Жақын перспектива - бұл күнделікті өмірде пайда болып жеке адамды әр түрлі іс - әрекетіне ынталандыру, қызықтыру.
«Егер балалар алдында қуанышты, қызықты істер болмаса, онда олар өмір сүре алмайды. А.С.Макаренко адам өмірін шын ынталандыруды ертеңгі қуаныш» - дейді[51,16].
Жақын перспективаға жарыс, саяхат жексенбілік серуен, цирк, музей және көрмеге беру, үйірмелердегі қызықты жұмыстар т.б. жатады.
Орта перспектива - бұл перспективаға балалар лагеріне бару, жыл сайын өткізілетін ән, сурет сайыстарына қатысу, әдебиет, эстетикалық және этикалық тақырыптарға пікірталас өткізу т.б. жатады. Мұндай алда тұрған оқиға оқушылар үшін өте қуанышты болады этикалық тақырыптарға пікірталас өткізу т.б. жатады. Мұндай алда тұрған оқиға оқушылар үшін өте қуанышты болады.
Қашық перспектива - бұл ұжымның немесе жеке адамның бір істі ұзақ мерзімде орындауға талаптану мақсаты. Қашық перспективаға келешек мамандықты таңдау, білім алу, мектеп бітіргеннен кейін халық шаруашылығында жұмыс істеуге тілек білдіру немесе орта және жоғары арнайы оқу орындарына түсу жатады.
Қоғам адамдары қашық песпектива арқылы мүмкіндігінше ұжымға, Отанға пайда келтіруі тиіс. Бұл перпектива жақын және орта перспективалармен мызғымас байланыста іске асырылады.
Осы перспективаларды оқу және тәрбие барысында тиімді пайдалануда әрбір мұғалімнің міндеттері: біріншіден, перспективаны баланың, сыныптың, мектептің пайдасы үшін таңдап ала білу; екіншіден, оқушылардың жас ерекшеліктерін және жалпы дайындық дәрежесін еске алу.
Ұжым өмірінде дәстүрдің үлкен тәрбиелік маңызы зор. А.С.Макаренконың сөзімен айтқанда, дәстүр ұжымды бекітеді[51]. Дәстүр ұжымды нығайтады, оның өмірін толық, тұрақты, ықпалды және тартымды етеді. Ұжымның жалпы өмірінде дәстүрдің көптеген түрлерін байқауға болады, мысалы, мектеп мерекесі, сайыстар, олимпиадалар, соңғы қоңырау, артта қалған оқушыларға көмектесу, дәлдік дәстүрлері т.б. Барлық дәстүрлер үшін жалпы мәселе ұжым өмірін байыту, аға ұрпақтың мұрасын ұқыптылықпен күтуге үйрену, ұжым абыройы үшін күресу.
Дәстүр - бұл тарихи қалыптасқан, бір буыннан екінші буынға беріліп отыратын қоғамдық өмірдегі, ұжымдағы адамдардың қатынастарын көрсететін нормалар мен принциптер.
Тәрбие шеберліғі мен өнері мынада: әрбір адамға мына теңдесі жоқ қуанышты, халык, айтқандай, ол әлі орындықта көлденең жатқан көзден бастап сыйлау ке-рек. Балаға ауыр болады екен деп алтын балалық шақтың нұр шұғыласына көлеңке түсіруден қорықпаңыз, ол өзінің бар күш-жігерін салып, шағын мүмкіншілігімен біз ойлағаннан гөрі, көбірек іс істейді. Осы «ойлағаннан гөрі, көбірек» деген сөзде, мүмкін, шыңға жететін қиын соқпақпен жүру мәселесі жатқан шығар. Оған жетпейінше еңбек қуанышы, адамның адамға жақындауы мүмкін емес, өзіңнің рухани күшіңнің сарқылмайтындығына таңырқау мүмкін емес. Ойлағаннан гөрі көбірек іс істегеннен кейін, мүмкін, бала өзіне өзі тұңғыш рет мақтаныш сөзімімен сүйсінер, бейне бір өзін-өзі жаңа тапқандай, өзін басқа адамның көзқарасымен көргендей болар. Әлбетте, ұжымның еңбек өмірі нақ осыдан басталады. Адамның адамға жақындауы, күш біріктіруге талпыну, осы бірігу қуанышы, өзара көмек пен жәрдемді сезу — мұнсыз саналы тәртіп туралы, ұжымның жекелеген тәрбиеленушілерге қоятын талабы туралы әңгіме де болуы мүмкін емес. Көп жылдық тәжірибе менің көзімді мынаған жеткізді: балалар мен жастар коммунистік ұйымдары-ның — пионер және комсомол ұйымдарының идеялық негізі бұл балалардың, жас өспірімдер мен жастардың еңбек өмірі. Пионерге етуге әзірлену кезінде біздің балалар бақ немесе егістікті қорғайтын орман алқабын, жапырақты орман немесе титомник жасайды. Бұл жұмыс қоғамға қарайтын жерді түрлендіреді, байлық құрайды. Мінекей октябрят-балалар шағын учаскеге емен отырғызып, жапырақты орман жасап жүр. Әрбір бала өзі отырғызған ағаштарының өніп шығуын шыдамсыздана күтеді, әрқайсысы нәзік өніктер пайда болған кезде қуанышты сөзімге бөленеді. Бұл жұмысқа балалардың шамасы келеді дегенмен оңай да емес: жыл бойына әлденеше рет топырақты қопсытып, арам шөпті жойып, ағаштарды суару керек. Мұның өзі едәуір дене күшін жұмсауды керек етеді.
Қоғамымызда болып жатқан елеулі өзгерістер білім беру саласына өз ықпалын тигізуде. Қазіргі жаңа типтегі білім беретін мектептегі оқу мен тәрбие үрдістерінің жаңа мазмұнын белгілеу, жетілдірілген оқу бағдарламаларын меңгеру оқу-тәрбие жұмысын, оның ішінде әрбір сабақты ғылыми негізде ұйымдастыруды талап етеді.
Жаңа типтегі мектептерде білім беру жүйесі қандай болу керек деген мәселе әркімді толғандырады. Американдық мұғалімдер ассоциясының вице-президенті, доктор А.Урбанский «Оқыту ойлауға үйретуге негізделуі тиіс. Осыған байланысты оқыту үрдісінде өте маңызды кезең - рефлексті емес, басымдылықтан - ойлау әдістері мен амалдарын саналы түрде игеруге көшу» деген [52].
Сондықтан да, бастауыш сыныптардағы оқу-тәрбие үрдісі оқушыларды бағыт бойынша (математикалық, гуманитарлық, ғылыми-жаратылыстану) оқушылардың қабілеттерін анықтай отыра, бағыттап даярлаумен қатар төмендегідей мақсат-міндеттерді алға қояды:
– сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасы негізінде оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру;
– бастауыш сынып оқушыларының бойыда ойлау әрекеттерін саналы қалыптастыру арқылы өздігінен оқу материалын талдай, жинақтай, жалпылай, қорытындылай, салыстыра білуге үйрету;
– алған білімінің өмірге қажеттігін анықтай білуге машықтандыру;
– зерттеушілік, ізденушілік қабілеттерін дамыту;
– өзіндік рефлекциялық қабілет, өмірде болып жатқан үрдістерге өзіндік ой-пікір қалыптастыру.
Еліміздің білім беру жүйесіндегі реформа жас ұрпақтың әрқайсысының жеке тұлға ретінде қалыптасуында маңызды мәселелерді шешудің түрлі жолдарын қарастыруды көздейді. Бұл бетбұрыстың бағыт алғанына да біраз уақыт болды. Өйткені жас өркеннің азамат болып қалыптасуын қамтитын бірден бір сала ол - білім беру жүйесі.
Бүгін әр қоғам мүшесінің назарынан тыс қалмайтын көкейтесті мәселенің бірі – жалпы білім берудегі он екі жылдық оқуға өту. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында айтылғандай, ол жобаның іске асуы бірнеше кезеңнен тұратын ұзақ процесс [53].
Қай кезеңде де білімсіз адамзаттың көш бастап алға қадам баспасы анық. Егеменді елдігімізді сақтап өркениетті және бәсекеге қабілетті дамыған елу елдің қатарына қосылуда білім беру саласы маңызды мәнге ие. Сондықтан да жас ұрпақты тәрбиелеу мен сапалы маман етіп шығару ісіне барлық ұстаздар бей-жай қарай алмайды. Бүгінде реформа ретінде енгізіліп жатқан он екі жылдық оқу жүйесі білім беруді жетілдіруді көздеген игі мақсаттардан туындады. Атап айтсақ, олар:
әрбір жеке тұлғаға білім алудың өмірлік жолын еркін таңдауына мүмкіндік туғызу;
- білім мазмұнын жаңарта отырып, оқыту үрдісінде өзіндік іс әрекетін ұйымдастыра және өзгенің тәжірибесімен үйлестіре алатын жеке тұлға қалыптастыру.
Бастауыш мектеп жасындағы баланың, жеке тұлғаның дамуы үшін оның организмінің қалай әрі қарай дамитындығын көрсететін нағыз қайталанбайтын кезең. Бастауыш жасында баланың бойынан байқалатын маңызды ерекшелік – ол айналасындағы ересектерге, фактілерге, оқиғаларға тым еліктегіш келеді. Себебі, 6-7 жасар бала ақпаратты өте жедел қабылдайды. Психологтар сол себепті оқытуды ерте бастау жөніндегі теорияны бұрынғы сыныпикалық теориялар да қолдады.
6-7 жасар бала заттар мен құбылыстар жөнінде жоғары деңгейде қорытынды бере алады. Сондықтан осы психологиялық ерекшеліктерді қолайлы факторлардың есебінен дамыту үшін оған педагогикалық ықпал және әлеуметтік даярлық қажет.
Әлеуметтік даму – баланың мектепке әлеуметтік – психологиялық бейімделуінің толық процесін көрсетеді. Яғни, қарым-қатынас дағдысының болуы, мектеп ортасына тез бейімделуі, мұғалімнің баланың жеке ерекшеліктеріне талдау жасай білуі және баланың барлық процесті толық қабылдай алуы, баланың мектепке дайындығының әлеуметтік жағын білдіреді. Баланың әлеуметтік дайындығының толық мүмкіндігі ашылу үшін олардың іс-әрекетті ұйымдастыру деңгейіне ерекше назар аударамыз керек. Іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру – бала оқуының тиімділігін , шамасы келетін тапсырманы орындау қабілетін, мұғкалімді мұқият тыңдауын, мүмкіндігін анықтайды.
Алты жасар балалар өте сезімтал. Оның сезімі тәуелсіз және өте ашық болады. Бұл жастағы балалардың қиялы өте шапшаң, қиялға берілгіш келеді. Балалардың қиялына мүмкіндік бере отырып оларды қандай да болсын бір іске оп – оңай тартуға болады [54,231].
Мұғалім – психологиялық танымдық процестерді қалыптастырудағы негізгі тұлға. Балалардың ғылыми-зерттеу жұмысына психологиялық даярлығын анықтауда кеңінен қолданып жүрген аса танымал әдістердің бірі – чех ғалымдары А.Керн мен К.Йирасик тесті қолданылады. Тест үш талаптан тұрады: ойша ер адамның дене бітімін бейнелеу, жазба әріптерін және берілген нүктелер тобын көшіріп салу. Бұл әдістердің жетістігі – балалардың мектепке оқуға аса қажетті қолдың нәзік қимыл мен көз жанарын бағыттауды анықтайтындығы.
Л.С. Выготский әдістемесі бойынша балаларға топтама сөздер оқылып, оларды бір сөзбен қалай атауға болатындығы сұралады [55]. Бұл әдістеме арқылы ұғымдардың қалыптасуы мен олардың жинақтай білу іскерлігі айқындалады.
А. Р. Лурияның «Пиктограмма» әдістемесі арқылы балалардың есте сақтауының даму деңгейін анықтауға болады [56].
Белгілі орыс психологы Л.В. Божовичтің көрсетуінше, балалық шақтан мектепке өту – баланың өмір сүру салтын түбірімен өзгертеді, ол оқу арқылы білімді игеріп қана қоймай, күнделікті міндетті еңбек ету арқылы қоршаған ортаға бейімделе бастайды [57]. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың психологиясы да түбегейлі өзгереді. Ол баланың оқу әрекетіне байланысты. Сондықтан мектеп жүктемелерін табысты игеру немесе меңгермеуі ол үшін не зор қуаныш, не үлкен уайымға айналады. Өз ортасында жоғарыдан көріне алмауы жан күйзелісіне әкеліп соқтырады. Қорыта айтсақ, мектеп танымдық белсенділігін, ақыл – ойын дамытады және оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастырады. Осы мәселелерді іске асыру үшін мектепке ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуде психологиялық даярлаудың мынадай негізгі бағыттары бар:
Биологиялық жетілу.
Ақыл-ойының даярлығы.
Жеке басының қалыптасуы.
Ерік сапаларының қалыптасуы.
Көңіл-күй даярлығы.
Мотивтік даярлығы.
Бала мектепке келмес бұрын мынадай 3 сатыдан өтеді.
1 саты – баланы жүйелі оқытуда психикалық даярлығы. Бұл танымдық процестердің нәтижесі, оның деңгейі, мектептегі күн тәртібінің жаңа шарттарына үйренуі.
2 саты – балалардың мектепте оқуға психологиялық дайындығы, бұл оның өзін басқара алуы.
3 саты – балалардың мектептегі оқуға психологиялық дайындығы. Бұл өте жоғары дәрежедегі даму болып табылады. Балалардың негізгі түрткілерінің қоғамда жоғары дәрежеде дамуы және оның өнімділігі маңызды болады [58].
12 жылдыққа көшу мәселесі – біздің еліміздің , ұлттық өрлеуіміздің, нұрлы болашағымыздың мәселесі. Біздің мемлекетіміздің негізін қалаған қазақ халқының ұлттық мектебінің бүгінгі жайы, ертеңгі даму көкжиектері Қазақстан Республикасының тұтастай даму болашағын айқындайтын бірден - бір фактор деуге болады. Сондықтан да әрбір педагог пен білім ұйымдары, білім басқару салаларының қызметкерлері бұл мәселені іске асыруға ат салысу керек[59,93].
Қоғамды ілгері бастыратын, тарих дөңгелегін айналдырушы дарынды адамдар. Демек елдің болашағы – дарынды ұрпақтың қолында. Олай болса, бұл дарынды, талапты, ерекше балалармен атқарылатын жұмыстарды ертеңге қалдармай, бүгін атқарғанымыз жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |