Дістемелік кешені



бет55/73
Дата05.12.2022
өлшемі0.63 Mb.
#466476
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   73
tzha keshen-2022-2023

Сабақтың мақсаты: Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетіндегі балалар поэзиясының орны мен өкілдері туралы түсінік беру.
Сабақ жоспары:
5.1 Қазіргі қазақ балалар поэзиясындағы лирикалық кейіпкердің ұлттық сипаты.
5.2 Қазіргі қазақ балалар поэзиясындағы фольклорлық дәстүр мен көркемдік ізденістер.
Бақылау сұрақтары:
Балалар поэзиясы өкілдерінен кімдерді бәлесің?
Балаларға арналған қандай шығармалар бар?
Балаларға арналған екі шумақ өлең шығарыңыз.
Ұлттық кейіпкер дегеніміздің өзі – ұлттық психологиямен ұштасып жатқан категория. Сондықтан да ұлттық кейіпкер жағымсыз да, жағымды да болып келеді. Бұны жоғарыда талдау көзіне айналдырған шығармаларымыз айқындайды. Ақындарымыз бүгінгі кейіпкердің ұлттық бағытын байыту сипатына өзіндік үлестерін қосты. Ұлт ішінен өрбитін жамандық пен жақсылықтың айқасы тәрізді тартыстарды туындату негізінде ұлттық характердің сан алуан қыры болатынын, оның тек жақсылық шеңберінде сақталып қалмайтынын, бірақ, жақсы мінездің жеңіске жететінін бейнеледі. Балалар әлемі үшін құнды, жақсылықтың жаршысындай кейіпкерлер ұлттық
Ы.Алтынсарин баланы адамгершілікке тәрбиелеудегі негізгі сара жол деп ислам дінін атайды. Оның досы Н.И.Ильминскийге жазған хатында оқушыларды тәрбиелеу ісі туралы ой бөлісетін тұсы мол. Соның бірінде «...оларға адамгершілік жағынан әсер етуге де бар күшімді салып жатырмын. Күлсеңіз, күле беріңіз, мен кейбір оқытудан бос уақытымда оларға ресми түрде молда болып та қоямын, сөйтіп оларға дін тарихынан білгенімді айтып, одан басқа да пайдалы және түсінікті әңгімелерді қосып айтамын»,-деп жазады.
Ұлттық салт-дәстүрлеріміз ислам қағидаларымен үндеседі. Діни сипатты жырлар лиризмге, терең сезімге құрылғандықтан биік пафосты да, асқақ рухты жыраулар поэзиясымен көп үйлесімділік сақтамайды. Сондықтан да, өткен ғасырдың бас шеніне дейін өмір сүрген қазақ ақындар шығармашылығынан діни сипатты жырларды көп ұшыратпаймыз.
Қазақ әдебиетінде санамақтың сан түрлі формасы бар. Ал, Е.Өтетілеуовтің санамақты балаларға арналған діни түсінік шеңберінде жеткізуі – өзіндік жаңалық.
Ақын мұсылман баласының бес парызын санамақтың үлгісіне икемдеп, сәтті үлгі таба білген:
«Біріншісі – Алланы
Бар деп, кәміл сенуі.
Жүрекпен құп алғаны,
Күдікті ойды жеңуі.
Екіншісі – тоқуы,
Көңілге дін діңгегін:
Бес уақыт оқуы,
Намазды үзбей, күнбе-күн.
Үшіншісі – кәмелет.
Жастан санға кіруі:
Әр жыл сайын бір мезет
Пітір-зекет беруі.
Төртіншісі – бойында,
Қуат барда, боп риза,
Рамазан айында
Бір ай тұту ораза.
Бесіншісі – құдірет.
Ғұмырында бір рет.
Қажылыққа баруы».
Ақын мұнда үлкен парыздарды баланың оңай түсінуіне, үйлесімділікпен жеткізуге назар аударады.
Санамақ – арифметиканың төрт амалын меңгеруді үйрететін әдеби үлгі десек, ақын бұл ретте ислам қағидаларын өте орынды пайдалана білген.
1.Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының «Балалар әдебиеті – ұлт ертеңі» атты кезекті ІҮ Пленумының қаулысынан үзінді // Қазақ әдебиеті. −2009, сәуір − 12.
2 Ысқақ Ә. Күн ұлымын. – Тараз: Сенім, 2002. – 112 б.
3 Баянбаев Қ. Бір қоржын жаз. – Алматы: Жалын, 1991. – 240 б.
4 Әбілдақызы Қ. Ай сайын өсіп келемін. – Алматы: АБДИ Компани,
2004. – 99 б.
5 Елубаев Е. Келешек. – Алматы: Балалар әдебиеті, 2005. – 201
6 практикалық сабақ тақырыбы. Қазіргі қазақ прозасындағы ұлттық идея мен көркемдік шешім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет