-
Қазақстанның өкілі 2010 жылғы 1 шілдеден бастап, Қазақстан Республикасындағы шекаралық шаралар 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден Одағының Кеден кодексі туралы шарттың (бұдан әрі - КО Кеден Кодексі) 46-тарауына (328 – 334-баптар) және Қазақстан Республикасының Кеден кодексінің 53-бөліміне (436 – 445-баптар) сәйкес қолданылатынын атап өтті. 46-тарау мен 53-бөлімдерде көзделген рәсімдерге сәйкес Қазақстан Республикасының кеден органдарына зияткерлік меншік объектілерін қамтитын тауарлардың импорты мен экспортының алдын алу бойынша өкілеттіктер берілген. Қазақстанның Мемлекеттік кіріс комитеті зияткерлік меншік объектілерін қамтитын тауарлар тізілімін жүргізеді және оны жариялауды қамтамасыз етеді. Тізілімге енгізу құқық иесінің өтініші бойынша тегін жүзеге асырылады. Кеден органдарының құқық иеленушілер құқықтарын қорғау мерзімін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган өтініш беруші көрсеткен, бірақ көрсетілген тауар тізілімге енгізілген күннен бастап екі жылдан аспайтын мерзімді ескере отырып, белгілейді (құқықтарды қорғау мерзімі құқықтың өзінің қолдану мерзімінен аспайтын кезеңге ұзартылуы мүмкін). Құқық иеленушілер өздерінің зияткерлік меншік құқықтарын Мемлекеттік кіріс комитетінде тіркей алғанымен Қазақстан өкілі кеден қызметшілерінің құқық иеленушілердің тіркелуі болмаған кездің өзінде күмәнді тауарларды алып қоятын дербес өкілеттіліктері (exofficio) барын растады.
-
Мүшенің алаңдаушылығына жауап ретінде Қазақстан өкілі (ex officio) өкеттіктерін пайдаланудың мынадай мысалдарын келтірді:
- 12005 АҚШ доллары сомасына 21000 кг. мөлшеріндегі «Шемонаихинское» сүтіне тіркелген тауар белгісі;
- 12045.04 АҚШ долл. сомасына 6022.52 кг. мөлшеріндегі (28012 дана) «Ягуар», «Дипломатическая» және «Сенатор» маркалы спирттік ішімдіктер үшін тіркелген тауар белгісі.
-
2010 жылғы 21 мамырда ЕАЭО мүше мемлекеттері зияткерлік меншік объектілерін қамтитын бірыңғай кедендік тізілім туралы Кеден Одағы келісіміне қол қойды және осы уақыттан бастап Мемлекеттік кіріс комитеті Бірыңғай кедендік тізілім жасауға Қазақстанның қатысуын қамтамасыз етеді. Бірыңғай кедендік тізілімге енгізу үшін аталған келісім зияткерлік меншік құқығы Қазақстанда ғана емес, ЕАЭО-ның басқа да елдерінде қорғалуы тиіс екендігін көздейді. Бірыңғай кедендік тізілімге зияткерлік меншік құқықтарын енгізу үшін қамтамасыз етудің/кепілдік берудің барынша төмен сомасы 10 000 евроны құрайды. ЕАЭО-ның жаңа Кеден Кодексімен ауыстырғанға дейін осы КО келісімі күшінде қалады.
-
Қамтамасыз ету/кепілдік беру сомасы айтарлықтай болуына және құқық иеленуші үшін бірыңғай кедендік тізілімге зияткерлік меншік құқықтарының объектілерін енгізуге кедергі болуы мүмкін екендігіне алаңдаушылыққа жауап ретінде Қазақстан өкілі осы міндеттемені орындаудың мейілінше тараған нысаны сақтандыру кепілдігі екенін, атап айтқанда сақтандыру компаниясы мен өтініш беруші арасында жасалған келісімшарт болып табылатындығын түсіндірді. Келісімшартқа сәйкес сақтандыру компаниясы залал келтірілген кезде өтемақы төлеуге кепілдік береді. Осындай келісімшартқа қол қойған кезде өтініш берушінің нақты шығыстары қамтамасыз ету/кепілдік беру сомасының 4 – 7 пайызынан аспайды. Сақтандыру кепілдігі әрбір өтініш берген кезде талап етіледі, ал мұндай өтініш тауар белгілері мен авторлық және сабақтас құқық объектілерінің шексіз мөлшерін қамтиды. Бұл ретте өтініш беру, оны тексеру және шекарада кеден органдарының тиісті өкілеттіктерді орындауы үшін ақы алынбайды.
-
КО Кеден кодексі және Қазақстанның Кеден Кодексі ұлттық кеден органдарына, егер құқық иеленуші осындай қорғау туралы өтініш берсе және егер, олар осындай тауарлар өтініш берушінің зияткерлік меншік құқығын бұзатынын анықтаса, зияткерлік меншік объектісін қамтитын тауарлардың кедендік рәсімделуін 10 жұмыс күніне дейін тоқтата тұруға мүмкіндік береді. КО Кеден кодексінде бірыңғай кедендік тізілімге енгізілмеген зияткерлік меншік объектілеріне қатысты зияткерлік меншіктің құқықтық қолдануы Қазақстанның ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатыны көзделеді.
-
Қазақстанның Кеден кодексі Қазақстан арқылы контрафактілі тауарлардың экспортын немесе транзитін кедендік органдардың тоқтата тұруы үшін қандай да бір шаралар көзделе ме деген сұраққа жауапта ол Қазақстан Республикасының Кеден кодексінің 440-бабы кез келген контрафакт белгілері болған кезде, ұлттық кеден тізіліміне енгізілген тауарларды шығаруды кеден органдарының тоқтата тұру бойынша өкілеттілігін көздейтінін түсіндірді. Қазақстанның Кеден кодексінің
436-бабының 3-тармағына сәйкес зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды кеден органдары тауарлар транзитінің кедендік режиміне сәйкес зияткерлік меншік объектілерін қамтитын және Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тасымалданатын тауарларға қатысты қолданбайды. Ұлттық кеденді тізілімді жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 маусымдағы № 356 бұйрығымен қабылданды.
-
Бұдан әрі, ол осындай тауарлар айқындалғаннан кейін кеден органдары Бірыңғай кедендік тізілімге немесе Қазақстанның ұлттық кедендік тізіліміне жүгіну арқылы құқық иеленушінің мекенжайын табуға әрекет жасайтінін атап өтті. Құқық иеленуші жоғарыда айтылған тізілімдерде тіркелмеген жағдайда, кеден органдары оның мекенжайын Әділет министрлігінің тізілімдері арқылы табуға әрекет жасайды. Құқық иеленуші табылғаннан кейін кеден органдары оған тексерудегі тауарлар туралы хабарлайды және құқық иеленушіге немесе өкілге кедендік бақылаудағы тауарлар даналарын қарап-тексеру мүмкіндігін береді (Қазақстанның Кеден кодексінің 440-бабы және «Кедендік бақылау жүргізу кезінде кедендік сараптама жүргізу тәртібі туралы» КО Комиссиясының 2010 жылғы 29 наурыздағы № 258 шешімі). Қазақстанның Кеден Кодексінің 440-бабына сәйкес кеден органы құқық иеленушіге декларанттың атауы мен мекенжайын хабарлайды, ал декларантқа құқық иеленушінің атауы мен мекенжайын хабарлайды. Бұл зияткерлік меншік объектілерін қамтитын тауарлар шығаруды тоқтата тұру туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде, яғни соттың шешімі шығыарылғанға дейін және тауардың контрафактілі болып табылатын белгілері анықталғанға дейін іске асырылуға тиіс. Қазақстанның Кеден кодексіне сәйкес кеден органдары тауарды тоқтата тұрумен байланысты шығындарды өтеттіруге (яғни тауарды уақытша сақтауы үшін) құқығы бар. Тауарлар котрафактілі деп танылған жағдайда мұндай өтеуді – декларант және тауар контрафактілі деп танылмаған жағдайда өтініш беруші жасайды. Алайда, күні бүгінге дейін мұндай жағдайлар туындаған жоқ. Құқық иеленушінің декларантқа залалды өтеуі, егер тауарлар контрафактілі емес деп анықталған жағдайларда жүзеге асырылады (ұлттық кедендік тізілімге зияткерлік меншік құқықтарын енгізу үшін қамтамасыз етудің/кепілдік берудің барынша төмен сомасы 10 000 евроны құрайды). Декларанқа зиянды өтеу мөлшері декларант пен құқық иеленуші арасындағы келісім бойынша не сот тәртібімен анықталады.
-
Қазақстанның өкілі зияткерлік меншік құқықтарын иеленушілерге Қазақстан немесе ЕАЭО-ның құзыретті органдары ДСҰ-ның Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері келісімінің тиісті ережелеріне (51-60 баптар) толықтай сәйкес келетін шекаралық шараларға қатысты іс-қимылдар мүмкіндігін беретіндігін растады. Жұмыс тобы бұл міндеттемені назарға алды.
-
Кеден органдарының өкілдері зияткерлік меншіктің құқық қолдану саласында жалғыз орындаушы болып табылатыны-табылмайтыны және құқық бұзушылықтарды проактивті және реактивті тергеп-тексеру кезінде полиция қандай рөл атқаратыны туралы сұраққа Қазақстан өкілі сот органдары, прокуратура, ішкі істер органдары мен қаржы полициясы да өз қызметін Қазақстандағы зияткерлік меншіктің құқық қолдану саласында жүзеге асырады деп жауап берді. Полиция құқық иеленушілермен тығыз ынтымақтасып жұмыс істейді, сондай-ақ зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы сақтау бойынша жүйелі, жоспардан тыс тексерулер жүргізеді. Зияткерлік меншік құқықтарын құқыққа сыйымсыз пайдаланудың дәлелдемелері анықталған жағдайда кінәлілерді әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартуға бастама жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |