Дјне тјрбиесініѕ теориясы мен јдістемесі



бет29/36
Дата07.02.2023
өлшемі396 Kb.
#469228
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36
ДӘНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ

Жүйелілік принципі. Дене қуаты қасиетін дамытудағы және қозғалысқа үйретудегі жақсы нәтиже тек дене тәрбиесі жаттығуларын жүйелі орындағанда ғана болады.
Жүйелілік – сабақтар арасында ұзақ үзіліс болмауы, сол арқылы жаттығушылардың дене қуаты дайындығы деңгейін түсірмеу. Сондықтан де жүйелілік принципін қолданғанда өткен сабақтың ізін, өтіп жатқан сабақтың әсері басып, толықтырып жатуы керек. Қорытындысында көп сабақтардың әсерлері қосылып, кумулятивтік әсер (жаттығушы организмнің берік бейімделу процесі) пайда болады, машықтану дайындық деңгейі көтеріледі. Сабақтар белгілі бір жүйе бойынша жұмыс және тынығу кезеңдерінің алмасуымен өтеді, бұлардың негізінде бір-бірімен байланысты организмнің болдыру және қалпына келу процесі жүреді.
Бұл жүйе төрт кезеңнен тұрады:
Жұмыс кезеңі – бұл кезеңде белгілі бір жұмыс көлемі орындалады, қозғалысты қамтамасыз ететін қуат көзі таусыла бастайды, организмнің жұмысқа қабілеттігі төмендейді.
Салыстырмалы қалыптастыру кезеңі. Мұнда жұмыс ауытқуының орнына жұмыс қабілеттілігі, функционалдық көрсеткіштер жұмысқа дейінгі деңгейге келе бастайды.
Жоғары өтем кезеңі. Организм жұмысқа кеткен қуатты артығымен қалпына келтіреді. Редукциялық кезең. Күш түсіруден кейінгі ұзақ демалыста организмнің жұмыс қабілеттілігі бастапқы деңгейге келеді.
Жұмыс қабілеттілігін жақсарту үшін жаттығу сабақтары арасындағы демалысты екі күннен әрі созбау керек. Өткен сабақтың әсері толық жоғалмай тұрғанда келесі сабақ өтілуге тиіс.
Реттік принципі. Қимыл – әрекетке үйрету және қуаты қасиетін дамыту реттелігіне арналған талаптар үш дидақтикалық ережеден тұрады: 1. Жеңілден – қиынға 2. Қарапайымнан – күрделіге. 3. Меңгерілген қимыл әрекеттен – меңгерілмеген қимыл-әрекетке.
Бұрыннан қолданылып келген қимыл ептілігі мен енді ғана үйреніп жүрген қимыл ептілігін, бір-бірімен қауыштыра білу керек. Дене тәрбиесі процесінің бір әдістемелік ерекшелігі жаттығулардың сабақтастығын қамтамасыз ету, яғни оқу материалын жоспарланғанда өткен сабақтың мазмұны келесі сабақпен жалғасып жатуы қажет.
Біртіндеушілік принципі. Орындайтын жаттығулар тәсілі күрделіленіп, күш түсіру көлемі біртіндеп өсуін біртіндеушілік процесі дейміз.
Қозғалыс әрекетін үйретуде оқу материалына екі түрлі талап қойылады. Түзу сызықты - әр сабақ сайын жаңа міндеттер қою. Баспалдақты (сатылы) – жаттығушыларға оқу материалын бірнеше сабақ көлемінде игеруге талап қояды, ал жаңа тапсырма жаттығушылар өткен сабақтарды толық меңгергенде ғана беріледі.
Оқушылардың функционалдық мүмкіншіліктері тұрақты өсіп отыруы жоғары талаптар қоюды қажет етеді. Сондықтан да жаттығушылардың дайындық деңгейі биіктеген сайын қойылатын талаптар да жоғарылай түседі. Қойылған талаптардың дамуы жаңа тапсырмалардың түсініктілігіне, жүктеме көлемінің дұрыс берілуіне байланысты. Қимыл-әрекетті меңгеруді, жүктеме көлемін өзгертуді дене тәрбиесі мұғалімі – мектеп бағдарламасын, ЕОКД комплексінің нормативтік талаптарын басшылыққа ала отырып белгілейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет