Джетписбаева б. Ш., Матибаева а. И


Тағам өнімдерінің зиянкестері



Pdf көрінісі
бет23/75
Дата04.12.2023
өлшемі1.31 Mb.
#485430
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   75
ТАҒАМ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ

Тағам өнімдерінің зиянкестері. Бұған әр түрлі кеміргіштер мен жәндіктер 
жатады. Зиянкестермен күрес шаралары, өнімді зақымдау мен сақтау жағдайларының 
дәрежесіне байланысты. Өнімдерді сақтау қоймаларының санитарлы-гигиеналық 
талаптарына әртүрлі санитарлы-техникалық шаралар, ескерту шаралары жатады. Бұл 
дегеніміз қаптамаларды тазалау, бөлмелерді күнделікті ретке келтіру, өнімдерді сәйкес 
ылғалдылық температуралық режимде сақтау. Зиянкестермен күрестің тиімді 
шараларына физико-механикалық және химиялық тәсілдер жатады. Жәндіктер мен 
күрес шараларының ең тиімді физико-механикалық әдістеріне бидай дақылдарын 
бидай тазалау машиналарынан өткізу, қоймаларды желдету және зақымданған 
өнімдерді жылумен өңдеу (жоғарғы немесе төмен температурамен, кептіру немесе 
еріту) жатады. Кеміргіштерді механикалық әдістермен жояды. Зиянкестермен 
күресудің тиімді химиялық әдістеріне бөлмелерді сұйық, құрғақ немесе газ тәріздес 
химиялық заттармен залалсыздандыру (дезинсекция). Кеміргіштерді жою үшін 
уланған әр түрлі улы заттарды қолданады. Дезинсекцияны санитарлы-гигиеналық 
ережелерді қатаң сақтай отырып, арнайы білімі бар маман жасайды.
 
 
 


43 
Тағам өндірісіндегі шикізатты өңдеудің физикалық әдістері
Көптеген тағам өнімдерін өңдеу, шикізатты физикалық әдіспен өңдеуден 
басталады. Өңдеудің физикалық әдісіне: майдалау, сорттау, қысыммен өңдеу 
(престеу), араластыру, біртекті емес жүйелерді бөлу, тұндыру, фильтрлеу. Алдын-ала 
дайындауға технологиялық операциялар жатады, олар шикізатты қалыпқа қалбырға 
салу немесе негізгі операциялар. Бұл кезде шикізат өзіне тән белгілерін жоғалтып, 
жартылай фабрикатқа айналады. Алдын-ала өңдеудің механикалық және жылулық 
операциялары бар. Механикалық операциялардың мақсаты: шикізат массасын 
қоспалардан, жеуге жарамсыз, аз құнды заттардан ажырату, сонымен қатар шикізатқа 
ары қарай өңдеуге ыңғайлы түр-сипат беру.
Механикалық бұл операцияларға: 
1. инспекциялау,
2. сорттау,
3. калибрлеу,
4. жуу,
5. тазалау,
6. майдалау жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет