Тұқым қуалаушылық факторлары. Қазіргі кезде осы факторларға ерекше назар аударылып отыр. Адам организмінің құрылысы, салмағы ата-анадан балаға тұұқым қуалау арқылы берілетіні дәлелденген. Ата-ана мен баланың қозғалыс қабілеттілігінің арасында байланыс бар екені белгілі (мысалы, қысқа қашықтыққа жүгіру, ұзындыққа секіру т.б.). Атақты спортшылар балаларының жоғары спорттық көрсеткіштерге жетуге мүмкіндігі әлдеқайда көп.
Спорт түрін тандау себептері. Ұл балаларда спорт арқылы дене қасиетін дамытуға, өзіне сенімділікке, мықты, күшті болуға ұмтылушылық байқалады. Қыз балалар әдемі қимыл мен мүсін сұлулығын жасауға ұмтылады. Балалардың спорт түрін тандауына жалпылама үгіт, насихат көп әсер етеді. Сонымен қатар ата-аналары да баласының қай спортқа бейім екендігін байқап сол спорт түріне жазылуға ақыл-кеңестерін бергені жөн.
Жатықтырушылар іріктеу мен бағдарлау кезінде көптеген және әр түрлі амалдар қолданады: 1. Жарыс. Бұл амал ресми және әр түрлі бәсеке түрінде өткізіледі. 2. Жаттықтыру. Спортшының қабілеттілігін жаттықтыру сабақтары кезінде бағалау. 3. Бақылау сынақтары. Жаттықтыру кезінде қолданылатын негізгі жаттығу түрлерінен сынақтар алу. 4. Адам организмін зерттеу. Баланың қабілеттілігін әр түрлі аппараттар арқылы тексеру.
СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУ
Спорттық жаттықтыру дегеніміз қозғалыс ептілігі мен дағдысын қалыптастыруды арнайы білім беруде дене куатын, психологиясын дамыту барысында жоғары спорттық көрсеткіштерге жетуге бағытталған тәрбиесінің арнайы педагогикалық үйрету және тәрбиелеу процесі. Спорттық жаттықтырудың әсерін, нәтижесін, спортшы дайындығының деңгейін анықтағанда «дайындалғандық», «жаттыққандық» және «спорттық қалып» деген ұғымдар қолданылады.
«Жаттыққандық» жүйелі дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысу арқылы спортшының жұмыс қабілеттілігін арттыру және берілген жаттықтырудың күш түсіруіндегі организмнің биологиялық қалыптасу деңнейі.
«Дайындалғандық» спортшының дене қуаты қасиеттерінің, техникалық шеберлігінің, тактикалық және психологиялық дайындықтары арқылы жоғары көрсеткіштерге жетуі. «Дайындалғандық» термині осы аталған дайындық жақтарының кез келгеніне жеке де арналуы мүмкін.
«Спорттық қалып» спортшының белгілі бір циклдегі спорттық жоғары нәтижелер көрсетуге дайын кезі.
Достарыңызбен бөлісу: |