Дєріс тезистері


Тереңдете үйрету әдістемесі



Pdf көрінісі
бет107/217
Дата04.10.2023
өлшемі2.95 Mb.
#479808
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   217
ДШТӘ лекция

Тереңдете үйрету әдістемесі. Баланың үйренетін қимыл-қозғалыстарды бірте-
бірте игеру процесінің физиологиялық механизмін ескере отырып, тәрбиеші 
тиісті методикалық тәсілдерді іріктеп алады. Yйрету барысында ол 
балалардың назарын орындайтын әрекеттерінің дұрыстығына аударып
оларды құптап қояды: «Жақсы тұрсыңдар, жоталарыңды тік ұстап, 
қолдарыңды бәрің артқа ысырыңқырап ұстайсыңдар» немесе керісінше
қателіктерге назар аударады: «Tаяқты еденге түсіргенде тізелеріңді 
бүкпеңдер» (тежеу қоздырғыш). Әр баланың қимыл-қозғалысты орындауын 
жақсы кӛріп тұру үшін тәрбиеші оларды сап бойынша тексереді. Мұндай 
жағдайда ол кей баланың қасына келіп, сӛзбен және баланың тұрыс кейпіне 
жай ғана түзету енгізуімен әрқайсысына жеке-жеке кӛмек кӛрсете алады. 
Басқа бір сапта тұрған балалар да тәрбиешінің нұсқауларын тыңдап тұрады 
және тәжірибе жүзінде неге талпыну керек екенін кӛреді. Yйретудің екінші 
кезеңінде қимыл-қозғалыстық әрекеттер балаларға әрқашанда таныс болады, 
сондықтан тәрбиеші тәсілдерді таңдау кезінде ұсынылған әр қозғалыстың 
күрделілік дәрежесін ескереді. Мазмұны және құрылым жағынан қарапайым 
қимыл-қозғалыстарды балаларға кӛрнекі кӛрсетуді пайдаланбай аз сӛзбен 


173 
ескерткен жӛн. Балалар орындарына тұрғаннан соң тәрбиеші: «Балалар, біз 
ӛткен сабақта жасаған жаттығуды еске түсіріңдер. Екі қолды жая артқа қарай 
апарып, содан кейін оларды бүкпестен алға созып алақандарыңды 
шапалақтаңдар»,-дейді. Мұндай еске түсіру балаларға қозғалыс бейнесінің 
бәрін рет-ретімен елестеді де балалар оны тәрбиеші кӛрсетпей-ақ, орындай 
алады. Мұнымен бірге оларда ықылас қою, ойлау және ӛз бетімен орындау 
тілегі артады. Егер қимыл-қозғалыс неғұрлым күрделі болса, нақты еске 
түсіруді қимыл-қозғалысты түсіндіріп кӛрсетуді (дәлдеп лақтыру, биіктіктен 
секіру т.б.) пайдаланған жӛн. Қимыл-қозғалыс күрделілігін талдау негізінде 
тәсілдерді таңдауда оларды қолданудың баланы әлі жетерліктей ақыл-ой және 
дене күшін жұмсауға тарту қажеттілігі кӛрінеді. 
Yшінші кезеңдегі міндеттің мәні қимыл-қозғалыстық әрекет техникасын 
меңгеруде ие болған дағдыны бекіту және жетілдіруде, балаларды қимыл-
қозғалысты тұтасынан ӛз бетімен орындауға ынталандыруда және оны 
ойындарда, ӛмірде қолдануға мүмкіндік жасауда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет