Дјне тјрбиесініѕ теориясы мен јдістемесі


СПОРТ ЖАТТЫҚТЫРУЫ КӨП ЖЫЛДЫҚ ПРОЦЕСС



бет21/36
Дата07.02.2023
өлшемі396 Kb.
#469228
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36
ДӘНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ

СПОРТ ЖАТТЫҚТЫРУЫ КӨП ЖЫЛДЫҚ ПРОЦЕСС
Жоғары спорттық көрсеткіштерге жету үшін спортшы көп жылдар бойы (10 жылдан артық) үзіліссіз жаттығуы керек. Осы көп жылдық жаттығу шартты түрде төрт кезеңге бөлінеді.
Алғашқы дайындық кезеңі. Республикамызда спорт мекептерінің алғашқы дайындық топтарында өз еркімен спортпен айналысқысы келген, ата-аналарының, мектеп басшыларының, дәрігердің келісімін алған балалар қабылданады. Бұл балалар спорт мектептерінің жас ерекшеліктеріне, спорт түріне байланысты бекітілген ережелері бойынша спорт топтарына бөлінеді. Мысалы, гимнастика 6 жастан, малту 7 жастан, футбол 8 жастан, хоккей 9 жастан, ескек есу 10 жастан, ат спорты 11 жастан.
Осы топтарда оқушылар 3 жыл негізінен жалпы дене қуатын дамытумен айналысады да, әр түрлі сынықтар тапсырғаннан кейін оқу-жаттығу топтарына ауыстырылады.
Бастапқы мамандану кезеңі балалардың жасөспірім жас шағына сәйкес келеді. Бұл кезеңнің негізгі міндеті организмді жан-жақты дамыту және қимыл-қозғалыс ептілігі мен дағдысын жетілдіру болып табылады. Бастапқы мамандану кезеңінің ұзақтығы 3-4 жыл, бірақ спортшының дарындылығына, спорттың түріне байланысты ол уақыт өзгеруі де мүмкін. Балалардың жастарына, жатыққандығына байланысты жаттықтыру уақыты ұзаруы, жаттығуларды қайталау жиілігі біртіндеп өсіріліп отырылуы қажет.
Терендете жетілдіру кезеңі. Бұл кезең спортшының есейген кезіне сай келеді. Кейбір малту, гимнастика, мәнерлеп сырғанау т.б. спорт түрлеріне жасөспірімнің жас мөлшері де сәйкес келіп қалуы мүмкін. Бұл кезеңнің негізгі міндеті жоғары спорттық шеберлікті меңгеру. Жатықтыру кезінде күш түсіру көлемі мен қарқындылығы ең жоғары шекке дейін өсіріледі, жарыстың саны көбейеді, дәріжесі жоғарылайды. Бұл кездегі жас шектеу мөлшері жылдамдықты керек ететін спорт түрлеріне 18ден 26 жасқа дейін, төзімділікті керек ететін циклдік спорт түрлерінде 30 жасқа дейін болады.
Спортта ұзақ жасау кезеңі. Бұл кезе дайындалғандық деңгейін төмендетпеген кезге дейін созылады. Мұнда спортшылардың жас ерекшеліктеріне, психикалық болдыруына, жаттықтырулар мен жарыстардан шаршауларына байланысты спорттық көрсеткіштері біртіндеп төмендей береді. Жалпы күш түсіру көлемі жайлап азайтыла бастайды. Жаттықтыруға күш түсіру қарқыны, жарыстар саны азаяды. Әрбір спортшы бұл кезенде жаттықтыру жүктемелерін, жатықтыруларды кенеттен қойып кетпей, біртіндеп азайтуы керек. Бұлай етпеген жағдайда денсаулығына зиян келетінін олар білуі қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет