(f) Адам денсаулығын қорғау
-
Қазақстан өкілі КО Комиссиясының №299 шешімімен ЕЭК Кеңесінің 2012 жылғы 15 маусымдағы №36 шешімімен енгізілген соңғы өзгерістермен бірге «Кеден одағының кедендік шекарасында және кедендік аймақтарында санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарлардың бірыңғай тізібесі» (бұдан әрі: Бірыңғай тізім) (І бөлім) құрылғанын және тиісті тауарлар үшін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі талаптары белгіленгенін айтты. ЕАЭО аумағында өндірілетін не халық арасында тарату, өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында пайдалану, азаматтық құрылысты дамыту, адамның тікелей қатысуымен өткізу үшін не жеке және үй жағдайында пайдалану үшін ЕАЭО-ның кедендік аумағына әкелінетін өнім КО Комиссиясының №299 шешіміне және тиісті техникалық регламенттерге сәйкес келуге тиіс. Сонымен қатар, ол қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін белгілі бір тауарлар тобының тиісті техникалық регламентте, Комиссия шешімдерінде және ұлттық заңнамада көзделгендей, мемлекеттік тіркеу куәлігімен расталуға тиіс екенін түсіндірді. Кедендік ресімдеу кезінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік ұсынылуға тиіс тауарлар тиісті техникалық реттеуде немесе Комиссия бекіткен мемлекеттік тіркеуге жататын өнімдер тізбесінде көрсетілген.
-
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығына байланысты мәселелер үшін жауапты уәкілетті орган болып табылады. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет бірыңғай жүйе болып табылады, ол мыналардан: (і) уәкілетті орган мен оның шекаралық және аумақтық бөлімшелерінен; және (іі) санитариялық-эпидемиологиялық қызметтен («Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жасаудың және мониторингілеудің ғылыми-практикалық орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны) тұрады. Адамның денсаулығына әсер етуі ықтимал заттарды/процестерді өндіруге, импорттауға, олардың айналымына, оларды пайдалануға және жоюға байланысты нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту кезінде мемлекеттік органдар оларды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келіседі.
-
ЕАЭО ережелеріне қосымша ретінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ұлттық заңнама мынадай актілерден тұрады: «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV Қазақстан Республикасының Кодексі, «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі № 301 Заң, Үкіметтің «Тамақ өнімдерін өндіретін тұлғаларға тіркеу нөмірлерін беру қағидаларын бекіту туралы» 2008 жылғы 11 ақпандағы № 125 қаулысы, Үкiметтiң «Халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ кәсiпкерлiк және (немесе) өзге де қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнiмдердi Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, сондай-ақ өндiруге, қолдануға және өткiзуге тыйым салу ережесiн бекiту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2267 Қаулысы.
-
Мүшелер бірлескен тексерулер барысында ЕАЭО инспекторларының экспортталатын өнімнің әрбір түрі үшін, оның ішінде өңделмеген немесе өңделген өнімдер үшін ЕАЭО-ға экспорттағанға дейін әрбір кәсіпорыннан жүйелі тестілеу нәтижелерін сұратқанына алаңдаушылық білдірді. Қазақстан ұлттық деңгейде және тамақ өнімдерін өндіретін кәсіпорын деңгейінде жүргізілген мониторингті тану туралы мәселе, экспорттаушы елдің барабар шарасы ретінде экспорттаушы елдің ұлттық бақылау жүйесін тексеру барысында қаралатын болады деп жауап берді. ЕЭК Кеңесінің №94 шешіміне сәйкес ұлттық мониторингілеу бағдарламалары үшінші елдердің кепілдіктерін бағалау кезінде ескеріледі. Бұған қоса, ЕЭК Кеңесінің №94 шешімінің 66-тармағына сәйкес ұлттық мониторингілеу бағдарламалары экспорттаушы кәсіпорындар орнында тексеру кезінде ескеріледі. Мүшелердің нақты өтінуіне жауап ретінде Өкіл ЕАЭО нормалары мен ұлттық ережелерде экспортталатын өнімнің барлық түрінің әрбір партиясына жүйелі тестілеу жүргізу туралы талап қамтылмағанын түсіндірді. ЕЭК Кеңесінің №94 шешімінің 74-тармағында инспектор үшінші елдің кәсіпорнына келген соң, басқалармен қатар, өнімдердің қаупсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Тәуекелдер мен сыни бақылау нүктесін талдау (ХАССП) сияқты ресми бақылаудың және өндірістік бақылаудың бар-жоғын бағалауға тиіс екені белгіленген. Мұндай жағдайда, ресми бақылаудың бар-жоғын талдау – экспорттаушы елдің құзыретті органдарының көшпелі инспекциялары (осындай тексерулердің жиілі болуының тәуекеліне, инспекциялау өлшемшарттарына, инспекциялау нәтижелері мен есептеріне негізделген) немесе объектілерді мемлекеттік тіркеу сияқты, экспорттаушы елдің құзыретті органдары тарапынан кәсіпорынның бақылауға жататын-жатпайтынын инспекторлардың тексеретінін білдіреді. Қазақстан өкілі өзінің өнімді бағалауын азық-түлік операторларының қабылдағанын растады. Сонымен қатар, ол ЕАЭО инспекторлары ЕАЭО талаптарына сәйкестігіне ресми зертханаларда тестілеуді сұратпайтынын растады.
-
Кейбір мүшелер КО Комиссиясының Шешіміне сәйкес, Бірыңғай Тізбенің екінші бөлігіне енгізілген белгілі бір тауарлар тобына ғана қолданылатын мемлекеттік тіркеу рәсімі КО Комиссиясының №299 шешімімен бекітілгенін атап өтті. Мүшелер ішкі әрежелер әлі күнге дейін қолданыла ма деген ақпаратты сұратты және егер қолданылатын болса, өнімнің ЕАЭО аумағында немесе Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өткізілетінін айқындау үшін қандай критерийлер пайдаланылады деді.
-
Бұл сауалға жауап ретінде Қазақстан өкілі, егер КО Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы №299 шешіміне қайшы келмейтін болса, ұлттық құқықтық актілердің қолданылатынын түсіндірді. Ұлттық заңнамадағы мұндай ережелер құзыретті органды айқындауға, ұйымдар мен сарапшылардың мемлекеттік тіркеу рәсіміне қатысу тәртібіне, мемлекеттік тіркеуден бас тарту апелляциясының және Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер тізілімінің ұлттық бөлігін енгізу тәртібіне байланысты болып келеді. Мемлекеттік тіркеуге жататын өнім тиісті техникалық регламентте немесе КО Комиссиясының №299 шешімінде көрсетілген. Осылайша, тиісті техникалық регламентте немесе КО Комиссиясының №299 шешімінде көрсетілген өнім ғана мемлекеттік тіркеуге жатады. Қазақстан өкілі мемлекеттік тіркеу рәсімі мыналарға қатысты қолданылатынын түсіндірді:
-
егер тиісті техникалық регламентте көзделген болса; немесе;
-
КО Комиссиясының №299 шешімімен белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға жататын тауарлардың бірыңғай тізімінің ІІ бөлімінің 1-ден бастап 11-ге дейінгі тармақтарында санамаланған тауарлардың белгілі бір тобына (оларға: минералды су, бөтелкедегі, контейнерлерге оралған ауыз су, сергіткіш сусындар, балаларға арналған тамақ өнімдерін, жүкті және бала емізетін әйелдерге арналған тамақ өнімдерін қоса алғанда, арнайы тағамдық өнімдер, емдәмдік өнімдер, тағамға биологиялық белсенді қоспалар, тағамға биологиялық белсенді қоспаларды өндіруге арналған шикізат; ГМО-дан алынған тағам өнімдері, ГМО; тағамдық қоспалар, хош иістендіргіштер, техникалық заттар, оның ішінде ферменттер, сондай-ақ тамақ өнімдеріне байланысты материалдар жатады);
-
егер тауарлар Санитариялық бақылауға жататын тауарлардың бірыңғай тізбесінің ІІ бөлігіндегі кестеде көрсетілген тауар кодтарымен реттелетін болса ғана (КО Комиссиясының №299 шешімі) және
-
егер тауарлар ЕАЭО аумағында бірінші рет өндірілген немесе мемлекеттік тіркеусіз ЕАЭО аумағына бірінші рет импортталған болса немесе егер ЕАЭО талаптарын енгізу үшін жаңа мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру қажет болған жағдайларда.
-
Қазақстан өкілі мемлекеттік тіркеу туралы қажет пе, жоқ па айқындау мақсатында қабылданған осы үш кумулятивтік критерийдің тиісті техникалық регламентте немесе Санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға жататын тауарлардың бірыңғай тізбесінің ІІ бөлігі 11-тармағының соңғы абзацында көрсетілгенін айтты. Мемлекеттік тіркеуге жататын келесі тауарлар: егер тиісті техникалық регламентте көзделген болса немесе Тауарлардың бірыңғай тізбесінің 1-ден бастап 11-ге дейінгі тармақтарында көрсетілген, СЭҚ ТН көрсетілген, ЕАЭО аумағында бірінші рет өндірілетін, сондай-ақ ЕАЭО аумағына бірінші рет импортталатын тауарлар.
-
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік осы өнім түрі үшін беріледі және алдыңғы кезең ішінде қағидаларды бұзушылықтар болмаған кезде, мерзімі шектелмей осы елден экспорттау үшін жарамды болып табылады. Шекарадағы байқау кезінде анықталған бұзушылықтар болған кезде, Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің уақытша күші жойылуы мүмкін. Бағалауға арналған өтініш Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне немесе оның аумақтық органдарына ұсынылуға тиіс. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік ЕАЭО-ның бүкіл аумағына жарамды. Отандық өндірістің өнімдері үшін санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды Тұтынушылардың құықтарын қорғау комитетінің аумақтық органдары Қазақстанның ішкі нарығында өнімді бөлу кезеңінде жүргізеді. Жұмыс тобы Мүшелерінің сұрақтарына жауап ретінде Қазақстан өкілі отандық өндірістің өнімдерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік өнімнің осы түрі үшін де шығарылатынын және шектеусіз уақыт кезеңі ішінде жарамды болатынын мәлімдеді. Оның пікірінше, тиісті рәсімдер мен талаптар отандық және импорттық өнімді кемсітпейді. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру процесі өтінішті алған күннен бастап 30 күннен аспауға тиіс. Өтінімнен бас тартылған кезде, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті нені өзгерту қажеттігін түсіндіру үшін өтініш берушіге хат жолдайды. Өтініш беруші түзеткеннен кейін қайтадан өтініш бере алады.
-
Қазақстан өкілі 2010 жылғы 1 шілдеден бастап Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің тиісті техникалық регламенттерге немесе ЕАЭО-ның бүкіл кедендік аумағында жарамды, 819-тармақта көрсетілген өнімге ЕАЭО бірыңғай нысанына сәйкес берілетінін түсіндірді. Куәлік бақылауға жататын тауарлардың ЕАЭО-ның бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келетінін растайды. Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің жарамдылық мерзімі бақылауға жататын тауарлардың дайындаудың немесе ЕАЭО аумағына берудің бүкіл кезеңін қамтиды. Сонымен қатар, Қазақстан өкілі мемлекеттік тіркеу туралы куәлік ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасында үйлесімді болғанын және ЕАЭО-ға әрбір мүше мемлекет ЕАЭО-ға басқа мүше мемлекеттің ЕАЭО-ның бүкіл аумағында қолданылатын болатын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру құқығын таниды.
-
Нақты сұраққа жауап ретінде, Қазақстан өкілі «жаңа өнімдер» деген термин Қазақстан аумағында алғаш рет әзірленген және өнідірілген өнімдерді, сондай-ақ Қазақстан аумағына алғаш рет әкелінетін, яғни Қазақстанда бұрын сатуда болмаған тауарларды білдіреді деп мәлімдеді. Алдын ала мемлекеттік тіркеудің болмауы өнімнің Қазақстан нарығы үшін жаңа болып табылатынын және мемлекеттік тіркеу талап етілетінін көрсетеді. Сонымен қатар, ол өндіруші, өнім беруші немесе импорттаушы өнімді мемлекеттік тіркеу туралы өтініш бере алатынын түсіндірді.
-
Кейбір мүшелер Санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға жататын тауарлардың бірыңғай тізбесінің ІІ бөлігінің 1-ден бастап 11-ге дейінгі тармақтарының дезинфекциялаушы құралдар, косметика немесе қауіпті химиялық заттар секілді азық-түліктік емес тауарларды қамтитынын айтты. Қазақстан өкілі КО Комиссиясының № 299 шешімі адам денсаулығын тұтастай, тамақ өнімдері мен азық-түліктік емес тауарлардан төнген тәуекелдерден қорғауды қамтитынын түсіндірді.
-
Қазақстан өкілі кейбір тауаралардың да ЕАЭО талаптарына сәйкестігін міндетті растауға жататынын түсіндірді. Осы өнімдердің сапа стандарттарына және сапасына қойылатын талаптарға сілтемелерді де қамтитын осындай тауарлардың тізбесі КО Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 319 шешімін алмастырған, КО Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 620 шешімімен мақұлданды және мынадай тамақ өнімдері мен жемшөпті қамтиды: (і) консервіленген тамақ өнімдері (балық, уылдырық, теңіз өнімдері), (іі) майсыздандырылған құрғақ сүт және (ііі) жануарларға арналған жемшөп, оның ішінде жемшөп формулалары, алқы қоспалар, ақуыз жемшөп қоспалары, майлы дақылдар сияқты және торттар, балық ұны, құрамында ақуыз бар дәрумендік қоспалар, тамақтандыруға арналған құрғақ сүт, құрғақ сүтті алмастырғыштар. 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін осы тамақ өнімдерінің сәйкестігін растау ЕАЭО-ға әрбір мүше мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес жүргізіледі. 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап сәйкестік туралы декларация - сертификаттау жөніндегі органдар және ЕАЭО сертификаттау жөніндегі органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген сынақ зертханалары (орталықтары) бағалаған кезде беріледі. Жемшөпке келер болсақ, 2010 жылғы 1 шілдеден бастап сәйкестік туралы декларацияны өндірушілер дербес, өндіруші жүргізген бағалау негізінде беруі мүмкін. ЕАЭО аумағының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік өндірушілер және (немесе) өнім берушілер сәйкестік туралы сертификатқа/декларацияға өтінім бере алады, олар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бірінің ұлттық заңнамасына сәйкес беріледі немесе 2012 жылғы 13 қарашадағы ЕЭК Алқасының №226 шешімімен енгізілген өзгерістермен бірге, 2010 жылғы 18 маусымдағы КО Комиссиясының №319 шешімімен бекітілген ЕАЭО-ның бірыңғай нысаны бойынша бірыңғай сертификат немесе сәйкестік туралы декларация беріледі. Сонымен қатар, Қазақстан өкілі Сәйкестікті міндетті растауға жататын тауарлардың тізбесіне енгізілген өнімдерге қатысты сапа стандарттары мен сапасына қойылатын талаптарға сілтемелер ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер нақты өнімдерге ЕАЭО-ның техникалық регламенттерін қабылдағандықтан, қайта қаралатын болады деп түсіндірді.
-
Сондай-ақ, ол КО Комиссиясының №299 шешімімен қабылданған мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды жүргізу ережелеріне сәйкес, ЕАЭО аумағында шығарылатын немесе ЕАЭО импортталған бірыңғай тізімнің ІІ бөлігіне жататын азық-түлік өнімдері өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжатпен сүйемелденуі тиіс, яғни сертификаттау органдары мен ЕАЭО зертханалары органдарының бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханаларда жүргізілген сынақтардың қорытындысы бойынша берілген Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік. Мұндай сынақтар бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында экспорттаушылар тарапынан жүргізілуі тиіс. ЕАЭО аумағында шығарылатын немесе ЕАЭО импортталған бірыңғай тізімнің ІІ бөлігіне жататын азық-түлік өнімдері дайындаушының (немесе оның уәкілетті жеткізушісінің) өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжатымен сүйемелденуі қажет. Қазақстан өкілі бұл талаптардың бірте-бірте сәйкес өнімдер үшін қарастырылатын техникалық регламент талаптарымен ауыстырылуы мүмкін азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау негізіндегі уақытша жүйесі ретінде пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |