Дипломдық жоба бастауыш сынып оқушыларының ұжымын қалыптастыруда мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі



бет8/19
Дата04.06.2023
өлшемі148.13 Kb.
#474673
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Ұжым исправл

Зерттеу жұмысының пәні – бастауыш мектеп оқушылар ұжымын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері, мұғалімнің кәсіби сапалық қасиеттері.
Ғылыми зерттеу әдістері:
– жалпы ғылымилық әдістер: философиялық, әдіснамалық, ғылымтану, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерге теориялық талдау, жинақтау, қорытынды жасау;
– теориялық зерттеу әдістері (генетикалық-құрылымдық әдіс, ойша эксперимент, салыстырмалы анализ, нақтыдан дерексізге өту, модельдеу, үлгі нысанын таңдау, графикалық әдіс);
– тәжірибе-эксперимент жұмысы; мәліметтерді сапалық және сандық сараптау, қорытындылау.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы - зерттеу барысында жасалған теориялық талдаулар мен эксперимент жүзінде анықталған жұмыс нәтижелерін бастауыш сыныпта жаңартылған білім беру жүйесін жүзеге асыруды , топтық, ұжымдық оқытуда, нақты педагогикалық іс-тәжірибеде қолдануға болады.
Зерттеу жумысының базасы — Қызылорда қаласындағы Қ.Қаракөзов атындағы №235 орта мектебі
Дипломдық жобаның құрылымы - кіріспеден, екі тараудан, қорытынды
және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Ұжым мен оқушы арасындағы байланыстың педагогикалық негіздері

1.1 Ұжым- кіші жастағы мектеп оқушыларын ортаға тәрбиелеудің негізігі құралы ретінде


Қазіргі таңда біздің мемлекетіміздің өзекті мәселелерінің бірі: берік, бірауызды ұжымды құру болып табылады. Адамдар топтасуының ұйымдасқан түрі – ұжым. Психологияда ұжым дегеніміз – топтың ең жоғары деңгейде ұйымдасқан түрі, мұнда топ ішіндегі қарым-қатынас жалпы мақсатты іс-әрекеттер арқылы жүзеге асып отырады. т.б. Латынның "коллектив" деген сөзі "жиын", "ұжым", "топ" дегенді білдіреді. Осыдан коллектив, яғни ұжым - бұл адамдар тобы. Бірақ кез-келген топ ұжым ба? Қазіргі әдебиетте "ұжым" түсінігінің екі мәні қолданылады. Бірінші: кез-келген адамдар тобы ұжым болып табылады; екінші: жоғары ұйымдасқан топ қана ұжым болып есептеледі. "Ұжым" педагогикалық әдебиеттерде тәрбиеленушілер (оқушылар) бірлестігі деп түсіндіріледі. Ал мұндай ұжымның өзіндік маңызды белгілері бар.
Сынып ұжымы - бастауыш ұжымның бір түрі. Мектептегі бастауыш ұжымның негізгі түрі - сынып, оқушылар ұйымы, оқушылардың өндірістік топтары, әртүрлі спорт және көркемөнерпаздар ұйымы.
Ұжымда мақсатты таңдай білу маңызды рөл атқарады. Тәрбиеленушілер мұрат еткен мақсат перспектива деп аталады. Адам өмірінің негізгі стимулы (ынтасы) - ертеңгі қуаныш. Тәрбиеленушіге түсінікті перспективалы мақсат - қиыншылықтар мен кедергілерді жеңіуге көмектесетін үлкен күш.
Тәрбие жұмысы тәжірибесінде перспективаның үш түрі кездеседі, олар: жақын, орташа және алыс перспективалар.
Жақын перспектива — ертеңгі серуен, яғни ұжым мүшелерінің жеке қызығушылығынан туындайды.
Орташа перспектива — уақыт бойынша алыстау ұжымдық оқиғаның жобасы.
Алыс перспектива - ұзақ уақытқа көзделген үлкен мағыналы, маңызды талаптарға қол жеткізуге арналған мақсат.
Ұжымдарды ұйымдастыруда мына мәселелерді басшылыққа алған жөн:

  • әрбір пән бойынша бөлек топтар құрылатындығы, бір пәннің шеңберінде топтық құрамы жеке оқушылардың ілгері басуын ескере отырып анықталуының қажеттігі;

  • математика, физика, химия, шет тілі пәндері бойынша ұғымдар оқушылардың білімдерінің және дағдыларының деңгейіне қарай құрылғаны орынды;

  • оқу ұғымдарын жинақтауда оқушылардың өзара қарым-қатынастары да ескерілуі тиіс.

Әртүрлі құрама ұжымдарда жұмыс істеу тиімділігін ғалымдар зерделеп, 5 оқушыдан құралған ұжым тиімді болатындығы жөнінде тұжырым жасады. өйткені 3 оқушының талқылау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті пікірлері мен ұсыныстары жеткіліксіз, 4 және 6 адамнан құралған адамдарда жіктілеу пайда болады, ал 7 адамнан құралған топта әрбір оқушының өз пікірін айтуына, өз ұсыныстарын және көзқарастарын жеткізуіне мүмкіндік болмайды [12].
Ұжыммен орындалатын жұмысты ұйымдастыру үшін топтарды орналастыру да маңызды мәселелердің бірі. Тіпті қарапайым кеңістікке орналастыру да оқушылардың өзін-өзі танытуларына, олардың өзіндік қасиеттерін және осы кезеңдегі өзіндік мәнін қалыптастыруға әсер етеді. Осы ұжымдық іс-әрекет негізінде оқушылардың арасында барынша белсенді байланыс орнайды, қарым-қатынас жақарады, алға деген ұмтылушылық, қызығушылық пайда болады.
Ұжымдық іс-әрекеттерді ұйымдастыруда кеңесшіні сайлау мәселесі де маңызды, яғни балалардың іс-әрекетін ұйымдастыруда өзін-өзі басқарудың психологиялық құралдарын пайдалана алу қажет. Арнайы жүргізілген эксперименттер ғалымдарға мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді: кеңесшіні ұжымның өзі мұғалімнің және жоғары социометрилық статусы бар кеңесшінің келісімдерін ескере отырып таңдауы керек; жағдайға байланысты кеңесшілер бжиі ауыстрылып отырғаны дұрыс.
Осылайша танымдық мәселелерді шешуде негізінен бастауыш сынып оқушыларының өзара ықпалдастығы, қарым-қатынасы, ынтымақтастығы, танымдық қызығушылық ерекшеліктері, танымдық белсенділігі, алынатын ұжымдық танымдық іс-әрекет мына түрде көрініс табуы мүмкін.

  1. Ұжымдық жұмыс принциптерін ұйымдастыратын фронтальды жұмыс. Мұндай жұмыстарды ұйымдастырудың тапсырмалар түріне проблемалық жағдаяттарды талқылауда, теоремаларды бірігіп отырып дәлелдеуді, орындалатын жұмыстардың жоспарын бірігіп талқылауды, біріге отырып әңгіме құрастыруды, картина бойынша бірігп жұмыстар жасауды, психотренингтер өткізуді т.б. жатқызуға болады.

  2. Ұйымшылдық принципі бойынша ұйымдастырылған топтық жұмыс. Оның түрлері: жұптық жұмыс, топтық сауалда, топтық жұмыстарда әңгімелесу, дөңгелек үстел, пікірталас, дебат элементтері бар топтық жұмыстар (форум, сараптау, талқылау топтарының отырыс, сиптозицм, жобаларды ұсыну, ойындық модельдеу бойынша проблемалық пікірталастар, диалогтар т.б.).

  3. Топ жұмыстарының бейнесі ретіндегі топтардағы өзара тексерулер: орындалған жұмыс бойынша толық немесе жекелей түсінік беру, өзара пікір алмасу (ауызша, жазбаша, практикалық жұмыстарды өзара тексеру т.б.).

  4. Ассистенттердің, кеңесшілердің және белсенді оқу топтарының басқа да мүшелерінің жұмысы.

  5. Оқушылар кездесуі.

Міне, осылардың негізінде бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекетінің толық ұйымдастырылуын көрсетуге болады. ұжымдық танымдық іс-әрекет қажеттілік арқылы көрініс тауып отырады. Жаңа бір нәрсені білу үшін әрбір бала өзінің тіршілік және рухани қажеттігін өтеп отырады. Міне, осының әсерінен балада бір нәрсеге қызығу пайда болады. Ұжымда мұғалім балаларға ойлауды қажет ететін әр түрлі әдістерді қолдануды түсіндіріп көрсетеді, оларға түрлі жаттығулар мен тапсырмалар бере отырып шеберлікті, дағдыны бекітіп, шығармашылық қолдануды үйретеді. Міне, мұғалім мен оқушының осындай іс-әрекеттері ұжымдық іс-әрекетке айналады.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттің ұйымдастырылуының тағы бір көрінісі – қызығушылық, яғни танымдық қызығу[13].
Бастауыш мектеп жасындағы баланың ұжымдық танымдық іс-әрекеттері оқу үрдісінде жүзеге асады. Бұл жастағы балалар өте сезімтал. Оның сезімі тәуелсіз және өте ашық болады. бұл жастағы балалардың қиялы өте шапшаң, фантазияға берілгіш келеді. Осы жастағы балаларды қандай да болсын бір іске оп-оңай тартуға жеңіл. Бұл кездегі балалар қиын істерді құштарлықпен орындайды. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрсе оларды ойлантады. Кеңестік психологтер зерттеулері бойынша 7 жастағы оқушыны мектепке қатысты жағдайлардың барлығы қызықтырады: жаңа адамдар (сыныптағы оқушылар, мұғалім), жаңа орын (мектеп, сынып) іс-әрекеттің жаңа түрі және т.б. балалар жасына байланысты танымдық қызығу мәселелерін бірнеше ғалымдар өз еңбектерінде қарастырған: Н.Рыбалкина[14], Л.Горден[15], М.Беллева[16], И.Цветкова[17], Л.Маневцова[18], В.Иванова[19], бастауыш мектеп оқушылары бойынша А.Абдуллаева[20], М.Морозова[21], М.Щеломенцова[22] т.б. бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығуына жақын мәселелерді В.Дорохова[23], Р.Жданова[24], О.Саулина, И.Трегубованың[25] жұмыстарында қарастырылған .
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығуы мынадай көрсеткіштерге ие:

  • қоршаған ортадағы құбылыстар мен объектілерге және іс-әрекет сипатына қарай таңдамалы қатынас;

  • танымдық үрдіс пен танымдық іс-әрекеттің эмоциональдық көрінуі;

  • танымдық іс-әрекетте еріктің болуы;

  • танымдық белсенділігінің жалпы сипаты;

  • жаңаны білуге ұмтылысы;

  • мектепке және басқаларға деген жағымды қатынас.

Қызығу жұмыстағы кемшілікті және қиындықты жеңуге көмектеседі, қол жетпейтін нәтижелерге жеткізеді. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығу іс-әрекеттерін қалыптастыру, белсендіру, одан жан-жақты дамыған, білімді, шығармашыл қайраткерді қалыптастыруға, ойшаң, эмоцияға бай, қарым-қатынасшыл ұрпақты тәрбиелеуге көмектеседі.
Бастауыш ұжымның ерекшелігі - ондағы барлық мүшелердің жеке байланысы, олардың арасындағы күнделікті істер және жолдастық өзара қарым-қатынас.
Ұжымда балалардың жаңа өзара қарым-қатынастары қалыптасады. Мектепте өткен бірнеше аптадан соң 1-ші сынып оқушыларының көпшілігінің ұялшақтығы, абыржуы жойылады. Балалар 1 партада отырған көршілерінің мінез-құлқына байыппен қарай бастайды., өзін ұнататын немесе мүдделері сәйкес келетін бір сыныптас балалармен қарым-қатынас жасайды. Бағдарлаудың алғашқы кезеңдерінде балалардың бір бөлігінде оларға тән емес белгілер көріне бастайды (біреулерінде шамадан тыс тұйықтық, екіншілерінде - әдепсіздік, үшіншілерінде – еріншектік т.б.). бірақ балалармен өзара қарым-қатынасты орнату барысында әрбір оқушыны өзінің шын мәніндегі дара ерекшеліктерімен көрінеді (Жас ерекшелік Петровский) [26].
Бастауыш мектеп оқушыларының өзара қарым-қатынасына тән белгі – олардың достығы, әдетте өмірдің сыртқы мақсаттары мен кездейсоқ мүдделер ортақтастығына негізделеді. Бастауыш мектеп оқушылары үшін мұғалімінің пікірі мейлінше елеулі болып табылады.
Психологиялық көзқарас тұрғысынан ұжым – баланың қоғамдық байланысы қалыптасатын, оның психикалық дамуы жүретін қоғамдық организм. Кез келген ұжымның оны әлеуметтік орта ретінде, тәрбие шарты және т.б. ретінде сипаттайтын белгілермен бірге балар ұжымында біз кемелденіп бітпеген, қалыптасып келе жатқан жеке адамдармен істес боламыз.
Балалар ұжымының айрықша ерекшелігі – ересектердің балаларды біріктірген кезде, олардың қатынастарын құрған кезде көздеген мақсаттарының бағыттылығында.
Балалар ұжымын ұйымдастыруда балалардың өздерінің қарым-қатынасқа деген қажетсінуі мен үлкендер алға қойған міндеттердің арақатынасы ерекше маңызды… балаларды қоғамдық маңызды міндеттерді шешуге белсенді қатыстыра отырып, ұжым жеке адамды дамыту үшін кең мүмкіндік ашатын қарым-қатынастардың сан түрлі формаларына өріс жаюын қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда балалардың ұжымды тек сырттай лайықты деп қабылдамауының психологиялық маңызы зор.
Балалар ұжымының әлеуметтік-психологиялық ерекшелігі мынады: үлкендер ұйымдастырған балалар бірлестіктері қоғамның осы типке тән қарым-қатынастардың үлгісін жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан да ұжым ішіндегі балалардың өзара қарым-қатынасының олардың жеке басын қалыптастыру үшін шешуші маңызы бар. Ұжым – мектеп оқушысының жеке басының тұрақты адамгершілік қасиеті неғұрлым белсенді, мақсатты түрде қалыптастырудың шарты.
Дамыған ұжымға баланың қарым-қатынасының өріс алған жүйесі, оның басқа адамға ерекше қарым-қатынасы іс-әрекет пен балалардың қарым-қатынасының сипатын сапалы өзгертуге негізделген ұзақ үрдіс.
1-2 сыныптардағы мектеп оқушылары арасындағы қарым-қатынасты, әдетте балалардың ұжымдық таным іс-әрекетін ұйымдастыратын, қоғамдық тапсырманы бөлетін мұғалімдер болып табылады.
3-4 сыныптарда оқушылардың өз жолдастары арыснда белгілі орын алуға қажеттілігі өседі, қызығушылықтары артады, осы кезде оқушылардың ұжымының құрылуы басталады.
Дамыған ұжым өзінен-өзі дүниеге келмейді. Оның қалыптасуы, дамуы кіші мектептік шақта басталады, ал түп тамыры одан да гөрі ертерек неғұрлым сәбилік шақта болады. оқушылар ұжымын дамыту дәрежесі оқушылардың өзара қарым-қатынастарының дамыту деңгейлерімен және сипатымен анықталады. Оқушылардың қарым-қатынасының өріс алған жүйесін құрудың негізі – танымдық іс-әрекетін мақсатты бағытта ұйымдастыру болып табылады.
Оқушылар ұжымының тәрбиелеу мүмкіндіктері мыналармен байланысты:

  1. оқушылар әрекетінің мазмұнымен;

  2. бұл ұжым қаншалықты таным іс-әрекетінің субъектісі ретінде болатындығымен;

  3. танымдық іс-әрекетпроцесінде ұйымдастырылатын барлық қарым-қатынастардың жүйесімен айқындалады.

Барлық ұжым мүшелеріне әрбір оқушы үшін орнықты жағдай туғызатын қамқорлық қарым-қатынас ұйымдастыру аса маңызды іс.
Оқушыларды ұжымдық танымдық іс-әрекеттерде ұйымдастыру – ол аса маңызды мақсаттардың бірі. Мұны жүзеге асыру оқушыларды қарым-қатынастыққа, еркіндікке, шығармашылыққа, жинақылыққа, танымдық-шығармашылық деңгейін көтеруге, қабілеттерін дамытуға, жеке тұлға ретінде қалыптасуына, толыққанды ұжымның құрылуына үйретеді, бейімдейді. Осының барлығының негізінде әрбір оқушының меніз-құлқы өзгеріп, ерік-жігер мен ақыл-ой қабілетінің даму дәрежесі жоғарылап, шығармашылығы артып, қабілеті көтеріледі. Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер балаларды ізденімпаздыққа, санылы түрде мақсат қоюына, өздерінің іс-әрекеттерін бағыттап отыруға тәрбиелейді. Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер – танымдық белсенділікпен тығыз байланыста болады. Танымдық белсенділік деп мотивациялық – тұлғалық, мазмұндық-амалдық, жігерлік бөліктерінен тұратын тұлғаның интегралдық құрылымын, сипаттамасын айтамыз. Осы үш бөлік диалектикалық тұрғыда бір-бірімен өте тығыз байланыста болады. Танымдық белсенділіктің негізгі бөлігін мынадай белгілі шарттар мен көрсеткіштердің жиыны арқылы көрсетуге болады.
Оқушылардың ұжымдық таным іс-әрекеттері – оқу процесіндегі қарама-қайшылықтарын шешуге, оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға жетістіктері мол. Бұл жөнінде Т.Е.Конникованың және оның шәкірттерінің мектептерде жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижелерінде көрініс тапқан[27]. Бұл зерттеулер сабақ барысында оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға көмектесетін ұжымдық іс-әрекеттердің мол мүмкіндіктерін көрсетіп берді. Ұжымдық іс-әрекеттер негізінде оқушыларда меңгерілетін материалдардың көлемі артып, оларды терең түсінулеріне мүмкіндік жасалады. А.Синицкая зерттеулері ұжымдық іс-әрекеттерін ұйымдастырудың мүмкіндіктерін іске асырудың жоғары сатысы бірін-бірі екеніндігін айқындады, өйткені ол оқушыға оқу барысында белсенділік және ізденімпаздық танытуға мүмкіндік туғызады[28].
Ұжымдық іс-әрекеттердің ұйымдастырылуы ең алдымен оқушылардың белсенділігіне байланысты. Оқушылардың танымдық белсенділіктерін қалыптастыруда танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың барлық түрлері, оқушыларда қалыптасатын танымдық дербестіктің бөліктері ескеріледі. Оқушылардың танымдық дербестігін ұйымдастырудың негізгі құралы – оқушы жастардың танымдық іс-әрекетін жанландыру болып табылады.
Танымдық белсенділіктің қалыптасуының дәрежесі оқушының әр түрлі тапсырманы орындауымен, жұмыс істеу алу қабілетімен, жұмыс істей алу деңгейімен анықталады.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер белгілі бір дәрежеде оқу материалдарын меңгеруі, оқу барысындағы “осал жерлер” жөнінде оқушыдан кері ақпараттарды жедел алу сияқты өзекті дидактикалық проблемаларды шешуге мүмкіндік жасайды; оқушының тұлғалық қасиеттерін өз мәнінде дамыту үшін маңызды шарт болып табылатын қарым-қатынастың жетіспеушілігін азайтады[29].
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер оқытудың тәрбиелеу жағына тиімділігін арттырады, тұлға аралық қатынастарды қалыптастыруға оң әсер етеді, сыныпта қолайлы орнатуға және ұжымдық психологияның қалыптасуына көмектеседі. Оқушыларда ұжымдық жұмыстар барысында жолдастық және ұжымдық сезімдер қалыптасады. Сабақтарда ұжыммен орындалатын жұмыстарды жүргізу адамгершілікті оңды қатынастар бойына тәжірибе жинақтауға мүмкіндік жасап, қоғамдық бағыттылықпен шығармашылық даралаудың бірлігінде оларды қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.
Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттерінің мүмкіндіктері олардың жеке ғана емес ұжымдық жетістіктерге жетуге ұмтылу тұрғысында ұжымдық оқу еңбегінің бірліктерін меңгертуде, жаңа құлықтық позицияны құруда байқалады, оқудың құлықтық мағынасын тереңдетеді, оқуға деген жауапкершілікіті қатынасты қалыптастырады. Бұл оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттерінің мүмкіндіктерінің ауқымының кеңдігін көрсетеді. Сабақ барысында оқу жұмыстарын осылайша ұйымдастыру оқушыларды бір-бірімен араласуына жағдай жасайды, оқушылардың оқу еңбектерінің өнімділігін арттырады, ұжымның және ондағы әрбір оқушының субъекті позициясының қалыптасуына көмектеседі.
Ұжымдық танымдық іс-әрекет тұлғаны дамыту барысында пайда болатын қарама-қайшылықтарды шешудің барысынша бара-бар құралы болып табылады, яғни іс-әрекетті өз ретімен реттеу механизмі және кері байланыс табысты қалыптасады, ұтымды қарым-қатынаспен, өзін-өзі бағалаумен сәйкес келетін қолайлы социаметриялық статус қалыптастыру үшін жағдай жасалады.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттің педагогикалық ұйымдастырылуының тағы бір жолы – ол балалардың ойлау қабілетін қалыптастырудың дидактикалық аспектілері болып табылады. З.Калмыкова – “Ойлау шындықты танудың қорытындыланған және жанама түрдегі үрдісі, бірақ оның диалектикалық, шығармашылық, қарама-қайшылықтың бірлігіндегі продуктивті және репродуктивті бөліктері тұтасып кеткен” - деп көрсеткен.
Танымдық іс-әрекеттің продуктивті және репродуктивті бөліктерінің қатынасы дидактикада мынадай түрде анықталады: шығармашылықтың және қайта өндіру бірлік тұтастығының жеке буыны, біріншісі дайындық болса, екіншісі негіз болады; қайта өндіру және шығармашылықтық әрбір буынның элементтерімен біртұтас; іс-әрекеттің екі бөлігі өзара байланысты және іс-әрекеттің тәсілін анықтайды.
Арнайы зерттеулер (А.Алексюк[30], З.Стоницкий[31] және т.б.) мен алдыңғы қатардағы педагогикалық ұжымдардың тәжірибесінен оқушылардың оқу мақсатын түсінетінін көреміз.
Оқушылардың ойлау қабілетінің операциялық жағы психологияда ақыл-ой қызметінің тәсілдерін қалыптастыруға арналған жұмыстар шеңберінде зерттелген (Д.Богоявинский[32], Н.Менчинская[33], Е.Кабанова-Меллер[34], В.Реметников[35] және т.б.). Н.Менчинская өз еңбегінде “жақсы дағдыланған және нық бекітілген тәсілдерді қалыптастыру оқушыларды ақыл-ой дамыуна елеулі әсер береді”- деп, оның дамытушылық функциясының жоғарылауын, оқыту тәсілдерінің ролін анықтайды.
Педагогикалық психологияда оқу жұмысының тәсілдері ажыратылып көрсетіледі. “Оқу жұмысының тәсілдері – ол оқушылардың орындайтын тәсілдері және объективті түрде көрсетілетін тәсілдің құрамына кіретін тізім түрі” – дейді Е.Кабанова-Меллер[36]. Ақыл-ой қызметінің тәсілдері мен оқу жұмысы тәсілдерінің арасындағы қатынас өзара байланыста қажырлы, жігерлі, алайда, оқушының оқу іс-әрекетіндегі оқу жұмысының тәсілдерінде ақыл-ой қызметі, тәсілдері жасырынған.
Ақыл-ой қызметінің тәсілдерін сұрыптау үшін басқа негіздер бар: мақсаты, іс-әрекеттің нәтижесі, оның сипаты бойынша Г.Гранит зерттеп жасаған ақыл-ой қызметі тәсілдерінің типологиясы өнімді[37]. Педагогикалық психологияда және жеке әдістемелерде жасалған ақыл-ой қызметі танымдық іс-әрекеттер топологияларын оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінде толық функциональды зерттеуден жалпы алғанда - ойлауға, жекеше қарастырғанда - неғұрлым тұтас зерттеу деңгейіне көтерілуге мүмкіндік жасайды.
Оқушылардың өзіндік ойлау қабілетін дамыту үшін қажетті шығармашылықтық жұмыстар өте қажетті болып саналады. Шығармашылықтық жұмыстар әр түрлі бөлінеді, дағдыны және шеберлікті қолданып қана қоймай, сонымен бірге ойлау қызметінің негізгі тәсілдерін және оқытудың үрдісінде меңгерілген ғылыми таным әдістерінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Ұжымдық оқу қызметінде әңгімелесу, пікір алмасу болады, яғни оқушылар мен оқушылар, ұстаздар мен оқушылар арасында кең дамыған әлеуметтік әрекеттестік жүзеге асады. Бастауыш мектеп оқушыларының бойында ұжымдық оқу қызметі нәтижесінде біртіндеп оқуға деген ынта мен ептілік пайда болады. бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекетінің падагогикалық ұйымдастырылуының мәнін толық шу үшін алдымызға мынадай міндеттерді қоялық:

  1. оқушылар алған білімдерін бірлікте, ұйымдасқанда көрсете білулері керек.

оқушылардың оқу міндеттері мен танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру қажет.

  1. ең алдымен мұғалім оқушылардың ұжымдық таным іс-әрекеттерін ұйымдастырып алып, содан соң балалардың ептілігі мен ынталығын атқара алуларына жағдай туғызуы қажет.

Жоғарыда көрсетілгендей ұжымдық таным іс-әрекеттерінде ұйымдастыруда ең бірінші, маңызды орынға мұғалім ие болады.
Ұжымдық таным іс-әрекеттерді ұйымдастыруда мұғалім оқушылардың бойынна ең бірінші – танымдық қызығушылықты, танымдық белсенділікті, танымдық шығармашылықты, танымдық ойлау қабілетін, осыдан барып танымдық іс-әрекеттерді көре алуы тиіс. Міне сонда ғана мұғалім оқушылардың ұжымдық таным іс-әрекеттерін ұйымдастыра алады.
Шығармашылық ойлау кезінде мұғалім өзінің алған білімдер жүйесін бұрыннан таныс емес құбылыстар мен нысандарға қатысты мәчселерді шешуде мақсатты түрде қолданады. Танымдық іс-әрекеттің аталған деңгейі өзіндік ұжымдық іс-әрекетінде, оқу іс-әрекетінде жүзеге асады.
Психологиялық көзқарас тұрғысынан ұжым баланың қоғамды байланысы қалыптасатын, оның психикалық дамуы жүретін қоғамдық организм[38].
Балалар ұжымының айрықша ерекшелігі - ересектердің балаларды біріктірген кезде, олардың қатынастарын құрған кезде көздеген мақсаттарының бағыттылығында.
Балалар ұжымын ұйымдастыруда балалардың өздерінің қарым-қатынасқа деген қажетсінуі үлкендер алға қойған міндеттердің арақатынасы ерекше маңызды. Ұжым – мектеп оқушысының жеке бсының тұрақты адамгершілік қасиетін неғұрлым белсенді, мақсатты түрде қалыптастырудың шарты. Ұжымдағы танымдық іс-әрекеттің көп қырлы жүйесінде балалардың барлық қарым-қатынастары қалыптасады, олар осы жүйеде көрінеді (Петровский А.В. Жас ерекшелік психология А 1987 аудармасы – 39-244 б).
Балалар бірлескен танымдық іс-әрекеттің алуан түрлері - неше түрлі бірлестіктері болады. Ұжымда танымдық іс-әрекетті қалыптастырудың негізгі бір жолы қарым-қатынастың жоғары болуы. Бастауыш сыныпта көптеген үйірмелер болады. Мысалы, (көркем өнер, спорт, би, шешендік сөз, мәнерлеп оқу т.б.). міне осы үйірмелер негізінде ұжымдық таным іс-әрекеті жүзеге асады. Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекеттерін қалыптастыру мыналармен:

  1. ұжым қаншалықты тұтас танымдық іс-әрекетінің; субъективті болатындығымен;

  2. балалардың танымдық іс-әрекетінің мазмұнымен;

  3. танымдық іс-әрекет процесінде ұйымдастырылатын барлық қарым-қатынастардың жүйесімен айқындалады.

Әрбір бала ұғымының мүшесі, сондықтан да мектеп оқушысына ұжымдық танымдық іс-әрекеттің мақсатын таңдауға нақтылы қатысып, оны өмірде іске асырып, көпшіліктің пікірін ұйымдастырып отыруы қажет.
Балаларды жалпы бір тұтас, көп салалы ұжым құратын тұрақты және уақытша ұжымның бірлестіктерінде ұйымдастырылатын танымдық іс-әрекеттің әр түріне бір мезгілде енгізудің маңызы зор, себебі, бұл бастауыш сынып оқушысының жеке мүддесіне қосымша жаңа баға беріп, оны қоғамдық мәнді міндеттерді шешуге бағдарлап қоймай, балалардың сан алуан қарым-қатынастарын жетілдіреді. Ұжымда әрбір бала неғұрлым белсенді позиция ұстайтындай мүмкіншілік алатын ситуация жасалады, балалардың танымдық іс-әрекеттерін кеңінен және іс жүзінде дамытатын шарттар пайда болады. ұжымда ұйымдастырылатын танымдық іс-әрекеттер процесінде әрбір мектеп оқушысы өзін жеке адам ретінде «жариялай алады», мүддесі бір, жалпы мақсат пен дара жетістіктерге жетудегі қызығуы бірдей басқа балалардан қолдау және қуаттау мүмкіншілігін алады.
Балалар ұжымын мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекеттерінің жүйесін қалыптастыру шарты ретінде құру тәсілдерінің ішінде бірнешеуі өте маңызды орын алады.

  1. Балаларды түрлі ұжымдардың (оқу, еңбек, көркемөнер, спорт, ой-тұмар, қолөнер, би, дене әсемдігі және т.б.) арнайы ұйымдастырылған “жылжымалы жүйесіне” әр баланың қабілеттіліктерінің көп қырлы ашылуын, әрбір ұжымдағы оның орнын айқындауды ескере отырып сөзсіз енгізу.

  2. Ұжымның бақылау байланысын, олардың ісінің мазмұнды жағы, көлемі мен оның бағыттылық дәрежесі белгілі өзара шарытас болып, олардың танымдық іс-әрекетінің маңызды мақсатын барлық көп салалы ұжымның жалпы міндетін шешуге бағындыруды қамтамасыз ету.

  3. Әрбір оқушының ол жеке жауапкершілікті мойнына алатын және маңызды беделге жететін, ұжымдық байланыстарын ұйымдастырып, түзетіп отыруды қамтамасыз ету.

Әрбір баланы біртұтас қоғамдық маңызды міндеттерді шешудегі жеке нақтылы ұжымның мақсаттарының өзара тәуелділігін ойластырып құрудағы, арнайы берілген көп салалы жүйедегі дамытылған пайдалы танымдық іс-әрекетке бағдарлы қатынастыру өте маңызды.
Балалар ұжымы дамушының мақсатын, іс-әрекеттің мазмұнына, тәртібіне, балалардың арақатынасы тәуелділігіне байланысты ажыратылады.
Оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап танымдық іс-әрекетінің барысында орындалуға тиісті міндеттер. Талап қою балаларды мінез-құлық нормасына үйрету, қабілеттерін дамыту, ойларын ұшқырлау, зейінді болуға үйрету, зеректік пен нақтылыққа үйрету. Жалпы ұжымда – танымдық іс-әрекетті белсенді, ынталы, қызығушылығы жоғары, қабілетті оқушыларға сүйену қажет.
Ұжымда мұғалімнің негізгі қызметі – оқушылардың ұжымдық таным іс-әрекетін ұйымдастыру, оларды әртүрлі іс-әрекет түрлеріне қатыстыру.
Ұжымда танымдық іс-әрекетті дамытқан кезде белсенді ұжыммен жұмыс істеудің маңызы зор. Ұжымда бала танымдық іс-әрекетті жасау үшін мысалы, бірігіп жоспарлау, әрбір ұжым мүшесіне көмектесу, оқу, іс-әрекеттерді бақылау, зейінді, ойлауды, қиялды дамыту.
Оқушылардың ұжымдық таным іс-әрекетін нығайту мен қалыптастыруда аса маңызды мәселелердің бірі – ұжымның танымдық іс-әрекетінің мақсатты перспективасын таңдау.
Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекеттеріне қалыптастырудың психологиялық аспектілері өте маңызды орынға ие. Себебі бала осының негізінде өзінің бойында ұжымдық қатынастарды, танымдық іс-әрекеттерді, қызығушылықты, шығармашылық қабілетті, зейінді, іс-әрекет түрлерін (еңбек, оқу, ойын), қабылдауды, қабілетті дамыта алады.
Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекеттерін қалыптастырудың аспектілерін жүйе ретінде көрсетуге болады.
Жүйеде көрсетілгендей мұғалім, оқушы, ата-ана олар өздері бір бөлек ұжым танымдық іс-әрекеттерді қалыптастыруға бірден-бір әсер ететін күштер. Осы күштердің өздерінің ортақ сапалары болады. осы сапаларды іске асыру барысында танымдық іс-әрекеттер қалыптасады. Танымдық іс-әрекеттер отбасында, мектепте – оның ішінде оқу үрдісінде, үйірмелерде қалыптасып дамиды. Осы аталғандардың ынтымақтастығы, ұйымдасуы, ортақтасуы, бір мақсатты көздеуі, қызығушылығы – ұжымға әкеледі. Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер балаларды алға қарай жетелейді. Олардың бойында іскерлікті , дағдыны қалыптастырады. Сондай-ақ жақсы мінез-құлық қалыптасады.
Балалардың жауапкершілігі, зейінділігі, қабілеттілігі артады, оқушылардың ұжымдық қарым-қатынастары нығая түседі. Ұжымдық танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, баланың жеке басын қалыптастыруға мақсатты түрде ықпал жасайтын құрал.
Танымдық іс-әрекеттің толық қалыптасуында В.В.Давыдовтың еңбегінде көрсетілгендей 70-10 жастағы балаларда сананың маңызды ерекшелігі ретінде психикалық процестердің, қимылдардың ішкі жобасы мен өзінің жеке қимылының рефлекциясына тиісті еркіндік пайда болады[40].
Оқушылардың ой-өрісі мен ойлау қабілетін дамыту штурмы – мұнда ұжыммен бірлесе отырып талқылауға ортақ тақырып таңдалады, ол тақырып тақтада немесе парақта жазылады. Ұжым мүшелері сол тақырыпта өз ойларын айтады. Мұғалім сол сәтте солардың көзқарастарын жазады. Түсініксіз ойлар мен пікірлерге жұлдызша қойылады. Соңына қарай ұқсас пікірлер біріктіріліп ортақ, қорытынды шешім қабылданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет