Дірістер жинағы дәріс- 1 Тақырыбы: Ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау



бет4/20
Дата11.11.2022
өлшемі125.68 Kb.
#464582
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Лекция Ғылыми

Бақылау сұрақтары:
1.ҒЗЖ орындау негіздемесі?
2.ҒЗЖ құрылымына қойылатын талаптар?
3.ҒЗЖ өзектілігін анықтау барысында неге көңіл бөлу қажет?
4.Кіріспеде қандай мәліметтер болу қажет?


Әдебиеттер тізімі

1.Пошаев Д.Қ. Ғылыми – педагогикалық зерттеу негіздері Шымкент, 2003.


2.Асқаров Е., Балапанов Е., Қойшыбаев Б. Ғылыми зерттеулердің негіздері.Оқу-әдістемелік құрал. А., 2004.
3.Введение в научные исследование (Под. Ред. В.И.Журавлева).М,1998.
4.Герасимов И.Г. Структура научного исследование.- М,1995.
5.С.Мақпырұлы. Курстық және дипломдық жұмыстар. Қазақстан жоғары мектебі. 2005.№4.
6.Загвянский В.И. Учитель как исследователь.- М,1980.
7.Квиткина Л.Г.Научное творчество студентов.-М,1980
8.Е.С.Асқаров,Е.А.Қойшыбаева. Ғылыми зерттеулердің негіздері.А,2004.
9.Соколов В.Н. Педагогическая эвристика. М., 1995. С.110-206.
10.Эвристика. Разработано О.Е.Столяровой.
Дәріс- 3.


Тақырыбы: ҒЗЖ мақсаты, міндеттері және орындау кезеңдері.
1.Зерттеу мақсаттары
2.Зерттеу міндеттері
3.ҒЗЖ орындау кезеңдері

Ғылыми зерттеу жұмыстарының мақсаты нақты, түсінікті таңдалған зерттеу жұмысының бағытын көрсетіп тұруы қажет.


Жұмыстың мақсаты алдағы орындалатын жұмыстардың ішіндегі негізгі бағытын анықтап, таңдап алуға мүмкіндік туғызады.
Таңдап алған жұмыс бағытының негіздемесін жасау кезінде әртүрлі ғылыми басылымдар мен әдебиеттерге сараптама жүргізіп, нақты тапсырмалар орындауға мүмкіндік болатындығын анықтап болып негіздеме жасалады.
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Жастарды кәсіби оқытудың жан-жақты аспектілері 1984 жылғы мектеп реформасы бағытына ылайық қарастырылды. Осыған байланысты бағдарламалар жасалынып жалпы білім беретін мектептерге ендіріледі.Бұл жағдай мектепте оқыту мазмұнында бірінші рет болғандықтан оқушыларды мамандыққа дайындау біріншіден: бітірушілерді мамандық таңдауда жан-жақты ойландыру; екіншіден: алғашқы мамандық разрядына сәйкес келетін арнайы білім, біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру мәселелері; үшіншіден: ұлдар мен қыз балаларының жеке басының идеялық, өнегелік және азаматтық сапаларын қалыптастыруды қамтамасыз етуді талап етеді. Сонымен қатар, мұндағы аса маңызды мәселенің бірі оқушыларды мамандыққа сүйіспеншілікті дамыту болып табылады.
Сонымен, мектеп – жұмысшы мамандарды дайындаушы дәстүрлі орта кәсіптік білім беру, орта арнайы білім мекемелері мен бірқатарға тұратын болып отыр. Дегенмен, аталған оқу орындарының кәсіби оқыту мазмұны түгелімен мектепте оқыту мазмұнына көшіріледі деу әбестік болар еді. Осы себепті, мектептегі кәсіби оқыту формаларын, әдістерімен дидактикалық оқыту құралдарын дайындау, оларды эксперименттік тәжірибеден өткізу; олардың тиімді жолдарын анықтау маңыздылығы туындап отыр.
Алға қойылған мәселе әлеуметтік тұрғыдан ғылыми – техникалық прогрестің қазіргі даму тенденциясын, техника – технологияда, нарықтық қатынастар аумағында, информациялық технологияның пайдалану аумағы, осылардың негізінде оқушылардың кәсіби оқыту мазмұнына қойылатын талаптарды анықтауды алға тартады.
Ғылымның тез қарқынмен дамуы және жаңа технологиялардың енуіне сәйкес кәсіптік мамандыққа қойылатын талаптар өзгеріп, оқушылардың 2-3 мамандықты меңгеруіне қажеттілігі де туындайды.
Жоғарыдағы айтылған мәселелердің маңыздылығы мен практикалық мәні зерттеу тақырыбын:“Жалпы білім беретін мектепте мамандыққа оқытудың педагогикалық негіздері” бағытында таңдауды талап етеді.
Зерттеу нысаны – жастардың мамандыққа дайындығы.
Зерттеу пәні- жалпы білім беретін мектеп оқушыларын мамандыққа дайындаудың мазмұны, формасы, әдістері және дидактикалық құралдары.
Зерттеу мақсаты – оқушыларды мамандыққа оқытудың ғылыми - әдістемелік негіздерін дайындау.
Зерттеудің жұмысшы жорамалы: жалпы білім беретін мектепте кәсіби оқыту тиімділігі артады, егерде:

  • әртүрлі кәсіпке дайындау мазмұнында ғылымның, жаңа технологияның талаптары, аймақтық мәселелер ескерілсе;

  • оқыту процесінде, оқытудың дидактикалық құралдары ретінде өндірістік негізде құрылған техника- технологиялық есептер мен тапсырмалар: жинақтау процесін ескеретін жинақтаудың технологиялық схемаларын түсіндіретін графикалық тәсілдер қолданылсы;

  • оқушылар еңбегін ұйымдастырудың жетік формалары қарастырылатын болса;

  • оқу бағдарламаларына кәсіпке оқытудың біріңғай мазмұны түзілетін болса;

  • оқу- тәрбие жұмыстары барысында оқушыларда кәсіби маңызды сапаларды қалыптастыруда V – VІІ, VІІ – ІХ, Х-ХІ сыныптарда сабақтастық қалыптасатын болса.

  • Зерттеу міндеттері

  1. Өндіріс салаларына ғылым мен жаңа технологиялардың қарқынды енуі, олардың кәсіби дайындық мазмұнына қоятын талаптарын анықтау.

  2. Оқушыларды кәсіпке баулу мазмұнындағы біріңғай кәсіби деңгейді анықтаушы талаптарды саралау.

  3. Кәсіби оқытк бағдарламасы мазмұнын түзу және оны эксперименттік тексеру.

  4. Кәсіби оқытудың тиімді дидактикалық құралдарын, формасын, әдәстерін анықтау.

  5. Кәсіби оқытудың дидактикалық негіздерін дайындау.

Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері – табиғат, қоғам, ой дамуының заңдылықтары; теория мен практиканың диалектикалық бірлігі туралы; жүйелі – құрылымдық қатынас туралы; философиялық және психологиялық-педагогикалық тұжырымдамалар; жеке тұлғаны іс-әрекет арқылы дамыту теориясы; дамыта оқыту теориясы.


Орындалатын ҒЗЖ негіздемесі жасалғаннан кейін жұмыстың мақсаты мен міндеттері түзеледі.
Мақсатын орындау үшін – таңдап алынған зерттеу әдістері, жұмыс бағдарламасының, құрал-жабдықтар т.б қажетті жабдықтар анықталуы қажет.
Алға қойылған мақсатқа жету үшін белгілі міндеттер жоспарлануы қажет.
Көпшілік жағдайда зерттеу жұмысына алғашқы сатысында, масылы биологиялық көптүрлілікті, флорамен фаунаны зерттеу барысында, белгілі бір территория жер жағдайын, эколо-географиялық сипатын, климаттық және ландшафтық жағдайын қарастырады.
Мысалы ретінде орындалған ҒЗЖ-н биология мамандықтарын қарастыруға болады.
1.Тақырып: ОҚО сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктерін қорғау мәселелері.
Жұмыстың өзектілігі: Соңғы онжылдықтарда жер жабынының өсімдіктер бірлестіктеріне антропогендік факторларының әсері байқалады. ОҚО территориясында экологиялық жүйесінде биологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету және жекелеген түрлерді сақтап қалу қазіргі таңдағы адамзаттың іс-әрекетінің барысында қоршаған ортаға орасан зор әсер етуде. Көптеген өсімдік пен жануар түрлеріне жайылу қауіпі төніп тұр.
Жұмыстың мақсаты: ОҚО сирек кездесетн өсімдіктердің ценопопуляциясын және интродукциясын және интродукциялық мүмкіндігін зерттеу.
Жұмыстың міндеттері:

  • Сирек кездесетін өсімдіктердің онтогенездік және интродукциялық мүмкіндігін анықтау;

  • Ценопопуляциялық сипаты және түрлердің ценопопуляцияның жағдайына баға беру;

  • Түрлердің табиғатта және мәдени түрде көбею мүмкіндігін анықтау;

  • Түрлердің ценопопуляциясын сақтау және қорғау мүмкіндіктерін ұсыну.

Ғылыми-зерттеу жұмысын орындау кезеңдері.
Ақпараттық, әдебиеттік, мәліметтерді пайдалана отырып орындалатын ғылыми зерттеу жұмыстардың орындалатын нақты міедеттері анықталады.
Жұмыстың мақсаттары мен міндеттері анықталғаннан кейін, ізденуші зерттеу жұмысын зерттеу әдістерін игереді.
Уақытты тиімді пайдалану үшін қысқа, орта, ұзақ уақыт орындалатын іс тәжірибе жұмыстары жоспар түзіледі.
Орындалатын ғылыми-зерттеу жұмысының орындалу барысының кезеңдері – идея (ой) ізденіс, лаб.іс-тәжірибе, опыты, өндірістік ізденіс таңдау, қорытынды, есебі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет