Джетписбаева б. Ш., Матибаева а. И


Көкөністі тағам консервілері



Pdf көрінісі
бет33/75
Дата04.12.2023
өлшемі1.31 Mb.
#485430
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   75
ТАҒАМ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ

Көкөністі тағам консервілері
Табиғи көкөніс консервілері салат, винегрет, бірінші және екінші тағам, 
сонымен қатар ет және балық тағамдарына гарнир дайындауда жартылай фабрикаттар 
болып табылады. Табиғи түрде жасыл асбұршақты, қантты жүгеріні сабақты (струка) 
фасоль, тамырлы көкөністерді, түсті және брюссельдік орамжапырақты, бұрышты 
асқабақты және сол сияқтыларды консервілейді. 
Табиғи консервілер көкөністің бүтін немесе туралған қандай да бір түрінен 
тұрады, тұздың әлсіз ерітіндісі, кейде қанттың аз мөлшері косылып құйылады. 
Мысал ретінде «Жасыл асбұршақ» консерві өндірісінің технологиялық, 
схемасын 
келтіреміз. 
Бұл 
консервілердің 
технологиясы 
процестерді 
механизациялаудың жоғары деңгейдегі өндірісі мысалы болып табылады. 
Плантацияларда жасыл массаны жинаудан бастап, оны транспортқа жіберу, 
стационарлы балғалармен ұсақтау және сумен бірге автоцистерналарда дәндерді 
жеткізуге дейінгі барлық процесс механизирленген өндірістік бағытга қалыптасқан. 
Бұрын кең тәжірібиеленген зауытқа собықтарды жәшікте тасу процесс 
механизациясы деңгейін төмендетіп, көптеген шығындар мен шикізат сапасын 
нашарлатуға ұшыратты. Сулы әсіресе салқындатылған автоцистерналарда ұсақталған 
шикізаттарды жеткізу шығындарды құрт төмендетеді. Зауытқа дәндді жеткізудің 
прогрессивті әдісі оларды сусыз салқындатылған күйде тасымалдау болып табылады. 


60 
Суретте «Жасыл бұршақ» консервісінің дайындалуының технологиялық процесі 
оны жазықтық және зауыттық цикілге бөлместен көрсетілген. Бұршақ собығы 
сабақпен бірге екі паралельді жұмыс жасап тұрган ұсақтағыш балғаларға скребкалы 
элеватор 
арқылы 
беріледі. 
Ұсакталғаннан 
кейінгі 
қалдықтар 
скребкалы 
транспортермен алынып тасталынады. Үсакталган бүршақ ленталы транспортермен 
«Қаз мойыны» әлеваторына беріледі, оның көмегімен воялкаға түседі. Мұнда дән 
массасында ұсақталғаннан кейінгі қалып қойған қоспалар алынып тасталынады. 
Автоматиқалық таразылар арқылы дәндер вяялкадан флотационды жуу-сорттағыш 
машинаға жіберіледі. Мұнда су ағынымен жеңіл және ауыр қоспапар алынады, бұдан 
кейін асбұршақ насос көмегімен барабанды субөлгішке беріледі, сосын «каз мойыны» 
элеваторы көмегімен барабанды бланширлеуге бағытталады. Бланширлеу бұршақ түсі 
жақсы сақталуды сонымен қатар барлық кірді, дән кабығыдан бөлінген жабысқақ 
крахмалды және де бөлінген дәндегі крахмал бөліктерін жоюды қамтамасыз ететін 
қышқылды ферменггердің бөлінуі үшін 2-5мин аралығында ыстық суда (75-90°С темп) 
жүргізіледі. Егер бұны жасамаса банкаға жасыл бұршақты құйган кезде мөлдір тұздық 
стерильдеу кезінде бұлдырланып кетеді. Сосын бұршақ барабанды жуғыш машинада 
салқындатылады және жуылады, транспортерде бақылаудан өтіп, «қаз мойыны» 
элеватор көмегімен дән мен тұздықты банкаға дозапайтын автоматты толтырғаш 
бункеріне жіберіледі. Тұздык 2-3% қант және 2% тұзды құрайды. Табақшалы 
тарнспертерлі толтырылған банкалар жылжымалы машиналарға, сосын стерилдеуге 
жіберіледі. Аппараттардағы стерилдеудің максимальді температурасы 132°С. 
Стерилизаторда бір-біріне қарама-қарсы екі гидростатикалық жүйе орналаскан, олар 
алты кезекті жалғасқан камерадан әрбіреуінің биіктігі 4м болатын су ванналарынан 
тұрады. Бір жүйе қыздыру, ол біреуі салқындату қызметін атқарады. «Жасыл бұршақ» 
консервісін стерильдеу кезінде температуралықт өңдеу 70-85-100-110-120-122-132-90-
70-50-30-20°С диапозонында жүреді. Банканың стерилизатор арқылы өтуінің жалпы 
уақыты 44 минутты құрайды. Мұнда қолданылатын «Хунистер» аппараты әлемдегі 
үздіксіз әрекетті стерилизаторлардың бірі болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет