Досаева Б. Т., Койшыбаев Н., Жаугашева С. А



бет8/137
Дата08.12.2023
өлшемі4.06 Mb.
#485902
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   137
annotation81765

F12=–F21, (1.25)

мұндағы F12 – бірінші дененің екінші денеге әсер ететін күші де, F21 – екінші дененің бірінші денеге әсер ететін күші. Бұл тоқтам Ньютонның үшінші заңы деген атпен белгілі. Күш вектор, сондықтан векторларға қолданылған барлық амалдарды оған да қолдануға болады.


Жердің денені өзіне тартатын күші салмақ күші деп аталады. Салмақ күші Жер бетіне жуық орналасқан барлық денелерге әсер етеді. Егер барлық денелер бірдей Жерге құлап түсе бермейтін болса, ол дегеніміз олардың қозғалысын басқа денелер шектейді деген сөз, олардың тіреуштермен, жіптермен, серіппемен, қабырғамен және т.б. шектелуі мүмкін.
Басқа денелердің қозғалысын шектейтін денелерді байланыстар деп атайды. Салмақ күшінің әсерінен байланыстар деформацияланады, және де деформацияланған байланыстың реакциясы Ньютонның үшінші заңы бойынша салмақ күшін теңгереді.
Жерге тартылуының әсерінен дененің байланысқа әсер ететін күші салмақ деп аталады.
Деформацияланған байланыстың реакциясын салмақты өлшеуге пайдалануға болады. Бұл үшін күш бірліктеріне градуирленген динамометр пайдаланылады.


Еркін түсу. Еркін түсу деп тек қана салмақ күшінің әсерінен болатын қозғалысты атайды. Тәжірибелер көрсеткендей, барлық денелер өздерінің массаларына тәуелсіз түрде бірдей еркін түседі. Тәжірибелердің нәтижесінде мынандай қорытындылар жасалған:
1. Еркін түсу дегеніміз бірқалыпты үдемелі қозғалыс болып табылады.
2. Барлық денелер бірдей g үдеумен түседі (qravіtas салмақ (ауырлық) деген латын сөзінен).
3. Еркін түсу үдеуінің Жердің түрліше нүктелеріндегі мәндерінде аздаған айырмашылық болады. Асқан дәлдік керек болмайтын кездерде бұл айырмашылықты (ол 0,6%-тен аспайды) ескермей, g=9,81 м/с2 деп есептейді.


Дененің массасы. Тәжірибе көрсеткендей кез келген дене үшін салмақ күшінің еркін түсу үдеуіне қатынасы тұрақты шама болып табылады:


.

Демек, P/g қатынасы дененің қандай-да бір сипаттамасы болып табылады екен. Бұл қатынас дененің массасы деп аталады.


Дененің массасы деп денеге түсірілген салмақ күшінің еркін түсу үдеуіне қатынасы аталады:
. (1.26)

Масса дегеніміз скаляр шама, ал салмақ күші және еркін түсу үдеуі бағыттас векторлар. Сондықтан (1.26) қатынасты векторлық түрде жазған дұрыс:






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет