187
3.С.Уварованың мәліметі бойынша ӛрмелеу екі жасқа қарағанда қалыптасады.
Ӛрмелеу кезінде қозғалыста циклдік біртіндеп байқала бастайды, бағдар және
қол-аяқ қимылының ауытқу шегі айқындалады. Бастапқыда бұл кӛзбен кӛріп
талдау, одан әрі кинестетикалық талдау арқылы реттеледі. Қосымша адым
аттау
әуелі аралас, ал кейін аяқтардың кезекпен аттауымен алмастырылады.
Тіпті, үйреткеннің ӛзінде аяқтардың кезекпен аттауын жантайтып қойылған
сатыға ӛрмелеу кезінде 2 жасар балалардың тек 20%-да, 3 жасар балалардың
60%-да және тік қойылған сатыға ӛрмелеу кезінде 3 жасар балалардың 40%-да
ғана қалыптастыруға болады. А.Д.Удаланың мәліметі бойынша, бес жаста
аяқтардың кезектесіп адым аттауы іштей әсер етумен, үйретусіз пайда болады.
Осылай адым аттайтын балалардың ең кӛп саны 6-6,5 жаста байқалады.
Алайда, 7,5 жасқа дейінгі ұлдардың 40%-ы және қыздардың 47%-ы ӛрмелеу
кезінде және әсіресе, сатыдан түскен кезде қосымша адымды кӛбірек
жасайтын аралас адымды кӛбірек қолданады.
Мұндайда қол мен аяқтың
ерсілі-қарсылы қимылының үйлесімі кӛрінбейді. Ӛрмелеу кезінде тездіктің
барынша ӛсуі 5-5,5 жаста байқалады, оның үстіне ұлдар тез ӛрмелеп, 7-7,5
жаста ең жоғары тездікке жетеді. Жүйелі түрде үйреткен жағдайда ересектер
мен дайындық тобының балалары қосымша тапсырмаларды орындай отырып,
трибунаға шығуда және оның екінші бӛлігіне адымдап ӛтуде, трибунадағы
алаңға жетіп, жалаушаны кӛтеруде, трибунаның ең жоғарғысына жүгіріп
шығуда («Mаймылдар мен аңшылар», «JIентамен ұстау» және басқа ойындар)
тез және ырғақты ӛрмелейді. Бұл жаттығулар барлық жастағы топтарда
тәрбиешінің тікелей бақылауымен ӛткізілуі керек. Күн сайын ӛрмелеу
жаттығуын жасау баланың бойында қажетті ӛмірлік дағдыны қалыптастырады
және қозғалыстар үйлесімділігіне тәрбиелейді. Бұл үшін топ бӛлмесіне ең
болмағанда бір
басқышты гимнастикалық саты, балабақша ауласына
мұнаралы трибуна, шағын дуалшалар орнату ұсынылады. Ӛрмелеу процесінде
бала қажетті дәрежеде қажырлыққа тәрбиеленеді (батылдық, табандылық,
зеректік, ептілік). Мектеп жасына дейінгі балалар жүйке жүйелері
кемелденуінің жеткіліксіздігіне, сүйек-буын сіңірі аппаратының әлсіздігіне,
кеудеге қарағанда білезік бұлшық еттері күшінің
аздығына байланысты
бӛрененің, арқанның үстімен жүру қиын. Мектеп жасына дейінгі балалардың
қолымен асылып тұруына болмайды: бұл бұлшық етке ұзақ уақыт тұрақты
күш түсіруді, буындар мен сіңірлердің уақытынан бұрын созылуын туғызады,
жүйке жүйесін шаршатады.
Достарыңызбен бөлісу: