ДҮниежүзілік сауда ұйымы



бет31/78
Дата04.03.2016
өлшемі6.06 Mb.
#38185
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   78

Транспаренттілік





  1. СТК бойынша ДСҰ келісімінде бекітілген транспаренттілік және ақпаратты жариялау талаптарына қатысты, Қазақстан өкілі ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттер әкімшілік себептермен өздерінің жеке техникалық реттеу және санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ұлттық ақпараттық орталықтарын құрғанын мәлімдеді. Қазақстанның СТК және СФС жөніндегі біріккен анықтама пункті (Ақпараттық орталық) 2005 жылғы 11 шілдедегі «Саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпарат орталығын құру және оның жұмыс істеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің №718 қаулысымен (бұдан әрі – Ақпараттық орталық туралы қағиданы), Техникалық реттеу комитетіне бағынысты Қазақстан Стандарттау институтының жанынан құрылған болатын. Кез келген мүдделілік танытқан тарап қажетті ақпараты алу үшін Ақпараттық орталыққа жүгіне алады. Сонымен қатар, ол Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде Ақпараттық орталыққа санитаиярлық және фитосанитариялық шаралар туралы ақпаратты беруге жауапты құрылымдық бөлімшелер анықталғанын да қоса айтты. Ақпараттық орталық туралы қағидалардың 12-тармағына сәйкес мемлекеттік органдар СТК және СФС шараларын қабылдау немесе қолдану туралы тиісті ақпаратты Ақпараттық орталыққа жолдайды. СТК және СФС жөніндегі Ақпараттық орталықтың негізгі функциялары: (i) мүдделі тараптар мен шет мемлекеттерді олардың сұрауы бойынша келесі ақпаратпен және құжаттармен қамтамасыз ету үшін ДСҰ Хатшылығымен, ДСҰ мүшелерімен және халықаралық ұйымдармен өзара әрекеттесуі: (а) қабылданатын немесе ұсынылатын техникалық регламенттер, стандарттар, санитариялық және фитосанитариялық шаралар, оларға енгізілген өзгерістер туралы ақпараттар және құжаттардың көшірмелері, (б) сәйкестікті бағалау рәсімдері, (в) стандарттау, СФС шаралары, сәйкестікті бағалау, екіжақты және көпжақты аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдар мен халықаралық келісімдерге Қазақстан Республикасының мүшелігі немесе қатысуы, (г) жобаларды, техникалық регламенттерді, СФС шараларын және стандарттарды жариялау көздері және ii) Ақпараттық орталық журналында хабарламаларды жариялау. Сонымен бірге, Қазақстан өкілі бүгінгі күні СТК мен СФС жөніндегі Ақпараттық орталықты екі жеке ақпараттық орталыққа бөлу жоспарланып отырмағанын айтып өтті.

Ақпараттық орталықтың байланыс мәліметтері:


Мекен-жайы:


Астана қ.,

Сол жағалау,

Орынбор көшесі, 11,

010000,

Астана қ.,

Қазақстан Республикасы,


Тел.:

Факс:


Электронды пошта:

Веб-сайт:




+7 (7172) 22 66 63

+7 (7172) 20 64 81

enquirypoint@mail.ru

www.wto.memst.kz/en



  1. ЕАЭО-ның техникалық регламенттерін қоса алғанда, СТК мен СФС бойынша қабылданған актілер мен актілер жобалары Ақпараттық орталықтың, Техникалық реттеу комитетінің, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, жергілікті атқарушы билік органдарының веб-сайттарында, сонымен қатар, аккредиттелген қоғамдық бірлестіктердің веб-сайттарында тұрақты жарияланып отырады. Сонымен қатар, осы актілер «СТК және СФС жөніндегі Ақпараттық орталықтың хабаршысы» журналында да жарияланады.




  1. Техникалық регламенттердің жобаларын әзірлеу мен тексеруді құрамына мемлекеттік органдардың, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және өзге де мүдделі тараптардың өкілдері (қоғамдық бірлестіктер, ғылыми ұйымдар, кәсіпорындар мен кәсіпкерлер қауымдастығы) кіретін жұмыс тобы жүзеге асырады.




  1. Жұмыс тобы мүшесінің ЕАЭО-дағы хабарлама рәсімі туралы қойған сауалына, Қазақстан өкілі ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер ДСҰ-ға жеке-жеке кіретіндіктен, олардың әрқайсысының хабарлама рәсімі бойынша әртүрлі міндеттемелері болатынын түсіндірді. Осылайша, Қазақстан және ДСҰ-ға мүше болып табылатын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер өз міндеттемелеріне сәйкес техникалық регламенттердің барлық жобалары туралы хабардар етіп отыруы керек. Хабарланған жобалар біркелкі болуы тиіс және түсіндірмелер үшін бірдей мерзім болуы керек. Үшінші мемлекеттерден алынған барлық түсіндірмелерді ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер ЕЭК-ға жолдауы тиіс. ЕЭК барлық түсіндірмелерді зерттеп, оларды Комиссияның ресми сайтында жариялайды және техникалық регламенттер жобаларын әзірлеушілерге (ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің тиісті құзыретті органдарына) жолдайды. Сөйтіп, ЕАЭО шеңберінде бекітілген процесс, құжаттардың жобаларына қатысты түскен түсініктемелерді қарауда қайталануды болдырмауға кепіл болады.




  1. Қазақстан өкілі ЕЭК Кеңесінің № 48 шешіміне сәйкес техникалық регламент жобасын жария талқылаудың мерзімі техникалық регламент жобасын әзірлеу туралы хабарламаны Комиссияның ресми веб-сайтында орналастырған күннен бастап, кемінде 60 күнді құрауы керек екенін айқындады. «Техникалық реттеу туралы» Заң, ЕАЭО туралы шарт техникалық регламент жобасы бойынша түсініктемелер мен ұсыныстарды бере алатын мүдделі тұлғалардың саны мен сипаттамасын анықтай алмайды немесе оларға шектеу қоя алмайды. ЕЭК Кеңесінің №48 шешіммен барлық мүдделі тұлғалардың жария талқылауларға қатысуы тікелей көзделген. Сонымен қатар, ол тиісті халықаралық келісімдер мен өзге де құқықтық актілер шетелдік адамның техникалық регламент жобасының жария талқылауына мүдделі тұлға ретінде қатысуына қандай да бір шектеу қоюды қарастырмайтынын атап кетті. ЕЭК Кеңесінің № 48 шешіміне сәйкес үшінші мемлекеттер тұлғаларын қоса алғанда, мүдделілі тұлғалар ЕЭК-қа ЕАЭО -ның техникалық регламенті жобасы бойынша өз ұсыныстары мен ескертулерін бере алады. ЕЭК Кеңесінің №48 шешімінің 9-тармағына сәйкес ЕАЭО мен үшінші мемлекеттердің мүдделі тараптарынан келіп түскен барлық ұсыныстар мен түсініктемелер, келіп түскеннен кейін ЕЭК-тің ресми сайтында жариялануы тиіс. ЕЭК барлық түсініктемелер мен ұсыныстарды жария талқылау аяқталғаннан кейін техникалық регламент жобасын әзірлеушіге (ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің тиісті мемлекеттік органдарына) жолдайды. Техникалық регламент жобасын әзірлеуші техникалық регламент жобасын ұсыныстар мен ескертулерді ескере отырып, пысықтайды. Әрбір түсініктеме мен ұсыныс үшін техникалық регламент жобасын әзірлеуші оның қабылдануы туралы ақпаратты немесе қабылданбауы туралы негіздемені көрсетеді. ЕЭК олар жайлы шешім мен осы шешімдердің негіздемесін қоса алғанда, техникалық регламент жобасы бойынша ұсыныстар мен ескертулердің жиынтығын бұдан әрі қарай ЕЭК-тің ресми сайтында орналастыруды қамтамасыз етеді.




  1. Мүшелердің бірі Қазақстан СТК бойынша ДСҰ келісімінен шығатын алдағы міндеттемелерді қалай шешетінін, мәселен, ЕАЭО-дағы техникалық реттеу саласындағы құзыретті ағымдағы беруді назарға ала отырып, техникалық регламент жобасы туралы хабарламаны қалай шешетінін сұрады. Оған жауап берген Қазақстан өкілі, Қазақстан ЕАЭО деңгейінде жүргізіліп жатқан барлық жұмыстарға белсенді қатысып келе жатқанын және ДСҰ мүшесі ретінде, ЕАЭО-ның техникалық регламенттері жобасы туралы хабарлама жолдау бойынша міндеттерді қоса алғанда, барлық міндеттемелерін орындай алатынын түсіндірді. Қазақстан ДСҰ-ға кірген күнінен бастап СТК және СФС бойынша Ақпараттық орталық ДСҰ Хатшылығындағы ЕАЭО техникалық регламенттері туралы хабарламаны қоса алғанда, СТК және СФС бойынша ДСҰ келісімінде көзделген хабарламалар бойынша міндеттерді орындайтын болады және ДСҰ мүшелеріне олардың сұрауы бойынша ұсынылған техникалық регламенттердің көшірмелерін ұсынатын болады. Жұмыс тобы мүшесінің сауалына Қазақстан өкілі, Қазақстан ДСҰ мүшелерінен хабарланған құқықтық актілерге қатысты түсініктемелерді алған сайын, әрдайым түсініктемелерді алғандығын растап отыратын болады деп жауап берді. Бұдан басқа, ЕЭК Кеңесінің № 48 шешімімен бекітілген «Кеден одағының техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерістлер енгізу және олардың күшін жою туралы ережеге» сәйкес ЕАЭО-ның техникалық регламенттері жобаларын жария талқылау барысында және ЕАЭО техникалық регламенті жобасы бойынша жария талқылаудың басталуы мен аяқталуы туралы хабарлама ЕЭК-тің ресми веб-сайтында жарияланады. Осындай ақпарат Техникалық реттеу комитетінің ресми веб-сайтында және бюллетенінде жарияланады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы СТК және СФС жөніндегі Ақпараттық орталығының веб-сайтында орналастырылады. Техникалық регламенттің бірінші жобасы әзірленгеннен кейін немесе жария талқылау аяқталғаннан кейін, техникалық регламент жобасын әзірлеуші (Қазақстанның мемлекеттік органы бекіткен) тиісті хабарламаны құрап, Қазақстан Республикасы СТК және СФС жөніндегі Ақпараттық орталығына жолдайды.




  1. Стандарттарға қатысты, оларды әзірлеуді құрамына мемлекеттік органдар мен мүдделі тараптардың (қоғамдық бірлестіктердің, ғылыми ұйымдардың, бизнес-қауымдастықтар мен кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдерін қоса алғанда) өкілдері кіретін стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер жүзеге асырады. Ұсынылған түсініктемелер стандарттар жобасын пысықтау кезінде және барлық мүдделі ұйымдар арасындағы келісімге қол жеткізу кезінде ескеріледі. Кез келген мүдделі ұйым сұрау салуды жібере алады және стандарттар жобаларын, сондай-ақ жобаға түсініктемелердің көшірмелерін ала алады. Ведомствоаралық комитет деңгейінде өткен қарау мен мақұлдаудың қорытындысы бойынша жоба мақұлдау үшін Үкіметке жолданады. Үкімет қабылдаған стандарт «Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілері жинағы» ресми басылымында, республикалық газетте, уәкілетті органның ресми басылымында («Техникалық реттеу бюллетені») жарияланады, сондай-ақ веб-сайтта (http://www.memst.kz/tr/National%20standards.pdf) орналастырылады. Стандарттарды әзірлеу жоспарының жобасы, барлық мүдделі тұлғаларға жобаларға түсініктеме беру мүмкіндігін ұсыну үшін Техникалық реттеу комитеті шығаратын ай сайынғы «Стандарттардың ақпарттық көрсеткіші» (САК) басылымында жарияланады. Стандарттар жобасы Комитеттің ресми басылымында жарияланады. Бұдан басқа, Комитетте екі ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорын бар: мерзімді басылымдарды («Мемстандарт жаңалықтары», «Метрология» және «Стандарттардың ай сайынғы ақпараттық көрсеткіші») шығаратын «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» және «Қазақстан метрология институты».




  1. Қазақстан өкілі, Қазақстан ДСҰ-ға кірген күннен бастап, Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі ДСҰ келісімінің әрекет етуі шеңберінде, Қазақстан аумағында Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі ДСҰкелісімінің ережелеріне сәйкес қолданылатын техникалық регламенттер, стандарттар мен сәйкестікті бағалау сияқты барлық заңдардың, нормалардың және басқа да шаралардың қолданылуын қамтамасыз ететінін растады. Жұмыс тобы осы міндеттемені назарға алды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет