Диссертация тақырыбы: «Су шаруашылық мақсатта Алматы қаласының жаңбыр суларын есепке алу және бағалау» 7M05206 «Гидрология»



бет8/8
Дата03.01.2022
өлшемі0.57 Mb.
#451796
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8
Диссертация Айтбаев соңғы

2 кеңернеуді бітейтін жанасшұңқыр; 3 құбырды траншеяғаберетін траверса.
12-сурет.Траншеяға құбыры жатқызу
Бірінші құбырды еңістікке қатысты аса мұқият жатқызу керек. Келесі жатқызылатын құбырдың тірек бөлігі арасындағы саңылау 10 мм болу керек.

Жерде атқарылатын жұмыстарды орындау тек қана өндірістік яғни жұмыс Топырақты эксковатормен өңдеу кезінде яғни жұмысшыларға шөміштің немесе мұнара кранының стреласы астында тұруға және астынғы жағында жұмыс жүргізуге тыйым да салынады. тардың бекітілген жобасы бойынша ғана орындалады[13].



3.3 Тесу әдісімен құбырларды төсеу

Тесу әдісі диаметірі 500мм – ге дейінгі құбырларды төсеу үшін қолданылады. Бұл әдістің басқалардаң артықшылығы топырақты қазусыз құбырларды жатқызу болып табылады. Көбінесе басқарылатын тесу саз топырақты қабатта түрлі жолдардың астында, мысалы автотрассаның немесе темір жол төсемінің астында орындалады. Ол үшін сорғы-домкратты қысу агрегатын пайдаланады.

Топырақ қабатындағы жұмыс барысын бақылау үшін сымсыз локация құралдары қолданылады. Бұрғылау бастарына зонд орналастырылады,ол бұрғылау жұмыстарының барысы туралы мәліметтерді береді. Ақпарат локаторға түседі. Мұнда деректер талданады, соның нәтижесінде бұрғылау құралының топырақ қабатындағы нақты орналасуы, бұрғылау бастарының еңіс бұрышы, оның қозғалысының бұрын жасалған жұмыс жоспарына сәйкестігі анықталады. Сонымен қатар мәліметтерде зонд батареясының жағдайы бақыланады. Дайындық жұмыстары кезінде сондай-ақ бұрғылау жүргізілетін жердің жанында болуы тиіс құбырларды сақтау орнын ойластыру қажет.

Консервациялау ауа компрессорымен жүргізіледі, компрессорды суару жүйесіне қосу үшін құдықтардан шығатын жерде кран қарастырылған.

Егер компрессорды орнату мүмкіндігі болмаса, онда төменгі нүктелерде немесе ең ұзын желілерде 1 м. т. көлбеу 0.2 мм-ге төтеп беру қажет.

Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу кезінде Алматы қаласының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасынан жол белгілері мен қоршауларын орналастыра отырып, Алматы қаласының Әкімшілік полиция басқармасынан жол бөлігі арқылы тесуге рұқсат алу арқылы арнайы хабарлама ресімдеу талап етіледі. Құбырлардың магистральдары жұмыс қысымы 12.5 атм, ҚР МЕСТ 18599-2001, құбырларды салу тереңдігі жер бетінен 0.3 м кем емес полиэтилен құбырлардан құрастырылады. Суару су құбырын жабық тәсілмен (тесу әдісімен) төсеу арнайы ұйыммен жүргізілуі тиіс.

Әр жұмыс түрі бойынша, тесу әдісі кезінде Қазақстан Республикасы бойынша белгіленген үлгідегі жұмыс журналы жүргізілуі тиіс. Тесуге арналған құбырлар мен қондырғыларды орнату олардың жағдайын тұрақты бақылай отырып, жоспарда да, профильде де жобалық деректер бойынша орындалуға тиіс, бұл құбырдың ең аз ауытқуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ұңғылау машиналарын (қондырғыларын) монтаждау және демонтаждау, құбырларды түсіру және топырақты қазаншұңқырлардан жер бетіне тасымалдау үшін жүк көтергіштікке сәйкес автомобиль және пневмокөшірме крандарын, сондай-ақ СПК – 1000, СПК – 2000 – 2 крандарын пайдалану ұсынылады. Жұмыстарды орындау кезінде машиналар мен қондырғылар жұмыс өндірісінің жобасына қатаң сәйкес келуі тиіс[14].

Тесудің технологиялық реттілігі:

1) Геодезиялық бөлу жұмыстары;

2) Жұмыс және қабылдау шұңқыры ашылады;

3) Қалыңдығы 400 мм және арматураланған қаңқаны орнату арқылы В25 класты бетоннан жасалған "пресс астына" құбырының қарама-қарсы кіруіне қазаншұңқасының қабырғасын бетондау;

4) Қазаншұңқыр қабырғаларын және тірек қабырғасын бекіту құрылғысын қоса алғанда, тесуге арналған қондырғылар мен жабдықтарды монтаждау

5) Топырақта тесуді жүзеге асыру;

6) Тесу жұмыстарынан кейін қондырғылар мен жабдықтарды бөлшектеу;

7) Құбырды орналастыру;

8) Жұмыс қазаншұңқырларын және қабылдағышты жабу.

Тесу әдісімен жер асты желілерін салу жұмыстарының сапасын операциялық бақылау ҚР ҚН 1.03.05 – 2011"құрылыс өндірісін ұйымдастыру"талаптарына сәйкес орындалады. Жұмыстарды жүргізу кезінде "Құрылыстағы қауіпсіздік техникасы"ҚР ҚН, "жұмыстарды орындайтын жұмысшылар үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар "талаптарын сақтау қажет.»

3.4 Құрылыс кезіндегі қауіпсіздік техника ережелері

Құрылыс кезіндегі кез келген атқарылатын жұмыстар Қазақстан Республикасының еңбек кодексінде келтірілген ережелерге сәйкес орындалуы керек. Атап айтқанда жұмысқа дейінгі қауіпсіздің техника ережелері, жұмыс барысындағы қауіпсіздің техника ережелері, жұмыстың аяқталуынан кейінгі қаіпсіздің техника ережелері, апаттық жағдайлардағы қауіпсіздің техника ережелері, құрылыс материалдарының орын ауыстыруы туралы қауіпсіздік техника ережелері т.б сақталуы тиіс.

Құрылыс механизімдерін орнату, және автомобильдердің қазаңшұңқырдың топырақ құлау жерлерінде өтуі тыйым салынады.

Автомобильдің паспортында анықталған бұрыштан құрылысты жүргізген кезде асуы қатаң тыйым салынады.Төселген арматурады тек ені 0,5 м болған кезде ғана жүру рұқсат етіледі.

Құрылыс кезінде автомобильдердің жол бойымен жүргізілуі, сонымен қатар олардаң ара дұрыс ара қашықтықты ұстағаны қатаң сақталануы тиіс.

Құрылыс кезінде кранмен бөлшектерді көтерген кезде келесі талаптар орындалуы тиіс:

- Қажеттi жебенiң көтерiлу биiктiгiнде ең жоғары жүк көтергiштiк шамасына жеткiзiп, жүк көтеруге тиым салынады;

- Құрылыс бөлшектерін көтерген кезде оларды тік және шайқаусыз ұсталынуы керек. Ордың немесе шұңқырдың қабырғаларына тиіспегені міндетті. Кран жұмыс жасаған кезде оның көтерген бөлшектің қозғалатын радиус мағында адамдардың жүруі қатаң тыйым салынады.

Қауіпсіздің техника ережелерін қатаң сақталуын тексері үшін арнайы ұйым бар. Егер де қауіпсіздік техникалар ережелері сақталмайтын болса, жобаны орындайтын компанияға айыпқұл салынады, және де ауытқуларды алып тастағаннан кейін ғана өз жұмысын жалғастыра алады [10].

3.5 Абаттандыру және көгалдандыру

Тексеру кезінде суару су құбыры құрылысының аумағында жасыл желектерді амалсыз кесуге арналған су құбыры жоқ.

Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу кезеңінде іргелес аумақтардағы жасыл желектерді сақтау жөніндегі іс-шаралар орындалуы тиіс.

Белгілерді, қоршауларды және т. б. бекіту үшін ағаш діңдеріне шеге, қадаларды және т.б қағуға тыйым салу, ағаштардың белсенді дамуы аймақтарында бағандарды, қазықтарды, қадаларды қазып, қағуға жол бермеу, ағаштардың ұшар басының астына материалдарды, конструкцияларды жинауға, құрылыс техникасын тоқтатуға тыйым салынады.

Құрылыс кезінде объект қандай да бір өндіріс жоқ және оларды тасымалдау кезінде топыраққа кездейсоқ төгілген немесе төгілген кезде топыраққа зиянды әсер етуі мүмкін улы және химиялық белсенді заттар пайдаланылмайды.

Топыраққа және өндірістік қалдықтарға шығарылуы мүмкін өндірістік ағынды сулар – жоқ.

Кірме жолдар – асфальтбетонды автомобиль жолдары.

Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу кезінде жерді қорғау мақсатында мынадай іс-шаралар көзделеді:

- Шығарылған топырақты уақытша үйінділерге жинау;

- Жұмысшылар мен қызметшілердің қажеттілігі үшін биотуалеттер орнатылады;

- Ауыз су қажеттілігіне – бөтелкеленген су әкелінеді.Техникалық сапалы су суару машинасының цистернасында сақталады;

- Қатты – тұрмыстық қалдықтарды сақтау машиналарда орнатылатын арнайы контейнерлерде жүргізіледі;

- Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде жүргізілетін жұмыстар учаскесінің аумағы санитарлық – таза күйде ұсталады.

Объектіні пайдаланудың қалыпты жағдайларында объектінің жұмыс істеуі кезінде халық өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларының өзгеру болжамы - оң.

Құрылыс кезінде қоршаған ортаға әсерді бағалау, ауданның экологиялық жағдайына айтарлықтай әсер ету және әсер ету нәтижелері бойынша күтілмейді.

Алматы қаласының әкімшілігі қаланы көгалдандыру шараларын көптеп қолдануда. Себебі жасыл алқтар тек ауаны бермейды, сонымен қатар ағаштардан көлеңке пайда болады, ол қала ішіндегі температураны азайтады, сонымен қатар дыбыстарды өзіне қабылдап азайтады. Сонымен қатар ең бастысы жасыл желектер қаланың көркі болып келеді.

“Алматы қаласын совет үкіметі кезінде бақша деп атаған. Қазіргі заманда да біз осы атты ұмытпау керекпіз” – деп Алматы қаласының табиғи ресурстарын пайдалану әкімшіліктің бастығы Асеь Масабаев айтқан. Сондықтан да жақын арада Алматы қаласының ішінде, әр көше бойында көптеп жасыл желектер отырғызылатын болады.

3.6 Өрт қауіпсіздігі

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларының жүйесі барлық жұмыскерлерді: учаскінің бастығынан жұмысшыға дейін, құрылыс өндірісінің барлық кезеңдері мен учаскелерінде қамтуы тиіс.

Жұмыстар жүргізуді ұйымдастыру, жанғыш материалдарды сақтау және тасымалдау, алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету, құрылыстың жекелеген учаскелерінде өртке қарсы шараларды бірлесіп орындау кезінде өрт қауіпсіздігі үшін участкі бастықтары жауап береді.

Жұмыс жүргізу кезінде “құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін” басшылыққа алу қажет.

Жұмыс және құрылыс орындарында арнайы өрт сөндіретін құралдар орналасуы міндетті түрде тиіс. Жұмысшыларды өрт қауіпсіздігімен таныстырып арнай журнал жүргізу керек.

Жұмыс кезінде тез жанғыш заттарды, яғни полимерлі заттарды, жарылысқа икемді және токсикалық заттарды қолдану алдында міндетті түрде Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі нормативтік документімен таныстырылуы тиіс [10].

Жұмыс орындарындағы өрт сөндіргіштерді уақытылы тексеріп ауыстырылуы тиіс.

Құрылыс алаңын инженерлік қамтамасыз ету бойынша:

- жылумен жабдықтау – қажет емес;

- электр энергиясымен жабдықтау – қажет емес;

- сумен қамтамасыз ету шаруашылық – тұрмыстық қажеттілік үшін – тасымалданатын су;

- кәріз-биотуалеттер.

4 Экономикалық бөлім

4.1 Су шашыратқыштардың құны

65 және 66 участкілерінде 442 су шашыратқышы орналасқан.

Тақырыпта таңдалған су шашыратқыштың түрі “RAIN BIRD – 1800. Бұл су шашыратқыштың құны 2000 теңге. Сонды 65 және 66 участкі үшін су шашыратқыштың құны:
, (40)
мұндағы N – Су шашыратқыштардың саны;

5000 – бір су шашыратқшытың бағасы.


Баға = 442 = 884000 теңге.

4.2 Сорап станциясының құны

Мен таңдаған Иртыш ЭКО ПД 65/20.179 – 15/2 – cт 2х5 сорапты Омбы қаласынан алған кезде қосымша салықсыз құны 2838254 рубыль яғни қазіргі 5.82 курспен санаған кезде 16520000 теңге болып шығады.

Сонымен қатар сорап станциясы электр энергиясын қажет етеді. Оның жылдық шығыны келесі формуламен анықталады [12]:


, (41)
мұндағы n- соpғыш сaны;

N –соpғыш қуaттылығы 15, кВт;

Qскв- сaғaттық су шығыны, м3/сaғ;

Н – apын, м;

t- соpғыштың жылдық жұмыстық сaғaты;

ŋ1,2- біліктің ПӘК-і.

Сондa, біpінші көтеpу соpғыш бeкeті үшін
1919723.2 кВт.жыл,
Сонда электр энергиясының құны

С = 1919723.2 17.81 = 34190269.9 теңге жылына.

4.3 Магистралдық құбырдың өзіндің құны.

Кәріз жүйесінің экономикалық тиімділігін анықтау үшін оның жылдық эксплуатациялық шығынды есептеу керек. Ол адамдардың еңбекақылары, амортизациялық төлемдер, өндірістік шығындар, электроэнергетикалық жарықтандыру, отын мен газ, реагенттер мен транспорт шығындары.

Алматы қаласының Алмалы ауданындағы жасыл желектерді суғару үшін құбырлар желісі құрылды. Олардың бас магистралінің құбыр ұзындығы 70км, ал диаметірі 250мм деп қабылданды. Сонда satu.kz сайтына негізделе отырып полиэтиленді құбырдың 1 метр үшін бағасы 205 теңге. Сонда құбырдың бағасын келесі формуламен анықтаймыз:
(42)
мұндағы l – құбыр желісінің ұзындығы, м;

205 – 1 метр құбырдың бағасы.



Амортизациялық төлемдер желінің өзіндік құны мен қызмет ету мерзіміне байланысты тәуелді бағдарлы бағасы құрылыс бағасының 3.5 пайызы. Суды әкету жергілікті жағдайлрға байланысты МКМ «Алматы Су» тарифтеріне сүйене Алматы қаласы үшін 1 м3 48 тенге құрайды. Оның бағасы қалалар үшін төмендеп, кіші елді мекендер үшін өседі.

Бір жыл ішінде амортизациялық аударымдар негізгі қорлар құнының 6-7 пайызын құрайды, оның ішінде құрылыстар мен жабдықтарды күрделі жөндеуге аударымдар – 2-3 пайыз. 1 м3 суды әкету және тазалау құны жылдық пайдалану шығыстарының сол жылдағы әкетілген судың мөлшеріне бөлу арқылы анықталады[14].

Атмосфералық суларды бөлудің өзіндік құны жылдық пайдалану шығыстарының жалпы құны су жинау алаңына бөлу арқылы анықталады.

Қoрытынды

Су – табиғи байлық. Ғаламшарымызда алғашқы тіршілік суда дамыған, сусыз тіршілік жоқ.

Ғаламшарымыздың гидросферасында 1,5 млрд км2 су бар болса соның 98 % тұзды, қалған 2 % ғана ауыз суға жарамды тұщы су екен. Тұщы судың көп бөлігі мұзды мұхиттар иеленеді , тек 0,06 % құрғақтағы тұщы суға тиесілі. Бұл дегеніміз таза су қоры өте аз және ғаламшар тұрғындарының жартысынан астамы таза су зардабын тартуда дегенді білдіреді.

Сарқынды суларды әкету жүйесіндегі жаңбыр суын әкету өте маңызды инженерлік іс-шара. Ол қалалар мен елді мекеннің табиғи ландшафтын бұзбауға, топырақ қабаты мен асфальт беттерін шайып кетпеу үшін, астыңғы қабат үйлерді су басып кетуден сақтайтын жүйе. Жаңбыр жүйесін жобалау күрделі болғанымен дұрыс қабылданған жүйелер көп жылдар бойы қызмет етеді. Жобалаудан бастап оның эксплуатациясына дейін бәрі мемлекеттік стандарттар мен регламенттерге сәйкес болу керек.

Зерттеу жұмысының мақсаты таза суды үнемдеу аясында сарқынды жаңбыр суын жинап, тазалап пайдалануға жүзеге асыру. Қазіргі таңда көп жағдайда қала көшелерін жууға, жасыл желектерді суғаруға, көлік жуу орталықтарында таза суды пайдалануда. Осының салдарынан табиғи таза су тапшылығы туындайды. Жаңбыр канализациясын гидравликалық есептеу арқылы жаңбыр коллекторының бойлық профилі салынады. Жиналған жаңбыр суының сапасын жақсарту мақсатында тазарту ғимараттары кереге, көлденең құм ұстағыш пен тұндырғышқа есептер жүргіземіз. Осындай процестерден тазаланған жаңбыр суын пайдалану арқылы айтарлықтай үнемдеуге жол ашамыз.

Қазіргі таңда Алматы қаласында жер асты жабық жаңбыр канализациясы мүлдем жоқ, тек ашық арық түріндегі жаңбыр әкету жүесі бар. Арық жүесінің дұрыс жобаланбау себебінен жаңбыр жауған кезде арықтан судың тасуы, көшелерді су шайу, қаланың төмен жақтағы жер үйлерін су басу проблемалары қарапайым халыққа қиындық туғызуда. Жер асты жаңбыр канализациясын жүргізу арқылы осы проблемалардын алдын алуға болады.

Әлем бойынша суды тұтыну көрсеткіші артып, адамзат су қорларын тез тұтынып жатыр деген қорқыныш жоқ емес. Біз не істесек те, бізге су керек: Ішу үшін, жуыну үшін, тамақ өнімдерін өсіру үшін, өндіріс үшін, құрылыс пен өнеркәсіпте де су керек. Жер шарында 7,5 миллиард адам бар, бұл 2050 жылға қарай 10 миллиард адамға жетуі мүмкін деген болжам бар екенін ескерсек, жағдайдың маңызы артпаса, еш кемімек емес.

Ғылымый техниканың дамыған уақытында жер асты жаңбыр жүйесін заман талабына сай жобалап, барынша таза су қорын үнемдеп сақтауға мүмкіндік аламыз. Экономка тұрғысынан тиімділігіде жобаны іске асыруға қиындық туғызбайды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Козыбаева, М.К. Казахской советской энциклопедии // энциклопедия.– Алма-Ата,1983. – 608 с.

2.Поспорта районов Алматы [Электронный ресурс]. – Режим доступа: https://www.kn.kz/helpful/view/id/280/.Дата обращения: 22.10.20.

3.ҚР ҚНж/еЕ 4.01-02-2009.Сумен жабдықтау.Сыртқы тораптар мен ғимараттар.ҚР Құрылыс және тұрғын үй комуналдық шаруашылық істер агенттігі: – Астана, 2010.

4. Мырзахметов М. Суды тасымалдау // Оқулық.- Алматы: “Экономика” баспасы, 2014. – 384 б.

5. Тоғабаев. Е.Т, Тойбаев К.Д. Сумен жабдықтау және канализация. –Алматы, 1998. – 35 б.

6. Шевелев Ф.А. Таблицы для нидравлического расчета водопроводных труб. – М.: Стройиздат, 1984.

7. Абрамов Н.Н., Поспелова М.М., Варапаев Д.Х., Керимова Д.Х., Сомов М.А. Расчет водопроводных сетей. – М.: Стройиздат, 1976.

8.Типовой проект 901 – 01 – 33 – Водозаборные сооружения производительностью от 0,2 до 0,5 куб. м/с.- Алматы, 2020. – 12б.

9.Типовой проект 901 – 4 – 63.83 Альбом II. Материалы для проектирования специальных мероприятий для резервуаров емкостью 50-20000 м3 систем хозпитьевого водоснабжения. – Алматы, 2020. – 8б.

10. Cумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн пайдалану кезiнде еңбек қорғау және қауiпсiздiк техникасының ережелерi, 7б.

11.Курганов А.М., Сацухина А.А. Определение пропускной способности труб круглого сечения // Водоснабжения и санитарная техника. – 1991. – № 12. –

С.7-8

12. СКГУ им. Козыбаева .Расчет потребности и определения норм расхода электроэнергии [Электронный ресурс]. – Электрон. дан. – Режим доступа: https://vunivere.ru/work8389 .



13. Монтаж систем водоснабжения и водоотвидения //Справочник. – М.: АОООТ “Трест Центроспецтрой”,2001.

14.Сладков А.В. Проектирование и строительство наружных сетей водоснабжения и канализация из пласмассовых труб. – М.:Стройиздат,1988.-207с.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет