Дјне тјрбиесініѕ теориясы мен јдістемесі


Дағды дамуының ақырындауы



бет34/36
Дата07.02.2023
өлшемі396 Kb.
#469228
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
ДӘНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ

Дағды дамуының ақырындауы. Бұндай жағдай дағдының жетілу деңгейіне жеткен кезінде пайда болады. Дағды неғұрлым жетілген сайын оның одан әрі дамуына қажымас қайрат, көп еңбек және педагогикалық шеберлік керек. Дағды дамуының тоқталуы - үйрету әдістері қате (тиімсіз) болғанда, дене қуатының даму деңгейі (күш, ептілік т.б.) төмен болғанда, жаттығуды ебедейсіз (қорқыныш, шаршау), ыңғайсыз жағдайда (нашар спорт жабдықтарында т.б.) орындағанда пайда балады.
Оқытушы дағдыны калыптастыру кезінде осы жағдайларды байқап, уақтында түзетіп отыруы қажет. Мықты қимыл дағдысы, уақытында бекітіліп отырылса, көп жылдар бойы сақталады. Ондай бекітулер болмаса, дағды бұзылады. Қимыл дәлдігі жоғалады, жаттығу орындау олқылығы (өз күшіне сенбеушіліктен), нәтижелілігі нашарлайды т.б. Бірақ дағды түгелімен жоғалып кетпейді, негізі сақталады және қайталағаннан соң тез қалпына келеді.
Қимыл дағдыларының ауысымы. Дене тәрбиесінің тәжірибесінде калыптасар қимыл дағдыларының бір-бірімен біріге әрекеттенуі жағымды және жағымсыз жағдай туғызады. Ертерек қалыптасқан дағды, келесі дағдының қалыптасу процесін жеңілдетуін жағымды ауысу дейміз. Бұл жағдайда алдыңғы қалыптасқан дағдының, жаңа үйренетін қозғалысқа ұқсас элементтерін қолданамыз (мысалы, оқушы гранат лақтыру тәсілін жақсы меңгерген болса, «найза лақтыру тәсілін де тез игереді). Ертерек қалыптасқан дағдының келесі дағдының қалыптасу процесін қиындатуын жағымсыз ауысу дейміз.


ЖОҒАРЫ ҚИМЫЛ ЕПТІЛІГІ
Қимыл дағдысының жетілу процесі шексіз. Оның негізгі міндеттері оқушыны тұрмыс, еңбек, спорттық әрекеттер дағдыларын еркін меңгеруге үйрету. Дағдының тәжірибелік құндылығы осында. Егер оқушы спорт залында секірген биіктіктен, табиғи ортада секіре алмаса, ол дағдының тәжірибелік құндылығы болмайды.
Сонымен, жоғары қимыл ептілігі дегеніміз қалыптасқан қимыл дағдыларын нақты өмір жағдайларында қолдану шеберлігі (жүгіру, секіру және басқа өнеркәсіптік, әскери әрекеттер) және үйрету мақсатының соңғы межесі. Алға қойған міндетті орындау үшін, қимыл дағдысын мынадай жолмен жетілдіру керек: біріншіден, жаттығуды орындау тәсілінің даралығы; екіншіден, қимыл дағдыларын меңгерудің варианттарын игеріп көру; үшіншіден, меңгерген қимыл дағдысын әр түрлі қозғалыс әрекеттеріне пайдалану шеберлігін игеру; төртіншіден, өзгеретін әрекет жағдайына сай ауысып, бейімделе білу қабілетін меңгеру; бесіншіден, жанңа қалыптасқан дағдыны ерте игерілген дағдымен әр түрлі бірлік таба қолдану шеберлігін меңгеру.
Қимыл дағдысын жетілдіру әр түрлі оқу әдістерінің көмегімен іске асырылады. Оның ішінде жетекші орынды ойын және тұтас үйрету әдістері алады. Қатені түзету немесе қозғалысты орындау тәсіліне өзгеріс кіргізу керек болса, бөлшектеп үйрету әдісі қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет