(і) ЕАЭО құзыретті органдары және олардың өкілеттіктері -
Қазақстанның өкілі Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі: ЕЭК немесе Комиссия) 2012 жылғы қаңтардан бастап КО Комиссиясының ісін жалғастырушы болғанын түсіндірді. ЕАЭО санитариялық және фитосанитариялық шаралар саласында реттеудің институционалдық негізі шеңберінде Комиссияның рөлі санитария, ветеринария және фитосанитария саласындағы тиісті құзыретті органдарды қоса алғанда, ЕАЭО-ға Мүше мемлекеттердің СФС шараларын әзірлеуі мен іске асыруын үйлестіру болып табылады. Комиссия Бірыңғай жалпы қағидаттарды әзірледі және ЕАЭО аумағында өткізілетін өнімге Бірыңғай қауіпсіздік талаптарын қабылдады. Осы қауіпсіздік талаптары ЕАЭО-да өндіріс пен сауданы реттейтін санитариялық-эпидемиологиялық, ветеринариялық және фитосанитариялық қағидаларды қамтиды.
-
ЕЭК ЕАЭО туралы шарттың 18-бабына сәйкес ЕАЭО бірыңғай тұрақты реттеуші органы ретінде құрылды. EЭК Кеңестен және Алқадан тұрады. Кеңестің және Алқаның құзыреттері ЕАЭО туралы шартқа № 1 Қосымшада және Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің 2011 жылғы 18 қарашадағы № 1 шешімімен бекітілген «Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысы туралы ережеде» айтылады. Кеңестің Алқа қабылдаған шешімдерге вето қоюға құқығы бар. Кеңестің санитариялық және фитосанитариялық шараларға қатысты мынадай өкілеттіктері болады:
-
санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға, ветеринариялық және карантиндік фитосанитариялық бақылауға жататын тауарлардың бірыңғай тізбелерін қабылдау, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу; және
-
Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау туралы ережені, Ветеринариялық бақылау жүргізудің бірыңғай тәртібі туралы ережені, Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын объектілерге бірлескен тексерулер жүргізудің және тауарлар (өнімдер) сынамаларын іріктеудің бірыңғай жүйесі туралы ережені және Карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізудің бірыңғай тәртібі туралы ережені бекіту және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
Алқа Бірыңғай ветеринариялық талаптар мен ветеринариялық сертификаттардың бірыңғай нысандарын, Бірыңғай санитариялық талаптарды және бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптарды қабылдау және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қоса алғанда, қалған мәселелерге жауапты болады.
-
ЕАЭО деңгейінде СФС шаралары Техникалық реттеу, санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі консультативтік комитетке (бұдан әрі: Консультативтік комитет) есеп беретін жұмыс топтары шеңберінде нақты техникалық және әкімшілік сарапшыларды тарта отыра әзірленеді. Жұмыс топтары мен Консультативтік комитеттің функциялары мен өзара іс-қимылы нақты қағидалармен: Техникалық реттеу жөніндегі министрдің – ЕЭК Алқа мүшесінің 2013 жылғы 3 қазандағы шешімімен бекітілген «СФС және СТК бойынша жұмыс және сараптама топтары туралы ережемен» және ЕЭК Алқасының 2012 жылғы 18 қыркүйектегі №161 шешімімен бекітілген «Техникалық реттеу, санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі консультативтік комитет туралы ережемен» айқындалады. ЕАЭО-ның санитариялық және фитосанитариялық шаралар туралы құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеудің қазіргі практикасы мынадай жолмен жүзеге асырылады:
-
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің кез келгені немесе ЕЭК ЕАЭО-ның құқықтық актісінің жобасын әзірлеуге кіріседі;
-
ЕАЭО-ға мүше мемлекет жобаны әзірлеуге жауапты болып тағайындалады немесе ЕЭК әзірлеуші болып табылады;
-
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өкілдерін қамтитын жұмыс тобы жобаны қарау үшін құрылады;
-
Жұмыс тобының отырысында қаралған және мақұлданған құжат жобасы кейін Консультативтік комитетке жария талқылау үшін ЕАЭО ресми сайтына жариялау үшін беріледі. СФС мәтіндерінің жобаларын ЕАЭО мынадай веб-бетте жариялайды: http://www.eurasiancommission.org/en/act/texnreg/depsanmer/publ/Pages/default.aspx. Жария талқылауды жүргізу кезеңі екі айды құрайды; Түсіндірмелерді ЕЭК Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаменті жинайды;
-
Жария талқылаудан кейін барлық түсіндірмелер мен сұрақтар Жұмыс тобы шеңберінде қаралады. Алқаның 2013 жылғы 13 тамыздағы № 161 шешімімен енгізілген өзгерістермен бірге ЕЭК Алқасының «Еуразиялық экономикалық комиссияның санитариялық, карантиндік фитосанитариялық, ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану саласындағы актілерін қабылдау процесінде транспаренттілікті қамтамасыз ету туралы» 2013 жылғы 5 наурыздағы № 31 шешіміне сәйкес Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар жөніндегі департамент жария талқылау аяқталғаннан кейін 30 жұмыс күні ішінде түсіндірмелер мен жауаптардың жиынтық кестесін осы ескертулерді қараған ЕАЭО Жұмыс тобында жүргізілген талқылаулар негізінде құрастырады және түсіндірмелер мен жауаптардың жиынтық кестесін ЕАЭО-ның ресми сайтында жариялайды. Осы ескертулер мен жауаптар кестесінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің СФС хабарламаларының ДСҰ шеңберінде алған түсіндірмелері ескеріледі. Құжат жобасының түпкілікті редакциясын Жұмыс тобы қарап, мақұлдайды және Консультативтік комитеттің қарауына ұсынады;
-
ЕЭК Алқасы өзінің құзыретінде болған ЕАЭО құжаттарын қабылдайды немесе басқа жағдайдарда жобаларды қабылдау үшін Кеңеске ұсынылғанға дейін оларды бекітеді.
ДСҰ мүшелерінің бірінің нақты сұрағына берген жауабында Қазақстанның өкілі, қазіргі кезде белгіленген мерзімдер – 60 күннен кем емес – СФС бойынша жария талқылаулар үшін ғана құрылғанын түсіндірді. СФС құқықтық актілерін әзірлеу мен бекіту процесінің басқа сатыларының ұзақтығы ЕАЭО барлық мүше мемлекеттерінің консенсуқа жетуіне қажетті уақытқа байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |