Жүйелік принципі (немесе жаттықтыру процесінің үзіліссіздігі). Спортшының огрнаизмін шынықтырып, жақсы спорттық жетістіктерге жету үшін, спорттық жаттықтыру процесі бір жылға және көптеген жылдарға арналып құрастырылады.
Ғылымдар мен жаттықтырушылар кейінгі кездері жоғары сынып спортшыларының жаттықтыру әдістемесіне көп көңіл бөлуде. Сонда жыл сайын жоғары дәрежелі спортшылардың жаттықтыру әдістемесі өзгерітіндегі, сол арқылы да олар өте жоғары көрсеткіштер көрсететіні анықталды. Қазіргі әдістер аздаған өзгерістермен спорт саласында 2 жылдай қолданылып келеді. Осы әдіс өзінің мүмкіндәктерін пайдаланып болды деп айтуға болады. Өйткені оның негізгі клмпоненті берілген уақыт негізгі үлкен жаттықтыру көлемі өз шегіне жетті. Сондықтан біз қазір ескі әдістің өзгеріп жаңа әдістің пайда болу кезіңінде тұрмыз.
Спортшы өзінін энергиясын, күшін керек уақытта жинақта, бір мақсатқа пайдалануы үшін психологиялық дайындыққа көп көңіл аударуға тиіс.
Циклдік принципі. Жүйелік және біртіндеушілік принциптері жатықтыру циклдерін құрғанда айқын білінеді. Циклдік дегеніміз белгілі бір уақыт ішіндегі жаттықтыру процесі бөлімдірінің аяқталған жиынтығы. Әрбір келеі циклде жаттықтыру кезіндегі күш түсіру өсіп отырады. Циклдер: микроциклдер (апталық), мезоциклдер (айлық) және макроциклдер (жылдық) деп бөлінеді.
Дене қуатына күш түсіру әр түрлі көлемде тоқын түрінде өтеді.
Кіші толқындар – микроциклдегі күш түсіру қозғаласының толқын түрінде өзгеру сипаты. Орта толқындар – мезоцикл көліміндегі күш түсіру қозғалысының өзгеру сипаты. Үлкен толқындар – макроцикл кезендеріндегі күш түсіру қозғаластарының өзгеру сипаты.
Жалпы және арнайы дайындықтардың бірігу принципі. Спорт жаттықтыруының негізгі міндеті адам организмін жан-жақты дамыту болып табылады. Бұл процесс жалпы және арнайы дайындықтың өзара байланысуы арқылы орындалады.
Жалпы дайындық кезінде жоғары спорт көрсеткіштерін өсіру үшін керек әр түрлі дене қуаты қасиеттері дамытылады, кең көлемде кимыл-қозғалыс шеберлігі мен дағдылары игеріледі. Арнайы дайындық кезінде тандап алған спорт түріне керек дене қуаты қасиеттері дамытылады, қимыл шеберлігі жетілдіріледі. Спортшылардың жалпы және арнайы дене қуаты дайындығы дайындық кезендеріне байланысты өзгертіліп отырылады. Дайындық кезіңінде жалпы және арнайы дайындық көлемінің проценттік арақатынасы 60-40 процент, жарыс кезеңінде 20,30-80, 70 процент, өтпелі кезенде 80-20 процент болып келеді. Бұл спорт түрлеріне, спортшылар квалификациясына байланысты. Жоғары дәрежелі спортшыларға арнайы дайындық көлемі көбірек беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |