Дєріс тезистері



Pdf көрінісі
бет118/217
Дата04.10.2023
өлшемі2.95 Mb.
#479808
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   217
ДШТӘ лекция

Тепе-теңдікті сақтау қабілеті. Тепе-теңдік сезімі-кез келген 
қозғалыстың және кез келген дененің тұру қалпын сақтаудың қажетті тұрақты 
компоненті. Тепе-теңдік сезімінің дамуы адамның ми қыртысының қызметін, 
ӛршіту және тежеу процестерін теңестіруді, адамның тұрған қалпындағы кез 
келген ӛзгерістер мен ӛз денесі бӛліктерінің жағдайының ауысуларын 
бағалауға кӛмектесетін сезім мүшелері аппаратының, бұлшық ет сезімінің 
дамуын жетілдірумен байланысты біртіндеп жүзеге асырады. Мектеп жасына 
дейінгі жылдар бойы тепе-теңдік қызметін дамыту денені белгілі бір қалыпта 
ұстаудан бастап (отырған, тұрған, еңбектеген, ал кейін жүрген кезде) кез 
келген қозғалыс кезінде және тұрған қалыпта дененің берік қалпын сақтау 
мүмкіндігіне дейінгі жолдан ӛтеді. Тепе-теңдік қызметін жетілдіруде 
жаттығудың, атап айтқанда, әртүрлі дене тәрбиесі құралдарын пайдаланудың 


192 
зор маңызы бар. 4 жастан 7 жасқа дейінгі балалардың статикалық және 
динамикалық тепе-теңдігін зерттеу (T.И.Осокина) жасқа байланысты тепе-
теңдік қызметін сипаттайтын барлық кӛрсеткіштердің жақсаруын анықтауға 
мүмкіндік берді. Осыған орай неғұрлым жедел даму 5 жаста болатыны атап 
кӛрсетілген. Тепе-теңдік, дененің берік қалпын сақтау сияқты жинақы 
сергектікті, қимылдар үйлесімін, белгілі бір жағдайда бағдар белгілеуді
оларды тез, дұрыс сезінуді, батылдық пен ӛзін-ӛзі билеуді талап етеді. 
Сондықтан, тепе-теңдікке баулу жаттығуы жедел қарқында, ӛте ширақтықпен 
- жүгіру, секіру және тағы басқа әрекеттермен орындалатын қозғалыстан 
бұрын жүргізіледі. Тепе-теңдік сезімі кішірейтілген тірек алаңындағы 
жаттығу процесінде, мысалы, енсіз тақтайдың, бӛрененің, білте тақтайшаның 
үстінен жүру, аяқтың ұшымен жүру, бір аяқта тұру, жүгіруден кейін тоқтап 
тұру және т.б. жағдайда, денені құлаудан іркіп қалу, епсіз қимылды тежеу 
талап етілген кезде шынығады және сыналады. 
Тепе-теңдік сақтауға баулу жаттығуы сәби жастан жүргізіледі. Шектеулі 
кеңістікке параллель тасталған екі жіптің арасымен (20-25 см аралыққа) ӛту 
үшін сәби жастағы баладан зер салу, қимылдардың белгілі бір үйлесімі, 
жігерлі жинақылық бағдарды сақтау талап етіледі. Одан әрі жаттығу 
күрделене түседі: еденнен 15-20 см кӛтеріңкі тақтайдың, кӛлбеу қойылған 
тақтайдың үстімен жүру, отырғыштың үстімен жүріп, оның үстінде жатқан 
заттан аттап ӛту, отырғыштың үстімен қарсы келе жатқан баламен 
соқтығыспай ӛтіп кету және т.с. ұсынылады. Бұл жаттығулардың бәрі тепе-
теңдікті сақтаудың қажетті түйсігін, ӛз денесін меңгере білуді, қимыл 
үйлесімін, ептілікті, жағдайға қарап бағдар белгілеуді, дер кезінде дұрыс 
сезінуді қалыптастырады. Жақсы нәтижелерге жеткен жағдайда жаттығу 
бұрынғыдан да күрделене түседі бала әр түрлі заттарды алып жүреді (себет, 
доп), ол жүріп бара жатқан заттың үсті дірілдетіледі (белгілі бір биіктікке 
кӛтерілген, селкілдеп тұрған бӛрене), бала жіпті, сатының жақтауын бойлап 
жүреді, күтпеген жерде аялдап жүрелеп отырып, дене қалпына кӛңіл аударып 
және т.с. жүгіреді. Бұл жаттығулар балабақшаның ойындарында және 
сабақтарында үйретіледі, сондай-ақ күнделікті ӛмірінде қолданылады. Тепе-
теңдік түйсігі спорттық жаттығуларда да (мұзды жолдармен сырғанау, шаңғы 
тебу, коньки тебу, екі дӛңгелекті велосипедпен, роликті конькимен жүру) 
жетіледі. Сӛйтіп, негізгі қимылдардың дұрыс дағдысын қалыптастыруға 
бағытталған, жоғарыда кӛрсетілген жаттығулардың бәрі баланы сан салалы 
ӛмір жолына дайындайды. Балалардың негізгі қимылын дамытуда жақсы 
нәтижелерге жетудің басты шарты дамудың жасқа байланысты ерекшеліктері 
мен мектеп жасына дейінгі балалардың функциялық мүмкіндіктері ескерілген 
«Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған 
бағдарламаның» талаптарына сәйкес үйрету болып табылады. Сонымен, 
гимкастикалық жаттығулардың барлық топтары негізгі қимыл-қозғалыстар, 
денені жалпы дамытатын және сапта орындалатын жаттығулар-бала 
организміндегі функционалдық процестерді күшейтеді, дене күшінің жан-
жақты дамуына ықпал жасайды. 


193 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет