1.5. Технологиялық процесті аналитикалық бақылау және автоматтандыру
ЭФҚ өндірісінің қалдықтарын пайдаға асыру, жоғары дәрежелілігі мен қауіпсіздігі, жанжақты терең ғылыми технологиялық процестерді енгізу негізінде орындалған хабарлар арқылы жасалынады.
Қауіпті және зиянды технологиялық процестің механизациялануы жүмысшыны ауыр жүмыстан босатады жэне адам денсаулығына зиян заттармен контакт жасау уақытын азайтуға үлкен көмегін тигізеді.
Аппараттарға машиналарға шикізатты жүктеу және шикізатты түсіру, қалдықтарды тасымалдау, өнімді қоймада сақтау, герметизациялау процесін механикаландыру үлкен жетістіктерге жеткізеді. Технологиялық процестерді автоматтандыру өндірісте қауіпөқатерсіз еңбек жағдайын қамтамассыз етудің едәуір жоғары дәрежесі. Өндірісітік процестерді автоматтандыру үлгілі техниканың жаңа прогрессивті бағыты жэне ол технологиялық процестердің қауіпсіздігін қамтамассыз етуде маңызы зор.
Автоматтандырылған өнеркәсіпте атмосфераға бөлінетін зиянды өртке қауіпті қалдық газдар және шаң тозаң мөлшері азайды. Автоматтандырудың адамға зиянды технологиялық процесстерді адамның тікелей қатысуынсыз шеттен басқаруға мүмкіндігі бар. Өндірістік процестерді автоматтандыру үшін автоматты бақылау және сигнал беру, блоктау,басқару және реттеу құралдарын қолданады.
Экстрациялық фосфор қышқыл өндірісіндегі газды тазалау технологиялық түрғыдан қарастырғанда жылу, зат алмасу, механикалық процесстердің жүруімен ерекшеленеді. Газды тазалау процессінің сапасын арттыру технологиялық регламенттің талаптарын дұрыс сақтап отырумен ғана шектелмейді. Себебі, осы мәселені тереңірек қозғасақ, нәтижесінде белгілі экономикалық тиімділікке жету үшін, сол процесстердің басқару сапасын жоғарлату қажет. Яғни, регламент талаптарына сәйкес режимдік параметрлердің үздіксіз қадағалау, маңызды мэндерін тіркеу қажетті қорытындылар шығару, кездейсоқ өзгерістерге жедел түрде көңіл бөліп, қалпына келтіру, есеп жүргізу және т.б функцияларды дұрыс қолдану тиіс. Осы аталған мәселелерді тиімді түрде шешу автоматтандыру қүралдарына, приборларына, құрылымдарына жүктелген. Олар өзіндік заңдылықтарға, ережелеріне сай, қызмет атқарады, тиімді басқару іс шараларына келетін болсақ бақылауға реттеуге, сигнал беруге тиісті көрсеткіштер ретінде тазалау процесінің дұрыс жүруін сипаттайтын параметрлер алынған. Оларға келесі параметр жатады:
- абсорбердегі температура
- абсорберге келіп жатқан судың шығыны
- абсорберге келіп жатқан газдардың шығыны;
- абсорберге келіп жатқан газдың шоғыры;
- абсорбердегі төменгі деңгей;
- сорғыштағы қысым
- атмосфераға кетіп жатқан газдардың шоғыры ;
- жинағыштағы деңгей ;
- жинағыштағы сүйықтықтың шоғыры;
- вентилятордағы қысым;
Орындалуға тиісті функцияларға келетін болсақ, олар келесі тізбекті құрайды:
- аппаратты алғашқы өңдеу
- үздіксіз бақылау
- көрсеткіш мэндерін белгілі уақыт аралығында тіркеп отыру
- параметр ауытқуларын жедел түрде автоматты реттеу
- автоматты басқару
- технологиялық режимнің бұзылуына әкеліп соқтыратын параметрлердің шектен тыс ауытқуын жарықпен жэне дыбысты сигналмен беріп отыру.
Жалпы айтқанда, барлық қажетті параметрлердің өзгеруін шектен тыс ауытқуын оператордың назарына жеткізіп отыру.
Автоматтандыру іс-әрекеттерін атқарудағы құралдар техникалық сипаттамалары метрологиялық көрсеткіштері жоғары пайдалану мерзімі ұзақ қазіргі заманның талаптарына сай приборлардан, кешендерден құрылуы тиіс. Сонымен қатар атап айтқанда, құралдардың басым көпшілігі көп функциялы жекеленген приборда немесе күрылғыда бірнеше қызметтер негіздеген құрылымдардан түруы шарт. автоматтандыру техникалық құралдарды таңдауды және негіздеуді алдымен әр параметрді өлшейтін сезгіш құралдарды және түрленгіштерді сипаттаудан бастаймыз:
- температураны өлшеу қүралдары ретінде ТСМУ -205-Ех-5/100-0... 180-0,25 процент- oExiall СТ6-ГП-ТУ 4227-003-13282997-95 (la поз.) 4-20А стандартты шығыс сигналы бар термотүрлегіштер қолданылады. Номиналды статикалық сипаттамасы (НСС)ЮОм. Өлшеу шегі: 0-100°С. Монтаждық класы 0,25 шығарушы зауыт ПГ «Метран» РФ Челябинск қ.
- Қысымды өлшеу күралдары ретінде ВЭ-16-Р6 серіппелі сигнал беруші позициялық ылғалдан қорғаныс қабықшадағы моновакууметр қолданылады. (26, 36 поз.). Өлшеу шегі: 0-1МПа. Дэлдік класы 0,5 шығарушы зауыт Манометр зауыты РФ Томе қ.
- Қысымды түрлендіру қүралы ретінде метран -22-Вн-ДИ (2150 моделі) артық қысымға арналған өлшегіш қолданылады.Жоғарғы өлшеу шегі ІМПа Шығыс сигналының коды -042 (4-20мА). Дэлдік класы 0,25 шығарушы зауыт ПГ «Метран » РФ Челябинск
- Шығынды өлшеу қүралдары ретінде Метран -300ПР акустикалық шығын түрлендіргіш қолданылады. Өлшеу диапазоны 0-10 м /сағ. Дәлдік класы 0,25, Кіріс сигналдары 4-20А шығарушы зауыт ПГ «Метран » РФ Челябинск.
Достарыңызбен бөлісу: |