Дјне тјрбиесініѕ теориясы мен јдістемесі


ҚИМЫЛ ЕПТІЛІГІНІҢ ЖЕТІЛУІ



бет32/36
Дата07.02.2023
өлшемі396 Kb.
#469228
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
ДӘНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ

ҚИМЫЛ ЕПТІЛІГІНІҢ ЖЕТІЛУІ
Бұл бөлімде қимыл әрекетін орындау тәсілі меңгеріледі және бірталай дағды белгілері пайда бола бастайды. Бірақ жаттығуды орындау тұрақрыздығы сақталады, тәсілді әр түрлі себептер жеңіл бұза алады. Жаттығуды орындау барысында жіберілген қателерді дер кезінде түзетудің маңызы зор. Өйткені ол жаттығушының жаттығуды үйренуде жақсы нәтижеге қол жеткізуіне септігін тигізеді. Қимыл-әрекетті меңгеруің бастақпы кезеңдерінде қателер көп кездеседі. Сондықтан оқу әдістемесін дұрыс қолдана отырып оларды болдырмауға ұмтылу қажет.
Қателердің шығу себептері: оқушылардың үйрену міндеттерін дұрыс ұқпауынан, үйрену жобасын дұрыс құрмауынан, жалпы дене қуаты дайындығының төмендігінен, өз күшіне сенбеуінен, батылдықтың жетіспеуінен, сабақты ұйымдастыру талаптарының бұзылуынан, организмнің тез болдыруынан, алдыңғы үйренген қозғалыс әрекеттерінің кері әсерінен, сабақ өткізетін жердің құрал-жабдықтардың педагогикалық талаптарға сай еместігінен.
Қатені көру оңай болғанымен, оның шығу себептерін білу киынға соғады. Қатені түзету жолдарын дұрыс анықтай алуға болады. Қателерді түзету ережелері өте көп. Олардың дене тәрбиесі тәжірибесінде жиі кездесетіндеріне тоқтала кетейік. 1. Қайта түсіндіру. 2. Алдымен тұрпайы, тәсіл негізін бұзатын қателерді, сонан соң ұсақ қателерді түзету. 3. Мұғалімнің қателерді түзету нұскаулары, оқушылардың дене қуаты мүмкіншіліктеріне байланысты болуы қажет. Ондайда катені түзету кезінде пайдаланған жаттығуларды орындап жіберген жөн.
Қатенің шығуы, оны түзету көбінесе жаттығуды қайталау сипатына байланысты. Ол қарапайым қанталау және вариативті қайталау болып бөлінеді. Қарапайым қайталау стандартты жаттығулар тәсілін үйренгенде пайдаланылады, оқушылардың қимыл-әрекеті мұғалімнің көрсеткеніндей орындауын талап етеді. Вариативті қайталау қозғалыс әрекетін әр түрлі жағдайда орындай алатын икемділікті талап етеді. Сол мақсатпен қозғалыс әрекетін қайталау әр түрлі ауыспалы варианттар жүйесімен, түрліше жағдайда орындалады. Оқушылар жаттығулардың стандартты орындау тәсілін тұракты игергенде ғана вариативті қайталауды пайдалану қажет. Бұл кезеңде үйрету әдістерінің барлық топтары қолданылады: сөз қолдану әдістері (талқылау, орындалған тапсырманы талдау т.б.) көрнекі қабылдау әдістері (кинограмма, бейнежазулар, тез хабарлау жабдықтары), тәжірибелік әдістер (жеке бөлшектеп үйрету, тұтас үйрету).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет