ДҮниежүзілік сауда ұйымы



бет57/78
Дата04.03.2016
өлшемі6.06 Mb.
#38185
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   78

- Қылмыстық рәсімдер


1104. Қазақстанның өкілі Қылмыстық кодекс зияткерлік меншік құқығын заңсыз қолданудан қорғауға мүмкіндік беретінін және қылмыстық жауапкершілік шараларын қарастыратынын атап өтті. Қылмыстық кодекстің көздейтін шаралары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік құқықтарының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы №90-ІІІ Заңымен күшейтілді. Атап айтқанда, бұл өзгерістерге сәйкес «селекциялық жетістіктер» мен «интегралдық микросхемалар топологиясы» сияқты зияткерлік меншік объектілерінің жаңа түрлеріне құқық бұзушылық үшін жауапкершілік қарастырылды; туындылар мен фонограммалардың контрафактілі даналарын заңсыз сатып алу, сақтау немесе орнын ауыстыру сияқты қылмыс түрлері бөлініп және нақтыланды.
1105.Авторлық және сабақтас құқықтарды бұзғаны үшін Қылмыстық кодекстің 184-бабында қылмыстық санкциялар қарастырылған: (і) авторлықты меншіктеу не тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер бұл әрекет авторға не басқа құқық иесіне айтарлықтай нұқсан келтірсе, немесе олардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірсе, сондай-ақ (іі) автордың не өтініш берушінің рұқсатынсыз өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгі, селекциялық жетістік не интегралдық микросхемалардың топологиясы мәліметтерінің мәнін ресми басылымға дейін жарияласа Қылмыстық кодекстің 184- бабының 1-тармағына және 184-1 бабының 1-тармағына сәйкес, 100-ден 500 АЕК немесе жалақы мөлшерімен немесе жазаға кесілгеннің бірден бес айға дейінгі басқа кірісіне айыппұл салумен, немесе 100-ден 180 сағаттық мерзімдегі қоғамдық жұмыстарға тартумен немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру арқылы жазаға тартылады; 184 -баптың 2- тармағы мен 184-1 баптың 2-тармағына сәйкес, 500-ден 700 АЕК мөлшерінде айыппұл салу, не 180-нен 240 сағаттық мерзімдегі қоғамдық жұмыстарға тарту, не 1 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру арқылы мынадай жағдайда жазаға тартылады: (i) авторлық құқық не сабақтас құқықтар объектілерін заңсыз пайдаланғаны үшін және сату мақсатында туындылар мен (немесе) фонограммалардың контрафактілі үлгілерін алу, сақтау, орнын ауыстыру не жасап шығару, елеулі мөлшерде жасалған жағдайда; (ii) өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгі, селекция жетістіктері не интегралдық микросхемалар топологиясын заңсыз қолдану (елеулі мөлшерде). 184 –баптың 3 –тармағына және 184-1 бабының 3- тармағына сәйкес 2-ден 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айырумен, тиісінше мүлікті тәркілеумен, не онсыз 184-баптың 2-тармағында және 184-1 баптың 2-тармағында көрсетілген әрекеттер былайша: (1) бірнеше рет, (2) алдын ала келісу арқылы тұлғалар тобымен, немесе ұйымдасқан топпен, (3) ірі мөлшерде, не өз қызмет дәрежесін пайдалану арқылы ірі мөлшердегі нұқсан келтірген тұлғамен жасалған кезде жазаланады. Сондай-ақ, ол Қылмыстық кодекстің 184- бабы мен 184-1 бабының 1-тармағында көрсетілген қылмыстар туралы істер (жеке-көпшілік айыптау істері) жәбірленушінің шағымы бойынша ғана қозғалады деп атап өтті. Қылмыстық кодекстің 184-бабының 2 және 3-тармақтарымен және 184-1-бабының 2 және 3- тармақтарымен қарастырылған қылмыстар туралы істер (елеулі мөлшерде жасалған, сату мақсатында туындылардың және (немесе фонограммалардың) контрафактілі даналарын алу, сондай-ақ тұлғалар тобымен не өз қызмет дәрежесін пайдалану арқылы бірнеше рет жасалған әрекеттер) қоғамдық-қауіпті әрекет болғандықтан, жәбірленушінің шағымынсыз-ақ қылмыстық құдалау жүзеге асырылатын көпшіліктік айыптау істері болып саналады.
1106. Қылмыстық Кодекстің 199-бабында тауар таңбасына құқық бұзушылық жасаған жағдайда қылмыстық іс қозғау үшін 500 АЕК ең аз шек мөлшері қарастырылған, оған сәйкес, басқа біреудің тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын, фирмалық атауын, тауар шығарылған жердің атауын (жағрафиялық жөн сілтегіш) не біркелкі тауарлардың не қызмет көрсетулердің ұқсас белгілерін заңсыз қолдану 200-ден 500 АЕК айыппұлмен, егер бұл әрекет бірнеше рет жасалса, не ірі нұқсан келтірген жағдайда (айлық есептік көрсеткіші бес жүз еседен асса не шамамен 5000 АҚШ доллары) жазаға тартылады. Айыппұл 200-ден 500 АЕК мөлшерінде не жалақы мөлшерінде не жазаға тартылғанның екіден бес айға дейінгі басқа кірістері мөлшерінде, не 180-нен 240 сағаттық қоғамдық жұмыстарға тартумен, не алты айлық тұтқындаумен, не екі жылға дейін түзету жұмыстарына тартылумен бірге қарастырылуы мүмкін. Қазақстанда тіркелмеген тауар таңбалары не тауар шығарылған жердің атауына(жағрафиялық жөн сілтегішке) қатысты ескертпе таңбалауды заңсыз қолдану, егер бұл әрекет бірнеше рет қайталанса, не ірі нұқсан келтірсе, 100-ден 200 АЕК мөлшерінде не жалақы не жазаға тартылғанның екі айға дейінгі басқа кірістері мөлшерінде, не 120 сағаттан 180 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тартумен, үш айға дейінгі тұтқындаумен, не бір жылға дейінгі түзету жұмыстарына тартумен жазаға тартылады.
1107.Егер нұқсан мөлшері не зияткерлік меншік объектілерін қолдануға құқықтың құны, не туындылар мен фонограммалар даналарының құны, не өнертабыс, пайдалы модельдер, селекциялық жетістіктер не интегралдық микросхемалар топологиясы бар тауарлардың құны қылмыс жасалған сәтте 100 АЕК-тен асса, елеулі нұқсан келтірген істер деп мойындалады. Нұқсан мөлшері 500 АЕК асса, ірі нұқсан келтірген істер деп саналады.
1108.Мүшелердің бірі коммерциялық ауқымдағы тауар таңбалары мен авторлық құқыққа қасақана құқық бұзушылыққа қатысты қылмыстық жауапкершілікті қолдану үшін шекті деңгейлерін анықтаудың мақсаты қандай және Қазақстанда шекті деңгейді анықтау үшін уақытша кезең мерзімі қалай, деп сұрады. Қазақстанның өкілі шекті деңгейлерді қолдану Қазақстанда қылмыстық жауапкершілік шеңберінде қуғындалатын қылмыстық қылмыстарды әкімшіліктік құқық бұзушылықтан айыру үшін дәстүрлі түрде қолданылады деп жауап берді. Шекті деңгейлер сияқты мұндай өлшемдер тиімді және қолайлы құрал болып табылады, себебі ол қолданыста жеңіл және субъективті бағалау элементтерін құрамайды. Шекті деңгейді анықтау үшін уақытша кезең (алдын ала тергеу жүргізу шеңберінде) екі айдан аспауы керек. Бұл мерзім істің айрықша күрделілігіне байланысты ерекше жағдайларда ғана ұзартылуы мүмкін.
1109.Туындылардың контрафактілі даналары, сонымен қатар оларды өндіруде пайдаланылатын материалдар мен жабдықтарға тыйым салу, тәркілеу және жою Қылмыстық процессуалдық кодекстің 121- бабының 3- тармағымен және «Сот үкімі туралы» Жоғарғы соттың 2002 жылғы 15 тамыздағы №19 нормативтік қаулысымен көзделген (осы Баяндаманың «Соттық азаматтық-құқықтық рәсімдер мен шешімдер» тарауын қараңыз).
1110. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2009 жылы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 184 пен 199- баптары бойынша 493 қылмыстық іс қозғалды.
1111. Бірнеше мүшелер Қылмыстық кодексте авторлық және сабақтас құқық объектілерінің «қарақшылық» көшірмелерін дайындау үшін жауапкершілік қарастырылатынын, бірақ тауар таңбасы бар тауарларды жалған етіп шығару үшін жаза қарастырылмағанын атап көрсетті. Бұдан басқа, олар Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексте бекітілген әкімшілік айыппұл мөлшері ықпалды тежеуші болатындай жеткілікті емес екендігін айтты.
1112.Қазақстанның өкілі тауар таңбасымен жалған тауарларды сату үшін қылмыстық жауапкершілік жаңа Қылмыстық кодекстің 199-бабында қарастырылған деп жауап берді. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік құқықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы №90-ІІІ Заңы авторлық және басқа да құқықтардың құқық бұзушылықтары үшін санкцияларды, соның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық үшін санкцияларды күшейтті. Мүшелердің алаңдаушылықтарын ескере отырып, Қазақстанның өкілі зияткерлік меншік құқығы саласында құқық қолданысының тиімділігін жақсарту мақсатында, ірі не елеулі нұқсанды анықтауда, айыптаушы/сот кейін сату мақсатында туындылар мен фонограммалардың қарақшылық көшірмелерін сақтау да қылмыстық айып деп санаталынын назарға алатынын атап көрсетті. Сөйтіп, мұндай әрекеттердің шекті деңгейлерін қолданарда екі фактор да - сатылып кеткен туындылар мен фонограммалардың қарақшылық көшірмелерінің құны мен сақталып тұрған жері табылған қарақшылық көшірмелердің құны - назарда болу керек. Қазақстан заңнамасына сәйкес, қарақшылық көшірме құны қарақшылық өнімнің негізінде емес, сәйкес заңды өнім құнының негізінде есептеледі. Сақтаудағы көшірмелерді есепке алу бойынша бұл амал, сондай-ақ, интернетте авторлық құқық бұзушылыққа байланысты істерде де қолданылу керек.
1113.Кейбір мүшелер қылмыстық процедуралар мен жазаларды қолдану үшін Қазақстанда шекті деңгей коммерциялық ауқымдағы тауар таңбалары мен авторлық құқық бойынша қасақана құқық бұзушылықтың белгілі бір жағдайларында әрекеттер жасауға жол бермейтініне қатысты алаңдаушылықтарын ортаға салды. Бұл мүшелер Қазақстаннан қылмыстық рәсімдер мен жазалар коммерциялық ауқымдағы тауар таңбалары мен авторлық құқық бойынша қасақана құқық бұзушылықтың барлық жағдайларында қолданылу мүмкіндігін қамтамасыз етуін талап етті. Олардың ойынша, бұзу қасақана болды ма, әлде коммерциялық ауқымда жүзеге асты ма, контрафактілік немесе қарақшылық өнім құны әрдайым жақсы көрсеткіш болып табылмайды. Мысалы, кейбір жағдайларда, әр қарақшылық жағдай кішігірім ақша қатыстыруын көздеуі мүмкін, ал, туындының шығуына дейін дайындалған қарақшылық көшірмелер мен қолда бар көшірмелер мөлшерін қоса, басқа нарықтық шарттарды ескере отырып, бұл жағдайды анық коммерциялық ауқымды етіп жасайды. Көшірме жасауға қолданылған нысандар сияқты басқа дәлелдемелердің бар болуы коммерциялық ауқымның бар болуын айқын етіп көрсететін жағдай болуы мүмкін.
1114.Коммерциялық ауқымдағы тауар таңбасы мен авторлық құқықтарды қасақана заңсыз қолдану бойынша іске қатысты жазаларды және қылмыстық ізге түсуді қолдану үшін шекті шамаға қатысты мүшелердің алаңдаушылығына жауап ретінде Қазақстанның өкілі мұндай істерде шекті шамалар, коммерциялық нарықтың, оның ішінде интернет нарығына қатысты ақиқатты көрсететін жол арқылы белгіленетінін және қолданатынын растады. Жұмыс тобы осы міндеттемені назарға алды.
1115.Мүшелер Қазақстан тарапынан зияткерлік меншік құқықтарының қолданылуы туралы ережелерді қоса алғанда, оның заңнамасының ережелері ДСҰ-ға кіргеннен бастап, еш өтпелі кезеңсіз ДСҰ-ның зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісіміне сәйкес болатындай міндеттеме талап етеді.
1116. Қазақстанның өкілі Қазақстан ДСҰ-ға кірген күнінен бастап, өтпелі кезеңсіз құқықты мәжбүрлеп қолдану ережелерін қоса алғанда, ДСҰ-ның зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісімінің ережелерін толықтай қолданатынын растады. Жұмыс тобы осы міндеттемені назарға алды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет