ДҮниежүзілік сауда ұйымы


Санитариялық және фитосанитариялық шаралар



бет32/78
Дата04.03.2016
өлшемі6.06 Mb.
#38185
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   78

Санитариялық және фитосанитариялық шаралар

(а) Заңнамалық База





  1. Қазақстан өкілінің мәлімдеуінше, Қазақстанда санитариялық және фитосанитариялық (СФС) режимді реттеуге арналған заңнамалық база келесінің негізінде құрылған: 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық Экономикалық Одақ туралы шарттың (бұдан әрі: ЕАЭО туралы шарт); «Кеден одағының санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық іс-шараларды пайдалану саласындағы құқықтық актілерін халықаралық стандарттармен үйлестіруді қамтамасыз ету туралы» КО Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі №625 шешімі (КО Комиссиясының 2011 жылғы 22 маусымдағы № 722 шешімімен және ЕЭК Алқасының 2012 жылғы 7 наурыздағы №11 шешімімен енгізілген өзгерістерімен бірге); «Халықаралық стандарттарды, ұсынымдар мен нұсқауларды қолдану туралы» КО Комиссиясының 2011 жылғы 22 маусымдағы № 721 шешімі; «Кеден одағының санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық іс-шараларды іске асыру саласында құқықтық актілеріне сараптама жүргізудің бірыңғай тәртібі туралы ереже туралы» ЕЭК Алқасының 2012 жылғы 6 қарашадағы №212 шешімі, ол КО Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі №801 шешімін алмастырды; «Санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық іс-шаралардың баламалылығы және қатерлерді бағалауды жүргізу туралы» КО Комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы №835 шешімі (ЕЭК Алқасының 2014 жылғы 11 ақпандағы № 17 шешімімен енгізілген өзгерістермен бірге); «Техникалық реттеу, санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық іс-шараларды қолдану жөніндегі Консультативтік комитет туралы» ЕЭК Алқасының 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 161 шешімі (ЕЭК Алқасының 2014 жылғы 19 тамыздағы №141 шешімімен енгізілген соңғы өзгерістермен бірге) және «Еуразиялық Экономикалық Комиссияның санитариялық, фитосанитариялық карантиндік және ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды қолдану саласындағы актілерін қабылдау процесінде айқындылығын қамтамасыз ету туралы» ЕЭК Алқасының 2013 жылғы 5 наурыздағы №31 шешімі (ЕЭК Алқасының 2013 жылғы 13 тамыздағы №161 шешімімен енгізілген өзгерістермен бірге).




  1. ЕАЭО шеңберінде санитариялық саясатты жүргізудің құқықтық негізі ЕАЭО туралы шарттың ХІ Бөлімі (56 және 57-баптар) және № 12 Қосымшасы болып табылады. Осы ережелер 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Санитариялық іс-шаралар туралы КО келісімін ауыстырды (ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің 2010 жылғы 21 мамырдағы № 39 шешімімен, КО Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы №887 шешімімен енгізілген өгерістермен бірге), 2015 жылғы 1 қаңтарда ЕАЭО туралы шарт күшіне енген сәттен бастап ол өзінің әрекетін тоқтатады. Санитариялық саясатты жүргізудің құқықтық негізі сондай-ақ 2011 жылғы 19 мамырдағы "Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық іс -шараларды іске асыру саласында 2010 жылғы 21 мамырдағы Хаттамалардың күшіне енуі туралы» ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің №83 шешімінде және 2010 жылғы 28 мамырдағы «Кеден одағында санитариялық іс-шараларды қолдану туралы» КО Комиссиясының №299 шешімінде көрсетілген, 2010 жылғы 17 тамыздағы КО Комиссиясының № 341, 2010 жылғы 18 қарашадағы №456, 2011 жылғы 2 наурыздағы № 571, 2011 жылғы 7 сәуірдегі №622, 2011 жылғы 18 қазандағы №№828 және 829, 2011 жылғы 9 желтоқсандағы №№888 және 889 шешімдерімен енгізілген өзгерістермен бірге; 2012 жылғы 15 маусымдағы ЕАЭО Кеңесінің №№36 және 37, 2012 жылғы 20 шілдедегі №64, 2012 жылғы 17 желтоқсандағы №№114 және 115 шешімдерімен; 2012 жылғы 19 сәуірдегі ЕЭК Алқасының №№32, 33 және 34, 2012 жылғы 13 маусымдағы №89, 2012 жылғы 12 шілдедегі №111, 2012 жылғы 19 шілдедегі №117, 2012 жылғы 23 тамыздағы №141, 2012 жылғы 6 қарашадағы №№206 және 208, 2013 жылғы 15 қаңтардағы №6 шешімдерімен (бұдан әрі - КО Комиссиясының №299 шешімі). КО Комиссиясының №299 шешімінің жиынтық редакциясына өзгерістермен бірге ЕЭК келесі веб-сайтында қол жеткізуге болады: http://www.eurasiancommission.org/en/act/texnreg/Pages/acts.aspx, ол тұрақты жаңартылып отырады.




  1. ЕАЭО шеңберінде ветеринариялық саясатты жүргізудің құқықтық негізі ЕАЭО туралы шарттың ХІ Бөлімі (56 және 58-баптары) және № 12 Қосымша болып табылады. Осы ережелер 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар туралы КО келісімін алмастырды (ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің 2010 жылғы 21 мамырдағы № 39 шешімімен енгізілген соңғы өзгерістермен бірге), ол 2015 жылғы 1 қаңтарда ЕАЭО туралы шарт күшіне енген сәттен бастап өзінің әрекетін тоқтатты. Ветеринариялық саясатты жүргізудің құқықтық негзі сондай-ақ «Кеден одағында ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды қолдану туралы» КО Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы №317 шешімінде көрсетілген, КО Комиссиясының 2010 жылғы 17 тамыздағы №342, 2010 жылғы 18 қарашадағы №455, 2011 жылғы 22 маусымдағы №724, 2011 жылғы 2 наурыздағы №№569 және 570, 2011 жылғы 7 сәуірдегі №623, 2011 жылғы 15 шілдедегі №726, 2011 жылғы 23 қыркүйектегі №810, 2011 жылғы 18 қазандағы №№830 және 831, 2011 жылғы 18 қазандағы №834, 2011 жылғы 9 желтоқсандағы №893 шешімімен енгізілген өзгерістермен бірге; ЕЭК Кеңесінің 2012 жылғы 12 қазандағы №85 және 2014 жылғы 9 қазандағы №95 шешімдерінде; ЕЭК Алқасының 2012 жылғы 4 желтоқсандағы №254, 2012 жылғы 12 желтоқсандағы №274, 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №307, 2013 жылғы 10 қыркүйектегі №192, 2013 жылғы 29 қазандағы №244, 2013 жылғы 10 желтоқсандағы №294, 2014 жылғы 11 ақпандағы №18, 2014 жылғы 30 қыркүйектегі №178 шешімдерінде және 2014 жылғы 9 қазандағы ЕЭК Кеңесінің №95 шешімімен (бұдан әрі - КО Комиссиясының № 317 шешімі); 2011 жылғы 7 сәуірдегі «Кеден Одағының аумағына Үшінші елдерден әкелінетін, ветеринариялық бақылауға жататын тауарларға ветерианиялық сертификаттардың бірыңғай нысандары туралы» КО Комиссиясының № 607 шешімімен (КО Комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы №832 жне 2011 жылғы 9 желтоқсандағы №892 шешімімен, 2012 жылғы 4 желтоқсандағы ЕЭК Алқасының № 262, 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №308, 2013 жылғы 29 қазандағы №245, 2014 жылғы 11 ақпандағы №19 шешімімен; 2014 жылғы 9 қазандағы ЕЭК Одағының №95 шешімімен енгізілген өзгерістермен бірге); «Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын және Кеден одағының аумағына әкелінетін тауарларды шығаруды, өңдеуді және/немесе сақтауды жүзеге асыратын кәсіпорындар мен тұлғалар тізілімін әзірлеу және жүргізу тәртібі жөнінде ереже туралы» КО Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі №624 шешімімен; «Ветеринариялық іс-шаралар туралы» КО Комиссиясының 2011 жылғы 15 шілдедегі №726 шешімімен; «Ветеринариялық бақылау (қадағалау) объектілерінің инспекциясы жүйелерінің баламалылығы туралы» КО Комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы №833 шешімімен; 2013 жылғы 16 мамырдағы «Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарлардың Бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарларға қатысты ветеринариялық іс-шараларды қолдануда алуға өзгерістер енгізу туралы» ЕЭК Одағының №33 шешімімен; 2014 жылғы 9 қазандағы ЕЭК Кеңесінің №94 шешімімен (бұдан әрі- ЕЭК Кеңесінің №94 шешімі) көрсетілген, ол 2011 жылғы 18 қазандағы «Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын объектілерді бірлескен тексерулерді және тауарлардың (өнімнің) сынамасын іріктеуді жүргізудің бірыңғай тәртібі туралы ереже туралы» КО Комиссиясының №834 шешімін алмастырды (бұдан әрі- КО Комиссиясының №834 шешімі). КО Комиссиясының №317 шешімінің Жиынтық редакциясына өзгерістермен бірге ЕЭК келесі мекенжайы бойынша қол жекізуге болады: http://www.eurasiancommission.org/en/act/texnreg/Pages/acts.aspx, ол тұрақты жаңартылып отырады.




  1. ЕАЭО шеңберінде фитосанитариялық саясатты жүргізудің құқықтық негізі ЕАЭО туралы шарттың ХІ Бөлімі (56 және 59-баптар) және № 12 Қосымшасы болып табылады. Осы ережелер 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Өсімдіктер карантині туралы КО келісімін алмастырды (2011 жылғы 19 мамырдағы ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің №83 шешімімен енгізілген соңғы өзгерістермен бірге), 2015 жылғы 1 қаңтарда ЕАЭО туралы шарт күшіне енген сәттен бастап ол өзінің әрекетін тоқтатты. Фитосанитариялық саясатты жүргізудің құқықтық негізі, сондай-ақ, «Кеден одағында өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету туралы» КО Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 318 шешімінде, КО Комиссиясының 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 528, 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 894 шешімдерімен, ЕЭК Алқасының 2013 жылғы 16 тамыздағы № 50, 2014 жылғы 24 сәуірдегі №25, 2014 жылғы 9 қазандағы №93 шешімдерімен енгізілген өзгерістермен бірге (бұдан әрі - КО Комиссиясының №318 шешімі) және «Орыс-қазақ шекарасынан бастап Кеден одағының сыртқы шекарасына дейін басқаруды тапсыруды ұйымдастыру туралы» ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің 2011 жылғы 15 наурыздағы № 76 шешімімен көрсетілген. КО Комиссиясының № 318 Жиынтық редакциясына өзгерістермен бірге ЕЭК келесі мекенжайы бойынша қол жеткізуге болады: http://www.eurasiancommission.org/en/act/texnreg/Pages/acts.aspx Фитосанитариялық іс-шаралар.aspx, ол тұрақты жаңартылып отырады.




  1. Бұдан басқа, тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне талаптарды белгілеген, ЕАЭО келесі тоғыз техникалық регламенті қабылданды: (i) КО Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 880 шешімімен бекітілген «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (ЕЭК Алқасының 2013 жылғы 11 маусымдағы №129, 2013 жылғы 25 маусымдағы №147 және 2014 жылғы 10 маусымдағы №91 шешімдерімен енгізілген өзгерістермен бірге); (ii) КО Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 881 шешімімен бекітілген, «Тамақ өнімдерін таңбалау туралы»; (iii) КО Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы №882 шешімімен бекітілген, «Жемістер мен көкөністерден жасалған шырын өнімі»; (iv) КО Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы №883 шешімімен бекітілген, «Май өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»; (v) КО Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы №874 шешімімен бекітілген, «Астық қауіпсіздігі туралы»; (vi) ЕЭК Кеңесінің 2012 жылғы 15 маусымдағы №34 шешімімен бекітілген, «Мамандандырылған өнімнің жеке түрлерінің, соның ішінле диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтанудың қауіпсіздігі туралы»; (vii) ЕЭК Кеңесінің 2012 жылғы 20 шілдедегі № 58 шешімімен бекітілген, «Тағамдық қоспалардың, хош иістендіргіштердің және технологиялық қосалқы құралдардың қауіпсідігі туралы»; (viii) ЕЭК Кеңесінің 2013 жылғы 9 қазандағы № 67 шешімімен бекітілген, «Сүт жне сүт өнімінің қауіпсіздігі туралы» және (ix) ЕЭК Кеңесінің 2013 жылғы 9 қазандағы № 68 шешімімен бекітілген, «Ет және ет өнімінің қауіпсіздігі туралы» ЕАЭО қабылдаған техникалық регламенттер тізбесіне ЕЭК келесі сілтемесі боынша қол жеткізуге болады: http://www.eurasiancommission.org/en/act/texnreg/deptexreg/tr/Pages/tecnicalreglament.aspx. Балық және балық өніміне жататын «Тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент бөлімі қазіргі уақытта қолданылмайды және тиісті секторлық техникалық регламент күшіне енгеннен кейін әрекет ете бастайды.




  1. Қазақстанның Өкілі сондай-ақ, егер ұлттық заңнама ЕАЭО туралы шартқа, КО Комиссясының шешімдеріне және ЕЭК Алқасы мен Кеңесінің шешімдеріне қарама-қайшы келмесе, өз күшінде қалатынын мәлімдеді. Ол сонымен бірге жоғарыда аталған Шартта және шешімдерде көрсетілмеген мәселелер ұлттық заңнамада қарастырылғанын түсіндірді, нақтырақ айтқанда – «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-II Заңында (бұдан әрі-«Ветеринария туралы» Заңы); «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» Үкіметтің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысы, сонымен келесі бекітілді: (i) Мемлекеттік ветринариялық-санитариялық бақылау туралы ереже, (ii) Жануарларға және адамдар денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жою не оларды алып қоюсыз мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу ережесі, (iii) Жеке және заңды тұлғаларға жануарлар мен адамның денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың құнын өтеу қағидалары мен шарттары, (iv) Жануарларға және адамдар денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жою жүргiзiлетiн жануарлардың аса қауiптi ауруларының тізбесі, (v) Алдын алу, диагностикасы және жойылуы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауiптi ауруларының тізбесі, (vi) Орны ауыстырылатын объектiлердi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу кезiнде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру ережесі, және (vii) Шекара және кеден пункттерiнде ветеринариялық бақылау пункттерiн ұйымдастыру ережесі; «Кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Үкіметінің 2009 жылғы 4 қарашадағы № 1754 қаулысы, «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесін бекіту туралы» Үкіметтің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысы; «Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды есепке ала отырып, объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру Ережесін бекіту туралы» Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 16-04/647 бұйрығы (бұдан әрі- Ауыл шаруашылығы министрінің № 16-04/647 бұйрығы), ол «Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Үкіметтің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 132 қаулысын (бұдан әрі - Үкіметтің №132 қаулысы) алмастырды; «Қазақстан Республикасының аумағында объектілерді тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Үкіметтің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 149 қаулысы; «Мемлекеттік тіркелуге тиісті тамақ өнімдерін әкелу (импорттау) ережесін бекіту туралы» Үкіметтің 2008 жылғы 19 ақпандағы № 165 қаулысы; «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі №301-ІІІ Заңы; «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі №193- IV кодексі; «Тамақ өнімдерін өндіретін тұлғаларға тіркеу нөмірлер беру ережесін бекіту туралы» Үкіметтің 2008 жылғы 11 ақпандағы № 125 қаулысы; «Халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, сондай-ақ өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу ережесін бекіту туралы» Үкіметтің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2267 қаулысы; «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы № 344-І Заңы (бұдан әрі- «Өсімдіктер карантині туралы» Заңы); «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі № 331-ІІ Заңы; «Карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін және ерекше қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн бекiту туралы» Үкіметтің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1295 қаулысы, Үкіметтің 2009 жылғы 11 қыркүйектегі № 1351 соңғы түзетулерімен бірге, «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі ережені бекіту туралы» Үкіметтің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1730 қаулысы; «Карантинді объектілермен залалданған, залалсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнімді алып қою және жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Үкіметтің 2011 жылғы 3 қарашадағы № 1287 қаулысы; «Әкелінетін карантинге жатқызылған өнімге қойылған фитосанитариялық талаптарды бекіту туралы» Үкіметтің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1674 қаулысы және «Пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу, сынақтарын жүргізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Үкіметтің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1396 қаулысы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет