Дјне тјрбиесініѕ теориясы мен јдістемесі


СПОРТ ЖАТТЫҒУЛАРЫНЫҢ ӘДІСТЕРІ



бет20/36
Дата07.02.2023
өлшемі396 Kb.
#469228
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36
ДӘНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ

СПОРТ ЖАТТЫҒУЛАРЫНЫҢ ӘДІСТЕРІ
Спорт жаттығулары дене тәрбиесі жүйесінін бір бөлігі болғандықтан оның барлық әдістеріне үйретудің әдістемелері қолданылады. Негізінде спорт жаттығуларына дене қуаты қасиеттерін, қозғалыс шеберлігін жоғары дәрежеде дамытуға бағытталған қатаң ережелік жаттығу әдісетрі қолданылады. Олар: бірқалыпты орындау, қайталау, интервалды орындау әдістері.
1.Ұзақ уақытта орындалатын бірқалыпты қайталау мен ауыспалы қайталау әдістерін циклдік спорт түрлерімен жаттығатын спортшыларды дайындауда қолданылған жөн. Ол әдістер ұзақтығымен, толассыздығымен және стандарттылығымен білінеді (төзімділік қасиетін дамытады).
2. Ауыспалы жаттығу әдістері – жаттығуды орындауқарқыны тез өзгеретін спорт ойындарында көп қолданылады.
3. Интервалды қайталау және үдемелі жаттығу әдістері тынығу аралығының уақытын қысқарту және күш түсіруді арттыру арқылы организмнің фукционалдық мүмкіндіктерін дамытады. Қозалыс тәсілін жетілдіру үшін көрнекі көрсету және сөз қолдану әдістері жаттықтыру сабақтарында кең көлемде пайдалынады. Спорт жаттығуларында қазіргі кезде босаңсыту әдісі де өте көп қолданыла бастады. Ол жоғары қарқындағы үлкен жүктемелерден кейін организмді тез қалпына келтіруге көмектеседі (монша, массаж, фармокологиялық дәрі-дәрмекетер, музыка, гипноз, аутагендік жаттықтырулар т.б.).


СПОРТ ЖАТТЫҚТЫРУЛАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЖАҚТАРЫ
Спорт жаттықтыруы дене қуаты, тәсілі, тактикасы, психологиясы және теориялық дайындықтарынан құралады. Дене қуаты дайындығы жалпы және арнайы деп бөлінеді (оған біз алғашқы сабақтарға тоқталғанбыз).
Тәсілдік дайындық деп жарыс жаттығуларының орындау әдістерін меңгеру процесін айтамыз. Оның негізгі міндеті – спорт түріндегі негізгі қозғалысты шеберлікпен меңгеру, оған дағдылану.
Тактикалық дайындық дегеніміз жарыс кезіндегі жеңіске жету үшін пайдаланылатын айда-тәсілдері қолдана білу өнері. Тактикалық дайындық екі бағыттан тұрады: а) спорттық күресті жүргізу тәсілінің жоспарын өз мүмкіншілігіне, қарсыластарының ерекшеліктеріне, жарыс жағдайларына байланысты құру; ә) осы жоспарды спортшының өз мүмкіншілігіне байланысты амалдар мен жолдар арқылы іске асыру. Тактикалық дайындықты дұрыс іске асыру үшін төмендегідей міндеттерді орындау керек.
1.Қазіргі кездегі өзі айналысып жүрген спорт түрінің тактикалық тәсілдер негізін оқу, үйрену, тиімді пайдалана білуі.
2. Мықты спортшылардың тактикалық тәжірибесімен танысу.
3. Өтетін жарыстың ережелерін, шарттарын, қарсыластарының мүмкіншіліктерін зерттеу (уақыты, жарыс өткізілетін орын т.б.).
4. Жарыстың тактикалық жоспарын жасау.
5. Тактикалық әдістерді, оларды орындау тәсілдерін тәжірибе жүзінде игеру.
6. Қарсыласына психологиялық басымдылық көрсете алу шеберлігін қалыптастыру, оны ыңғайсыз жағдайда жарысуға мәжбүр ету.
7. Өткен жарысты талдау, тиімді тактикалық әрекеттерді жетілдіру.
Тактикалық дайындық кезінде мынадай әр түрлі жолдар қолданылады: алдын ала жасалған тактикалық жоспарды жаттықтыру сабақтарында, жарыс жағдайына ұқсас кезенде қайталау; арнайв әңгіме өткізу; бейнежазумен түсірілген жарыстарды көру; оны жан-жақты талдау.
Психологиялық дайындық дегеніміз жарыс жаттығуларын орындау кезінде кездесетін, спортшыны психологиялық қиындықтарды жеңуге тәрбиелейтін педагогикалық процесс.
Психологиялық дайындық процесі екі бөлімнен тұрады: жалпы психологиялық дайындық – спортшыны аамат ретінде тәрбиелеуге, спортпен жүйелі түрде айналысуға, қиыншылықтарды жеңуге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеуге бағыттал,ан.
Жарысқа қатысуға дайындайтын психологиялық дайындық – жарыс болар алдындағы кезенде спортшының спорттық күреске психикалық дайын күйге түсуіне бағытталған. Психикалық дайындыққа батылдық, қайсарлық, ынталылық, табындылық, тәуекелшілдікғ ұстамдылық секілді жігер-қайратдайындығы да кіреді. Психологиялық дайындық әр түрлі әдістерімен іске асады.
Тиянақты жаттығу әдісі – дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен спортшыларды жаттығуға керек психикалық күйге түсіру.
Психикалық реттеу жаттығуларының әдісі – көңіл күйді көтеру, көнілдену, қиыншылықтарды жеңуге ойша дайындалу, тактикалық ойлауды дамыту, сыртқа қоршаған ортаны тез сезіну, келешек істелетін жұмыстарға дайындалу, жинақталу және т.б. әдіс-тәсілдер.
Идеомоторлық жаттығулар әдісі – жаттығуларды ойша қайталау арқылы негізгі қимылдарға бар ықылас зейінінді аудару.
Спорттағы психодиагностика әдісі – КБС (К – көңілкүйі, Б – белсенділік, С – сергектік) әдістемесі бойынша еске сақтау, ықылас, қозғалыс жылдамдығын, аландаушылық денгейін, көңіл күйі көрсеткіштерінің өзгеру деңгейін әр түрлі аспапта, тәсілдер арқылы анықтау.
Теориялық дайындық әдісі – спортшыларды дайындаудын дене тәрбиесі зандылықтарын, олардың әдістемесін оқытады. Теориялық дайындықсыз дайындықтың басқа жақтарын іске асыру мүмкін емес. Спортшы сонымен қатар арнайы дәрістерді тындап, спорт туралы жазылған ғылыми әдістемелік кітаптарды оқып, білімін дамытып отырғаны жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет