Дјне тјрбиесініѕ теориясы мен јдістемесі


ҮЛКЕН ЖАТТЫҚТЫРУ ЦИКЛІНІҢ КЕЗЕҢДЕРІ



бет22/36
Дата07.02.2023
өлшемі396 Kb.
#469228
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36
ДӘНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ

ҮЛКЕН ЖАТТЫҚТЫРУ ЦИКЛІНІҢ КЕЗЕҢДЕРІ
Көп жылдық жаттықтыру процесі үлкен макроциклдерден тұрады. Олар жылдық және жарты жылдық деп аталады. Әрбір цикл дайындық жарыс және өтпелі деген үш кезеңнен тұрады.
Дайындық кезеңі жылдық циклде 4-5 айға, жарты жылдық циклде 2-3 айға созылады. Бұл кезеңнің міндеті организмнің мүмкіншілігін жоғары деңгейге жеткізу. Дайындық кезеңі 2 бөлімге бөлінеді.
1.Жалпы дайындық бөлімінде спортшы организмінің жалпы функциялық мүмкіндіктерінің деңгейін көтеру, қозғалыс қасиеті мен қозғалыс шеберлігін, дағдысын жетілдіру мәселелері шешіледі. Жалпы дайындық бөлімі екі түрлі тарту және негіздеу деген орта циклдерден тұрады.
Тарту циклінің мақсаты – жүктеме қарқындылығы мен көлемін жайлап өсіру. Негіздеу немесе базалық циклінің мақсаты негізгі жаттықтыру жүктемесінің көлемін орындау.
2. Арнайы дайындық бөлімінің міндеті – спортшының өзіайналысқан спорт түріне керек дене қуаты қасиеттерін, тәсілін, айла-әдісін дамыту.
Бұл бөлімде арнайы дайындыққа 60-70 процент уақыт бөлінеді. Жарыс жаттығуларына ұқсас жаттығулар, бақылау, тексеру, жаттықтыру амалдары қолданылады. Бұл бөлім тексеру, дайындау, шындау циклдерінен тұрады. Тексеру, дайындау циклінде жаттықтыру жұмыстары бақылау жарыстарына қатысуымен араласа жүргізіледі. Шыңдау циклінде тексеру жарыстарынан кейін анықталған тәсіл, тактика кемшіліктерін жою, айла-әдістерін шындау жаттығулары жүргізіледі. Күш түсіру қарқындылықты арттыру, жаттықтыру көлемін азайту түрінде қолданылады.
Жарыс кезеңі. Бұл кезде спортшы өзінің негізгі жарыстарына қатысады. Бұл кезеңнің басты міндеті – алдыңғы кезенде жақсы жаттыққан спортшы организмінің жарысқа дейінгі күйін ұзақ уақытқа сақтау. Жарысқа қатысу жиілігі спорт түріне, спортшы дәрежесіне байланысты.
Жарыс алдындағы циклде спорттық бабына кіру және алдыңғы жарысқа дайындалу жаттығулары жүргізіледі. Жарыс циклдері негізгі жарысқа қатысу кезінде өтеді де бірнеше кіші циклдерге бөлінеді (микроциклдер). Олар: жақындататын, жарысқа қатысу және қалпына келу циклдері. Қалпына келу – көтермелеу циклі кезінде сипаты бір-біріне ұқсас жаттықтыру процестерінен спортшыларды жалықтырмау үшін басқа жаттығуларды пайдаланады. Сол жаттығулар көмегімен организмнің қалпына келуін тездетеді.
Өтпелі кезең. Бұл кезеңнің міндеті – жаттықтыру мен жарыстардан алған әсерін жоғалтпау, организмді қинамай уақытында босаңсытып қалпына келтіру. Бұл кезенде арнайы дайындық жаттығулары азайтылып, жалпы дайындық жаттығулары көбейеді (спорт ойындары, табиғат аясында жүгіру т.б.). Көбінесе организмді тез қалпына келтіретін, спортшы ұнататын жаттығуларды пайдаланған тиімді. Өтпелі кезең 2-3 орта циклдерінен тұрады. Қалпына келтіру – көтермелеуші және қалпына келтіру – дайындық циклдерінен біртіндеп, келесі үлкен жаттықтыру циклінің дайындық кезеңінің тарту мезоцикліне ауысады. Кейбір кездерде өтпелі кезеңнің орнына қысқа жеңілдету фазалары кіргізіледі. «Қосақталған макроцикл» деп аталады да, жарыс кезеңінен кейін екінші дайындық, онын кейін екінші жарыс кезеңі, сонан соң ғана өтпелі кезең кіргізіледі. Осындай жаттықтыру процестері күш жылдамдығын керек ететін спорт түрлерінде қолданылады. Мысалы: ядро лақтыру, биіктікке секіруғ ауыр атлетика, спорт ойындары т.б. Ал циклдік сипатындағы спорт түрлерінде (марафондық жүгіріс, шаңғы спорты т.б.) көбінісе жылдық жаттықтыру циклдері қолданылады. Жаттықтыру микроциклдерінің жалпы ұзақтығы бірдей болса да жеке кезендерінің ұзақтығы спорт түрлеріне байланысты әр түрлі болып келеді. Мысалы:көпсайыс түрлерінде дайындық кезеңі, ал спорт ойындарында (футбол, хоккей) жарыс кезеңі ұзақ болады.
Жоғары спорттық шебелік деңгейінде олимпиадалық ойындарға дайындалуына байланысты төрт жылдық цикл жоспары қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет