12-тақырып. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене қасиетін тәрбиелеу
әдістемесі
1. Дене қасиеттері қабілеттерін қалыптастыру
2. Негізгі дене қасиеті қабілеттері: ептілік, жылдамдық (шапшаңдық), күш,
тӛзімділік, икемділік. Дене қасиеттерін тәрбиелеу әдістемесі
3. Денені жалпы дамытатын жаттығулар. Балаларға қойылатын талаптар
Балаларға қойылатын талаптарды күрделендіру. Заттарды пайдалану
"Дене қуатынын қасиеті" және "қозғалыс қасиеті" деген терминдер бір
мағынада пайдаланылады. Олар адамның қозғалыс мүмкіндігінің екі жағын
кӛрсетеді. Дене қуаты қасиетінің әрекеті жағына "даму" және "тәрбиелеу"
деген терминдер қолданылады. "Даму" термині дене қуаты қасиетінің табиғи
ӛзгеру сипатын, ал "тәрбиелеу" қозғалыс қасиетінің кӛрсеткіштерін белсенді
ӛсіру бағытын білдіреді. Дене қуаты қасиетін тәрбиелеу қажеттілігі дене
тәрбиесінің мақсатында кӛрсетілген екі негізгі элементтерге байланысты: бұл
– Отанды қорғауға және ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамдарды
тәрбиелеп қалыптастыру. Осыған байланысты дене қуатының қасиетін
тәрбиелеу қажеттілігі: денесі жан-жақты дамыған дене қуатының қасиеттері
жоғары деңгейі мен еңбек әрекетін іске асыруға функционалдық дайындығы
бар азаматтармен қанағаттандыру; педагогикалық процестің бағытын және
методологиялық негізін айқындайтын дене тәрбиесінің әлеуметтік
қағидаларына сүйену жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған. Дене
қасиеті қабілетін қалыптастыру дене тәрбиесінің негізгі жақтарының бірі
болып табылады. Дене қасиеті қабілетінің даму дәрежесі балалардың қозғалыс
әрекетінің жетістігін және қозғалыстың жаңа формаларын игеру, оларды
ӛмірде тиімді пайдалана білуге икемділігін анықтайды. Негізгі дене қасиеті
қабілетінің дамуы (шапшаңдық, ептілік, тӛзімділік, күш, икемділік,
жылдамдық)
қимыл-қозғалыс
дағдылардың
қалыптасуымен
тығыз
байланысты болады. Бұған кӛмектесетін жаттығулар қатаң дәйектілікпен және
қимыл-қозғалыстық тапсырмаларды біртіндеп күрделендірумен дене тәрбиесі
сабақтарына, қозғалыстық ойындарға, спорттық жаттығуларға енгізіледі,
сондай-ақ балалардың серуендеген кезінде ӛз бетінше қозғалу әркеттерінде
қолданылады.
198
Достарыңызбен бөлісу: |