Дјне тјрбиесініѕ теориясы мен јдістемесі



бет30/36
Дата07.02.2023
өлшемі396 Kb.
#469228
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36
ДӘНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ

Даралық принципі – дене тәрбиесі процесінде оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескерту. Даралық принципі әр адамның дайындық деңгейіне жыныс, жас ерекшеліктеріне, жеке басының ерекшеліктеріне, сыртқы орта факторларын сезіну мүмкіншіліктеріне, жұмыс істеу стиліне байланысты.
Жекеше жұмыс істеу. Спорттық шеберлігі артуына байланысты жұмыстың топтық түрі жекелей жұмыс істеу түріне ауысады. Бұнда жаттығушының оқуға ықыласы, оқу материалдарын меңгеруі, оқу әдістерін түсіну зеректігі ескерілуі керек.


ҚИМЫЛ-ӘРЕКЕТКЕ ҮЙРЕТУ
Дене тәрбиесіне оқыту дегеніміз адамның дене қуатына және психологиялық жетілуіне бағытталған арнаулы білім жүйесі мен қимыл-әрекетке үйрету, оны меңгеру процесі. Дене тәрбиесіндегі үйретудің нәтижесі - дене қуаты білімі болып келеді. Қозғалысқа үйрету теориялық және практикалық бөлімдерден тұрады.
Теориялық материалдарды оқыту. Теориялық мағлұматтың көлемі мен мазмұны жалпы педагогтық принциптермен анықталады, оқу мақсатына, оқушылар контингентіне сәйкес үш топқа бөлінеді:1.Дене тәрбиесінің әлеуметтік қажеттігі туралы мағлұмат. 2.Дене тәрбиесі жаттығуларын қолдану ережелері туралы мағлұмат. 3.Медициналық-биологиялық мағлұматтар. Қимыл-әрекетке үйрену алдында оқушы оның ережелері, адам денесінің қозғалу зандылықтары, арнайы терминология туралы мағлұмат алуы керек.


ТЕОРИЯЛЫҚ МАҒЛҰМАТТАР АЛУ КӨЗДЕРІ
Қимыл тәжірибелілігі, арнайы оқулық, сөз және көрнекі қабылдау, мұғалімнің әрекеті, кино және бейнефильмдер көрсету т.б.
Теориялық мағлұматтарды баяндау кіріспе сабақтар мен оқу материалдарын үйрену кезінде жүзеге асады.
Қимыл-әрекетке үйрету үш кезеңнен тұрады: таныстыру, үйрену, жетілдіру кезеңдері
ҚИМЫЛ - ӘРЕКЕТІН ТАНЫСТЫРУ КЕЗЕҢІ
Бұл кезеңнің міндеті - оқушыларға үйренетін жаттығу туралы түсінік беру және соны үйренуге ынтасын ояту. Түсіну, ұғыну процесі қалыптасу кезінде бір-біріне байланысты үш кезең пайда болады.
1. Үйрену міндеттерін ұғыну. Оқушының міндеті бір сабақта (мысалы, шаңғымен сырғанауға үйрету) немесе бірнеше сабақта (мысалы, шаңғымен екі адамды, кезекпе кезек таяна сырғанау тәсілі) орындауды ұғынуы. Оқушылар тәсілдің негізін түсінуі керек, ал бөлшектерін келесі оқыту кезеңдерінде үйренеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет