Дјне тјрбиесініѕ теориясы мен јдістемесі



бет16/36
Дата07.02.2023
өлшемі396 Kb.
#469228
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36
ДӘНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ

Саяси-идеялық қасиеті. Мұғалімнің дүние тануын, көзқарасын көрсетеді. Ол әрбір оқушының келешегіне жауапты қарауға тиіс.

  • Өнегелік қасиеті. Мұғалімнің өзі жан-жақты өнегелік қасиетіне ие болуы керек (адамгершілік, адалдық, талап етушілік, табандылық, сенімділік т.б.).

  • Коммуникативтік қасиет. Тәрбие жұмысында жетістікке жету үшін, әріптестермен, ата-аналармен тығыз қарым-қатынас жасау үшін мұғалімге – көпшілдік, ізеттілік, тілеулестік т.б. осы сияқты көптеген қасиеттер көмектеседі.

    Жігерлік қасиеті. Жылдамдылық, табандылық, өжеттік, қайсарлық, батылдық т.б. талап етеді, соған тәрбиелейді.
    Ақылдылық қасиеті. Айқындық және қисынды ойлау, жорамалдау, өнертапқыштық, ықылас, сөз тапқыштық т.б. Бұл қасиеттер мұғалімге тәрбие жұмысында және кәсіптік қызметінде дұрыс шешім қабылдауына көмектеседі.
    Психоқозғалысты қасиет. Мұғалім көрсететін көптеген жаттығулар күшті, икемділікті, жылдамдықты керек етеді. Жас ұлғайған сайын осы қасиеттердің бәрі жоғала бастайды, сондықтан өздері оларды өмір бойы керек деңгейде ұстап отыруы керек.
    СПОРТ ДАЙЫНДЫҚТАРЫ
    Дене тәрбиесі мұғаліміне спорт дайындықтарының негізгі сипаттамасын білу қажет. Мәселен, оқушылардың дене тәрбиесі жүйесіндегі орнын білуі, спорттағы бағдарлау мен іріктеуге белсене қатысуы, сонымен қатар жаттығудан қалмауы, білімнің жан-жақты жетілдіре түсуі тиіс. Спорт дайындықтары бірнеше бағыттарға бөлінеді: 1. Әрбір спорт түріне дарынды балаларды қызықтырып, тарта білу. 2. Спорттық жаттықтыру процесі. 3. Жарыс.


    Спорттағы бағдарлау мен іріктеу
    Оқушылар спортқа жан-тәнімен берілуі қажет. Егер оқушы спорт түрін жақсы таңдай білсе және онымен бар ықыласымен айналысса, онда ол сөзсіз жоғары көрсеткіштерге қол жеткізеді. Жаттығушылардың спорт секцияларында тұрақтамауы, оқу-тәрбие жұмысына кері әсерін тигізеді. Сондықтан оқушылардың спорт түрін таңдауына дене тәрбиесі мұғалімі мен жаттықтырушы бағыт сілтеп отыруы, біріге ұмыс істеуі қажет. Спорттағы бағдарлау және іріктеу кезінде спорт түрінің талаптарына, баланың өз басының ерекшеліктеріне, қабілеттілігіне көңіл аударған жөн.
    Қабілеттілік – баланың өзі таңдап алған спорт түрінің қимыл-әрекеттерін тез және нәтижелі меңгере алуы және сол әрекеттердің оған ұнауы.
    Спорттағы дарындылық дегеніміз – бала қабілеттілігінің, оның анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерімен үйлесуі. Сол арқылы спорт әрекеттерінің нәтижелі орындалуы.
    Адамның қызығушылығын, ұмтылысын, спорт түрімен шұғылданудан қанағаттануын ескеретін сол спорт түріне бағыттау шараларын спорттағы бағдарлау дейміз. Оны бірнеше түрге бөлуге болады. Үгіт, насихат, спорт түрлерін мағлұматтар беру. Мектепте сабақ кезінде мұғалімнің баяндаулары, спорт туралы қабырға газеттері, стендтері, көрмелер, радио, теледидардан берілетін хабарлар, әдеби кітаптар оқу, спорт жарыстарын көру т.б. спорт туралы кеңес, әңгіме. Мектептің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі оқушымен ол жақсы көретін спорт түрі туралы әңгімелеседі, сұрақтарына жауап береді. Сөйтіп олардың спорт түрлеріне қабілеттілігін анықтайды.
    Оқушыларды қабілеттілігіне байланысты іріктеп алған жөн. Спорттағы іріктеу және екінші деген екі кезеңге бөлінеді. Бірінші іріктеу – келешек спортшымен танысу, оны жан-жақты зерттеу. Ол мынандай іріктеуден тұрады: 1. Қозғалыс қасиеттерін әр түрлі сынықтар арқылы бағалау; 2. Дене құрылысы ерекшеліктерін көру, бағалау. 3. Психо-физиологиялық тексерулер (сұрақ қою әдісі). 4. Ата-аналарымен танысу.
    Екінші іріктеу кезеңінде жас спортшының қабілеттілігі және бастапқы мамандану кезіндегі кемшіліктері анықталады. Іріктеу кезінде баланың морфологиялық ерекшеліктеріне назар аударған жөн (организмнің құрылысы және дене мүшелері). Спорт түрлері адамның морфологиясына әр түрлі талаптар қояды. Мысалы, найза, граната, диск лақтырушылардың ұзын бойлы, ауыр салмақты болуымен бірге, айналу амплитудасы мен ұшу жылдамдығы үшін қолдары да ұзын болуы шарт. Жеңіл атлетикамен айналысушылардың аяқтарының ұзын болуы қажет т.с.с.
    Физиологиялық ерекшеліктер. Физиологиялық ерекшеліктер организмнің қозғалысын ғана емес, вегетативтік жүйесінің сипаттамасын да көрсетеді. Жүгіру, шаңғы, коньки спорттарын іріктеу кезінде оттегін барынша керек ету деңгейін арнайы аппаратпен тексеру арқылы зерттейміз. Ол деңгей неғұрлым жоғары болса, адамның сол спорт түрлерінен мүмкіндіктері көп болады. Жаттықтыру жасау арқылы ол деңгейді тек 20-30 процент көтере алатынын ғалымдарымыз дәлелдеп отыр. Сондықтан спортқа бейім табиғи дарынды балаларды іздеу қажет. Адамның қозғалыс мүмкіндіктері жаттығулар арқылы тексеріледі.
    Психологиялық ерекшеліктер. Адамдар нерв жүйелеріне байланысты мықты және әлсіз психологиялы спортшылар деп бөлінеді. Күрделі жағдайларда жүйке жүйелері мықты спортшылар, ал бір қалыпты, ұзақ жұмысты керек ететін спорт түрлерінде әлсіз жүйке жүйелі спортшылар көп жетістіктерге жететіні дәлелденген. Жүйке жүйелерінің күштері қозу процесінің ұзақ сақталуына (яғни қозуды орталық жүйке жүйесінде ұзақ сақтай алу мүмкіншілігі), қозу және тежелеу процестерінің теңдігіне байланысты. Жүйке жүйесі әлсіз спортшыларда қозу процесі тежелу процесінен көбірек болғандықтан олар тез шаршайды.
    Бірақ, кейбір спорт түрлерінің өз типологиялық ерекшеліктері болады. Мысалы, спринтерлердің жүйкесі әлсіз, жүйке қозғалыстары кезінде қозу, тежелу процесінен көбірек болып келеді. Жүйке жүйесі әлсіз адам боксте, семсерлесуде т.б. осыларға ұқсас спорт түрлерінде жоғары жетістіктерге жете алады. Жүйке жүйесінің осы ерекшеліктері туа бітер қасие, ол жаттықтыру кездерінде көп өзгере қоймайды, сондықтан спортқа іріктеуде осы психологиялық ерекшеліктерге көңіл аударған жөн.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет