оқу –тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы ерекшілігі бар. Демек әрбір мектептің педагогикалық ұжымы оқушылардың оқуға ынтасының не себепті төмендейтінінің себебін ашуы тиіс. Осы орайда мынандай сұрақ туады. “Оқушылардың мектепке, оқуға, кластан тыс жұмыстарға ынтасы қай уақытта, қай кластан бастап күрт төмендейді?”
Оқушылар ынтасының төмендеуі, негізінен, сынып жетекшілерге, мұғалімдерге байланысты. Бұдан басқа да себептері болуы мүмкін. Мектеп ішіндегі бақылау процесінде мектеп әкімшілігінің, мектептің методикалық әрбір сынып жетекші, әрбір мұғалім туралы қалыптасқан пікірі болады. Ал оқушылардың пікірі, көбіне белгісіз қалады немесе оған мүлдем көңіл аударылмайды, сүйтіп нағыз керекті мәселе, яғни мұғалімдер мен оқушылар қарым-қатынасы туралы шәкірттер пікірі назардан тыс қалады. Оқушылардың сынып жетекшілер, пән мұғалімдері жайындағы пікірін білу үшін анкеталық зерттеу жұмыстарын ұйымдастырдық.
Анкета сұрақтар:
Мектепке бару саған ұнай ма? Неге?
Мектеп өмірінде саған не ұнайды?
Пән сабақтары ішінде саған қайсысы саған көбірек ұнайды? Неліктен?
Мектеп өмірі қызықты болу үшін сенің ойыңша не істеуге болады?
Сыныпта өткізілетін жұмыстардың қайсысы есте қалады?(есте қалғанын атау керек, ал ешқайсысы есте қалмаса оны да бүкпей жазған дұрыс)
Мектеп мұғалімдері ішінен өз сынып жетекшің ретінде кімді қалар едің?
сынып өмірі қызықты өту үшін сенің ойыңша не істеуге болады?
Анкета сұрақтарын 3 топқа бөлдік. Бірінші, екінші сұраққа берілген жауаптан біз оқушылардың мектепке ынтасының төмендегенін байқадық. (кең мағынада). Үшінші, төртінші сұраққа жауап бойынша оқушылардың мектепке ынтасының кемуіне жекелеген мұғалімдердің әсері болатындығы дәлелденді.
Ұжымдыққа баулу көп дәрежеде жанұяның, мектептің, жұртшылықтың және еңбек ұжымдарының күш-жігері мен бірауыздылығына және оқушыларға қоятын талабының бірыңғайлығына байланысты. Бұдан туатын мәселе: шәкіртті ұжымдық рухында тәрбиелеу-мектеп пен жанұяның маңызды ісі. Ең алдымен достық қарым-қатынастарындағы өзара сыйластықта жан-жақьы біліп алған орынды. Бір-бірімен қалай сөйлесетіндігіне назар аудару арқылы да олардың сыйластығына көз жеткізуге болады.ұжымдық сөзімді қалыптастырудабалалардың өзара қатынасы мен мінөзін толық аңғарған пайдалы. Кейде олар өрескел әдеттерін жасырып, мүлдем айтпауға тырысады, бірін-бірі қорғап жақтайды. Бұл әдет мүлдем дұрыс емес. Оның ақыры неге апаратынына мән бермейді. Балаларды қоғамшыл рухқа бағыттау үшін ең алдымен өз жанұясындағы жасы үлкендерді құрметтеуге баулыған абзал. Жастық шақтағы әртүрлі жайттарға ата-аналар араласқаны оңды. Балаға ара тұрудың да жөні бар. Ең алдымен шындықты , айтылған өтірікті жарыққа шығару, мойындату керек. Онсыз балалардың арасына кірісемін деп қолайсыз жайтқа душар болу ғажап емес. Баланың қандай да болсын әрекетін жасырып қалу, оны дер көзінде талқыға салмау, өкінішке қалдырады, ұжымдыққа баулуға тиімсіз әсер етеді. Сол сияқты ата-анаәрқашан тек өз баласын жақтап, ұжым пікірімен санаспаса ұстаздар қызметін ауырлатқаны. Осындай “қорғаныс” тапқан бала өз достары туралы үнемі шағым жасауға дағдаыланады, ұжымдағы кінәсі жоқ балаларды жазғырады. Кей сәттерде ата-аналар балаларының жолдастарымен қарым-қатынастарына мән бермейтіні бар. Бұл мінез құлықтың кейбір босаң жақтарына оңды әсер етпейді. Баланы дұрыс жолға бастамайтын әдет еркелік, тілазарлық. Балалардың мұндай мінездерін табандылықпен түземейінше іс оңға баспайды. Тәрбие жұмысы дұрыс жолға қойылмаған жанұяда “қиын” оқушылар болады. Оларды жөнге салуға ынталы ата-аналар сынып жетекшімен жиі қатынаста болса, жағдайлары жақсарады. В.А Сухомлинскийдің сөзіне жүгінсек жанұяның басты мәні де , мақсаты да-балаларды тәрбиелеу, ұжымшыл бауыр етіп шығару. Бұл орайда жасы үлкендер кішілерге әрқашан өнеге көрсеткені абзал. Ал дайын асқа әзір тұратын балалардың өзіне қызмет көрсете алмайтынын ұжым қоғамға пайдалы іске ынтықтар жақсы біледі. Ондайларды ұжымдыққа , еңбек сүйгіштікке, тәртіпті болуға баулу-қоғам алдындағы жауапкершілігімізді күшейтуді талап етеді[61,86].
Педагогикалық жұмыста мақсатты тәрбие ісі мұғалімнің тәрбиелік қызметі арқылы іске асады. Педагог ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, мұғалім мәдениеті мен шеберлігін, интелектуалдығын төмендегі бөліктермен анықтауға болады:
Мұғалімнің сыртқы келбет мәдениеті.
мұғалімнің өзін-өзі басқару шеберлігі.
Мұғалімнің мимика мен пантомима ишараларының мәнерлі негіздері.
Мұғалімнің мәдениеті, әдебі,ғ сөйлеу шеберлігі, шешендік қасиеті, демалу, дауыс дикциясы, интонациясы.
Балаларды оқыту мен тәрбиелеу жалпы әдеп атаулыны педагогикаға біріктіріп пайдаланудың өзі педагогтық әдеп болып табылады. Әдепті мұғалім ересектерден гөрі сақ және ықыласпен сөйлеседі.Педагогтың әдебі-ілтипаттылық, сенім білдірушілік, әділдік, төзім мен сабыр сақтау. т.б қасиеттерімен өлшенеді. Сондықтан да ұстаз ұрпақ тәрбиелеудегі қоғам сенген адам. Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин: “Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені жақсы мұғалім-мектепің жүрегі”,- деген. ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар:
біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет;
екіншіден, мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс;
үшіншіден, мұғалім білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге, оқушыны баулуға міндетті;
төртіншіден, мұғалім-педагогикалық үрдісте баламен ынтымақтаса қызмет ету керек;
бесіншіден, педагог әр уақытта өз білімін толықтырып, шығармашылығын арттырып отыруға міндетті немесе француз педагогі Жубер айтқандай “оқыту деген сөз екі есе оқу”
Ұстаздың кәсіби шеберлігін шыңдауға педоқулар, ғылыми-әдістемелік семинарлар, байқаулар, олимпиадалар, шығармашылық есеп, көрме, кештер, іскерлік ойындардың беретіні көп, бұл ұшқыр ойлы, жаны таза, қисынды ойлай білетін дара тұлғаларды тәрбиелеуде көмегін тигізу еді. Жас баланың мінез-құлқының дұрыс қалыптасып, таным түсінігінің кеңеюі осы алғашқы сынып жетекшісіне тікелей қатысты. Жас шыбықты қисық отырғызсаң- қисық, түзу отырғызсаң – түзу өсетіні сияқты, сынып жетекшісінің де қызметі де бау өсіретін бағбанның еңбегімен пара-пар. “Ұстазы жақсының ұстамы жақсы”, “Шәкіртіне қарап-ұстазын таны” деген асыл сөздер тап осы сынып жетекшісіне арналып айтылған десек қателеспейміз. Яғни, бала тәрбиесіндегі, әсіресе әрбір сынып оқушысын жан-жақты білімділікке дағдыландырудағы басты тұлға- сынып жетекшісі. Сонымен сынып жетекшісінің бала тәрбиесіндегі рухани сәулеткер, бағбан ретінде бағаласақ, оны отбасы, ошақ қасынан кейінгі ата-ана деуге болады. Өйткені әрбір сыныптағы әр оқушы сынып жетекшісі үшін өзінше бір ашылмаған құпия. Өз сыныбындағы әр оқушының мінез-құлқындағы ерекшелікті, жан-дүниесін, жанұядағы тәрбиені зерттей білмейтін сынып жетекші-ол құпияның кілтін таба алмайды. Әр шәкірттің тілін тауып, оның ішкі балалық жан-дүниесін ұғынбаған сынып жетекшісін оқушы тез ұмытады. Сынып жетекшісі оқушысының қыр-сырын нақ осы кезеңде жетік білу керек. Өкінішке орай, кейбір сынып жетекшілерінің немқұрайдылығынан, яғни өз шәкіртінің мінез-құлқындағы ерекшеліктер мен оның зейін-қабілетін зерттеуге мән бермеуінен бала тәрбиесінде үлкен олқылықтар орын алады. Әрбір пән мұғалімдерінің салғырттығы қосылып, оқушының сабаққа ынтасы мен зейінін нашарлартады да, “Тәрбиесі қиын оқушылар” қатары көбейеді. Ал “қиын ” оқушының тәрбиесіне ең алдымен “сынып жетекшісі” жауапты. Себебі әрбір сыныптағы жоспарлы тәрбие жұмысын жүргізетін тек сынып жетекшісі. Сынып жетекшісі , пән мұғалімдері және ата-аналарымен, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарымен тығыз байланысты жұмыс істейді. Оқушылардың сабақ үлгерімін, тәртібін, мінез-құлқындағы өзгерістерді үнемі зерттеп, біліп, шәкірті қиналып жүрген сәтте оның жанынан табылып, көмектесіп, үнемі ақыл-кеңес беріп, оған ізгіліктіқасиеттерді үйретуден жалықпаған сынып жетекшісін ғана нағыз бала жанының бағбаны деуге болады. Шәкірт сүйіспеншілігіне бөлініп, оның жүрегінен орын тапқан сынып жетекшісін оқушы есейіп, азамат болған шағында да ұмытпай “менің сынып жетекшім ” деп құрмет тұтады. Шәкіртін өнер-білімге баулып, адамгершілік ізгі қасиеттерді сіңіре білген сынып жетекшісі оның өмір бойғы ақылшы досына, сенімді сырласына айналды. Есейіп кетсе де, өмірдің қиын-қиын қырларынан асарда сынып жетекшісіне келіп, ақыл кеңес алады, ұмытпайды. Ұстаз еңбегінің ұлылығы да осында жатса керек.
Жақсы тәрбиешіден тәрбие алған оқушы да, шәкірті жақсы сынып жетекшісі де бақытты. Ұстаз бақыты да осындай еңбекпен өлшенеді. Тәлімі мен тағлымы мол сынып жетекшісі тәрбиеленген шәкірттер өздері ата-ана болғанда “шіркін-ай, сендердің ұстаздарың менің сынып жетекшім сияқты болса ғой” деп үлгі тұтады. Бұл ұстаз еңбегінің жанғаны, жемісті еңбектің жемісі[62,59].
Мектеп мұғалімі жас ұрпаққа білім беріп қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Әр оқушының ғылыми-материалистік дүниетанымын және моральдық бейнесін қалыптастырады. Тәрбие жұмысын бір бағытқа салып, оқушыларға қойылатын талаптардың бірлігін қамтамасыз ету сынып жетекшісінің негізгі міндеті болып табылады. Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері мыналар:
Өз сыныбындағы оқушылардың талап-тілектерімен мүдделерін және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу;
Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, жұмысқа икемді ұжым етіп, ұйымдастыру;
Оқушыларға арналған ережелердің талаптарын түсіндіру арқылы жауапкершілікке тәрбиелеу;
Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасау;
Оқушылардың оқуын тастап кетпеуі үшін алдын-ала тиісті шаралар қолдану;
Оқушылар арасында сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру.
Оқушының нақты шынай мүмкіндіктерін зерттеу дегеніміз – оның оқу үрдісіндегі қол жетер оңтайлы, тиімді нәтижелерін анықтау, оның дұрыс оқуы үшін не жетіспрейтінін білу. Оқушының жеке барысын зерттеу барысында мына мәселелерді анықтау шарт:
Қоғамдық жұмыс пен еңбектегі белсенділігі;
Адамгершілік тәрбиелілігі;
Оқуға ынтасы;
Мәдени өресі;
Қызығатыны(бейімділігі, оқу пәні, сыныптан тыс сабақтар, спорт секциялары, үйірмелер т.б)
оқу - таным әрекетіндегі дағдылары:
оқу материалына ең бастысын, маңыздысын ажыратуы;
оқу уақытын жоспарлауы;
сынып қарқынында оқи, жаза білуі;
өз оқуын өзі бақылауы;
Оқудағы еркі , табандылығы;
Денсаулығы, жұмыс қабілеті;
Отбасының тәрбиелік ықпалы;
Сынып ұжымының тәрбиелік ықпалы;
Қандай пәндерден үлгермейтіні;
Сынып ұжымын зерттеудің бағдарламасы мыналардан тұрады:
Сынып оқушыларының қоғамдық белсенділігі;
Қоғамдық пайдалы еңбекке көзқарасы;
Ой-пікірінің қалыптасуы;
Оқуға ынтасы;
Сынып тәртібінің сапалылығы;
Оқуға әзірліктері.
Адамды әр қырынан қарағанда, былайша түсінуге болады:
жеке бастың тәжірибесі, оның даярлық дәрежесі, білім мен икемі;
адамның биологиялық ерекшеліктерінің шартты жағдайлары-жігері, талабы; қабілеті;
кейбір психологиялық үрдістегі дара ерекшеліктері-ойлау, ерік, ес;
адамның әлеуметтік шартты жағдайларға байланысты ерекшеліктері, яғни дүниетаным, талғамы, идеялары.
Сынып жетекшісінің жұмыс жоспарында мыналар нақты көрсетілуі тиіс:
Достарыңызбен бөлісу: |