Досаева Б. Т., Койшыбаев Н., Жаугашева С. А



бет81/137
Дата08.12.2023
өлшемі4.06 Mb.
#485902
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   137
annotation81765

Аморфтық заттар. Глицерин, бал секілді және т.б. заттардың тұтқырлығы өте үлкен болады. Ал енді смола, битум, сұйық шыны тәрізді заттардың тұтқырлығы одан да бетер үлкен болады, олардың онсыз да үлкен тұтқырлықтары оларды салқындатқан кезде одан әрі артып, олардың молекулалары қозғалыс мүмкіншіліктерін толық жоғалтады деуге болады, яғни олардың молекулаларының отырықшылық өмір уақыты орасан үлкен шамаға жетеді. Мұндай денелердің қатты денелерден еш айырмашылығы болмайды деуге болады, бұларда өзінің көлемін және формасын сақтайды. Бірақ олардың молекулаларының орналасуында жуық тәртіп бар да, ал алыс тәртіп болмайды. Демек, мұндай заттар өздерінің ішкі құрылысы бойынша тұтқырлығы өте жоғары болатын (молекулаларының отырықшылық уақыты өте үлкен) сұйықтар болып табылады.
Тұтқырлығы жоғары болатын сұйықтарды салқындатқан кезде олардың молекулалары бір-бірлеріне жақындасып молекулалық күштер осы молекулаларды алыс тәртіп болатындай қатарларға орналастыруға тырысады, бірақ үлкен тұтқырлықтың әсерінен олар бұл орындарды алып үлгере алмай, уақытша тепе-теңдік қалыптарында қалып қояды. Сұйықты одан әрі салқындата түскен кезде сұйық сырт қарағанда қатты дене де, ал ішкі құрылысы бойынша сұйық болып қала береді. Осындай сырт қарағанда қатты, ал кристалдық құрылысы болмайтын денелерді аморфтық немесе шыны тәріздес заттар деп атайды, себебі мұндай заттардың шын мәністегі жарқын өкілі шыны болып табылады, олардың қатарына түрліше смолалар, пластмассалар да жатады.
Аморфтық заттардың сұйықтармен ұқсастығы тек олардың ішкі құрылысында ғана емес. Егер аморфтық заттар онша күшті салқындатылған болмаса, онда оларда баяу аққыштық та байқалады. Тығызырақ заттардан жасалған қатты денелер аморфтық денелерге баяу бататын болса, ал жеңілірек заттан жасалған қатты денелерді аморфтық денелер баяу итеріп шығарады.
Физикада аморфтық денелерді әсіре салқындатылған сұйықтар деп атайды, оларда кристалдану процесі үлкен тұтқырлықтың әсерінен өтпей қалған. Уақыт өткен сайын аморфтық денелер баяу түрде кристалдық түрге өтуі мүмкін. Мысалға, күкірт пен кварц кристалдық түрде де, аморфтық түрде де кездеседі.
Тағы да айта кететін нәрсе, аморфтық заттар салқындаған кезде бірте-бірте қоюланады да, ал қыздырған кезде оларда аққыштық бірте-бірте пайда болады. Аморфтық заттардың қатты және сұйық күйлерінің арасындағы күрт пайда болатын өтуді байқау қиын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет