54
ҚАРТАҢ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДА КЕЗДЕСЕТІН ЖҮРЕКТІҢ
ИШЕМИЯЛЫҚ АУРУЫ
Жүрек ишемия ауруы (ЖИА) 65
жастан асқан ер және әйел
адамдар арасындағы өлімнің негізгі себебі болып табылады. Егде
жастағы адамдарда жүрек қантамыр жүйесінің аурулары ауыр өтеді,
жиі өлімге әкеледі, сонымен қатар әрбір келесі бес жылда 100 мың
тұрғынға өлім көрсеткіші 2-2,5 есе ұлғайып отыр.
Егде жастағы
адамдарда жүрек пен тамырдың органикалық және функционалды
өзгерістері фонында ЖИА дамиды және қолайсыз экзогенді фактор-
лар әсер ету ұзақтығы да әсер етеді. Жүрек қантамыр жүйесі жағынан
жас ұлғайған сайын негізгі өзгерістер кестеде берілген. Жас ұлғайған
сайын миокардтың жедел инфарктісі даму жиілігі өсіп келеді.
Көп жағдайда МИ –қанмен қамтамасыз
ететін ірі коронарлы
артериялардың бірінің зақымдалуынан белгілі бір аймақтың жер-
гілікті зақымдалуы. Бұндай МИ неғұрлым жиі себебі (коронарлы
атеросклероз фонында дамитын) миокардтың сәйкес аймағын қанмен
қамтамасыз ететін артерия тромбозы. 60 жастан асқан адамдарда 95%
жағдайда МИ себебі тромбоз нәтижесінде коронарлы артерияның
окклюзиясы немесе субтотальді стенозы болып табылады.
Жас ұлғайған сайын коронарлы
атеросклероз ЖИА дамуының
негізгі патогенетикалық факторы ретінде абсолютті мағынаға ие бо-
лады. Ағза қартаюы үрдісінде, әсіресе алтыншы онжылдық келгенде,
бірқатар физиологиялық жастық өзгерістер пайда болады, олар
белгілі бір жағдайларда атеротромботикалық
асқынулардың, оның
ішінде МИ дамуына септігін тигізеді.
Электрокардиографиялық (ЭКГ) критерийлер негізінде МИ Q
тісшесімен (Q-myocardial infarction – QMI) және МИ Q тісшесіз
(NON-Q-myocardial infarction – NQMI), ол
патогенез, емі және бол-
жам айырмашылығын негіздейді. Q тісшесімен МИ жиі коллатерал-
дары нашар дамыған науқастарда магистральді
коронарлы артерия
тромбозымен шақырылған. Науқастарға тромболитикалық терапия
(ТЛТ), ангиотензиналмастырушы фермент ингибиторлары (ИАПФ),
В-адреноблокаторлар (БАБ) ) көрсетіледі. МИ ағымы егде және қарт
жастағы
адамдарда ауыр, жиі жедел жүрек жетіспеушілігі, жүрек
ырғағының бұзылысы,
кардиогенді шок, тромбоэмболиялық асқы-
нулар, ми қанайналымының динамикалық бұзылыстары дамиды.
Жедел МИ кезінде өлім көрсеткіші тұрақсыз стенокардия, жүрек
55
жетіспеушілігі және ырғақ
бұзылыстары кезіндегі сияқты, егде
жастағы адамдар популяциясында неғұрлым жоғары. Миокард ауыр-
сынусыз ишемиясының даму жиілігі жас ұлғайған сайын жоғары-
лайды.
Достарыңызбен бөлісу: