Дюсупова А. А., Еспенбетова М. Ж


ТФ ұзақ қолданғанда дамитын жағымсыз әсерлер



Pdf көрінісі
бет24/79
Дата04.09.2023
өлшемі4.88 Mb.
#476469
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   79
Гериатриянын манызды сурактары Еспенбетова 2013-01-01

ТФ ұзақ қолданғанда дамитын жағымсыз әсерлер: 
1) гастроинтестинальді: жүрек айнуы, құсу, диспепсия, диарея 
(ТФ пероральді қолданғанда неғұрлым жиі кездеседі); 
2) кардиоваскулярлы: тахикардия, гипотензия, экстрасистолия, 
қарыншалық аритмия (ТФ вена ішіне қоданған кезде); 
3) орталық нерв жүйесі жағынан симптомдар: бастың ауыр-
сынуы, қозғыштық, мазасыздану, ұйқысыздық, эпилептиформды
реакциялар. 
 
Өкпелік және өкпеден тыс патология кезінде басқа медика-
менттер фонында ТФ тағайындау оның қандағы концентрациясын
жағымсыз уытты әсер даму қаупімен жоғарылатады. Бұны егде және 


51 
қарт жастағы адамдарды емдегенде естен шығармаған жөн. ТФ 
қандағы концентрациясын жоғарылататын препараттарға антибио-
тиктер (эритромицин, ципрофлоксацин), кальций антагонисттері
(дилтиазем, верапамил, нифедипин), антиаритмиялық, антисекре-
торлы (циметидин), подаграға қарсы заттар (аллопуринол) кейбір 
цитостатиктер (циклофосфамид, метотрексат) жатады. ТФ қандағы 
концентрациясы осы ауруларда жоғарылайды: жүрек жетіспеушілігі, 
созылмалы гепатит және бауыр циррозы, гипотиреоз,вирусты инфек-
цияларда.
ТФ концентрациясының жоғарылауы бауыр ферменті Р-450 
белсенділігінің төмендеуімен негізделген. Бұндай жағдайларда бұл 
препараттардан бас тарту немесе ТФ тәуліктік мөлшерін азайту 
ұсынылады. 
Егде және қарт жастағы адамдарда ингаляциялық мөлшерленген 
құрылғы таңдамасы маңызды орын алады. Ингаляторды қолданғанда 
кететін қателіктер науқас жасымен байланысты ұлғаятыны, оны 
оқыту және қолдану бойынша инструкцияларды үйретпеу деп са-
налады.
Өкпеге емдік заттардың жетуінің келесі жолдары белгілі: 
1) мөлшерленген аэрозольді ингаляторлар (МАИ); 
2) мөлшерленген аэрозольді ингаляторлар, тыныспен белсендірі-
летін (МАИ–ТБ); 
3) ұнтақты ингаляторлар; 
4) небулайзерлар; 
Европада МАИ 80% жағдайда қолданылады. Қалған 20% ұн-
тақты ингаляторларды қолдану жатады (олар жергілікті тітіркен-
діргіш әсер неғұрлым көбірек көрсетеді) және неғұрлым аз бөлшек – 
небулайзерларға. Аэрозоль жету қабілеті ақырғы нәтижесіне, дәріден 
кем емес әсер етеді. Емдік аэрозольдің өкпедегі депозициясына шы-
рышты қабаттың жағдайынан басқа (ісіну, гиперсекреция) тыныс 
жолдарына аэрозоль жету жылдамдығы да әсер етеді. Тиімді инга-
ляцияға қажетті тыныс алудың орташа жылдамдығы ұнтақты ин-
галятор қоданғанда көбірек. Ол 60–90 л/мин құрайды. Кәдімгі МАИ 
әсер көрсету үшін тыныс алу жылдамдығы неғұрлым аз 25-30 л/мин. 
Бронх өткізгіштігінің айқын бұзылыстары, тыныс алу бұлшық-
еттерінің әлсіздігі бар егде жастағы адамдар үшін қозғалыстар – 


52 
дискоординирленуі төмен жылдамдықта емдік заттың тыныс жолда-
рына түсу мүмкіндгі өте маңызды. Бұның өзі МАИ неғұрлым қажетті 
ингалятор қылады. 
Сонымен бірге, 70% астам науқастар және егде жастағы адам-
дардың барлығы дерлік МАИ тиімді қолдана алмайды, өйткені 
ингалятордың баллонына басумен қатар тыныс алу және ингаляция 
орындау күрделігінен. Ингаляцияның дұрыс емес техникасы – тыныс 
жолдарына емдік заттың нашар жетуіне әкелетін, ауруға бақылауды 
төмендететін және ингаляторды жиі қолдануға әкелетін жиі туын-
дайтын мәселе. Сонымен бірге, бұл мәселе экономикалық зардап 
әкеледі, ингаляцияның дұрыс емес техникасы кезінде дәрігерге бару 
және госпитализация жиілігі жоғарылайды, емдік дәрілердің бағасы 
жоғарылайды. Бұндай жағдай көбіне БА ауыратын егде жастағы 
науқастарда неғұрлым маңызды. Бұл жетіспеушілік МАИ шығарумен 
шешілді, науқас тыныс алысымен іске асады және ингалятор бел-
сендірілу кезімен сәйкестірілуін қажет етпейді.
Тыныспен іске асырылатын МАИ "Жеңіл тыныс"деген атау алды. 
Ол тіпті тыныс алу жылдамдық көрсеткіші ең төмен болса да 10-25 
л/мин науқастың тыныс алуына іске асады және қолдану техника-
сының қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Бұл ингаляторды қолда-
ну жеңіл (сур.1): қақпақшасын ашу керек (а) тыныс алу (б) және 
қақпақшасын жабу (в). 
Сурет 1. "Жеңіл тыныс" ингаляторын қолдану техникасы. 
МАИ "Жеңіл тыныс" тыныс дискоординациясы мен ингалятор 
белсендірілуі мәселесін шешуге мүмкіндік береді, тыныс жолда-
рының дистальді бөлімдеріне препараттың жетуін жақсартады. Ин-


53 
галяция кезінде қиындық кешетін қарт адамдарда бұл ингалятор 
қолдана алу мүмкіндігі маңызды. 
МАИ "Жеңіл тыныс" аэрозоль мөлшерінің шығуы салынған 
мундштуктан науқас автоматты түрде тыныс алғанда болады. Арнайы 
құрылғы тыныс алғаннан бастап 0,2 с кейін ингалятордың іске жұ-
мылдыруын қамтамасыз етеді, яғни тыныстың жалпы ұзақтығының 
9% құрайды. 
МАИ " Жеңіл тыныс" – бұл сальбутамолдың бесфреонды пре-
параты "Саламол ЭКО Жеңіл тыныс" және беклометазон дипро-
пионат "Беклазон ЭКО Жеңіл тыныс". 
Оларды науқас қолдана алмаған жағдайда астманы және оның 
өршулерін ұзақ емдегенге небулайзлерді қолдануға болады. Респи-
раторлы инфекциялардың алдын-алу үшін және олардан леталь-
ділікті төмендету үшін тұмауға қарсы (жыл сайын) вакцинация және
поливалентті пневмококкты вакцина (65 жастан аса) тағайындалады. 
Сонымен, БА жиі егде жастағы адамдарда кездеседі және ағым 
ерекшеліктері маңызды. Қарт адамдар өмір сапасы төмен, неғұрлым 
жиі ауруханаға жатады және қайтыс болады. БА анықтау қиын-
шылықтары мультиморбизм және ауру симптомдарын қабылдау
төменділігімен негізделеді.Соған байланысты, обструкция қайтым-
дылығына тестімен өкпе қызметін зерттеу маңызды орын алады. БА 
гиподиагностикасы оның дұрыс емдемеу себептерінің бірі екені көр-
сетілген. Қарт жастағы науқасты қосымша көптеген аурулармен
сәтті жүргізу жастық өзгерістерді, емдік заттардың фармакодина-
микалық әсерлерін білуді қажет етеді. 
Көптеген аурулардың ағымы егде жаста қосымша аурулардың 
асқынуларының жиі дамуымен негізделген жағдайының тез нашар-
лауымен, емдік заттардың үлкен мөлшерін қабылдауымен сипат-
талады. БА және қосымша ауруларды емдеуге препараттарды таңдау 
бұндай науқастарда ерекше жеке келуді қажет етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет