Дипломдық жоба бастауыш сынып оқушыларының ұжымын қалыптастыруда мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі



бет7/19
Дата04.06.2023
өлшемі148.13 Kb.
#474673
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
Ұжым исправл

Дипломдық жобаның мақсаты - Бастауыш сынып оқушыларының ұжымын қалыптастыруға қажетті мұғалімнің кәсіби маңызды сапаларын ( қасиеттері) мен тұлғаны ұжымға бейімдеу жолдарын анықтау
Дипломдық жобаның міндеттері:
1. Кіші жастағы мектеп оқушыларының ұжымын қалыптастырудың ғылыми-теориялық, педагогикалық негіздерін оқып-үйрену.
2. Оқушылар ұжымын қалыптастыруға қажетті мұғалімнің кәсіби сапаларын анықтау.
3. Оқушылар ұжымын қалыптастырудың кейбір әдіс-тәсілдерін анықтау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- Бастауыш сынып ұжымын, әрбір баланың дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелік орта ретінде қалыптастырудағы, оқушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда, оқушылардың адамгершілік ,рухани құндылықтарын қалыптастырудағы сынып жетекшісінің міндеттері нақтыланды;
- Сынып ұжымының топтық, ұжымдық және жеке әрекеттерінің барлық түрлерін ұйымдастырудың. сыныпта қолайлы психологиялық климатты қамтамасыз етудің негізгі факторлары мен әдістерін анықталды;
- Бастауыш сынып мұғалімінің – сынып ұжымының тәрбиелік іс-әрекетінің алуан түрлері арқылы мектеп пен бала арасындағы қарым-қатынас жүйесін ұйымдастырушысы, әр оқушының жеке дара қабілетін ашуға жағдай жасайтын және оның қызметін бір жүйеде жүзеге асыратын кәсіби мұғалім ретіндегі моделін жасалды;
- Ұжым мен оқушы арасындағы байланыстың педагогикалық негіздеріне , ұжымының даму кезеңдеріне талдама жасалды.
Зерттеу болжамы: Егер оқу процесінің әр кезеңдерінде оқушылардың ұжымын ұйымдастыру негізінде ғылыми-педагогикалық, психологиялық, жан-жақты тұлғалық негізде, бағдар бойынша талдау жасалып ол әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етілсе, онда бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекеттерінің негізінде білім деңгейі көтеріліп, оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасы, ұйымшылдығы, шығармашылығы мен ізденімпаздығы артып қалыптасады.
Зерттеу жұмысының обьектісі - бастауыш мектеп оқушыларының ұжымын қалыптастыруға қажетті мұғалімдердің кәсіби сапаларының жүйесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет