ДҮниежүзілік сауда ұйымы


- Өсімдік сорттарын қорғау



бет53/78
Дата04.03.2016
өлшемі6.06 Mb.
#38185
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   78

- Өсімдік сорттарын қорғау


  1. Қазақстанның өкілі өсімдіктер мен мал тұқымының жаңа түрлерін қорғау «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі №422-I Заңында белгілеген тәртіппен жүзеге асатынын атап өтті. Бұл Заң өсімдіктердің жаңа сорттарын қорғау жөніндегі Халықаралық конвенцияға (Парижде 1961 жылғы 2 желтоқсанда қабылданған, 1972, 1978, 1991 жылдары енгізілген өзгерістері мен толықтырулары бар) сәйкестігі бойынша өсімдіктердің жаңа сорттарын қорғау жөніндегі Халықаралық Одақтың (UPOV) оң сараптама қорытындысын алды. Ол, өз пікірінше, Қазақстан Республикасы осы Заңды қабылда арқылы өсімдіктердің жаңа сорттарын не патент беру арқылы, не тиімді жүйені suigeneris қолдану арқылы не олардың кез келген үйлесімі арқылы қорғауды ДСҰ-ның барлық мүшелерінің көздеуі тиіс ДСҰ-ның ТРИПС келісімінің 27.3 (b) бабының шарттарын орындады деп атап айтты.




  1. Қазақстанның өкілі ДСҰ-ға кіргеннен кейін оның барлық мүшелерінің заңды және жеке тұлғаларына өсімдіктердің жаңа сорттарын қорғау ұсынылатынын растады.



- Интегралдық микросхемалар топологиясы


  1. Қазақстанның өкілі Қазақстан Республикасында интегралдық микросхемалар топологиясын құқықтық қорғау ДСҰ-ның ТРИПС келісімінің 35-38-баптарының талаптары көрініс тапқан Азаматтық кодекстің (Ерекше бөлім) 1013 – 1016-баптарының негізінде іске асырылатын «Интегралдық микросхемалардың топологиясын құқықтық қорғау туралы» 2001 жылғы 29 маусымдағы № 217-ІІІ Заңымен жүзеге асырылатынын атап айтты.



- Коммерциялық құпия мен сынақтардың деректерін қоса алғанда, жабық ақпарат жөніндегі талаптар


  1. Жұмыс тобының бір мүшесі жосықсыз коммерциялық пайдаланудан жабық ақпарат пен сынақтардың деректерін қорғау үшін үшінші тарап (яғни екінші өтініш беруші) осындай деректерді бірінші берген тұлғаның рұқсатынсыз өткізуге/тіркеуге рұқсат алу үшін тікелей немесе жанама пайдалана алмау немесе сілтеме жасай алмауы үшін Үкімет өтініш берушіге белгілі бір уақыт мерзімін беруі қажет екенін атап өтіп, қазақстандық заңнама ДСҰ-ның ТРИПС келісімінің 39.3-бабының талаптарына қалай сәйкес келетінін сұрады.




  1. Қазақстан өкілі Қазақстан өткізуге/тіркеуге рұқсат алу үшін жабық ақпарат пен сынақтардың деректерін берген өтініш берушіге үшінші тараптың жосықсыз коммерциялық пайдалануының алдын алуы үшін жеткілікті уақыт мерзімінде өтініш берушінің мәліметтеріне тікелей немесе жанама сілтеме жасай алмайтынына кепілдік беретін, эксклюзивті мерзім беру туралы норманы қосуды көздейтін Заң жобасын әзірлеу бойынша жұмыс жүзеге асыруда деп жауап берді. Ол Азаматтық кодекстің 126-бабына сәйкес үшінші тұлғаларға мұндай ақпарат белгісіз болған, ол құпия және оған заңды негізде еркін қол жетімділік болмаған жағдайда азаматтық заңнамада нақты (өзекті) немесе коммерциялық құндылығы бар ақпаратты қорғау қамтамасыз етіледі деп қосты.




  1. Ол одан әрі жабық ақпаратқа ие болған тұлға «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 158-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылуы мүмкін екендігін атап өтті.Оған қоса Қылмыстық кодекстің 200-бабымен қызметі немесе жұмысы бойынша сеніп тапсырған тұлғаларға коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді жинауға, сондай-ақ иесінің келісуінсіз пайдакүнемділік немесе жеке мақсатта жариялауға немесе пайдалануға тыйым салынады. Жабық ақпаратты жариялауға жауапты министрліктер мен басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен басшылары әкімшілік жауапты болады. Осындай жариялау үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен, айыппұлмен, қамауға алумен немесе түзеу жұмыстарымен жазаланады. Оның пікірінше, өткізуге/тіркеуге рұқсат алу үшін берілген жабық ақпарат пен басқа да деректер аталған заңнамаға сәйкес жариялаудан қорғайтын болады.




  1. Жабық ақпаратты иеленуші тұлға өз құқықтарын қалай қорғай алатынын түсіндіру туралы өтінішке Қазақстан өкілі Қазақстан Республикасының заңнамасында тиісті юрисдикциядағы сотқа соттық қорғаудың бірқатар құралдары, оның ішінде талап қою ұсынылады деп жауап берді. Соттық қорғау құралдары залал сомаларын, сондай-ақ өз құқықтарын сақтауды қамтамасыз етумен байланысты талапкердің барлық шығындарын өндіріп алуды қамтиды.




  1. Тиісті рұқсатсыз өтініш берушінің деректеріне үшінші тұлға тікелей немесе жанама сүйене алмайтынына кепілдік беретін, өтініш берушіге эксклюзивті мерзім ұсынатын ережені қамтитын Заң жобасы қабылдана ма деген сұраққа Қазақстанның өкілі «Коммерциялық құпия туралы» Заң жобасы Парламент қарауынан алынып тасталды және оны Парламент қарауына қайта енгізу жоспарланып отырған жоқ деп жауап берді.




  1. Жұмыс тобының кейбір мүшелері фармацевтикалық және агрохимиялық өнімдерді Қазақстанда өткізуге/тіркеуге рұқсат алу үшін берілген жабық ақпаратты және сынақтардың деректерін жосықсыз коммерциялық пайдалануға уәкілетті органдардың тыйым салуын міндеттейтін құқықтық норманың жоқтығы бойынша, мұндай деректерді берген өтініш берушіге тиімді қорғау қамтамасыз етілмеуі бойынша алаңдаушылығын білдірді. Мұндай деректерді бірінші болып берген тұлғадан басқа, осындай деректерді берген тұлғаның анық келісімінсіз өткізуге/тіркеуге рұқсат алу туралы өтінішке қолдау ретінде осы деректерге тікелей немесе жанама сілтеме жасауға бір де бір тұлғаға рұқсат берілмейтін, Қазақстанда өткізуге рұқсат алған күннен бастап берілетін кемінде алты жылдық мерзім қажет болады. Бұл мүшелер фармацевтикалық өнімдердің (жаңғыртылған дәрілік заттардың) генерикалық нұсқаларын тіркеу туралы өтініш берушілер «бірегей» дәрілік құралдарды тіркеу үшін клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулер нәтижелерін мен басқа да длеректерді беруі тиістігін және жосықсыз коммерциялық пайдаланудан қорғаудың алты жылдық кезеңі ішінде басқалардың рұқсаттынсыз олардың деректеріне сілтеме жасай алмайтынын растауды да талап етті. Бұл мүшелер Қазақстаннан ДСҰ-ның ТРИПС келісімінің 39.3-бабына сәйкестікті қамтамасыз етіп, тиісті қорғау деңгейін ұсынуды талап етті.




  1. Жұмыс тобының бірнеше мүшесі фармацевтикалық өнімдерді өткізуге/тіркеуге рұқсат беру процесінің ашықтығына қатысты ла алаңдаушылығын білдірді және Қазақстаннан, егер басқа өтініш беруші ұқсас белсенді ингредиенті бар фармацевтикалық өнімді өткізуге/тіркеуге рұқсат беру туралы өтініш берген жағдайда, Қазақстанда фармацевтикалық өнімдерді өткізуге/тіркеуге рұқсат үшін жабық ақпарат пен сынақ деректерін беретін кәсіпорындар хабардар болатын рәсімдерді қамтамасыз етуді талап етті. Бұл мүшелер сондай немесе ұқсас белсенді ингредиенті бар фармацевтикалық өнімді өткізуге/тіркеуге рұқсат алған немесе берілген өтініш бойынша шешім күтіп жүрген кәсіпорындар Қазақстанның уәкілетті тұлғаларына бірінші өтініш берушінің жабық ақпараты немесе сынақтар деректерін басқа өтініш берушілердің пайдалануына рұқсаттың бар-жоғы туралы ақпарат беруі және Қазақстанның уәкілетті тұлғаларының назарын осындай өтініш берушілерді кейіннен қарау және олардың өзінің жабық ақпараты мен сынақтар деректерін беру мәселесіне аударуына мүмкіндік беретін растауды талап етті. Бұл мүшелер, егер өтініш беруші өзінің жабық ақпараты мен сынақтар деректерін, сондай-ақ нарыққа енуге/тіркеуге құқыққа сыйымсыз қол жеткізілген фармацевтикалық өнімдердің мәртебесі туралы ақпаратты бермеген жағдайда, Қазақстанның уәкілетті органдары фармацевтикалық өнімдерді өткізуге/тіркеуге рұқсат беруден бас тартатыны-тартпайтыны туралы ақпаратты сұрады. Атап айтқанда, өзінің жабық ақпараты мен сынақ деректері енгізілмеген өтініштер негізінде нарыққа /тіркеуге рұқсат берілген фармацевтикалық өнімдер осындай құқықтық талаптар сақталғанға дейін нарықтан жойыла ма деп сұралды.




  1. Қазақстанның өкілі жауабында мұндай жабық ақпарат пен сынақ деректері Азаматтық кодекске, Қылмыстық кодекске және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес жария болудан қорғалатынын және мұндай қорғаудың уақыты шектелмейтінін растады. Ол қазақстандық заңнама Қазақстанда өткізуге/тіркеуге рұқсат алу үшін басқа тұлға әзірлеген және ұсынған сынақтар мәліметтері мен жабық ақпаратқа тікелей немесе жанама сүйенуге рұқсат берілмейтінін де және ДСҰ-ға кірген кезден бастап Қазақстан ДСҰ-ның Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері келісімінің 39.3-бабына сәйкес жабық ақпарат пен сынақтар деректерін қорғауды қамтамасыз ететін шараларды қолданылатынын растады, онда Қазақстанда өткізуге/тіркеуге, яғни жаңа химиялық заттарды қамтитын фармацевтикалық өнімдерді тіркеуге рұқсат алу үшін мәлімделген жабық ақпарат пен сынақтар деректері Қазақстанда өткізуге рұқсат алынған кезден бастап жосықсыз коммерциялық қолданудан аз дегенде алты жыл қорғау кезеңі берілуі көзделетін болады. Жосықсыз коммерциялық пайдаланудан қорғау үшін берілетін кезең ішінде осындай жабық ақпарат пен сынақтар деректерін ұсынған жеке тұлғалар немесе заңды тұлғалардан басқа, бір де бір жеке тұлға немесе заңды тұлға (мемлекеттік немесе жеке) осындай жабық ақпарат пен сынақтар деректерін ұсынған жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның айқын келісімінсіз Қазақстанда өткізуге/тіркеуге рұқсат алу үшін оларды пайдалану мақсатында осындай деректерге тікелей немесе жанама сүйене алмайды. Өткізуге/тіркеуге кейіннен берілген өтінімдер туралы хабарлама белгіленген рәсімдерге сәйкес беріледі. Алты жылдық кезең ішінде өтініш беруші бірінші өтініш берушінің деректеріне қойылатын талаптарға сай болатын жеке өз деректерін (не құқық иеленушінің рұқсатымен пайдаланған деректерді) ұсынбайынша кез келген өткізуге/тіркеуге арналған кейінгі өтініш қанағаттандырылмайды; және мұндай деректерді бермей тіркелген өнімдер осындай талаптар қанағаттандырылғанға дейін нарықтан алып тасталады. Бұдан соң ол халықты қорғау қажеттілігін қоспағанда немесе деректерді жосықсыз коммерциялық пайдаланудан қорғауды қамтамасыз ететін әрекеттерді қабылдағанға дейін Қазақстанның осындай деректердің кез келген жария болуынан қорғайтынын растады. Жұмыс тобы бұл міндеттемелерді назарға алды.




  1. Мүшенің генерикалық немесе «жаңғыртылған» фармацевтикалық өнімдерге қатысты алаңдаушылығына жауап ретінде Қазақстан өкілі Қазақстанда өткізуге/тіркеуге рұқсат алу мақсатында берілген жабық ақпарат пен сынақтар деректерін жосықсыз коммерциялық пайдалануға салынған алты жылдық тыйым жеделдетілген немесе қысқартылған тіркеу рәсіміне жататын фармацевтикалық өнімдерді қоса алғанда, генерикалық немесе жаңғыртылған фармацевтикалық өнімдерге де қатысты қолданылады деп түсіндірді.




  1. Қазақстанның өкілі минералды тыңайтқыштарды қоса алғанда, барлық агрохимиялық өнімдер Қазақстанда тіркелуге жататынын растады. «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі № 302-ІІ Заңға сәйкес минералды тыңайтқыштар агрохимиялық препараттар сияқты емес, химиялық өнім ретінде тіркелуге жатады. Пестицидтер мен улы химикаттар «Пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу, өндірістік сынақтарын жүргізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Үкіметтің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1396 қаулысына сәйкес тіркелуі тиіс. Атап айтқанда, «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы
    21 шілдедегі № 302-ІІ Заңға және «Пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу, өндірістік сынақтарын жүргізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Үкіметтің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1396 қаулысына сәйкес химиялық өнімдер, пестицидтер мен улы химикаттар үшін тіркеу талаптары өтініш берушілердің барлығына бірдей болып табылады және өз өнімін тіркеу мақсатында басқа өтініш беруші әзірлеген және ұсынған жабық деректеріне құқыққа сыйымсыз сілтеме жасау мүмкіндігіне жол бермейді. Жұмыс тобы бұл міндеттемелерді назарға алды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет